Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Іс-тәжірибені бөлісу
Абай аудандық білім бөлімі
№1 жалпы білім беретін орта мектебі


(мұғалімнің тәжірибесін жинақтау)

Дайындаған:
Әбілдина Перизат Азатқызы
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

2009 жыл

Жас ұрпаққа білім беруде мұғалімдер Ыбырай Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының Жалпы білім институты даярлаған «Орыс тілді мектептердегі қазақ тілінің мемлекеттік білім стандартын» басшылыққа алып, аталған стандарттың негізінде жасалған бағдарламаға сүйенемін. Бұл бағдарламалар Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңын методологиялық басшылыққа алу арқылы жасалады. Мұғалім қазақ тілін оқытудың мақсатына тілінің қоғамдық әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік жасау деп түсінеді.
Бағдарлама оқушының тілдік білімін кеңейтіп қана қоймай, олардың пәнге қызығуын, ынтасын арттыратын әлеуметтік, танымдық мотивтердің қалыптасуына жол аша отырып, алған білімдерін практикалық іскерлік дағдыға айналдыру көзделеді. Бағарлама бойыша білім мазмұнын анықтаудың ұстанымдары – тілдік жүйе қызметінің толықтығы, білім мазмұны негіздерін топтап қорыту, білімнің қосарлана енуі, интеграциялау, ғылымилық және коммуникативтілік принциптерге сүйену іске асырылады.
Менің шығармашылық педагогикалық іс-әрекетімді бейнелейтін материалдарымның негізгісі 11 сыныптарға арналған «Іс – қағаздарын оқыту» үшін бейімделген бағдарлама. Бағдарламаның басты мақсаты- қазақ тілін білудің қоғамдық қажеттігі туғандығын ресми іс-қағаздардың айрықша қарым – қатынас жасау құралы болып саналатындығын түсіндіру. Міндеті: іс-қағаздарын қазақ тілінде жазып, өмірде пайдалануға машықтандыру. Ана тіліміздің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуымен қатар оныңқоғамдық өмірде аясы кеңіп отыр. Мемлекеттік мектептерде кеңінен қолданыс тауып, іс-қағаздары қазақ тілінде жүргізіле басталды. Жастар болашақта қазақ тілінде ауыз екі сөйлеп қана қоймай, іс-қағаздарымен, кез-келген құжатты сауатты жаза білуі керек.Себебі іс –қағаздары мен құжаттардың адамның күнделікті өмірінде алатын орны ерекше. Сол себепті іс-қағаздарын оқыту бағдарламасы 11 сынып оқушыларына арнап жазылды. Әдістемесі: ресми іс-қағаздар стиліне жататын мысалдарды оқытқызып, түрлерін ажыратқызу. Үлгі бойынша іс-қағаздарды жаза білуге дағдыландыру. Әрбір іс-қағазы белгілі бір грамматикалық–лексикалық тақырыпқа негізделген. Оқушылармен төмендегідей жұмыс жүргізіледі.
- Іс-қағаздарды сауатты жазуға үйрету;
- Оқушының сөздік қорының байытылуы;
- Шығармашылық ойлау қабілетінің арту;
- Өзбетінше ізденуге дағдыландыру;
- Көптеген терминдер мен терминдік тіркестерді, құжаттардың аттарын,жаңа атауларын үйрету;
- Оқушының тілге деген көзқарасын өзгерту, құрмет сезімін арттырады;
Оқушылардың білімін тексеру мақсатында 9, 10, 11 сыныптар үшін базалық мәліметтердің бағдарламасы компьютерлік нұсқада әзірленді. Мақсаты: тестік тапсырмалар арқылы оқушының білімін тексеріп, бекіту. Оқушылар өздеріне берілген тест тапсырмаларын орындап, кілтімен тексеріп, оны талдап, қорытынды жасай білу керек. Қарағанды қаласында курста ҰБТ –ге арнап, тест тапсырмаларын жасауға қатыстым.
Республикалық Атамекен бағдарламасы бойынша мектепте үйірме жұмыс жасайды. «Атамекен» үйірмесінің бағдарламасын жасап, грамматикалық–лексикалық тақырыптарға негізделген. Мақсаты: қазақ халқының рухани-мәдени байлығын, қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныту, тарату. Бағдарламаның мақсаты: оқушының елтану арқылы ой - өрісін кеңейту. Оқушының тілге деген құрметін, сүйіспеншілігін өнер арқылы ояту. Өнерге дген құштарлығын, оқу – таным белсенділігін арттыру. Өзін қоршаған ортаға деген ізгі сезімдерін ояту. Бағдарлама міндеті: Оқушының практикалық іс-әрекетін ұйымдастырып, еориялық біліммен байланыстырып, қатысымдық тілін дамыту. Тәрбиелік ұстанымы: этно-мәдени тұтастықты құрметтеу. Қазақша сөйлеу әуезділігіне жету, оқушының есту қабілетін арттыру.
Оқулықта қазақ халқының рухани-мәдени байлығын, қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы материалдар жиі беріледі. Бұл тақырыптардың елтанудағы рөлі зор.
Өз тәжірибемде дарынды оқушылармен жеке жұмыс жүргіземін. Бұл оқушылардың жеке қабілеттерін және дарындылықтарын анықтап, дамыту. Мұғалімнің мақсаты: әрбір оқушынының дарындылығын табиғи саласын анықтап, оның өсіп-жетілуіне қолайлы жағдай жасау. Дарынды балаларды оқытудың басты мақсаты - әрбір шәкірттің жеке дара ерекше қабілеттерін ілгері дамыту, дарындылығы анықталған оқушыны қабілетіне сай шығармашылықпен ойлай алатын азамат етіп қалыптастыруға жағдайлар жасау аясында ғалымдар мен ізденімпаз ұстаздар ұжымын топтастыру.
Міндеттері:
- оқушының ақыл-ой қабілетін жетілдіру,;
- шәкірттердің шығармашылық жеке дарындылығын дамыту;
- оқушыларды қоршаған ортаны аялауға, әлемдік, адамгершілік негіздерін басшылыққа алуға, демократия мен ізгілендіру талаптарына сай болуға баулу;
- шәкірттердің ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру;
№1 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мұғалімдерінің дарынды балалармен жұмыс жүргізу барысында жоспар жасалған. Аптасына 2-3 рет жүргізіледі. Онда оқушылардың алған білімдерін тереңдету, ой-толғаулар, жоспарлау, мәтін, әңгіме, әр түрлі тақырыпқа сұхбаттар, портреттік сипаттау т.б. жұмыстар түрлері өткізіледі.
Әбілдина П.А. – 7 а сынып оқушысы Кохан К.
- 9 б сынып оқушысы Мелешко Л..
- 11 сынып оқушысы Сиротина Л.
Осы барыста Облыстық әкімінің «Менің тілім - болашағым» атты сайыста «Қайнар» сыйлығының үміткері Сиротина Людмиланың портфолясы дайындалды.

Мектепте дарынды балалармен жұмыс жоспары жасалып, жоғары дәрежедегі нәтижелер беріп отыр. Аудан көлеміндегі пәндік олимпиададан:
2006 жылы 9 сынып оқушысы Сиротина Людмила - I орынды иеленді.
2007 жылы 10 сынып оқушысы Сиротина Людмила - I орынды, 9 сынып оқушысы Кулакова Ирина –III орынды жеңіп алды.
2007жылы облыстық олимпиадада 10 сынып оқушысы Сиротина Людмила -IV орынды жеңіп алды.
2008 жылы 11 сынып оқушысы Сиротина Людмила - I орынды, 9 сынып оқушысы Мелешко Любовь - I орынға ие болды.
2008 жылы облыстық олимпиадада «Дарынды оқушы» номинациясына ие болған 11 сынып оқушысы - Сиротина Людмила.

Орыс мектептерінде өтілетін қазақ тілі сабақтарының мақсаты – оқушылардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сөйлем құрлысын меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарын айтып, ажырата білуге үйрету. Оқыту барысында көрнекіліктерді дұрыс пайдаланыса, оқушылар сабаққа саналы да белсенді түрде қатысады, алған білімі де берік болады. Оқыту ісінің сапалы болуына әдістемелеі тәжірибені дұрыс қолданудың маңызы зор. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретудің өзіне тән әдістері бар Олар:
- сұрақ-жауап;
- суретті немесе көрнекілікті пайдалану;
- сөйлем және сөзді толықтыру;
- мәтін бойынша әңгімелесу;
- тест сауалдарымен жұмыс;
- мақал-мәтелдер жарысы;
- өлең-тақпақтар жарысы, т.б.
Берілген әдістер бойынша өз тәжірибемде бірнеше жарыс сабақтары мен мектепішілік іс-шаралар өткізіп, жақсы нәтижелерге ие болдым.
Тілдер күніне арнап «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» тақырыбы бойынша жарыс сабақ өткіздім. 16-шы желтоқсан Тәуелсіздік күніне «Желтоқсан желі ызғарлы» атты әдеби-сазды іс-шараны өткіздім. Іс-шараның қорытындысы аудандық «Абай ақиқат» газетінен орын алды.

Наурыз мерекесінде 1-4 сыныптар аралығында «Пайдасыз жиын» атты мектепішілік іс-шараны жүргіздім. Онда оқушылар жануарлардың бейнесін сомдап, рөлдер ойнады. Қазақ халқының ойындары ойналып, ән шырқалды.

Мен өзім мектепішілік, аудан көлемінде, облыс дәрежесіндегі іс-шараларға белсенді қатысып, өз жұмысымның нәтижесін көріп отырған ұстазбын.
2007ж. Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де өткен «Ә.Бөкейханов және XIX – XX ғғ. тоғысындағы ұлттық зиялы қауымның тарихи тағдыры» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференцияға қатыстым.
Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде «Наурыз аруы-2008 жыл» іс-шарасында 9 сынып оқушысы Нұртазина Кристина Гран-приді жеңіп алды.

Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 2008 жылы қазан айында «Тіл – достықтың кепілі» байқауында Сиротина Людмила III орынды иеленді.
Өзге ұлт өкілдерінің аудан әкімімен кездесуін Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды. Осы кездесуге №1 жалпы білім беретін орта мектептен қазақ тілі мұғалімі Әбілдина П.А. мен 11 сынып оқушысы Сиротина Людмила қатысып, өз ойын барынша жеткізе білді.

2009 жылы аудандық «Жарқын болашақ» байқауында мәнерлеп оқудан Мелешко Л.- II орын алса, «Бейне» драма үйірмесі II орынды жеңіп алды.
2009 жылы «Жүрегі басқа, тілегі бір» тақырыбында өткен аудандық
байқауда «Бейне» драмалық үйірмесі бірінші орынға ие болды.
Облыстық «Жарқын болашақ» байқауында «Бейне» драма үйірмесі I орынды иеленді.

Аудандағы мұғалімдер арасында өткен семинарда «Қазақ тілі мұғалімінің оқытудың бастапқы кезеңдегі әдіскерлік біліктілігі» атты баяндама жасалды. Баяндамада қазақ тілін үйретудегі мұғалімнің мақсат, міндетті дұрыс қоя білуі, оқушының жас және жеке ерекшелігімен санасуы, сабақты өткізудің тиімді әдістерін игеруі сабақ сапасының кепілі екендігі айтылады. Осы семинарда ашық сабақ та өткіздім.
Фото
Аудандық тамыз кеңесі қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің әдістемелік отырысында «Педагогикалық тест формаларының түрлері» тақырыбында баяндама жасадым.

Осылай өткізілген жарыс сабақтар, іс-шаралар нәтижесінде оқушылардың сөздік қоры молайып, сабаққа, сабақтан тыс-іс шараларға ынтасы жақсарып, өз беттерінше ізденушілік, сабаққа қызығушылық көзқарастары пайда болды. Осылайша өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілге баулуға, тілге деген құрметті қалыптастыруға болады.
Қазігі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі жаңа технологиялар екендігі мәлім. Білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, асы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Оқу бағдарламасына жаңа үрдістер, жаңа оқу технологиялары көптеп енгізілуде. Олар: проблемалық оқыту технологиясы, модулдық технология, коммуникативті технология, дебет, ойын технологиясы, тағы басқалар. Атақты ғалым В.М.Шпельдің «Технология, бұл - өнер, шеберлік, іскерлік әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі» деуі, бүгін жаңа технологиямен оқыту маңызын нақты айқындап тұр. Жаңа әдістемелер мен технологиялардың негізгі міндеті оқу процесін жүйелі құрып, оқушылардың танымдық шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмек берумен қатар, мұғалімнің өзіндік оқыту әдістемесін құру және пән бойынша оқу материалдарын жүйелі құрып, шығармашылығын арттыра түсу бағытында жұмыс жүргіземін. Мұғалім әр сабағында мақсатына қарай ерекше тапсырма, қызықты жұмыс түрлері мен әдіс-тәсілдерді көбірек пайдаланып, сабақ барысында ойын түрлерін, жұппен, топпен т.б. қолданып отыруды әдетке айналдырдым. Осынау жаңа технологияларды шын мағынасында танып білу, үйрену, анықтау, тарату, насихаттау үшін мұғалімдердің атқарар қызметі ерекше.
Орыс мектептерінде қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытып, үйрету – қиын да күрделі жұмыс. Орыс тілді мектепте қазақ тілін оқытудың өзіндік көптеген ерекшеліктері бар. Орыс тілінде оқытатын мектептерде мемлекеттік тілді оқыту әдістемесінің негізгі міндеті-оқушының қазақша білетін адамдармен қазақ тілінде күнделікті тығыз қарым-қатынаста болуы. Тіл үйрету мақсатын алға қоя отырып сабақтарда коммуникативтік технологияларға басты назар аударып, соны қолдануға тырысамын. Коммуникативтік бағыттылықты ұстанған әдіскерлер Е.И.Пассов, А.А. Леонтьев, В.Г. Костамаров, Г.А. Китайгородская, Г.В. Рогова, И.Л. Бим тағы басқалары бұл әдістің ғылыми теориялық және әдістемелік тұрғыдан ең тиімді екендігін дәлелдеген.
Сабақта модульдік технология, рейтингтік жүйені, дамыта оқу технология элементтерін, сын тұрғысынан ойлау элементтерін қолданып, сабақты қызықты да тартымды етіп өткізу басты мақсатым. Әрбір технология өзіндік жолда әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Көрнекті педагого В.А. Сухомилинский «Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес толық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы»
Тек осылай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан әрбір әдіс-тәсілдердің ұстаздар үшін маңызы зор деп ойлаймын.

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: perizat (2010-06-24) | Автор: Абильдина Перизат E
Просмотров: 9090 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-30, 3:19 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru