Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақстанның ежелгі қалалары. Күрделі сөздер
Қазақ тілі
8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ірі қалалары
Сабақтың мақсаты: оқушыларға Қазақстанның ірі қалалары туралы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
- Түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың ой-танымдарын, сөздік қорларын, шығармашылық қабілетерін дамыту;
- Оқушыларды Қазақстанның ірі қалаларын білуге, мақтан етуге, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдістері: әңгімелеу, түсіндіру, флипчарттар, сұрақ-жауап, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті ActivBoard тақтасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Әнұранды айту
ІІ. Ой қозғау.
Мұғалімнің сөзі: «Балалар, бүгінгі сабақты Қасым Аманжолов атамыздың «Қазақстан» өлең шумақтарынан бастаймыз. Осы өлең жолдарындағы басты тақырып қандай?»
Диалогті оқу.
- Қала деп аталу үшін халық саны қанша болу керек?
- Аудан орталығында - он мың.
- Облыс орталығында ше?
- Елу мың.
- Ал үлкен қала саналу үшін ше?
- Үлкен қалада кемінде он миллион адам болуы тиіс.
- Қазақстанда ондай қалалар бар ма?
- Қазақстанда халық саны бір миллионнан асатын екі қала бар. Олар - Алматы және Шымкент.
«Қазақстан қалалары» мәтінінің мазмұнымен танысу./110 бет/
1. Сөздікпен жұмыс
қала мәртебесі – статус города
өнеркәсіптік өндіріс – промышленное производство
дамыған болуы керек – должны быть развиты
мәдени – ағарту қызметін - культурно-просветительская деятельность
2. Мәтінді оқу, мазмұнын ашу.
3. Сұрақтар құрастырып, оқушылар арасында сұрақ-жауап өткізу.
Сұрақтар:

1. Қазақстанда қанша облыс, қанша қала бар?(14 облыс, 86 қала)
2. Қазақстанның жер көлемі қандай?(2,7 млн шаршы километр)
3. Әлемде жер көлемі жағынан нешінші орынды иеленеді?(9 орын)
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
№1 тапсырма. Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазыңдар/111 бет/
№2 тапсырма . Төменде берілген сөздердің синонимдерін жазыңдар. Олардың мағынасын синонимдер арқылы түсініп оқыңдар. /112 бет/
Ұлан-байтақ жер, көркем қала, Елорда, зәулім үйлер
Тапсырма №3. Берілген сөздермен танысып, түбірлес сөздерді сәйкестендіріп кәрзеңкеге салыңдар./114 бет/
Ұлт, өмір, тату, өміршең, көмектесіп, ұлтжанды, өмірлік, көмек, бір, өмірбаян, татуласу, бірлескен, ұлтшыл, көмекші, татуластырушы, бірлік, ұлттық, татулық.
IV. Рефлексия.
Бейнебаян «Қазіргі Қазақстан»
V. Үй тапсырмасы: "Бірлік пен ынтымақ елі" тақырыбына шығарма жазу
Қазақ тілі
8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ежелгі қалалары. Күрделі сөздердің емлесі
Сабақтың мақсаты: оқушыларға Қазақстанның ежелгі қалалары туралы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
- Өз бетінше жұмыс істеуге ықпал ету, шығармашылық белсенділігін дамыту;
- Ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту, күрделі сөздер туралы мағлұмат беру, оқушыларды сөздерді дұрыс айтуға, сауатты оқуға, жазуға дағдыландыру;
- Қисынды ойлау, еске сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдістері: түсіндіру, мәнерлеп оқу, аударма, тіл дамыту, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті ActivBoard тақтасы, флипчарттар, кестелер
Сабақтың тәрбиелік мәні: оқушыларды еліміздің ежелгі қалаларын білуге, өз үлестерін қосуға, мақтан етуге тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс: тарих, география
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру
Екі үздік шығармаларды оқушыларға оқып беру.
ІІІ. Жаңа сабақ
Мәтінмен жұмыс
1. Жаңа сөздермен танысу
көшпенділерден бөлініп – отделившись от кочевников
тұрақты қыстаулар – постоянное зимовье
қолөнер – ремесленничество, кустарничество
жазба деректерде – в письменных источниках
өркендеуі - развитие
2. Мәтінді оқу, мазмұнын ашу, ассоцияция құру./114 бет/
3. Сұрақтарға жауап беру
1) Әлемнің қандай көне қалаларын білесіңдер?
2) Еліміздегі көне қалалардың бірі Түркістан туралы не айтасыңдар?
3) Өзіңе таңдау берсе, қай қалаға барар едің?

4. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру/115 бет/
1. Ырыс алды – ынтымақ
2. Байлық байлық емес – бірлік байлық
3. Бірлік еткен озар, бірлеспеген тозар
4. Бірлік бар жерде тірлік бар
IV. Грамматикалық тақырып
Күрделі сөздердің емлесі
Күрделі сөздер екі немесе одан да көп түбірден құралады. Мысалы, ата-ана, ал қара көк, жиырма жеті, Ақшатау, түрегел, күздігүні, т.б.
Күрделі сөздер жасалу жолына қарай төрт түрлі болады: бірікен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер, тіркесті сөздер.
Біріккен сөздер екі не одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіреді. Мысалы:көкжиек, ешқашан, қонақжай, Жетіқарақшы, сексен, Екібастұз, қыстыгүні, т.б.
Қос сөз – қосарлану немесе қайталану арқылы бір ұғым ретінде жасалған сөздер. Қос сөздер мағыналық, тұлғалық жағынан әр түрлі. Жасалу тәсіліне қарай қосарлама және қайталама қос сөз болып бөлінеді. Қосарлама қос сөз өзара мәндес немесе қайшы мәндес сөздердің қосарлануынан жасалады. Мысалы, ата-ана, салт-сана, құрт-құмырсқа, ер-тоқым (мәндес қос сөз); күні-түні, азды-көпті, үлкенді-кішілі, ертелі-кеш (қайшы мәндес қос сөз). Қайталама қос сөз бір сөздің қайталанып айтылуынан жасалады. Мысалы, сөйлей-сөйлей, төбе-төбе, қолма-қол, жекпе-жек
Кейбір күрделі атаулар, мемлекет, мекеме, ұйым аттары бірнеше сөздің тіркестерінен құралып, кейде қысқартылып та қолданыла береді. Мысалы: Машина-трактор станциясы деген МТС болып, Америка Құрама Штаттары деген АКШ болып, Біріккен Ұлттар Ұйымы деген Б¥¥ болып, Қазақтың мемлекеттік университеті деген ҚазМУ болып кысқарып та жұмсалады. Осындай күрделі атаулардың белгілі тәсілдермен қысқартылып алуын қысқарған сөздер дейді.
Тіркесті сөз - екі немесе одан көп сөздер тіркесіп келіп, бір ұғымды білдіретін күрделі сөздің түрі.
Мысалы,
Күрделі зат есім: Алматы қаласы, күрделі сын есім: қара кер, бидай өңді
V. Тапсырмалар/116 бет/
Тапсырма №1. Берілген біріккен сөздердің қандай түбірлерден жасалғанын және олардың мағыналарын түсіндіріңдер./116 бет/
Күркетауық, әлдебір, қосаяқ, темірқазық, егеуқұйрық, итмұрын, ақсүйек, көкжөтел, еңбекақы, қолбасшы, әрбіреу, баспасөз
Мысалы: соқырішек – соқыр және ішек сөздерінен жасалған, аурудың түрі
Тапсырма №2. Берілген күрделі сөздермен сөйлем құрастырып жазыңдар. /116 бет/
Жанкүйер, атқамінер, жаратылыстану, ешқашан, саңырауқұлақ, кәсіпорын.
VІ. Оқушылардың білімін бағалау. Қорытындылау
VІІ. Рефлексия
VІІІ. Үйге тапсырма. Қазақстанның көне қалаларының біріне презентация жасау.

Қазақ тілі
8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тарихи-мәдени ескерткіштер. Біріккен сөздер
Сабақтың мақсаты: оқушыларды біріккен сөздердің емлесімен таныстыру, Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштер туралы білім беру.
Сабақтың міндеттері:
- Оқушылардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту,сөздік қорын молайту;
- Біріккен сөздерден алған білімдерін жаттығу жұмыстарында қолдана білуге жағдай жасау;
- Оқушыларды тарихи-мәдени ескерткіштерді білуге, мақтан етуге, жұртшылыққа жарнама етуге ат салысуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Типі: Жаңа білім мазмұнын игерту сабағы.
Әдіс-тәсілі: баяндау, іздендіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу
Көрнекілігі: флипчарт, кесте.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылардың жасаған презентацияларын көру.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Жаңа сөздермен танысу
бағдарлама – программа
ескерткіш – памятник
жергілікті – местный
тіркеу – регистрировать
кесене - мавзолей
2. Мәтінмен жұмыс
3. Диалог құрастыру
4. Сұрақтарға жауап беру
1. Қазақстандағы қандай тарихи-мәдени ескерткіштерді білесіңдер?
2. Қандай тарихи орындарда болдыңдар?
3. Мұражайларға барып тұрасыңдар ма?
Грамматикалық тақырып
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер — екі түбірдің бірігуі арқылы жасалатын күрделі сөздер. Олардың кейбір тобы құрылымдық жағынан сөз тіркестеріне жақын. Мысалы, ақкөңіл, қырықаяқ, теміржол, атаққұмар, үшбұрыш, антұрған, т.б. Негізінен, біріккен сөздерге біртұтастылық қасиет тән боп келеді.
Оларды бірнеше топқа бөлуге болады:
а) екі компоненті бірігіп, ортақ мағына пайда болады. Мысалы, ақбоз, алтыбақан, басқұр, еңбеккүн;
ә) әр компонент ортақ екпінмен айтылып, екі сөз бірігеді, соның нәтижесінде сөз құрамы түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, алөкпе (ала+өкпе), алауыз (ала+ +ауыз), жамбас (жан+бас), күздігүні (күзді+күні), қайнаға (қайын+аға), т.б.

IV.Жаттығу жұмыстары
V. Тапсырмалар
1-тапсырма. Берілген суреттерге қарап, жасырын тұрған біріккен сөздерді табу.
2-тапсырма. Шашылған түбір сөздерден біріккен сөздер құрау.
Ас+қазан, фото+сурет, баспа+хана, радио+қабылдағыш, бәй+терек, шаң+сорғыш, тоғыз+құмалақ, темір+жолшы, тас+бақа, шығыс+тану
VІ. Оқушылардың білімін бағалау. Қорытындылау
VІІ. Рефлексия
Түркістан қаласына саяхат(бейнеролик көру)
VІІІ. Үйге тапсырма.
Түркістан қаласы туралы мәлімет жазып келу
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: AsanovaD (2015-11-10) | Автор: Асанова Жумагуль Манатовна
Просмотров: 2205 | Комментарии: 1 | Теги: қалалар, ежелгі, біріккен, күрделі сөздер, Қазақ тілі, тіркескен, қос сөздер | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 1:07 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru