Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ыбырай Алтынсарин - кемеңгер адам
СҚО Петропавл қаласы
«№1 жалпы білім беретін орта мектеп-интернаты» КММ
қазақ тілі мұғалімдері
Шопанова Гүлсара Арманбекқызы
Дюсекина Света Советбековна

«Ыбырай Алтынсарин – кемеңгер адам»
Мақсаты: Ыбырай Алтынсаринның өмір-тарихымен тереңдете танысу, шығармаларынан үлгі-өнеге, өсиет алу.
Өту барысы:
«Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен басталады.
І жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Бүгінгі сыныптан тыс әдеби кешімізді қазақ балалар әдебиетінің атасы, ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына арнаймыз.
ІІ жүргізуші: Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай облысы Затобол ауданында дүниеге келеді. 3-4 жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді.
І жүргізуші: Заман талабын жақсы түсінген Балғожа би табысқа жетудің бір жолы – оқу деп білді. Сөйтіп, немересі – кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылған орыс-қазақ мектебіне оқуға береді.
Көрініс. «Ыбырайды мектепке алғаш әкелу»
«Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің жалғасы.
ІІ жүргізуші: Мектепті 1857 жылы «үздік» деген бағамен бітіріп шығып, 1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады.
Ән. «Аяулы мектебім»
І жүргізуші: Өз бетімен көп ізденіп, білім қорын молайта келе, Ыбырай туған халқына пайдалы болуды мақсат етеді. Оның ынтасы ағартушылыққа ауады. 1865-4 жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар үшін бастауыш мектеп ашылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болып келеді.
Бейнежазба. «Сабақ беру кезі».
ІІ жүргізуші: Ыбырай мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің басты құралы – оқулық деп санайды. Ол балаларға ана тілін аса ұқыптылықпен үйретеді, шағын көркем шығармалары арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа баулуды көздейді.
Слайд-шоу. «Ыбырай шығармалары»
Қазақ биі «Сағым».
І жүргізуші: Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерінде үгіт, өсиет түрінде береді. Сондай әңгімелерінің бірі – «Әке мен бала» әңгімесі.
Көрініс. «әке мен бала».
ІІ жүргізуші: Ыбырай Алтынсарин өз шығармашылығы арқылы туған халқын білім алып, өнер үйренуге шақырды, жастарды ізгілік пен жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиеледі.
«Өнер-білім бар жұрттар» өлеңі.
І жүргізуші: Қазақтың тұңғыш педагогі, ақын-жазушысы, балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин қайтыс болғаннан кейін Н.И.Ильминский «Ыбырай Алтынсарин туралы есте қалғандардан» деген атпен арнаулы кітап бастырып шығады. Қазақ әдебиетінде педагог-жазушының көркем бейнесі жасалды.
1-оқушы: «ХІХ ғасырда қазақ даласынан шығып, орыс, Еуропа мәдениетіне қолы жеткен оқымысты, халық ағартушысы дәрежесіне көтерілген әрі педагог, әрі ақын-жазушы Ыбырай Алтынсариннің өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор» - Қ.Жұмалиев.
2-оқушы: Н.И.Ильминский өз естелігінде: «Мен Ыбырай Ал¬тынсаринмен отыз жылға жуық таныс едім. Мен оған шын ықыласыммен берілдім, әсіресе, оның орыс біліміне ерекше құмар¬лық¬пен ұмтылып, ол білімнің қазақтар үшін де керек екенін ешқашан есінен шығармай¬тындығын айрықша бағалайтын едім», – деп жазды.
ІІ жүргізуші: Ыбырай Алтынсарин қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол қараңғы көшпелі өз халқының ішіне европалық цивилизацияның жарық сәулесін таратқан. Бұл Ыбырай Алтынсарин еңбектеріне берілген зор баға күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.
І жүргізуші: Ұлылар ұлағаты өркениеттің өр тауларына жетелейді. Ыбырайдай асыл бабаның таза, мөлдір, кәусар бұлағынан нәрлене білейік, рухани әлдене білейік ағайын.
Ал осы кешімізді тамаша әнмен аяқтайық.
Ән. «Нар аға».
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Gulsara1714 (2016-06-28) | Автор: Ыбырай Алтынсарин - кемеңгер адам E
Просмотров: 2736 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 12:18 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru