Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ұл ұятымен ардақты
Тақырыбы: «Ұл ұятымен ардақты»
Ұйымдастыру: «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!
Негізгі бөлімге көшу:
— Табиғат екі түрге бөлінетінін білеміз. Адам табиғаттың қай түріне жатады? (тірі)
- Тірі табиғатқа тағы не жатады? (жануар, өсімдік жатады). Осы тірі табиғат түрлерінен адамның ерекшілігі қандай? (Адам басқа тіршілік иелерінен өзінің терең ойланатындығымен, саналығымен, ар-намысымен, ұятымен ерекшелінеді.)
-Балалар, біздің бүгінгі тақырыбымыз «Ұл ұятымен ардақты» деп аталады.
- Балалар, «ұят», «ождан», «ар» , «намыс» деген сөздерді қалай түсінуге, елестетуге болады? (…жауаптар тыңдалады).
-Өз бастарыңнан қатты ұялған кезең өтті ме, қандай сезім бойыларыңды билейді?
(… денеңді діріл билеп, жүрегің қатты соғып, бет –құлағың күреңіте қызарып, өртеніп жанып бара жатқандай…)
- Ұят дегеніміз – бұл имандылық, әдептілік, адамгершілік деген мағынаны білдіреді. Өйткені, бойында иманы, адамгершілігі бар бала ұятты іс жасамайды. Ұят туралы ұлы ақын Абай атамыз 36-шы қара сөзінде былай келтіреді:
«кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ» деген. Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «ұят кімде болса, иман сонда» деген. Яғни бұдан шығатын қорытынды: ұят өзі иманның бір мүшесі екен. Тағы қандай адамды иманды дейміз мысалы: әдепті, таза адамды. «Тазалық – иманның жартысы» дейді. Ұят деген не нәрсе дейд Абай атамыз? Бір ұят бар - надандықтың ұяты, жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдына жазықсыз-ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді. (Яғни жазығың бола тұра, кейбір адамның алдына барып, кездесуге, сөйлесуге ұяласың) Ұялмас нәрседен ұялған мұндай ұят шын ұялу емес – ақымақтық. Шын ұят бұл - шариғатқа теріс, не ақылға теріс, қонымсыз болса ғана шын ұят болады. Мұндай ұят екі түрлі болады. Біреуі - ондай қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір бөтен адамнан шыққанын көргенде, сен ұялып кетесің. Мұның себебі сол ұят істі қылған адамды есіркегендіктен болады. «Япырым-ай, мына байғұсқа не болады, енді мұның өзі не болады» дегендей, біреу үшін өзің ұялу. Екіншісі – өзің теріс қылық жасап, соған ұялу. Немесе бөтен кісі ұят қылық қылғандығыңды білмесе де, өзің іштей ұялу. Ондай кезде кірерге жер таба алмай, кісі бетіне қарай алмай, бір түрлі қысымға түсесің. Мұндай ұяты күшті адамдар ұйқыдан, тамақтан қалатұғыны да бар, хатта өзін-өзі өлтіретұғын кісілер де болады. Ұят деген - адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіс қылған қысымның аты. Ол уақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді. Көзіңнің жасын, мұрныңның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, ешнәрсені көрмейді. Мұндайлыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар кісі кешпесе, яки оның үстіне тағы аямай өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ десе болар. (яғни осылай ұялған адамды өкпесі бар кешірмесе, өзінің ұяты жоқ болғандығы).
Мәтінмен мысал келтіру.
- Бір адам бір құлап, бір тұрып судан шыға алмай жатқан шаянды көреді. Адам оны құтқармақшы болып қолын созғанда шаян шағып алады.Адам сонда да шаянды құтқармақшы болыпты,бірақ шаян тағы шағып алады.Мұны көрген біреу жақындап келіп,шаққан шаянды несіне құтқарып жатқанын сұрайды. Сонда жаңағы кісі «Шағу шаянның табиғатында бар нәрсе. Менің табиғатымда болса сүю бар. Шаянның табиғатында шағу бар екен деп, мен өзімнің сүю табиғатымнан бас тартпаймын»-дейді. Бұл қандай қасиетке жатады,оқушылар? (мәтінді талдау)
Мәтіндегі адамға мінездеме беру.
Бойында ұяты, иманы бар адам үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетіп, ата-анасын да, бауырларын да сыйлай біледі. Ата-ананы сыйлау да – жүрегіндегі имандылықтың белгісі. Осы ретте ата-анаға қатысты видео көрсету.

Имансыз адам ол жалқау, еріншек, өтірікші болады. Тіпті, өтірік айтқанда беті бүлк етпеуі мүмкін. Ол ата-анасын, елін де қадірлеп сыйлап жарытпайды. Осы жерде мақалдармен мысал келтіру. (слайдқа жазу)
Ұятсыз адам иттен де жаман.

Өлімнен ұят күшті.

Бар бәледен ұят сақтайды.
Барлық жақсы істің байламы да ұятта.

Бұл жалғанды бұзатын-арсыз адам.

Балалардың өздерінен мақал-мәтелдер сұрау. Және екінші видео көрсету жалқаулық жөнінде.

Видеодан кейін:
Ой қозғау: (слайдқа жазу) Оқушылаға сұрақтар қойылды.

1) Бала анасына деген махаббатын қалай жеткізеді?
2) Адам қай уақытта ата-ананың үмітін ақтай алады?
3) Өзің шеше алмаған мәселелерді ата-анаңмен еркін бөлісе аласың ба?
4) Анаң немесе әкең қай уақытта саған риза болады?
Ойындар ойнату.
Ойын-пантомима (екі баладан шығару)
Бүл ойын баланың мінез-құлықты эмоция арқылы танып білуін көздейді.
Мысалы, топтарға бөліп, түрлі мимикамен түсіндірілетін түрлі тапсырмалар беріледі:
• ауырған, немесе шаршаған шешесін баласы қалай аялайды;
• оқушы қартты жолдан қалай өткізу керек;
• әжесінің алдында бала өз кінәсін өалай жуып-шаяды;
• ренжіскен екі дос бір-бірімен қалай татуласарын білмейді.
Әр топ музыканың сүйемелдеуімен өздері құрастырған сюжетті көрсетеді.
Соңынан тапсырмалардың мазмұны ашылған соң, олар берілген сұрақтарға жауап дайындап, қысқаша мәтіндер құрастарады.

«Өзің жалғастыр....»
Мақсат сабаққа кешіккенін енді ғана ұқты....
Айнұр досын ренжітіп алғандай болды...
Оспан ағасына бір нәрсені айтуды ұмытып кетті....
Біреу досыңа тиіссе немесе күш көрсетсе…
Біреу сенен ақша сұраса, сенің досыңне істер еді...
Мұғалім, ата-анам менің достарым жанашырларым жанашырларым...

«Түспен ажырату»
Ойынның мақсаты адамның мінез-құқын бояумен көрсетіп, жағымды, жақтарын түспен ажырату.
Жүргізуші балаларға адамның қасиеттерін кемпірқосақ тәрізді етіп бояуды тапсырады. Қандай қасиетті қай түспен бояуды баланың өзі шешеді. Ойын соңында адамның мінез-құлқын көрсету үшін қай түсті неге таңдағанын өзі түсіндіріп береді

4. Түстер бойынша мінездеме беру.
Бүгін сіздер мектепке келген кезде түрлі түсті ленталардың астынан өтіп, ұнатқан түстеріңізді таңдаған болатынсыздар. Күнделікті өмірде біз аса мән бере бермейтін «түстердің» адам психологиясына айтарлықтай ықпалы бар.
Олай болса назар аударыңыздар, сіз таңдаған түстерге қысқаша мінездеме беремін.
Қызыл түс - адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар
Сары түс –көңілді түс.Адамдардың араласып кетуіне жәрдемдеседі. Бұл түс жігерлі адамдарға тән. Қиялға бай, сенімді, қайсар, болашақтан көп үміт күтетін адамдар. Сары түстің энергиясымен барлық қиыншылықтардан өтесіз.
Көк түс –салқын қанды, өзіне сенімді, басқалардың ренжіткенін қаламайтын, тыныштық сүйетін адамдар. Бұл түс жақсы жеңілдетеді, тыныштандырады, күйзеліс пен толықыған кезде көмектеседі. Көк түсті таңдағандар – тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар.
Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адмадар. Сондай-ақ, бұл түс тәкаппарлықтың нышаны.
Ақ түс – ақкөңіл, ақжарқын, елгезек адамдар. Көп істері адал болады. БалалыКөп істері адал болады. Балалық мінездерінен әлі де құтыла алмаған адамдар. Ақ адамның шаршауын, қозуын басады. Көз қарашығын кішірейтеді.

Қорытындылау:
Намыс- адам бойындағы ерекше бір қасиет. Адамда намыс болмаса басқалардың айтқанынан шығалмай, өзінің ойға алған мақсатына жете алмай өмірі өтеді. Ал, өз намысын қорғай алмаған отбасын, Отанын қорғай алмайды

Намыс жайлы Мұхаммед пайғамбар(ғ.с.) хадисінде былай делінеді: “Ер жігіттің үш намысы бар: бірі – иманы, екіншісі – отаны, үшіншісі – отбасы, өзгесі жалған намыс”. Яғни баянсыз нәрселер үшін бәсекеге түсу намыстың белгісі емес. Намыс жайлы Мұхаммед пайғамбар(ғ.с.) хадисінде былай делінеді: “Ер жігіттің үш намысы бар: бірі – иманы, екіншісі – отаны, үшіншісі – отбасы, өзгесі жалған намыс” (слайдқа жазу). Яғни баянсыз нәрселер үшін бәсекеге түсу намыстың белгісі емес. Осы жерде «Тұлпар намысы» видеосын көрсету.
Сабақтың соңында сіздердің намыстарыңды жігерлендіру үшін, әрдайым бойларыңды тік, бастарыңды жоғары ұстап, абыройлы болып жүрулерің үшін М.Шахановтың «Жігерлендіру» өлеңін оқып, осымен шарамызды аяқтасақ дейміз.

Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп,
Жұртқа еткен жақсылығың.
Сен жыладың,
Бір қатты соққы алдым деп,
Бақытсыз болып қалдым деп.
Жә, жә, жарар,
Көтер қане басыңды, қалай бұның?!
Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?!
Көтер қане басыңды!
Күніңді босқа өткізіп пе едің?
Тағдыр неге сыр айтты сары-ау,
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін
Бақытсыздық - деп кім айтты саған?!
Кім айтты саға?!
Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп,
Ақ көйлек кірлемейді деп,
Қара ешкі мүжіген ағаш қайтадан гүлдемейді деп.
Кім айтты саған?!
Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп,
Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп,
Биікті ардақтайды, асылды қорлатпайды деп.
Қиналып бекер алаңдадың-ау,
Ойыңды шығар өріске!
Өзің-ақ айтшы, ғаламда мынау,
Жетудің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді,
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сәтсіздіктері
Бақытсыздық емес, ендеше.

Қорытынды слайдқа жазып қою.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: kunakbaeva0000 (2019-05-28) | Автор: Нурайна Кунакбаева Кенесовна
Просмотров: 402 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 9:57 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru