Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

«Музыка аспаптары». Сабақтың міндеті: Оқушыларға қазақтың музыкалық аспаптарымен таныстыру, түсінік беру.
Күні: 20.01.2011 ж.
Пән: қазақ тілі.
Сынып: 9 «Б».
Сабақтың тақырыбы: «Музыка аспаптары».
Сабақтың міндеті: Оқушыларға қазақтың музыкалық аспаптарымен таныстыру, түсінік беру.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: қазақ халқының музыкалық аспаптарымен танысу, оның түрлерін анықтау.
2. Дамытушылық: мәтіндегі сөйлемдерге фонетикалық, морфологиялық талдау жасау, ойын, қарым – қатынас жасау, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру.
3. Тәрбиелік: қазақтың музыка өнеріне, ән – күйіне сүйспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: сайыс – сабақ.
Сабақтың әдісі: компьютерді – интерактивті тақтаны қолдану, сұрақ – жауап, баяндау, талдау, іздену, түсіндіру, пысықтау.
Сабақтың көрнекілігі: музыкалық ұлттық аспаптарының суреттері, слайд, сызба, оқулық.
Панарлық байланыс: музыка, тарих, өзі – өзін тану пәндері.
Қосымша әдебиеттер: сөздіктер, ҚР энциклопедиясы, «Қазақтың Құлагері», «Құрмангазы», «Ұлттық музыка аспаптары».
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезені:
Сәлемдесу, әнұранды орындау, әңгімелесу.
- Бүгін кім кезекші?
- Бүгін ауа райы қандай?
- Қай мезгіл, қыстың қай айы?
- Аптаның қай күні?
II. III тоқсан басталған кезден біз «Музыка», «Музыка аспаптары». модулі бойынша танысып келеміз.
Бүгін бізде сайыс-сабақ өтеді.
Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ аспаптар бойынша ат қояды.
1. Топ «Жетіген».
2. Топ «Домбыра».
3. Топ «Қобыз».

III. Дәптермен жұмыс.
- Дәптерді ашып, жазамыз.
- Қаңтардың жиырмасы.
- Сынып жұмысы.
- Музыка аспаптары
- 83 беттегі «Ғасырлар сазы» мәтінін оқимыз.
1. Синтаксистік толдау.
(Сөйлем мүшелері, сөйлем түрлерін табу)
Музыка аспаптарының мұражайлары көптеген елдерде бар. ( Хабарлы, жай, жақты, жайылма, толымсыз).
Айтылу сазына қарай хабарлы сөйлем.
Сөйлем құрылысына қарай-жай сөйлем.
Жай сөйлем: 1. Жақты-бастауышы бар.
2. жайылма-тұрлаусыз мүшелері бар.
3. толымсыз-толықтауышы жоқ.
2. Фонетикалық талдау.
Му/зы/ка – 3 буын, 1,2,3 – ашық.
М – дауыссыз, үнді
У – дауысты, жуан, қысаң, еріндік
З – дауыссыз, ұяң
Ы – дауысты, жуан, қысаң, езулік
К – дауыссыз, қатаң
А – дауысты, жуан, ашық, езулік,

3. Сөз құрамына талдау.
Аспаптарының
Түбір жалғау.
IV. «Миға шабуыл».
1. Үйлену тойы, бесікке салу, шілдехана-бұлар не? ( дәстүрлер)
2. Қазақтардың баспанасы не? (киіз үй)
3. Киіз үйдің қаңкасын ата ( кереге, уық, шаңырақ, есік)
4. Ұлттық киімдерді ата?
1) Киім
2) Сыртқа киімдер
3) Ерлердің бас киімдері
4) Әйелдердің бас киімдері
5) Аяқ киімдер.

5. Алаша не? ( жүн жіптерінен тоқылатын төсеніш)
6. Кенже бала кім? ( үйдің иесі, өйткені әке-шешесі оған қара шаңырақты береді. Қара шаңырақ-үлкен үй болып саналады, себебі осы үйге туыстары, балалары жиналады).
7. Құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді. ( құрмалас сөйлем 3 топқа бөлінеді: салалас, сабақтас, аралас).
8. Салалас құрмалас сөйлемнің қандай жалғаулықтары болады?
а). Ыңғайлас-да, де, та, те, және, әрі),
ә). Қарсылықты-бірақ, алайда, дегенмен),
б). Себеп-салдар-сондықтан, себебі, өйткені, неге десең),
в). Талғаулы-не, немесе, я, яғни, әлде,бірде),
г). Кезектес-біресе, кейде, бірде).
9. Жылқы қандай мал? ( Жылқы - өте пайдалы мал. Ол әрі көлік,әрі тамақ ретінде пайдаланылады). Оның етінен неше түрлі тағамдар әзірленіп, сүтінен аса бағалы сусын – қымыз ашытылады. Жүнінен киім – кешек және тағы басқа бұйымдар жасалды. 10. Қазақ тілінде неше жалғау бар? (4)
V. Күй тыңдаңдар. (Құрманғазы «Сарыарқа)
1. Тыңдалған күйдің атын кім біледі? («Сары-Арқа»)
2. Күйдің авторы кім? ( Құрманғазы)
3. Күй қандай музыкалық аспатарда орындалды? (Домбыра)
VI. Ендігі сазгерлер туралы кім не айтып береді.
1. Топ «Жетіген». Дәулеткерей
2. Топ «Домбыра». Сүгір Әлиұлы
3. Топ «Қобыз». Дина Нұрпейісова
VII. Музыкалық аспаптар туралы әңгімелеп беріңдер?
1. Топ «Жетіген». Жетіген аспабы туралы шағын әңгіме айтып беру.
2. Топ «Домбыра». Домбыра аспабы туралы шағын әңгіме айтып беру.
3. Топ «Қобыз». Қобыз аспабы туралы шағын әңгіме айтып беру.
« Жетіген» тобы:
1 – ші оқушы: «Қазақ музыкасы – өмір айнасы» дейді қазақ халқы, біздің топ жетіген аспабы туралы шағын әңгіме айтып береді.
2 – ші оқушы «Жетіген» туралы айтады әнгіме айтады.
« Домбыра » тобы. 1 – ші оқушы « Дана» Абай сөзімен айтқанда:
«Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Дүние ойдан шығады,

Әнді сүйсең менше сүй!

Өзімді өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып»,
1– біздің топ домбыра туралы шағын әңгіме айтып береді.
2 – ші оқушы «Домбыра» туралы әңгіме айтады.
«Қобыз» тобы
1 – ші оқушы:
«Қазақ елі көпке ортақ үй еді,
Ал, қазаққа Ана тілі киелі!
Тілімізге тас лақтыра көрмеңдер,
Ол қазақтың жүрегіне тиеді», - деп ақын айтқандай, біздің топ қобыз туралы шағын әңгіме айтып береді.
VIII. Мұғалім: «Біздің мектепке музыкалық колледжден қадірлі қонақтар келіп отыр, төрге шығыныздар, хош келдіңіздер!»
Өздеріңізбен таныстырып, музыкалық аспаптарын атап, бір күй ойнап беріңіздер.
( домбыра, қобыз).
-Рахмет сіздерге. Осылай біздің мектепке келіп, достық қарым-қатынас жасап жүрейік.
IX. Слайд-шоу
X. Жаңа сөздермен танысамыз.
Үн – звук, голос
Көзбе – көз – с глазу на глаз
Жікелу – класификцировать
Ішекті аспап – струнный инструмент
Үрмелі аспап – духовой инструмент
Дабылды – шулы аспап – тревожно – шумный инструмент
Сарнамалы аспап – заунывный инструмент.
XI. Мәтінмен жұмыс, оқулық, 83 бет.
XII. Мәтін бойынша сұрақ- жауап.
XIII. Қорытынды.
Әр берілген музыкалық аспаптарды өз үйшігіне салыңдар. Ішекті аспаптар...
Үрмелі аспаптар ...
Дабылды – шулы аспаптар ...
Сарнамалы ...
XIV. Үй жұмысы, 83 бет, 1 тапсырма.
XV. Бағалау.

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: pol1974 (2011-03-02) | Автор: Қамбарова Жамиля Хасенқызы E
Просмотров: 5998 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-30, 4:07 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru