Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Cпорттық ойындар.Баскетбол ойыны
Сабақ тақырыбы: Спорттық ойындар. Баскетбол ойыны
Білімділік: Тілдік коммуникация барысында спорттық ойындар тақырыбына қатысты жаңа сөздерді меңгерту.
Дамытушылық: Басқа тілден енген сөздер туралы ақпарат беру. Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Қысқа мәтіндер арқылы спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Сілтеме: Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): спорттық ойындар, баскетбол жайлы ақпараттар береді, спорттық ойын түрлерімен таныстыра алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қарапайым сөйлемдер арқылы спорттық ойындар, оның көріністерін сипаттай алады.
Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында сыныптастарымен спорттық ойындар жөнінде тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады.
Негізгі түсініктер: Спорттық ойындардың түрлері, шаңғы тебу, коньки тебу, шанамен сырғанау, қар лақтыру, доп лақтыру таң қалдым, шеберлік.
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, смайликтер.
Оқыту әдістері: Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, топтық жұмыс, сергіту жаттығуы.
Дереккөздері: Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызады, сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді.
Оқушының іс-әрекеті:Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады.
Өткен сабақты тексеру Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушылықты ояту Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында сұрақтар қояды:
— Балалар, сендер қандай спорттық ойын түрлерін білесіңдер?
Қандай спорттық ойын түрін ұнатасыңдар? Оларды сипаттай аласыңдар ма? Сұрақтарға жауап береді.
ІІ. Мағынаны тану 1. Сөздікпен жұмыс.
А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

Ловля-ұстау, қағып алу
Передача- допты беру
Кольцо-шеңбер, сақина,себет
Мяч баскетбольный-баскетбол добы
Ведение-допты алып жүру
Забить очко-ұпай жинау
Площадка-алаң
Выбить мяч-қағу

Перехватить мяч-допты ұстап қалу
Двойное ведение- екілеп қағу
Пробежка-жүгіру
Прыжок с мячом-доппен секіру
Бросок-лақтыру
Бег-жүгіру
Ходьба-жүріс
Разминка-шынығу


2. Грамматика. Өтілген тақырыпты қайталай отырып, мысалдар келтіреді.
СЕПТЕУЛІК ШЫЛАУЛАР Септеулік шылаулар—белгілі септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп қолданылатын шылаулар. Септеулік шылаулар өзі жалғанған сөзге қосымша (мезгілдік, мекендік, шектік, себептік, мақсаттық т. б.) мағына үстейді және сол сөзді басқа бір сөзбен байланыстырады.
Септіктер Септеуліктер Мысалдар
Атау арқылы, жайында, жөнінде, тура- лы, үшін, сайын, сияқты, секілді, тәрізді теңіз арқылы, кітап жайында, ол жөнінде, көрген сайын, атам сияқты (секілді, тәрізді)
Барыс дейін, шейін, таман, қарай, қарсы, жуық, тарта мектепке дейін, өзенге та- ман, тауға қарай, жүзге жуық (тарта)
Шығыс ары, бері, соң, кейін Шымбұлақтан бері, Медеу- ден ары, демалыстан соң, үзілістен кейін
Көмектес бірге, қатар Ініммен бірге, демалумен қатар

3. Мәтіналды жұмыс. А) Жазылым. Айтылым. Қисынды ойлау қабілетін жандандыру, сауатты жазуға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады. Жазылым. Айтылым. Сұрақтарға жауап береді, берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді.
1-тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұнын өз сөзіңмен толықтырып айт. Мәтіндегі септеулік шылауларды тауып, олардың қай септіктің шылауы екенін айт. Қою қаріппен берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, шағын диалог мәтінін жаз.
Спорт—тек денсаулық кепілі ғана емес, ол адамға психологиялық жағынан да пайдалы. Спортпен айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі де көтеріңкі болады. Түрлі жаттығулар адамды сергітеді және оның қан айналымын жақсартады. Таңғы гимнастикадан кейін бойыңмен бірге ойың да ширай түседі. Асқа тәбетің ашылады, оқуға деген қызығушылығың артады. Спорт секцияларына достарыңмен бірге барып, үнемі қозғалыста жүрудің өз артықшылықтары бар. Сол сияқты адамның таза ауада, табиғат аясында болуы да шаршаған ағзаны демалдырады. Сол себепті сабақтан соң немесе демалыс күндері біраз уақыт табиғат аясында демалған жөн.

4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады. Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды. «Баскетбол ойыны» мәтінін оқып, аударма жұмысын жүргізеді.
Баскетбол алаңы Баскетбол добы Баскетболшы киімі
Командадағы ойыншылар допты сақиналы торқалта себетке дөп түсіруі қажет. Қақпа жерден кем дегенде 3 метр биіктікте орнатылады. Тор қалтаны жақын жерден дәлдесе 2 ұпай беріледі. Ал, егер доп 6,25 метрден сәтті лақтырылса онда ұпай саны бірден 3-ке көбейеді. Бір матч 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. Осы аралықта ойында есеп тең болып тұрса, төреші тарапынан қосымша уақыт қосылады. Кәсіби терминде мұны «Овертайм» деп атайды.
Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Алғашқы ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған Христианжастар қауымдастығының оқу жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Сол кезде Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Джеймс Нейсмит гимнастика түрін ары қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тауыпты деседі.
Баскетболдың этимологиясы (basket – себет, boll -доп) деп жіктеледі. Алғашында ойынды футбол добымен өткізген. Арада бір жыл өткен соң Джеймс Нейсмит арнайы доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан.
1893 жылы баскетболға қызығушылар саны бірден көбейген. Ал, 1894 жылы жаңа ойынға қызығып, әуестенушілер айтарлықтай артқан.
АҚШ-тан бастау алған баскетбол ойыны бірте-бірте Шығыс елдеріне таралды. Атап айтар болсақ, Жапония, Қытай, Филиппин, солай-солай Еуропа елдеріне, Оңтүстік Америкаға бет алды.

Ә) Тілдесім. Айтылым. Қисынды ойлау қабілетін жандандыру үшін мәтін бойынша сұрақтар құрап айту.
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Тілдесім. Жазылым. Оқушыны дұрыс айтуға, жазуға дағдыландыру үшін келесі 3-тапсырманы орындатады.
4-тапсырма.Бағандарда берілген сөйлемдердің орыс тіліндегі дұрыс баламасын келесі бағаннан табады.Сөйлемдерді жазады.
Андрей передал мяч игроку своей команды. «Қайрат» командасының ойыншылары допты жоғалтты.
Милена перехватила мяч у игрока «Барыса». Андрей өз командасының ойыншысына доп берді.
Игрок Барыса забил очко в кольцо. «Барыс» командасының ойыншысынан Милена допты қағып алды.
Игроки команды «Кайрат» потеряли мяч. Барыстың ойыншысы шеңберге доп кіргізіп ұпай жинады.

6. Сергіту сәті. Сергіту жаттығуын орындатады. Сергіту жаттығуын орындайды.
ІІІ. Ойтолғаныс Мұғалім оқушылардың ой-өрісін дамыту мақсатында “Не артық?” ойынын ойнатады. Ойынның шарты бойынша: Мұғалім бірнеше сөздер айтады, осы сөздерді тыңдап отырып спортқа қатысы жоқ сөздерді тез ажыратып, ненің артық екенін айтады.
Баскетбол, алаң, доп, жанкүйер, тамақ, Отан, намыс, гүл, қала, футбол, шаңғы, сабақ, қысқы, ұпай, жүгіріс, команда,ойыншы,себет, қақпа, секіру, лақтыру,тапсырыс, мейрамхана, сусын, пицца,сырғанақ, бокс,қуырдақ,хабар.
IV. Бекіту Топтық жұмыс. «Броундық қозғалыс» әдісі. Оқушыларға мәтін құрау үшін «Спорттық ойындар» деген тақырып береді. Аталған тақырыпқа қатысты сыныпты аралап ақпарат жинайды. Басқалармен ой бөліседі. Мәтін құрастырады.
V. Бағалау Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.
VI. Үйге тапсырма 7-тапсырманы орындау.
VII. Рефлексия Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы көңіл- күйлерін білдіреді.

Бағалау парағы
Ален
Ксения К.
Вероника
Ксения Л.
Милена
Ануар
Жансултан
Тимур
Аружан
Кристина
Медет
Андрей
Дарья
Таися
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: asem_musina78 (2016-02-22) | Автор: Мусина Асем E
Просмотров: 1194 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 5:06 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru