Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

«Наурыз - жыл басы»
№180 жалпы білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі:
Мұғалбекова Лаура Нышанбайқызы
Сабақтың тақырыбы: «Наурыз - жыл басы»
Грамматикалық тақырып: Заттың қимылын білдіретін сөздер
Сабақтың мақсаты: оқушыларға наурыз туралы түсінік беру, заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсінік беру.
Білімдік: Оқушыларға жаңа тақырыптың мазмұнын аша отырып, заттың қимылын білдіретін сөздер туралы толық мәлімет беру.
Дамытушылық: наурыз мейрамына деген қызығушылықтарын, білім, білік, дағдыларын арттыру, сауатты жазуға төселдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларға рухани – адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу,
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызба, плакат
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу. Сыныпты түгендеу.
- Бүгінгі сабағымызды әдеттегідей тыныштық сәтімен бастаймыз!
Тыныштық сәті. (баяу әуен орындалып тұрады)
Тыныс алуға зейін қою
Аяқ-қолдарыңды айқастырмай, түзу отыруларыңды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойғанда біздің миымыз тынығады. Ауаны ішке жұту арқылы тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Қане балалар, көзімізді жұмамыз... денелеріңді тік ұстаңдар, қолдарыңды партаға не тізеге қоюға болады.
1 дегенде дем аламыз, 2 дегенде шығарамыз...1,2 , 1, 2 (5-6 рет)
Рахмет балалар, көздеріңді ашуларыңа болады.
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ. Бізге бүгін мектебіміздің ұстаздары қонаққа келіп отыр.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
Бас әріптен басталып жазылатын сөздердің ережесін жаттап, 122-беттегі 107-жаттығуды дәптерге орындап келу керек болатын?
(аралап тексеру)
ІІІ. Жан-жақты тексеру.

Заттың атын білдіретін сөздер қалай аталады?
Зат есімнің сұрақтары қандай?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты дыбыстарды ата
Дауыссыз дыбыстарды ата
Сөздің жуан немесе жіңішке болуы неге байланысты?

Жауаптарыңнан сендердің өткен сабақты жақсы меңгергендерің көрініп тұр.
ІV. Мақсат қою. Бүгінгі сабақта «Наурыз – жыл басы» атты мәтінмен танысамыз, заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсінік қалыптастырамыз
V. Жаңа сабақ.
Оқушыларға ортақ сұрақ: «Наурыз » сөзін қалай түсінеміз? Оқушылар сұраққа жауап береді.
Наурыз- шығыс халықтарының ертеден келе жатқан мейрамы. Бұл-күн мен түннің теңелетін, қыс ызғары кетіп, көктем лебі сезілетін уақыт. Бұл кезде мал төлдеп,адамдардың ауызы аққа тиеді. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп аттап, жаңа жылдың басы деп санаған. Наурыздың 21 нен 22 сіне қараған түн осы күнге сәйкес келеді. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті,киелі саналған. Ол күні жаңбыр не қар жауса , «нұр жауды,туар жыл жақсы болады» деп қуанған. Бұл күні адамдар бір бірімен төс қағысып амандасады, өкпелері болса, кешіреді. Ұлыс күнінде сәлемдесудің қалыптасқан дәстүрі бар. Адамдар бір бірімен кездескенде:
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсаң, жол болсын!
Ұлыс береке берсін! Пәле-жала жерге енсін! - деп құттықтайды.
Ал, грамматикалық тақырыбымызға келетін болсақ, қайтті?, не істеді?, не қылды? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді. Мысалы: оқыды, жазды, жүгірді.т.б
1. Кітаппен жұмыс. Мәтінді оқыту. (Оқылым) 109-жаттығу.
Шешесі жұмысқа кетті. Сара тауықтарға жем шашты, гүлдерге су құйды. Сонан соң тамақ пісірді. Шешесі жұмыстан оралды. Ол қызының ісіне қуанды.
Қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап береді?
Балалар жауап береді.

110-жаттығу. Тақтамен жұмыс (Жазылым)
Тиін орманда болады. Ол ағаштан ағашқа, бұтақтан бұтаққа секіріп жүреді. Жыртқыш аңдардан да осылайша қорғанады. Тиін жаңғақпен қоректенеді.
Іс-әрекетті білдіретін сөздердің астын сызыңдар.
Сергіту сәті

Кел, балалар, тұрайық,
Мойнымызды бұрайық,
Қолымызды көтеріп,
Саусақты ашып, жұмайық,
Орнымызда жүгіріп,
Бір отырып, бір тұрып
Қане, сергіп алайық,
Денелерің шынықсын,
Саналарың тынықсын!


Ой қозғау. (Айтылым)

VІ. Жаңа сабақты бекіту.
С.Мұқановтың «Наурыз – жыл басы» атты өлеңін барлығымыз бірге мәнерлеп оқиық.
Түйе сеніп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап, мойыма,
Тұрма именіп ділмардан.
Балалар, барлап қарасаңдар осы өлеңдегі әр сөздің бірінші әрпі қарамен жазылған. Олар жыл санау ретін және атын білдіреді.
Дәптерлеріңе осы жыл атауларын көшіріп жазыңдар.
Жыл аттары: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.
Қорытынды: Рефлексия.
Мұғалімнің сөзі: Балалар, біз бүгін не үйрендік. Қайтті? Не істеді? Не қылды? деген сұраққа қандай сөздер жауап береді?
Наурыз дегенде нені түсінісіңдер?
1 жылда неше ай бар?
Жыл атауларын атаңдаршы
Керемет! Бүгінгі жаңа тақырып барлығыңа түсінікті болғанын көріп, қуанып тұрмын!
VII. Үй тапсырмасы. Ал, енді, күнделіктеріңді ашып, үй тапсырмасын
жазып алыңдар. «Наурыз – жыл басы» атты тақпақты, ережені жаттап келесіңдер.
VIIІ. Бағалау. Бүгінгі сабақта барлығың өте жақсы, белсенді қатысып отырдыңдар. Барлығыңа алғысымды білдіремін. (оқушылырға бағаларын айта отырып қою)

Топпен ән айту. «Наурыз» әні
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ТатьянаТатьянка (2016-11-15) | Автор: Мұғалбекова Лаура Нышанбайқызы E
Просмотров: 685 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 8:22 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru