Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Дүкендер ашық сабағы. 2 сынып
«Д. Қонаев атындағы №3 орта мектебі» КММ-сінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кумарова Айгуль Амангельдиновна.
Риддер қаласы.

Тақырыбы: Дүкендер. Сұраулық шылаулар; сұрау есімдіктері.
Бекітіп, қайталау сабағы.(2-ші сынып)
Мақсаттары:
Дұрыс сөйлем құрай білуді үйрену, аталған тақырыпта белсенді сөздік қорын қалыптастыру, азық-түлік, жеміс, көкөніс, киім, ойыншық атуларын қайталап, бекіту және алған білімдерін қолдануды үйрену.
Дамытушылық: оқушылардың дұрыс сөйлеу, айту, қисынды ойлау дағдыларын дамытып, қалыптастыру.
Тәрбиелік: Тағамды қадірлеуге, тазалыққа тәрбиелеу, бірлікшіл, ұйымшыл болуға баулу.Сауда мәдениетіне тәрбиелеу.
Шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес.
Көрнекіліктер: Қалташалар (дүкендер атаулары, қиылған жеміс, көкеніс, тағам, киім атаулары), оқушылар даярлап әкелген «тауарлар», әр түрлі дүкен суреттері, көңіл – күй бейнелері.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау әдісі, көрнекілік әдісі, іздену әдісі, суреттеу әдісі, ойын технологиясы, деңгейлеп оқыту .
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Қайырлы таң, балалар! Хал - жағдайларың қалай? – Рақмет, жақсы! Қане бір -бірлеріңнен сұрап жіберіңдерші. – Халің қалай? - деп, бір - бірінен сұрайды. Бүгінгі күнімізге де сәттілік тілеуді ұмытпайық!
- Жақсы, балалар! Бүгін кім кезекші? Кезекшімен әңгіме. (мұғалім оқушылардың көңіл-күйін байқайды).
- Балалар, өздерің көріп отырғандай, бүгін біз үшін ерекше күн- сыныпта қонақтар отыр. Сондықтан өте жақсы білімдеріңді , жақсы деген қасиеттеріңді көрсетулерің керек. Біз бүгін, бірнеше тақырыпты қайталап, «Дүкендер» деген ортақ атауды алып, топпен жұмыс істейміз. Топтар туралы,олардың сабақ бойынша мақсаттарын айту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Дүкен дегенім, орысша не? – магазин. Дұрыс. Балалар, айтыңдаршы, қандай дүкендер болады?
- Азық-түлік дүкені, жемістер дүкені, көкеністер дүкені, киімдер дүкені, ойыншықтар дүкені.Суреттермен жұмыс. Суреттер бойынша балалар дүкен түрлерін анықтап, айтады.
- Жақсы, балалар.(Мұғалім тақтаға дүкен атауларын іледі)
Қалташалармен жұмыс:
Әр топ қалташаларды керекті сөздермен толтырады.Дүкендер бойынша, уақытқа (7-8 мин).
1 топ: Азық-түлік, ойыншықтар.
2 топ: Көкөністер, киімдер. (Топтар бойынша екі адамнан оқиды)
ІІІ. Тереңдете тексеру.
Жақсы, балалар. Нан- азық-түлік пе, әлде жеміс пе? Нан- азық-түлік. Нан туралы өлеңді кім біледі? (Нан туралы өлең оқылады). Әр топтан бір-бір оқушыдан жатқа айтады:
Есіңде болсын, балам,
Нан-қастерлі тағам.
Қоқымын оның шашпа,
Жерге түссе баспа!
Нан туралы қандай мақал білеміз?
Нан-ас атасы (Аудармасымен) - өте жақсы! Неге бұлай дейміз?(Нанды қастерлеп, құрметтеу, еңбекті бағалау туралы оқушылармен әңгіме).
Басқа тағамдар туралы өлеңдер білеміз бе?
Сүт: Ыстық-ыстық сүт ішсең,
Дәмі кетпес таңдайдан.
Бой жадырап, кенеттен,
Буы шығар маңдайдан.
Суреттермен жұмыс. Көрсетіп атату. «Не артық? Неге?» ойыны. Қандай зат артық екенін дәлелдеп айтады (топқа 2 тапсырмадан) - өйткені сөзін қолдану.
№1 топ: қолғап, шалбар,шұжық,құлақшын; қуыршақ, секіртпе, текше, алма.(6-7 мин)
№2 топ: қияр, орамжапырақ, анар, қызанақ; доп, айран, ірімшік, жұмыртқа.
Жақсы, балалар, шаршаған шығарсыңдар, сергіту сәтін жасайық:
Шаршасаңдар балалар,
Қолдарыңды созыңдар,
Бір, екі, үш,төрт, бес,
Бір, екі, үш,төрт, бес,
Бір отырып,тұрыңдар,
Бір отырып, тұрыңдар,
Сәл демалып алыңдар!
Отырыңдар, балалар.
Үш оқушыға жеке деңгейлік тапсырма беріледі.
Бірінші оқушы:сөздерді аударады. Жеміс атаулары.
Екінші оқушы: сурет бойынша суреттеп, сөз тіркестерін құрастырады.
Үшінші оқушы: суретпен жұмыс (әңгіме) 3-4 сөйлемнен.
Топтың қалған оқушылары. Мәтінмен жұмыс істейді.
1 топтың мәтіні:
Мынау азық-түлік дүкені. Дүкенде сатушы жұмыс істейді.Дүкенде азық-түлік көп.
Олар: шұжық, нан, ет, сүт, жұмыртқа, май, шай, кәмпит, айран.Мен ірімшік,жұмыртқа,кәмпит сатып алдым.Сатушыға рақмет айттым.

2 топтың мәтіні:
Бұл ойыншықтар дүкені. Мен дүкенге келдім. Дүкенде әдемі ойыншықтар көп. Маған үлкен, жұмсақ ойыншық керек. Мен өте үлкен, қоңыр қонжық сатып алдым. Сатушыға рақмет айттым.
Тапсырмаларды тексеріп,оқушылардың көңілін соңғы сөйлемге аударып,тәрбиелік мән беру.
- Балалар,сендер көптеген азық-түлік,көкөніс,жеміс,киім, ойыншық атауларын біледі екенсіңдер. Ал,енді осы заттар сатылатын дүкендерге барып, сауда жасай аласыңдар ма? Сендер топтар, үйде ойланып, керекті құралдарыңды, тауарларыңды даярлап алып келдіңдер. Қандай дүкенді таңдайсыңдар, бұл өз еріктерің. Топтар ортаға шығып, үй тапсырмасын көрсетіңдер! (топтар өздері даярлаған дүкенде сауда жасайды)
VII. Қорытындылау:
- Өте жақсы, балалар, сендер жақсы білімдеріңді көрсеттіңдер. Сонымен, балалар, біз бүгінгі сабақта қандай тақырыптарды қайталадық? Қандай жолдармен қайталадық? Сендер үшін не қызықты болды, не естеріңде қалды?
Азық - түліктер, жемістер,киімдер, ойыншықтар бізге қалай келеді?
– Дұрыс, балалар, үлкен еңбекпен келеді. Сондықтан, оларды қалай болса солай шашпай, күтіммен қарау керек. Топтарға ұпайларын санатып,жеңімпаз топты анықтау. Әр баланың топтағы жеке жұмысын анықтап,бағалау.
Рефлексия: Балалар, сендер бүгін өте жақсы жұмыс істеп,тамаша білімдеріңді көрсеттіңдер! Жарайсыңдар! Сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма? Сендер не айтасыңдар? Алдарыңда көңілді күн, жайдары күн, түнерген күн бейнелері жатыр. Таңдаған бейнелеріңді алып, өздеріңнің сабақтан алған әсерлеріңді тақтаға жапсыру арқылы көрсетсеңдер, нұр үстіне нұр болар еді. (Балалардың барлығы күлімдеген күн бейнесін таңдап, оң қабақтарын танытты).
VIII. Үй тапсырмасы:
1 деңгей.
Кез келген дүкен туралы әңгіме(5-6 сөйлем төңірегінде).
2 деңгей.
Нан, сүт туралы өлеңдерді тағы да қайталап,жатқа айту.
3 деңгей.
Оқулықтағы мәтінді оқып, аударады.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: aygulkumarova (2016-03-04)
Просмотров: 212 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2016-12-03, 4:41 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1473]
Школьный психолог [501]
История [694]
Опыт [471]
Научная кафедра [217]
Воспитание души [216]
Мастер-класс [205]
Семья и школа [173]
Компьютер-бум [245]
Английский язык [767]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1134]
Химия [373]
Классному руководителю [622]
Биология [577]
Думаем, размышляем, спорим [89]
Казахский язык и литература [1761]
Краеведение [92]
Начальная школа [3902]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [350]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [289]
Экология [179]
Дошколенок [1477]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [440]
Мой Казахстан [227]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1154]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [514]
Немецкий язык [51]
Технология [279]
Самопознание [377]
Профессиональное образование [100]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [6]
Педагогические программы [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru