Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Шешендік сөздер. Төле би.
Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздер. Төле би.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушыларға шешендік сөздер туралы мағлұмат бере отрырып, Төле бидің шешендік сөздері мен толғауларымен танысу.
Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін іс- жүзінде, сабақ барысында қолдана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Шешендердің, соның ішінде Төле бидің толғауларын оқыта отырып, адамгершілікке, білімділікке, жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнектілігі: Үш бидің суреті.
Плакаттағы сөздер.
Үнтаспа.
Үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау:
Өткен сабақта өткен «Қыз Жібек» жыры бойынша нені білеміз? Берілген сұрақтарға жауап береміз:
1. «Қыз Жібек» жырының негізгі кейіпкерларі кімдер?
2. Төлеген алты шекті еліне не үшін барды?
3. Жібектің өскен ортасы қандай?
4. Жырда Жібекті сипатталған жерін кім жатқа айтып береді?
5. Төлегеннің өскен ортасы қандай?
6. Төлеген мен Жібекті таныстырып, екеуінің бақытты болуын тіліген кім?
7. Төлегеннің Сансызбаймен қоштасуын кім айтып береді?
8. Төлегенге кім қастық қылды? Не үшін?
9. Төлегеннің өлім аузында жатқанда, елінен бірге ұшып шыққан алты қазбен қоштасуын кім жатқа айтып береді?
10. Жыр немен аяқталады?
11. «Қыз Жібек» киносы қай жылы түсірілді?
12. «Қыз Жібек» жыры қандай жырға жатады?
13. Лиро-эпостық жыры дегеніміз не?
14. Біз осы уақытқа дейін халық ауыз әдебиетінің қандай түрлерін өттік?
Біздің бүгінгі сабағымыз халық ауыз әдебиетінің бір түрі- шешендік сөздер.
Қазақ халқы аталы сөзді, шешендікті аса жоғары бағалаған халық. Небір бітімсіз дау- жанжалдың шешімін екі-ақ ауыз сөзбен айтып тындыру, ойлы да озбыр, отты сөздерді суырып салып айту- қазақ тарихында көп болған.
Шебер айтылған ақыл, нақыл сөздер – жаратылыста, қоғамдық өмірде болған өзгерістерді жіті көзбен бақылап айтылған халық ойының жемісі.
Шешендік сөздер – бата-тілектен бастап, кейінгі ұрпаққа арналған өнегелі өсиет сөздерді, өмірде кездесетін керіс-келіс сөздерді қамтиды.
Шешендік сөз- терең ойға, ұшқыр шешімге құрылады. Сөз туралы бөлтірік шешен:
Сөзден тәттә нәрсе жоқ,
Сөзден ащы нәрсе жоқ.
Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт. Кімге? Қай жерде? Қай кезде? Қалай? Сөйлейтініңді біл, - деп толғайды.
Шешендер- «ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін», жауласқан екі елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі.
Шешендердің ең негізгі құралы- сөз. Сол сөз арқылы тыңдаушысын өзіне қаратып, жүрегін тербеп, бойын балқытады. Бұл асқан өнерпаздық, дарын – қабілеттен туады. Жер дауы, жесір дауы, ер құны, барымта жайы ұстасушы екі жақтың билерінің айтысуы арқылы шешіліп отырған. Сөйтіп, бұл нағыз сөз сайысына арналған.
Ертеден- ақ халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген батырлары, сөзін сөйлеген шешендері, білімпаз билері болған.
Шешен- дау- жанжалды әділ, ақылмен шешетін болған. Халық қашанда билерді, шешендерді қадір тұтқан.
Би- халықтың көкейіндегі айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет соқшысы. Қазақтың атақты билері Төле би, қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке би, т.б. билерден, шешендерден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы жалғасын тауып келеді.
Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтеке,
Асқар тау Қазығұрттай білімді еді.
Бірі күн, бірі туған айдай болып,
аманға сәйкесімен келіп еді.- деп, Тәуке ханның билерді асқар тауға, күнге, айға теңеуі тегін емес. Тәуке ханның тұсында ұлы жүзге Төле би, орта жүзге Қазыбек би, кіші жүзге Әйтеке би басшы болды. Енді, осы атақты билердің ішіндегі Төле биге тоқталамыз.
Төле би Әлібекұлы 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзенінің бойындағы Әулиеата маңындағы Жайсаң Жайлау деген жерде дүниеге келген. Төле жасынан араб, парсы тілдерін жетік меңгерген. Төленің әкесі Әлібек те сөзге ділмәр, шешен, би болған адам. Төле әкесіне еріп жүріп, ел таниды, жер көреді. 15 жасында билікке араласып, өзінің әділдігімен, ақылдылығымен жұрт арасында таныла бастайды. Өзінің даналығымен «Қарлығаш би» атанған.
ІІІ. Кітаппен жұмыс. Төле бидің төрелігін оқып, мағынасын ашу.
IV. Көрініс: Үш би.
V. Толғауларын оқытып, берілген тақырып бойынша мағынасын ашу.
VІ. Үнтаспадан толғауларын тыңдату.
VІІ. Сабақты бекіту.
VІІІ. Дәптермен жұмыс.
ІХ. Үйге тапсырма: Шешендік сөздер. 50- беттегі төрелігін оқу, мазмұнын ашу. Толғауларын жаттау.
Х. Оқушылардың білімдерін бағалау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: kamiliya (2011-02-17) | Автор: Нургалиева Галамгуль Женискайровна
Просмотров: 37345 | Комментарии: 4 | Теги: разработка урока, казахский язык | Рейтинг: 3.6/5
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 7:44 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru