Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақтың ұлттық ойындары
Қазақтың ұлттық ойындары
Сабақтың мақсаты:
1. Жетілдіру – Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.
2. Тәрбиелеу – Ұлттық ойындар арқылы оқушыларды белсенділікке, тапқырлыққа, дәлдікке, көрегенділікке және күштілікке тәрбиелеу.
3. Білімділік – Ұлттық ойындардың мәнін,мақсатын теориялық және іс жүзінде ұғындыру.

Көрнекілік, техникалық құралдар:
1. Интерактивті тақта.
2. Асықтар, қоржын, қамшы.
Сабақтың түрі – сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі - әңгімелеу, баяндау, ойын – жарыс.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың алдына қойылатын мақсат пен міндеттер:
Білу керек:
1. Қазақтың ұлттық ойындары – салт - дәстүрдің бір саласы.
2. Ұлттық ойындардың аттары және олардың мәні мен мақсаты.
3. Мәтінмен жұмыс.
4. Сөздікпен жұмыс.
5. Қосымша материалдармен жұмыс.

Үйрену керек:
1. Салт - дәстүрдің бір саласы, түрі.
Ұлттық ойындарды өз мәнінде ойнай білуді үйрену.
2. Ұлттық ойындардың беретін тәрбиелік мәнін үйрену, ұғыну. Ойындарға байланысты сөз, сөйлемдерді дұрыс айта, жаза білуді үйрену.
3. Дұрыс оқи, орысшаға аудара білуге дағдыландыру.
4. Көрнекілікті, ойын үшін қажетті заттарды, суреттерді өз мәнінде пайдалана білуге дағдылану.
Оқушылардың өткен сабақтардағы білімдерін тексере отырып, сөзжұмбақты толтырамыз.

Сөзжұмбақтың сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының президенті.
2. «Герб» сөзі қазақша қалай?
3. Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы.
4. Ұлттық бас киім.
5. Ұлттық музыкалық аспабы.
6. Қазақстандағы ұлт өкілдері.
7. Астана қаласындағы Елбасы Резиденциясы.
8. Қазақтар қандай халық?
9. Ұннан жасалатын ұлттық тағам
10. «Сок»қазақша қалай болады?
11. Жылқы еті қандай?
12. Қазақстан жері кең – байта қ және өте БАЙ.
13. Еттен жасалатын ұлттық тағам.

- Міне, балалар , бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз
«ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР.»
- НеГЕ біз бұл ойындарды ұлттық деп атаймыз?
- Қазақтың салт дәстүріне жатады, ұлттық киім киіледі, ұлттық тойларда ойналады.
- Қазақтар мал баққандықтан, ойындардың көбі малмен байланысты болған. Олар ойынға мал сүйегін, қой құмалағын пайдаланды.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі.
Бірақ ол ертеде ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, сондықтан көпшілігі бүгінгі күнге жетпей ұмыт болып кеткен.
Қазақ ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, әрі құнды.

Қазақтың ұлттық ойындары:
Ерлікті – мужество
Шапшаңдықты – быстрота
Тапқырлықты – находчивость
Күш – қуаттылықты – сила, могущество
қажет етеді.
- қане, балалар, ерлікті, шапшаңдықты, тапқырлықты, күш – қуатты қажет ететін қазақтың қандай ойындарын білесіңдер?

- Енді, балалар, тақтаға қарап, қандай ойын екенін айтыңдар? (алтыбақан)

- Осы ойын туралы кім айтып береді?
- Келесі ойынға қарайық. Бұл ойын қалай аталады?

- Бұл ойын «Аударыспақ» деп аталады.
- Бұл ойын туралы кім айтып береді?
- Мына ойын қалай аталады?(«Ақсүйек»)

- Ал, мына ойындар қандай ойындарға жатады?
- Мына ойындар асық ойындарына жатады.
- Қандай асық ойындарын білеміз? Олар неге тәрбиелейді?
- Біз «Омпы, Ханталапай, Ханалшы, Көтеріспек, Атбақыл» ойындарын білеміз.
- Осы ойындардың ішінен «Ханталапай» ойыны туралы кім айтады?

МҰҒАЛІМ:
- Жақсы, балалар, бірталай ойындарды біледі екенсіңдер. Енді біз тағы бір ойынмен танысайық. Ол үшін біз кітаптың 127 бетін ашайық.
« Қыз қуу» ойыны. Мұғалім мәтінді оқиды.
- Балалар, мәтінде не туралы айтылған?
- Енді осы мәтінді оқып, аударайық.
- Ал, енді балалар, осы ойын туралы «Девушка джигит» кинофильмнен үзінді көрейік.

СҰРАҚТАР ҚОЮ:
1. Қыз қуу қандай ойын?
2. Қыз қуу қалай ойналады?
3. Ойынның тәрбиелік мәні қандай?.

ОЙЫН. «Асық алу» ойыны.
Грамматикалық сұрақтарға жауап беру..
Әр қатардан бір оқушыдан келіп қоржыннан асық алады. Асықтарда сандар жазылған, қай сан шықса, сол санның сұрағы тақтадан шығады.

Сұрақтар:
1. Септіктерді ата.
2. Сөйлем мүшелерін ата. Сөйлемнен тұрлаулы мүшелерді тап.
Балалар ойнап жүр.
3. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемде нені білдіреді?
4. Анықтауыш нені білдіреді?.
5. Толықтауыш нені білдіреді?
6. Етістік дегеніміз не ?
Етістіктің неше шағы бар? Мысал келтір.
7. Пысықтауыш нені білдіреді?
8.Зат есім деген не? Зат есімнің неше жалғауы бар?

ЖАЗБАША ЖҰМЫС:
1.Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау.
Қазақтың ұлттық ойындары шапшаңдықты, тапқырлықты қажет етеді.
Қазақ ойындары малмен байланысты болған.
2. 2 – тапсырмадағы сөздерге тиісті әріптерді қойып, аудару.Сөйлем құрау.Сөйлемнен тұрлаулы мүшелерді тауып сызу.

САБАҚТЫ БЕКІТУ:
- Біз қандай ұлттық ойындармен таныстық?
- Олардың қандай тәрбиелік мәні бар?
- Сендерге осы ойындардың қайсысын ойнауға болады?

САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ. Сабақта жауап берген оқушыларға асық беріліп отырады. Сол асық санына байланысты баға қойылады.

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА БЕРУ: 128 – бет.
«Қыз қуу» мәтінін мазмұндау, деңгейлік тапсырмаларды орындау. Жаңа сөздерді жаттау.

Источник: http://download.files.namba.kz/files/1303306

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: TBD (2010-12-02) | Автор: Найманкулова Гульжан Саркытовна E
Просмотров: 17472 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-05-02, 7:54 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru