Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Етістік.
Шығыс Қазақстан облысы
«Шаған кенті №24 жалпы негізгі білім беретін мектебі» КММ
Оразғали Алуа Оразғалиқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Пәні: қазақ тілі 2-сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістік.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: етістік сөз табы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, шығармашылық қасиеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу, ой қорыту жұмысын арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларға адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін беру, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, жолдастық қарым -қатынасқа үйрету.
Сабақтың түрі: экологиялық - ертегі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жұптық, жекелеме жұмыстар, ойындар, ассасация.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, сөзжұмбақ, үлестірмелі қағаздар, слайд, суреттер.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, математика.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық жаттығу.
Дихан Әбіловтың "Туған тілім" өлеңін жатқа айтқызу.
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім,
Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Туған тілім - далам тілі - өз тілім,
Туған тілім - адам тілі - өз тілім.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
353 – жаттығуды жеке-жеке оқыту.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
«Құпия» ойыны арқылы үй тапсырмасын бекіту.
- Қазақ тілінде қандай сөз таптары бар?
- Зат есім деген не?
- Зат есімнің қандай сұрақтарын білесіңдер?
- Жалқы есім деген не?
- Жалпы есім деген не?
- Зат есімнің жекеше түрі деген не?
- Зат есімнің көпше түрі деген не?
ІV. Жаңа сабақ. 1-слайд.
Ерте, ерте, ертеде жапан түзде достарына өкпелеп жалғыз ағаш өмір сүріпті. Ол 10 жасында ержетіп, 20-сында бұғанасы бекіп, 30-да кемеліне келіп, 50-ден асқан соң қартая бастапты. Кейбір бұтақтары сынып, қотыр қабығының әр жеріне құрт түсіпті. Құрт көбейіп, оның әр жерін тесіпті. Тұла бойы қақсап ауырған соң амал бар ма?
- Ух, жаным-ай, жаным! Енді не қылайын! Жапырақтарым сыздайды, бұтақтарым сырқырайды, жәрдем ете көріңдер, - деп, ағаш күні-түні зарлайды. Оның даусын естіп, бір күні бір торғай ұшып келеді.
2-слайд.
- Ата ауруыңыз жаман екен. Мен дәрігердің кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп көрейін, - деп ұша жөнеледі.
- Балалар, торғаймен бірге ағаштың ауруын емдейтін дәрігер іздеп жолға шығайық. Ол үшін мына тапсырманы орындап жіберейік.
3-слайд.
1.Сөзжұмбақ шешу.
- Мен сіздерге жұмбақтар жасырамын, ал сіздер сол жұмбақтың жауабын тауып, торкөзге толтырасыңдар.
1.Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар
Адам деуге болмайды,
Бірақ та сақалы бар. (Ешкі)
2.Кірбигенді күлдіреді,
Көңіліңе күн кірер
Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер. (От)
3.Болса да көзі, жарықты көрмейді
Өзі бірақ та,
Көргіш – ақ түнде, құс па, бұл не? (Үкі )
4.От басында құмған,
Екі көзін жұмған. (Мысық)
5.Қабат – қабат қаттама
Ақылың болса аттама. (Кітап)
6.Тұмсығы мықты,
Кедір – бұдырдың бәрін
Тегістеп шықты. (Үтік)
7.Күміс табақ дөңгелек
Аспанда жүр дөңгелеп. (Күн)
Балалар, қызыл сиямен қоршалған торкөздің ішінен қандай сөз шықты?

Е ш к і
о т
ү к і
м ы с ы қ
к і т а п
ү т і к
к ү н

Етістік.
- Олай болса, бүгін біз келесі сөз табы етістік туралы мәлімет аламыз.
- Яғни, етістік дегеніміз не? Етістік қандай сұрақтарға жауап береді деген сұрақтарға жауап іздейміз.
- Біз ағашты емдейтін дәрігер іздеп келе жатырмыз. Алғашқы тапсырманы
орындадық. Енді торғаймен бірге әрі қарай аттанайық.
4-слайд.
Торғай ұшып келе жатқанда алдынан көгершінді көреді де, оған болған жайды баяндайды. «Ағашқа жақсылық жасай көр»,- деп өтінеді. Әркімнің өз жұмысы бар ғой, менің көмектесуге уақытым жоқ,- дейді. Оның уақыты жоқ болса, онда біз көмектесіп мына тапсырманы орындайық.
5-слайд.
2.Cуретпен жұмыс.
354 – жаттығу.
Суретке қарап, сөйлем құрау.
1. Бала не істеді? Бала кітап оқыды.
2. Мұғалім не істеді? Мұғалім сабақ түсіндірді.
3. Қыз бала не істеді? Тақтаға жазу жазды.
4. Атай не істеді? Атай аяқ киім жөндеді.
5. Бала не істеді? Бала сурет салды.
6. Дәрігер қайтті? Дәрігер бала қарады.
- Осы сұрақтарға жауап беретін қай сөздер?
- Оқыды, түсіндірді, жазды, жөндеді, салды, қарады.
- Бұл сөздер нені білдіріп тұр?
- Қимылды, іс-әрекетті білдіріп тұр.
Оқушыларға ереже құрастырту.
6-слайд.
Ереже. Заттардың қимылын, іс әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.
Етістіктер не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.
7-слайд.
- Торғай одан әрі ұшып кетіпті. Қалың тоғайдың маңына жақындаған да жоғарыдан төмен қарай құйғыта түсіп келе жатқан бүркітті кездестіреді. Оған да мән жайды хабарлайды. Ол бірақ торғайдың ұсынысына өзінің көмектесе алмайтынын айтады. Бүркіт үшін біз көмектесіп жіберейік.
8-слайд.
Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық
Түп-түзу, боп отырып,
Көркем етіп жазайық.
Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз.
Өзіндік тапсырма.
9-слайд.
3.Оқулықпен жұмыс.
356 – жаттығу.
«Тез тауып, бөгелмей жаз» ойыны.
Тоғайда түрлі аңдар ... . Терең шатқалға қояндар ... . Қызыл түлкілер тоғайда ... . Тиіндер ағаштан ағашқа ... .
Керекті сөздер: жүреді, жасырынады, болады, секіреді.
Осы жаттығуды дәптерлеріне орындату.
10-слайд.
- Торғай одан әрі ұшып келе жатып, сауысқанды көріпті. Ол да көмектесе алмайтынын айтады. Қане, балалар, сауысқан үшін біз көмектесіп жіберейік.
4.Тақтамен жұмыс.
357 – жаттығу.
«Кім шапшаң» ойыны.
Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құрау, тақтаға жазып, оқу.
І – жұп: қонды, жауды.
ІІ – жұп: тасыды, жүзді.
Cергіту сәті.
11-слайд.
- Торғай одан әрі ұшып кетіпті. Тоғай қарлығаштың даусын естиді. Оған да болған жағдайды айтады.
- Кешір торғай, маған ренжіме, менің өз кәсібім бар ғой. Мені ормандағы аңдар, құстар түгел адамдар да жақсы көреді. Мен үшін адамдардан көмек сұра, - дейді. Қане, қарлығаштың тілегін орындап жіберейік.
5.Жекелеме тапсырма.
358- жаттығу
«Керектісін тап»
- Алдыларыңа берілген сөздердің ішінен етістіктерді тауып, ортаға шығып оқимыз, сұрақ қоямыз.
Көгершін, жасыл, жинады, айтты, алыс, сөйлесті.
12-слайд.
- Торғай әрі қарай ұшып кетеді. Айдын көлде сыланып жүзіп жүрген аққуға келеді. Оған да ағашты емдей көр деп өтініш айтады. Сонда аққу:
- Мен қасиетті де, киелі құспын ғой. Мен бұл жерден кете алмаймын. Өйткені, маған көп құстар келеді, ақыл – кеңес сұрайды. Мен саған да ақыл айтайын. Сен тоғайда үйсіз – күйсіз жүрген, жұмыссыз жүрген құстар бар. Солардың бірін тап та, өтініп көр, мүмкін солардың біреуі, саған ілесіп барып, ағашты емдеп қалар, - дейді. Аққудың тапсырмасы.
6.Шығармашылық тапсырма.
«Түсін мені» ойынын ойнату.
Әр жұптағы оқушыларға сөздер жазып беру.
І жұп: оқиды, билейді.
ІІ жұп: ұшады, ұйықтайды.
Ойынның шарты: әр жұптағы оқушы өздеріне берілген сөздерді тек қимылмен көрсетіп түсіндіреді. Келесі жұп мүшелері оның қандай сөз екенін табады.
12-слайд.
- Торғай аққудың ақылын тыңдап ормандағы сенделіп жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болады. Ол құс шағаланың тілегін тыңдап, орындап, онымен бірге ағашқа келіп, оның құрт ауруын жазған екен.
Проблемалық сұрақ: Ол қандай құс деп ойлайсыңдар?
- Тоқылдақ.
- Дұрыс айтасыңдар, бұл тоқылдақ еді. Олай болса, бүгінгі ертегімізге қандай тақырып қоюға болады?
- Тоқылдақ – орман дәрігері.
13-слайд.
- Содан бері әлгі ағаш жайқалып өсіп тұр екен. Тоқылдақтар ағаштарды құрттардан, шіруден сақтайды екен. Ал жасыл өсімдіктерді, ағаштарды күтсек, біздің денсаулығымызға пайдалы екенін білесіңдер. Ендеше жасыл өсімдіктер, ағаштар жайқалып өсіп, құстарымыз көп болып, шарықтап ұша берсін десек, мына бір тапсырманы орындап жіберейік.
V. Жаңа сабақты бекіту.
«Топтастыру» стратегиясы.
Зат есім Етістік
Құс оқиды
Адам жүзеді
Балық ұшады
Ит өседі
Жаңбыр соғады
Боран үреді
Гүл жауады
Етістіктің ережесін қайталату.
VІ. Үйге тапсырма.
Үйден 359 – жаттығуды орындау. Бұл жаттығуда «Білім керек бәріне» деген шағын әңгіме жазып келу.
VІІ. Бағалау.
Бір жұп екінші жұпты бағалайды.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: zhannaSS (2015-10-24)
Просмотров: 963 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 7:45 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru