Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Көкірегімде төрт сәуле бар төрт бақыттан тұратын ( М.Шаханов шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш)
Көкірегімде төрт сәуле бар төрт бақыттан тұратын
( М.Шаханов шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш)

Кештің мақсаты: Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шаханов шығармашылығының терең иірімдеріне үңілу, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу;

Мұғалім:
Көкірегімде төрт сәуле бар төрт бақыттан тұратын,
Төртеу – менің мұратым.
Төртеуінен алма-кезек нұр алам.
Біріншісі – туған елім – ұлы анам.
Екіншісі – ғазиз анам, саулығымды сұраған.
Бірақ маған екеуі де бір адам.
Үшіншісі – намыс үшін беріспеген күндерім,
Жанған отты өшіруге келіспеген күндерім
Тағдырымның жанарынан жеңіс көрген күндерім,
Сүрінгенді сүйеймін деп, құлап қалған кездерім
Бәрі, бәрі жомарттығым, адалдығым сондағы
Кеудеме кеп жиналды да, бақыт болып орнады.
Төртінші ме?
Төртіншісі сәл тайқыса болар мұң
Маған деген адалдығы ол, мені сүйген адамның, - деп жырлаған қазақ халқының ардақты азаматы, ақиық ақыны Мұхтар Шаханов шығармашылығына арналған әдеби-сазды кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
1-оқушы: Туған жылы: 1942 жыл 2 шілде
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылы
Қызмет жолы:
– трактордың тіркеушісі;
– Облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер;
– «Лениншіл жас» газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші;
– Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы;
– Республикалық «Жалын» журналының бас редакторы;
– КСРО халық депутаты, КСРО Жоғары Кеңесінің мүшесі, ҚР халық депутаты;
– Қырғыз Республикасының Халық ақыны (1994ж.)
– Қазақстанның халық жазушысы (1996ж.)
2-оқушы: Шығармалары дүние жүзінің




Мұғалім: Өзінің есімінің Мұхтар қойылуын ақын «Мені неге Мұхтар қойған» өлеңінде былай деп жырлайды...
«Мені неге Мұхтар қойған» өлеңі оқылады.
Мұғалім: Мұхтар шығармаларының ерекшелігі, адамды селт еткізер тұсы - өлеңнің ішкі мазмұны, өлеңдегі ойдың тереңдігі мен көкейкестілігі. Табиғатында суреткерлік қасиеті басым болғандықтан ол ашынған жүрек, ақырған ашу, қан жылаған қайғыны мезгіл, мекенсіз өлеңнің өзегіне итере салмайды, соған әкелген жағдай мен заманды, тарих пен тағдырды баяндап, тұтас бір өмір келбетін жасайды. Айтар ой, айшықты сезім кейіпкер тағдырымен, ақынның өз тағдырымен тікелей астасып жатады. Келесі оқылатын өлеңдер осының куәсі.
Түркістан
Отырар
Мұғалім: М.Шаханов ой маржанын бүкіл әлемнен, ал поэзияның бастауларын халықтық жырдан іздейді. Мұхтардың «Жеңілген жеңімпаз хандығы Отырар дастаны немесе Шыңғысханның қателігі» атты шағын поэмасындағы қираған қаланың тағдыры бүгінгі халық тағдырымен тікелей астасып, ұрпаққа ауыр да абыройлы жауапкершілік жүктегендей болады. Сатқындықтың құрбаны болған Отырар ойран болды. Осы кезге дейін дауасы табылмаған сатқындық туралы, адам бойындағы ең жек көрінішті қасиетті ақын осылайша өз жырына арқау етті.
«Жеңілген жеңімпаз хандығы Отырар дастаны немесе Шыңғысханның қателігі» поэмасы бойынша сахналық көрініс
Мұғалім: Мұхтар Шаханов «Желтоқсан оқиғасына» орай азаматтық әрі парасаттылық көрсетті.
Өзі айтқандай:
Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,
Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қоры жоқ.
Кемсітпекші «желтоқсанның жалаң аяқтары» деп
Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,
Тұрған олар аяз сорған қызыл беттің ары боп,
Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.
Мұхтар Шаханов жайлы қандай еңбек жазылса да, Желтоқсан оқиғасы мен ақын Мұхтар есімі қатар айтылары анық. Халық намысы жер етілген сол жылдары Мұхтар Шаханов болмағанда күні бүгінге дейін Желтоқсан оқиғасына қатысты мәселелердің кейбірі, бәлкім, әлі де жабулы қазан күйінде қалар ма еді?
Желтоқсан оқиғасы Мұхтардың азаматтығының, парасаттылығының, нағыз халық ақыны екендігінің айшықты мезеті болғаны аян.
«Желтоқсан алаңы» өлеңі

Мұғалім: Мұхтар Шаханов - өз әріптестерінің арасында да өте жоғары бағаға ие болған ақын. Ол туралы пікірлерді тыңдасақ:
1-оқушы:
Мұхтар Шаханов - өзінің адасқақ дүлей дәуірінің белсенді ар-ожданы. Оны билік тұғырындағылар бағалай қояр мекен? Бірақ мен осындай азаматтың өзіме жақын дос екенін мақтан етемін.
Расул Ғамзатов
2-оқушы:
Ашық айтар болсақ, бүгінгі өз замандастары арасында Еуропада Шахановқа тең келер ақын жоқ.
Роберто Чиули
3-оқушы:
Ол – жаңаша ойлау дүниесінің өрені. Менің пайымдауымша, мұндай өзгеше мән-мазмұнға ие ақын бүгінге дейін күллі Азия әдебиетінде болған жоқ.Нақ осындай заңғар деңгейдегі ақын XX ғасыр мен XXI ғасыр аралығында бойкөрсетуі керек –ақ еді. Ол ақынның Мұхтар Шаханов екені даусыз.

Шыңғыс Айтматов

Мұғалім: Ақын Олжас Сүлейменовке арналған мына өлең ақынның достықты қадірлей білетіндігіннің айғағы іспеттес.

«Біз әрқашанда біргеміз» өлеңі

Мұғалім:
Өзендер мен көлдердің
Көлден шалғай шөлдердің,
Биіктер мен алыптардың
Жылулар мен жарықтардың арасын жалғап келген бір ән бар, - деп ақынның өзі жырлағандай, оның көп өлеңіне ән де шығарылған. Көпшілікке танымал бұл әңдердің сөзін жазған М.Шаханов екенін біле бермеуіміз де мүмкін. Бұл әндер: «Айналайын», «Арыс жағасында», «Әке туралы жыр», «Кешікпей келем деп едің», «Ақ бантик» және тағы басқа көпшілікке танымал әндер.
«Арыс жағасында» әні
Мұғалім:
Безбүйрек нарықтың бәсейтіп даңғырын,
Зарланған, қорланған туған тіл тағдырын
Космополит басшылар шешпей ме, шеше ме?
Тіліміз қала бере ме панасыз адамдай көшеде?
Ұлт үшін қазір бұл – Нөмірі бірінші мәселе.
Тіл тағдыры – ұлт тағдыры.

«Тіл мен рух» әні

Мұғалім: Құдіретті төрт анамыздың барын бағамдатып, төрт тілек тағанымызды түгендеп берген де Мұхтар Шаханов. Ол өз шығармаларында туған жер құдіреті, ата-баба дәстүрі туралы терең танымдық түйіндер жасайды.

«Туған жер» өлеңі
«Төрт ана» өлеңі
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар! М.Шаханов шығармашылығы өзінің даралығымен, даналығымен ерекшеленеді. Елін сүйген, ұлтын сүйген ақынымызды мақтан етеміз. Бүгінгі кештен мол тәлім алдыңыздар деп сенеміз, әрқашан рухымыз мықты болсын!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: taugudretovazanar (2016-11-17) | Автор: Таугудретова Жанар Алгалиевна E
Просмотров: 1289 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 6:21 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru