Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

внеклассное мероприятие
Тақырыбы: «Ойлы болсаң, озып көр»
Мақсаты:оқушылардың бойынан логикалық ойлау шеберлігін, тапқырлықты, шешендік қасиеттерді, шығармашылық қабілеттерді көре білу және оны байқау.
Білімділік: оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру.
Дамытушылық: жас ұрпақтың ұлттық сана – сезімін, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: ана тілін сүйетін, болашаққа үлесін қоса білетін білімді, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сұрақтар жинағы, слайдтар.
Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
«Ақыл озбайды, білім тозбайды» демекші, қазақ халқы ежелден бәйгені жарыс арқылы жеңіп алған. Бұрын жаяу жарыс, өгіз жарыс, құнан, тай жарыспен жеңіп алса, біз бүгін ХХІ ғасырда ғылым мен техниканың дамыған заманында білімізбен жарыспақшымыз.
Мұғалім: Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір ойын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын! - дей келе, біз бүгін алты айналым бойынша жарысқа түсеміз.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.

Түрі: Сайыс.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі
Сабақтың барысы:
Кіріспе.
Армысыздыр замандас, оқушы ұстаз!
Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас.
Бүгінгі ойынымызды біз бастайық,
Ойында көңілменен қол соғайық.

Әділқазылар, әділ баға беріңдер.
Әділқазылар:
1.
2.
3.
. Сайысқа қатысатын оқушылардың өздерін таныстыруы
Сайысымызды бастамас бұрын айналымдармен таныстырып өтейік.

Сайыс 6 айналымнан тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін жұлдыз беріледі.


1-айналым: «Тездет,бірақ қателеспе!» (СҰРАҚТАР)
2-айналым: «Кім шапшаң, кім жүйрік? »; сұрақтар. 1слайд.
3-айналым: « Тапқырлық»; мақалды аяқтау 2слайд .
4-айналым «Тіл өнері» жұмбақ шешу 3 слайд
5-айналым: « Жорға» сұрақтарға жауап беру 4 слайд.
6-айналым: « Суретшілер». Өлеңнің мағынасымен сурет салу. 5слайд .
1-айналым «Тездет ,бірақ қателеспе!»

Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

І топ «Тұлпар» тобына сұрақтар
1.Қазақ тілінде неше әріп бар? (42 әріп)
2.Ң дыбысы ұяң ба,үнді ме? (үнді)
3. «Ұшқалақ»сөзінде неше буын бар?(3 буын)
4.Қандай сөздер бас әріппен жазылады?(Кісінің аты-жөні,жер-су аттары, үй жануарларына қойылатын аттар)
5.Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.(ә е ө і ү)
6.Гимннің авторы?
7.Жаз айларын ата
8. Антоним дегеніміз не?
9. Антонимге мысал келтір
10.Аптаның бірінші күні

ІІ топ «Домбыра» тобына сұрақтар

1.Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? (15 дауысты дыбыс)
2.Г дыбысы ұяң ба,үнді ме? (ұяң)
3. «Қосымша»сөзінде неше буын бар?(3 буын)
4.Қандай сөздер тасымалданбайды?(бір буынды сөздер,бірінші буыны бір дыбыстан құралған екі буынды сөздер)
5.Жуан дауысты дыбыстарды ата.(а ұ ы о)
6. Қыс айларын ата
7. Синоним дегеніміз не?
8. Синонимге мысал келтір
9. Елтаңбаның авторы
10. Аптаның үшінші күні

ІІI топ «Қыран»тобына сұрақтар:
1.Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар? (25 дауыссыз дыбыс)
2.П дыбысы ұяң ба,қатаң ба? (қатаң)
3. «Ойыншық»сөзінде неше буын бар?(3 буын)
4. Тудың авторы
5. Мағыналары қарама-қарсы сөздер қалай аталады?
6. Мысал келтір
7. Еріндік дауысты дыбыстарды ата(о,ө,ү,ұ,у)
8.Көп мағыналы сөздер тауып айт.(ат-жылқы,ат- іс-қимыл)
9. Буынның түрлері
10. «Дауыл»сөзіндегі у дыбысы дауысты ма,дауыссыз ба?( дауыссыз)

2- айналым. «Кім шапшаң, кім жүйрік »
1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан жариялады?
(16 -желтоқсан, 1991 жыл)
2. Астана қаласы қай өзен бойында орналасқан? (Есіл)
3. Қазақтың ұлттық аспабын ата (домбыра)
4. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім және ол қашан ұшты? ( Тоқтар Әубәкіров, 2 – қазан 1991 жыл)
5. Бір аптада неше күн бар? ( 7 күн)
6. Басты байлық не? (денсаулық)
7. Қазір қай жыл мезгілі?
8. Мемлекетіздің рәміздерін ата. (Әнұран, Ту, Елтаңба)
9. Орман дәрігері атанған құс? (Тоқылдақ)
10. Кемпірқоссақтың неше түсі бар? (жеті)
11. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы. ( Ы. Алтынсарин)

3- айналым « Тапқырлық»; мақалды аяқтау
1.Атаңа не қылсаң, ... ... ...(алдыңа сол келер)
2. Бес саусақ ... ...(бірдей емес)
3.Қыз ...(қонақ)
4.Сыйлап берсе, ... ...(суын іш)
5.Асы бар аяқтан ...(аттама)
6.Той тамағы ...(тәтті)
7.Ас қадірін ... ...(тоқ білмейді)
8.Ас адамның ...(арқауы)
9.Ақын мен әнші ... ...(адамзаттың бұлбұлы)
10Өлең өмірді ...(ұзартады)
11.Өлең сөздің ...(патшасы)
12.Ән көңілдің ...(ажары)
4-айналым «Тіл өнері» жұмбақ шешу
1.Қақпасыз қазан іші толған сазан (көл)
2.Күн ашықта сөреңде,
Күн жауғанда төбеңде (қолшатыр)
3.Су ішінде желігер,
Құм үстінде демігер. (балық)
4.Ерте тұрады, жар салады. (қораз)
5.Қалың киім ұнатады,
шешіндірсең жылатады. (пияз)
6.Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. (аю)
5-айналым: « Жорға» сұрақтарға жауап беру
1. Қазақ тілі мен әдебиет пәндері бойынша сұрақ – жауап. Ұяшықтағы сандарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру.

10-ұпай.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
10-ұпай.Буынның түрлерін ата
10- ұпай.Зат есім дегеніміз не?
20-ұпай.Қазақтың үш биін ата.
20-ұпай. «Х алық» сөзі қай тілден енген?(араб,парсы)
20-ұпай.Ішекті аспаптарды ата.
30-ұпай.Жеті ішекті аспапты ата.
30-ұпай.Құрманғазының күйлерін ата.
30-ұпай.Қазақ халқының музыкалық аспаптарын ата.
40-ұпай. Төрт түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Нешеуі қалды? (түйеқұс ұшпайды)
40-ұпай.Отан туралы мақал айт
40-ұпай.Суретке қарап таны(суретте кім екенін анықтау,шығармаларын атау)
6-айналым: « Суретшілер». Өлеңнің мағынасымен сурет салу
І топ «Тұлпар» тобына
Қоңыр қарындаш аламын,
Онымен жерді бояймын.
Сары қарындаш аламын,
Алтын күнді бояймын.
Көк қарындашты аламын,
Көгілдір суды саламын.
Жасыл қарындаш қолымда,
Онымен шөпті саламын.
Салған суреттерін әділқазыларға ұсынады

ІІ топ «Домбыра» тобына
Жаңа жыл өте көңілді мереке. Біздің мектепте жаңа жылға дайындалып жатыр. Шыршаға ойыншықтар, жұлдызша, жалауша ілдік. Аяз ата балаларға сыйлық әкелді. Балалар биледі. Қызық ойындар ойнады. Ақшақар маған ұнады
ІІI топ «Қыран»тобына
Көбелектің көбін -ай
Қызылын-ай ,көгін-ай
Бәрін ұстап алар-ек
Жолдастардын жоғын –ай.
Суда балық өріп жүр,
алғысымды білдіремін Бір –біріне өріп жүр
Қармағымның жоғына
Бәрі бірдей сеніп жүр.
Қарап едім жоғары
Құстар ұшып барады,
Бақшадағы біздердей
Олар да әнге салады.
Қорытынды. Әділ қазылар алты айналым бойынша жеңіске жеткен оқушыларды жариялап, марапаттайды.

«Білімділіктің ең баст ыфакторы туғантілінд есөйлеу мен оны сыйлаудан басталады» — дейді Г.Гегель.
Құрметті оқушылар, ұстаздар, осымен біздің бүгінгі интеллектуалды сайысымыз өз соңына жетті. Оқушыларға қатысқандары үшін, қонақтарымызға келгендері үшін рахмет.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: beketovabeisenkul (2016-02-25) | Автор: Бейсенкул E
Просмотров: 696 | Теги: Бекетова, Бейсенкул, Нурахметовна | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 7:49 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru