Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Бастауыш сыныпта ақпараттық технологияны қолдану.
Бастауыш сыныпта ақпараттық технологияны қолдану.
Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі - білім беру үрдісін ақпараттандыру. Қазіргі танда ақпараттандыру үрдісі адамзат өркениетінің дамуының жаппай және қайталанбайтын кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Білімді ақпараттандыру, әсіресе оның алғашқы баспалдағын мектепте енгізу - қоғамда ақпараттандырудың негізгі шарты. Себебі, мектепте жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында жұмыс істеп, өмір сүре алатын болашақ ұрпақтың дайындығы жүзеге асады. Академик А.П.Семеновтың пікірінше "Заманауи мектептің басты мақсаты - адамдарды ақпараттық әлемде өмір сүруге үйрету". Бүл әрбір мүғалімнің жадында болуы тиіс. Болашақта бастауыш сынып оқушысы сапалы білім алуы тиіс десек, онда оқу процесінде оқытудың заманауитехникалық құралдарын тиісінше қолдану қажет екендігі белгілі. Дегенмен мектептің білім сапасы білікті мұғалімге де тәуелді. Бұл тәуелділік бастауыш сынып мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік талап етіледі. Бастауыш сынып мұғалімдерінің максаты - балаларға оқу мен жазуды үйрету ғана емес казіргі өзгермелі ақпаратқа толы заманда баланың рухани дамуы мен жаксы қасиеттерін болашақта оқу іс-әрекетіне үйрету болып табылады. Қазіргі уақытта балалар кішкентай кезінен әр түрлі цифрлық құралдардың арасында өсіп келе жатыр. Бірінші сыныпқа келгенде-ақ компьютермен жұмыс істей алатындарын мақтанышпен айтады. Әрине баланың жұмыс істеп отырғаны - ойындар. Балаларға бірінші сыныптан оқу, жазу, санаумен қатар цифрлық техниканы оқыту дұрыс деп ойлаймыз. Себебі ол күнделікті өмірінде кездесіп жатқан дүние. Ақпараттың үлкен ағымы, жарнамалар, телеарналарда ақпараттық технологияның қолданылуы, компьютерлікойынорындарының,электрондықойыншықтардыңжәнеавтоматтандырылған техниканың көбеюі бала тәрбиесіне әсер етеді. Бала мектептегі оқытуға қажетті заттар мен теледидардағы заттарды (мультфильм, кино) салыстырады. Тілін түсінбесе де суреттен көп нәрсені ұға біледі. Сондай-ақ, мектептің интерактивті тақтамен қамтамасыз етілуі, оны орынды пайдалана білу, сабақ мақсатына сәйкес сабақты түрлендіріп, мазмұнын ашып, қоршаған ортаны танып-білуіне әсер етеді. Бұл әрине мектептің бормен сызып жазатын грифельді тақтасын сырып тастау деген сөз емес.
Бастауыш сыныпта ақпараттық технологияны қолдану мүғалімге оқу процесін жаңаша ұйымдастыруға көмектеседі, жаңалап түрлендіріп сабақты қызығырақ етіп өтуге ықпал етеді. Мысалы: сабақты жаңалап түрлендіріп өтуге, оқу процесіне АКТ - ны енгізуге, сабақ мазмұнын жаңартуға, оқушылардың оқу іс-әрекетімен ата-аналарды хабардар етіп отыру.
Сабақты жаңалап түрлендіріп өту; білім беру нәтижесін күшейтеді;
материалды меңгеру сапасын жоғарлатады. Оку процесіне АКТ - ны енгізу келесі принциптерді қамтиды:
арнайы сабаққа презентация слайдтар кұру;
интернет ресурстарымен жұмыс;
дайын оқыту бағдарламаларын қолдану;
өзіңнің арнайы авторлық бағдарламаңды жасау және қолдану. Сабақ мазмұнын жаңарту:
Сабақты жаңа мазмұнымен толықтыру.
Оқушылардың әлемді тануға қызығушылығын дамыту.
Ақпараттық мәдениет элементтерін қалыптастыру.
Күнделікті жұмысының бір бөлігін компьютерде орындауға дағдылану.
Компьютерлік технологияны өз бетінше меңгеруін қолдау.
Болашаққа сеніммен қарау. Оқушылардың оқу іс-әрекетімен ата-аналарды хабардар етіп отыру.
• Оқушылардың оқу іс-әрекетімен ата-аналарды хабардар етіп отыру
• Негізгі пәндер саласының әр түрлі кезеңдерін меңгеру.(талдау, бағалау)
• Оқыту кезінде кәсіби және жалпы тәжірибелік білімін қалыптастыру
• Белгілі бір салаға байланысты қабілеттерді дамьггу. (жобалық, ізденушілік)
• Мультимедиялық іс-тәжірибелер негізінде ғылыми - ізденушілік және сынақ жүзіндегі жұмыстар жүргізу.
• Оқу үрдісі нәтижелерін бағалау.
• Оқушыларды сапалы білім алуға ынталандыру.
• Оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін ашу ( Конкурстарға қатысу)
• Оқушылардың коммуникативті - ақпараттық қабілеттерінің қалыптасуына ықпал ету.
Сонымен қатар АКТ оқу процесінде жөнімен қолдану қажет. Төмендегідей олқылықтардың болдырмауына жол берілмеуі тиіс.
АКТ қолдану кезіндегі кездесетін олқылықтар:
• Презентация жақсы көріну үшін қараңғылықты қолдану қажет (толык немесе жартылай) . Яғни, оқытушы мен оқушылар барлық алты сабақ көлемінде жасанды жарықтың көмегімен жұмыс жасайды.
• Слайдтағы мәліметпен жұмыс жасу үшін көзге едәуір күш салу қажет. Презентация көлемі ұлғайған сайын көзге де ауырлық түсе бастайды. Медициналық көзқарас тұрғысынан алғанда бұл нәрсенің дұрыс болуы екіталай.
• Кейде жаңа сабақты түсінудің орнына оқушылар слайдтағы мәліметтерді көшіріп алумен ғана шектеледі, әсіресе сыныпта тәртіпсіздік орын алған жағдайда.
• Окушылар слайдтағы мәліметтерді көшіріп алуға асығады, сондықтан мұғалім сабақты түсіндірген күннің өзінде де барлығы ауаға кетеді.
• Мұндай жағдайда техника жұмыс жасамай, жарық өшіп қалуы да бек мүмкін, әуен уақытылы қосылмай, анимация жұмыс жасамауы мүмкін, сондықтан мұғалім ескіше тақтамен жұмыс жасауға жүгінуі мүмкін.
• Қондырғылардың сапасы ойдағыдай болмауы мүмкін. Ал мектептер өздеріне қымбат құрылғыларды сатып ала алмайды. Обьектінің түрлі -түстілігі геометрия және математика пәндері үшін ешқандай роль ойнамағанымен, тарих және әдебиет пәндері үшін тым маңызды.
• Интернеттен алынған, ешқандай тексерістен өтпеген мәліметтерде қателіктер болуы мүмкін.
• Берілген уақыт көлемі тым аз
Оқу процесінде АКТ - ны қолдану рейтингісі бойынша бірінші бестікке кірген елдер: Швеция, Дания, Исландия, Оңтүстік Корея, Норвегия. АҚШ 11, Жапония 15. Ресей 64, Украина 89, Қазақстан 98 орынды алады. Бұл көрсеткіштен жоғарылау үшін пәнге байланысты оқытушы бағдарламалар көптеп жасалынуы тиіс деп ойлаймыз.
Әдебиеттер:
1. Анатольева Э.В «Применение информационных и коммуникативных технологий на уроках в начальной школе» еdu.сар.гu
2. Бирюкова Ю. В. « Использование ИКТ на уроках в начальной школе по ФГОС» һtр/nsрогtаl.ru/пасһаІпауа-sһкоІа/окгиzһауиаһсһіі-mіг
3. «Использование информационных технологий на уроках в начальной школе» һtр://firssһоо1.uсоz.ги/1оаd/1 -1 -0-2
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: taubakirova457 (2017-11-21) | Автор: Аубакирова Турсунтай Толеуовна E
Просмотров: 550 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-05-20, 9:53 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru