Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақ тілі сабағында тірек сызбалар арқылы грамматикалық тұлғаларды меңгерту
Мектепте оқытылатын барлық пәндердің де маңызы зор десек, оның ішінде қазақ тілінің орны аса ерекшеленіп тұрады. Оқушының ойлауы мен тілін дамыту, дүниетанымын қалыптастыруда қазақ тілі пәніне үлкен міндеттер жүктеледі. Оның ішінде әрбір грамматикалық тақырыптардың да қосатын үлес салмағы бары анық. Сонда, қазақ тілі грамматикасы оқытылуының нақты тәрбиелік мүмкіншіліктері қандай? Грамматиканың қай деңгейі, қай бірлігі оқушының ойлау мен тілін дамуында үлкен орын ала алады? Жалпы тәрбиелік процестегі грамматика сабақтарының салмағы қандай деген сұрақтар қойылып, қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың теориялық ойлауын дамытудың тәрбиелік негіздерін зерделеуді осы бастауыштан аламыз.
Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың өзіндік дүниетанымдық позицияларын қалыптастыру да тәрбие теориясымен тығыз бірлікте қарастырылады. Шығыс халқының «Мың рет естігеннен бір көрген артық» деген даналық сөзі сабақта көрнекіліктерді пайдалануға арнап айтылған сияқты.
Бүгінгі баяндаманың тақырыбында айтылғандай баспадан шыққан дайын тірек сызбаларды біз оқушы зердесіне қалай жеткізе аламыз. Тірек сызба дегеніміз – көрнекіліктің бір түрі.
Көрнекілікті XVII ғасырда чехтың прогресшіл ұлы педагогы Ян Амос Коменский енгізді.
Шет ел педагогтары Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци «көрнекілікті тек арифметика, геометрия сабақтарында қолдану мүмкін» десе, Я.А.Коменский мен оның идеясын қолданушы неміс педагогы Ф.В.Дистерверн пен орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский «көрнекілікті барлық пәндерде қолдану мүмкін және қажет» деген.
Білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұсынатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет. Танымдылық белсенділік-оқушының оқуға, білімге деген ынта-ықыласынның, құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады.
Қазіргі кезде кезде 80-нен астам педагогикалық технлогия қолданылып жүр. Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсінуіміз керек.
Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің мазмұны мен мақсаты, оқыту мен тәрбиелеудің жұмыс түрлерін ұштастыра отырып, одан әрі жетілдіруді, өмірмен байланыстыруды міндеттеп отыр. Бұл міндет сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануды талап етеді. Сонай әдістердің бірі – оқушының байқау, көру, қабілетінің ерекшілектерін ескеріп, дамытатын көрнекілік әдісі.
Осы тұрғындан келгенде, бұл мәселені терең зерттеген Е.И.Пассов: «Коммуникативный метод обучения иностранному говорению» еңбегінде сабақтың мына ерекшеліктерін көрсетеді:
- Уәждемелік: сөйлеу әрекеті ішкі қажеттіліктен туындау керек. Бұл үшін оқу материалының мазмұны жаңа, танымдық жағынан қызық болуы шарт;
- Мақсаттылық: оқушы сөйлеу әрекетін орындағанда, не үшін оқитынын, жазатынын, тыңдайтынын, айтатынын, сөйлейтінін білуі шарт;
- Жекелік маңыздылығы: үйренуші оқу мақсатын саналы түсініп, оның қажеттілігін сезінуі тиіс;
- Қарым-қатынастық даралық сипаты: оқушы өзінің индивид екенін, соған орай өзіндік көзқарасын білдіріп отыруы шарт;
- Ойлау белсенділігі: шығармашылық тұрғыдан ойлауды қажет ететін белсенділік болуы шарт (фраза сөздерді, мәтінді қайталау, баяндау емес);
- Өзара әрекет: оқытушы мен оқушы арасындағы ынтымақтастық, үйлесімді оқу әрекетінің болуы;
- Ситуативтілік; сөйлеу жағдаяттарын (ситуцияларды) ескерту;
- Ақпараттылық: оқушының жас, интеллектуалдық мүмкіндіктеріне сәйкес қызықты оқу материалдарын іріктеу;
- Жаңалық деңгейі: мәтін мазмұны ғана емес, оқыту процесінің барлық элементтеріне қатысты болуы;
- Эвристикалық сипаты: шығармашылық тұрғыдан сұрақ-жауапқа құрылуы;
- Функционалдық сипаты: тілдесімде тілдік бірліктерді атқаратын қызметі тұрғысынан іріктеу;
- Проблемалық сипаты: оқу материалы проблемалық, яғни оқушының өз бетінше ойланып, орындап, шешуіне, сыни ойлауын дамытуға бағытталуы тиіс.
Ғылыми стиль терминдерін білу, қолдана білу;
Сөз құрамын білу, түбірлес сөздерді табу;
Сөзжасамның негізгі түрлерін білу;
Таныс емес сөздерді сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтар арқылы ажырата білу.
Қазіргі мұғалімдерге ұсынылып отырған Артықова Тамара Маденқызының қазақ тілі бойынша тірек сызбалары теориялық материалды игеруге практикалық тұрғыдан үлкен көмек береді. Көптеген психологтардың пікірі бойынша оқыған материалды есте сақтаудың тиімді әдістерінің бірі оны шартты белгілер бойынша танып-білу арқылы есте сақталатынын мойындайды.
Орыс тілді аудиторияда қазақ тілінен сабақ жүргізудің негізгі міндеті – бұл ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорды есте сақтату, коммуникативтік аспект-қарым-қатынасты қалыптастырумен қатар, негізгі теориялық материалдарды кесте мен сызба түрінде түсіндіріліп отырса, ол әрине, есте сақтау қабілетін арттырады.
Сызба арқылы оқыту тәсілдері қажетті грамматикалық тақырыпты жылдам әрі тиімді меңгертуге көп көмегін тигізеді.
Мұғалімнің міндеті осы дайын тірек сызба, кестелерді өз жеке іс-тәжірибесін қолдана отырып, әр тақырыпты сорттап, талдап, сызбаларды барынша түсінікті етіп оқушыға жеткізе білу.
Мысалы фонетика бойынша и,у дыбыстарының жуан, жіңішке болатына салыстырмалы кестені қолдану керек.
Бір ескеретін жағдай жаңа буын оқулықтары мен оқу әдістемелік кешенінің тілді меңгерудегі коммуникативтік ұстаным талаптарына сәйкес болуы керек.
Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекіліктердің бір түрі – дидактикалық карточкалар. Дидактикалық карточкалар таратылып бергенде, тақтада сол тақырыпқа байланысты тірек-сызба ілініп тұру керек.
Грамматикалық ұғымдар практикалық жолмен іске асырылады. Олар тақырып ерекшелігіне бөлініп отырады. Мысалы, етіс шақтары кестеде сызбамен жалпылама көрсетілсе, оны оқушыларға, мәселен, етістіктің нақ осы шағы қалай жасалатынын тек бір жақта, жекеше, көпше түрдеге түріне сызба бойынша көрсетіп, әрі қарай өзі жалғастырып кете алады.
Ескеретін жай оқулықтағы барлық материалдарды сызба немесе көрнекілікке айналдыруға болмайды.
Педагогикалық талап – білім беру жолында қолданылатын теория мен практиканы басшылыққа ала отырып, мұғалім оқушылардың тілден алған теориялық білімін практика жүзінде меңгерту мақсатталады.
Қазақ тілінде әр септіктің грамматикалық формасы біркелкі жүйеде қалыптасқан. Бірақ оны жаттап алу оқушылардың қазақ тілін сапалы түрде тиянақты меңгеруі дұрыс нәтиже бере бермейді. Ол үшін Жүнісбековтың түспен ажырата білу тәсілін қолданса артық емес. Мысалы үнді, ұяң, қатаң дыбыстарды үш түспен көрсетіп, жуан мен жіңішкені жуан мен жіңішке арқылы көрсетіп қойса, оны үлгерімі нашар оқушыларды өзі-ақ тапсырманы қиналмай орындап береді.
Тиісті затты көзбен көру, қолмен ұстау арқылы жүргізілетін сабақ ұзақ есте қалады.
Осындай тірек материалдарын, сигналды карточкаларды, символдарды мол пайдалану педагогикалық технологияның бір тармағы – жеделдетіп оқытуға жатады. Ол күштеусіз оқытуға жеке тұлғаның мүмкіндігін ашуға септігін тигізеді.
Сөйлем мүшелері арқылы сөйлем құрамында шартты сызық белгілерін, немесе сұрауларды көрсетіп, осыларды қажетті сөздермен алмастыру керек деген тапсырма беріледі.
Ал, сөз құрамын меңгерткенде «Орнын тап!» атты көрнекілікті пайдаланса, оқушыларға ой шақыртып, ойлантуға мәжбүрлейді.
Бұрынғы білім негізінде соны пайдалана отырып жаңа проблема шешеді: ойлап табады, құрастырады, шығарады, байланыстырады, көрсетеді, жазады, салыстырады, табады, талқылайды. Алған білімін жіктейді, саралай біледі, ең негізгі түйінін түсіне біледі.
Мұғалім мен бала бірігіп жұмыс істейді яғни тікелей қарым-қатынас туындайды, оқушының ықыласы артады.
Тірек сызбалармен жұмыс істеу – оқушылардың логикалық ойлау әдісін кеңейтіп, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттырады. Жұмысты көбіне оқушылар өздері ойланып орындай алатындай етіп ойластырған жөн. Емлелік шарттарды нақтылап, түсінікті етіп жасау керек.
Тірек сызбаларды тек көрнекілік ретінде ғана емес, деңгейлік тапсырмалар, жеке карточкалар немесе топпен, жұппен жұмысымен пайдалануға болады. Мысалы: Мен өзімнің сабағымда етістікті қайталау кезінде тақтаға ілінген тірек сызба арқылы етістің үш жағын үш қатарға бөліп беремін. Тірек сызба бойынша тапсырмалар көбінесе сызбаны толтыр немесе шартты белгілер бойынша грамматикалық атауларын таптыру болып келеді. Сонымен бірге мынадай жетелеуші сұрақтар беруге болады: «Сөз тудырушы жұрнақ арқылы туындаған сөз, біріккен сөз, күрделі сөз, қос сөз, қысқарған сөздердің сызбасы не туынды түбірден таралып тұр?». Бұл жерде әрине кестені пайдалану керек. Тірек сызбаларды сапалы түрде меңгерту үшін қабылданатын зат пен құбылысты дұрыс байқау, анализ жасау керек.
Әр сабақ ерекшелігіне сай қажетті көрнекі құралды мұғалім суретшілік қабілетіне сүйеніп өзі жасап, оқушылардың көмегін пайдаланып немесе суретшіге салдырады.
Тірек сызбалармен оқыту оқу материалдарын түсінікті меңгеріп, жеке тұлғаның қалыптасуына әсерін тигізеді. Тірек сызбалар көбінесе бекіту, қайталау сабақтарында қолданылады. Жеке тұлғаның өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:
1. Өз бетінше ойлау біліктері мен ізденімпаздығы.
2. Оқуға деген қабілетінің артуы.
3. Өз ойының дербестігі.
Жалпы айтқанда, тірек сызбамен оқыту - заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Дидактиканың, тәрбие теориясының, психологияның, таным теориясының – барлығының түйіскен нүктесінде қарастырылатын мәселе.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: 04051976 (2010-05-09) E
Просмотров: 20305 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 3.4/5
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-05-03, 3:03 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru