Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазіргі замаңға білім беру ортасының жағдайында оқушылардың тәрбие сапасын арттыру.
Нурасылова Бахытгуль Рамазановна
КММ « Шахтинск қаласы әкімдігінің № 1 гимназиясы»
Қазіргі замаңға білім беру ортасының жағдайында оқушылардың тәрбие сапасын арттыру.
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт – дәстүрін, тілін, білімін, азаматтық мәдениетті, адами қасиетті терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу – өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау, жеке адамның шығармашылық, рухани және күш – қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой – өрісін байыту» деп атап көрсетліген[1,17б.]. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жек алеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейд.
Білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқығын негізге ала отырып оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, оны құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар, яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан – жақты қамту қажеттілігі туындайды.
Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана – сезімі мен мінез – құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт – дәстүрді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.
Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени құндылықтардың алмасуы оқыту үдерісі арқылы жүзеге асырылады. Соның ішінде «Сын тұрғысынан ойлау» жлбасы арқылы оқыту сапалы үдеріс деп айтқым келеді. Зияткерлік деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру үшін оны оқытып қана қойып жеткіліксіз. Оны тұлға ретінде жан – жақты дамытуға қолайлы, оқытудың шығармашылық түрін жасау қажет, яғни шығармашылық оқу әрекетін туғызу қажет. Бұл баланы берілген оқу материалын жаттап алуға емес, өз бетімен білім алу үшін ізденіге үйретеді.
Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтар қажет:
белсенді қарым – қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отырауы;
тұлғалық: мұғалімнің әр оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;
өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;
шыдамдылық: әртүрлі пікірлерді қабылдай алу, бір – бірлерінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау [2,10-11б.].
Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин күтім көрген ағаштың биікке самғап түп – түзу болып өскенін, ал күтімсіз ағаштың қисық – қыңыр бей – берекет өскенін өз шығармасында атап көрсетеді. Сол сияқты тәрбие көрмеген бала болашақта қоғамға жат, қылмыскер, жалқау, бұзақы, ниеті жаман тұлға болып шығады, ал дұрыс тәрбие алған бала тәрбиелі, адамгершілігі мол, білімді де, білікті қоғамда өз орнын таба алатын жеке тұлға болып қалыптасатыны баршамызға мәлім.
Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселенің бірі – өркениетті, прогресші бағыттағы азаматтық – адамгершілік қасиеті мол, сондай – ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар, жеке басының санасын көтеру[3,55б.].
Мектеп қабырғасында тәрбиенің алғашқы баспалдағы –бастауыш сынып. Бапстауыш саты, білім, дағды іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауыш сыныпта қаланады. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері , оның адамгершілігінің , белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге асады. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жіерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезеңі де осы кезең. Ендеше ұстаздың басты міндеті де – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігімен дүниетанымын нығайту, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру. Әрине, мұндай міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға - ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана бұндай жүкті алып жүре алады.
Білім жолы-қашан да киелі жол. Бұл жолда тынымсыз еңбек ету, толассыз ізденістер жалықпайтын жандар ғана өз шәкіртін жеке тұлға етіп алып шығатындығы анық [4,7б.].
Оқушының белгілі іс – әрекеті орындатуға талаптандыру ниетімен қолданылатын әдістер тобында ынталандырудың орны өз алдында. Бұл әдістің ежелден – ақ мадақтау мен жазалау түрі белгілі. ХХ ғасыр педагогикасы және бір өте әсерлі ынталандыру әдісі – жарыстыру әдісін алға тартып отыр. Кейінгі онжылдықта дәстүрлі ықпал әдістеріне қосымша субъектив – прагматикалық әдістің тиімділігі жариялануда. Ғылыми зерттеулер мен тәжірибе нақтылағандай, бүгінгі оқушылардың ерекшелігі – өмірде болатын прагматикалық (пайдакүнемдік) қатынасы. Осыдан қазіргі заман оқушысы өзіне, өз жолдастарына тәрбие маған не береді, неге, қай уақытта ол қажет, одан түсер пайда қандай және қаншалықты деген сұрақтарды үстемелеп қоятын болды. Тәрбие – моральдық, материалдық құндылықтар сияқты адам өмірінде әркез орын алып отыруы тиіс, бағыт – бағдар беретін фактор. Тәрбие арқылы идеалға жақын тұлға қалыптастыруға зор мүмкіндік бар. Тәрбиенің бір түрі – ынталандыру. Яғни, оқушыға белгілі бір әдістер мен дәйектерді келтіре отырып оның ұмтылыс пен ізденісін ояту.
Мадақтау – оқушының әректіне ұнамды баға беру. Мадақтау ықпалы оқушының ұнамды көңіл – күй сезімін көтеруге негізделген. Сол себепті, мадақтау оқушыда өзіне деген сенімді орнықтырып, оқуға деген жағымды көзқарасын оятады, жауапкершілікті арттырады. Мадақтау – түрліше орынлауы мүмкін. Олардың тәрбиеде жиі қолданылатындары – қолдау, қуаттау, алғыс жариялау, құрметті құқықтар беру, мақтау қағадары мен сыйлықтар беру. Қарапайым әрекет бола тұра, мадақтау өте жауапкершілігі мол іс. Мадақ шектен тыс әсерленбей, орынсыз болмауы тиіс. Санамен марапатталмаған асыра сілтеген мадақ баланы бұзады. Осыдан мадақтаудың психологиялық қырлары мен оның салдарын ескерген жөн[5,57б.].
Баланы тәрбиелеу үдерісінің басты шарттары:
1. Тәрбие шарттарын екі тараптың да анық және дұрыс түсінуі. Баланың өзі нені қажетсінетінің түбегейлі түсінген жағдайда әдіс өз нәтижесін береді.
2. Қандай да бір талапқа көндіруде, айтар ойыңызды сөзбен анық, түсінікті өрнектеңіз.
3. Әркез уақыт аралығына қонымды, оқушы мүмкіндігіне сай әрекет жоспарлаңыз. Асығыстық мақсатты жақындатпайды, керісінше, алыстатады. Алғашында дәл орындауға, кеін тез орындауға үйретіңіз. Балаға өзгенің емес өзінің жетістігін басыпозып отыруы керектігін ұғындырыңыз.
4. Қалай орындалуын, одан болар нәтижені көрсете біліңіз. Салақтық пен тазалықты, салғырттық пен ұқыптылықты нақты мысалмен көрсете түсіндіріңіз. Баланың жанын қозғаңыз, мысалдағы тәрбиесіздіктен жиіркеніп келеңсіз әрекеттерге бармауына ықпал етіңіз.
5. Егер тұлғаның сапаларын біртіндеп, кезегімен тәрбиелейтін болсаңыз – уақыт жеткізе алмайсыз. Барша сапаларды параллель де қалыптастыруға болмайды. Сондықтан, қай сапалар өзара табиғи байланысты болатынын анықтап, оларды бір қатар тәрбиелеңіз.
6. Үздіксіз бақылау бар жерде нәтиже бола бермейді. Бақылау оқушының өзіндік бақылауында ұласуы қажет.
Тәрбие ұстаздың жеке басы үлгі – өнегесіне, оның қылық – әрекеттеріне, қамқорлығындағы оқушыларға деген қарым – қатынасына, дүниетанымына, іскерлігіне, абыройына тәуелді. Ұстаз үлгісінің оңды ықпалы анық сөзі мен ісінің жарасымдығына, оқушылардың бәріне бірдей ақ пейілді қатынасына орай арта түседі. Бұл мұғалімнің беделіне, ол бастаған істің жүйелілігі мен бірізділігіне де байланысты [6,21б.].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Дүйсенбаев А. Қ., Автореферат. Атырау: ПринтА, 2006 ж.
2. Кемельбекова С., Оқушы тәрбиесі. Алматы, №8-2015 ж.
3. Аяпқалиев М., Қазақстан мектебі. Батыс Қазақстан облысы, №9-2017 ж.
4. Жұмағазиева Д., Қазақстан мектебі. Алматы, №7-2016 ж.
5. Аяпқалиев М., Қазақстан мектебі. Батыс Қазақстан облысы, №9-2017 ж.
6. Жолдаспаева Б., Қазақстан мектебі. Ақтөбе, №1-2017 ж.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Сакен0683 (2018-02-07) | Автор: Нурасылова Бахытгуль Рамазановна E
Просмотров: 592 | Теги: замаңға, арттыру, Беру, оқушылардың, Қазіргі, білім, сапасын, тәрбие, ортасының, жағдайында | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 8:07 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru