Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

разработка урока
Семей қаласы №35 ЖОББМ
Шақпақбаева Назигүл Жанғалиқызы
Сабақтың тақырыбы: Бурабай
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: тақырып туралы мәлімет беріп, танымдық қабілетін арттыру, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту; сын есім бойынша білімдерін пысықтап, бекіту;
Ә) Дамытушылық: мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, грамматикалық тапсырма орындау арқылы дағдыларын, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
Б) Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу; салауатты өмір салтына баулу.

Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту, сұрақ-жауап, баяндау, іздендіру,
топпен жарыстыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы.
Сабақтың типі: дәстүрлі
Сабақтың көрнекілігі: карта, мақал-мәтелдер, интерактивті тақта, жұмбақтар, сөзжұмбақ,
Қазақстан қорықтары.
Пәнаралық байланыс: География, тарих, би өнері, музыка.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасы:
- Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
- Қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа байланысты суреттер салып, тақпақтар жаттап келу.
- Сенің туған жерің қай жер?
- Сенің жеріңнің табиғаты қандай?
- Өзің тұратын өлкеде қандай тау, өзен, аңдар, құстар бар?
- Қазақстанда қандай қорықтар бар?
- Жақсы, балалар, қазір өзіміз тұратын өлкедегі тауды үйден салып келген суреттеріңмен әсемдейік.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Жарыс сабақтың мақсаты – сендердің өнер-білімдеріңді жан-жақты байқау.
2. Мұғалімнің сөзі:
- Оқушылар, сендер Бурабай туралы не білесіңдер?
- Көкшетауда дем алатын әсем жер – Бурабай. (картадан көрсету) Оны екінші «Швейцария» деп атайды.
1 слайд. Бурабайдың шығу тарихы. (Интерактивті тақтадан сурет арқылы әңгімелеу).
Құстың көптігіне қарап, «Орманды» (Боровое), қазақтар «Бурабай» деп атап кеткен. Бура-түйенің еркегі тыныш күндері Көкшетаудың орманында жайылып жүреді, адамға қауіп төнгенде дыбыс беріп ақырған.
Сол Көкшенің төбесіне тек бура ғана шығыпты. Бір күні Абылайдың баласы Қасым хан бураны садақпен атып, ауыр жараланған бура көлге жете алмай, өліп тасқа айналыпты. Тас-мәңгіліктің, беріктіктің, сұлулықтың символы.
-Қазір балалар жаңа сабақтың тақырыбын жазып, осы слайдқа байланысты келесі сөйлемді жазайық.
2 слайд. Қарағайлы орман қыста шыңды ақ көрпеге орайды, жазда түрленеді. Бурабайда қарағай өспейтін жер жоқ.Ақын С.Сейфуллин «Көкшетау» поэмасында тамаша суреттеген.
«Қарағай биік шыңды қиялаған,
Еш адам барып оны қия алмаған.
Шаңқылдап тау жаңғыртып, шыңға қонып,
Жалғыз-ақ көк қаршыға ұялаған».(оқушы оқу)
Бурабайдың айналасы қарағайлы орман.
3 слайд. Қайыңның пайдасы өте көп. Оның бойында үш түрлі қасиет бар.
1. денеңді тазартам(моншаға түсіп, сабыну)
2. ауруыңды емдеймін (қабығы –ем)
3. үніңді шығармаймын (арбаның дөңгелегі шиқылдағанда майлайтын «қарамай» алады.
4 слайд. Оқжетпес. Абылайхан әкерлері қалмақ қызын қолға түсіреді, бәрі мен алам деп таласқанда қыз шарт қояды. Көкшенің ең биік шыңына найза ағашқа байланған орамалды атып түсіру, бірақ ешқайсысы сыннан өте алмай шың «Оқжетпес» деп аталған.
Оқжетпес – ең биік шың.
5 слайд. Жұмбақтас - Оқжетпестің дәл қарсысында, судың ортасындағы жартас.
«Жұмбақтас-бейне арыстан шөгіп жатқан,
Айбатты жалбыр жалын төгіп жатқан.
Маңқиып Оқжетпеске қырын қарап,
Суына Бурабайдың бөгіп жатқан» (оқушы оқиды).
Жұмбақтас - судындың ортасындағы жартас.
6 слайд. Демалыс орындары. Бурабайдың ауасы таза, әрі хош иісті, кеудеңді кере демалуыңа болады. Қотыркөл, Шучье өкпесі ауыратын адамдар емделетін тамаша жер. (картадан көрсету).
Қотыркөл, Шучье деген демалыс орындары бар.
Мұғалім:
3. Сөздікпен жұмыс.
Тұщы – пресная, хош иісті – душистая, дәрі –дәрмелік – лекарственные, аңыз – легенда, жартас – скала.
Жаңа сөздерді оқыту, жазғызу.
4. Мәтінмен жұмыс. (мәтін тарату, ауд.тыңдау, кезекпен оқыту)
IV. Топпен жұмыс. Ойынның шарты:
2 топ мәтіннен ұнаған ат таңдап алып, тапсырмаларды орындау арқылы өз білімдерін көрсетеді.
«Адам мақсатқа ең алдымен, өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді»
сонымен іске сәт!
(Көкшетаудың биік шыңына қай топ бірінші жетеді?)
1 тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар
1. Көкшетау қандай қала?
2. Көлдің айналасы қандай?
3. Ауасы қандай?
4. Қандай демалыс орындары бар?
5. Көкшетауды қай ақын тамаша суреттеген?
6. Көкшетауда қандай көл бар?
7. Көлдің суы қандай?
8. Қандай дәрі-дәрмелік шөптер өседі?
9. Аты аңызға айналған қандай жартастарды көруге болады?
10. Қалай Оқжетпес деп аталған?
2 тапсырма. Грамматикалық тапсырма. Сын есімге сөйлем құрау (тақтамен жұмыс).
- Балалар сын есім дегеніміз не?
- Ол қандай сұрақтарға жауап береді?
- Ендеше үш деңгейлік тапсырма беремін (тақтамен жұмыс, дәптерге жазу).
*3 – деңгей
сын есімді табу
*2- деңгей
сөз тіркесін құру
*1- деңгей
сөйлемдер құру

3 тапсырма. Сөзжұмбақ шешу (инт. тақта)
- Ендігі тапсырмамыз сөзжұмбақ шешу.
1. Аспаннан домалап, көк моншақ төгілді. (жаңбыр)
2. Еш тесікке тұрмайды, ол жоқта жер құрғайды. (су)
3. Екі айыр құйрығы, ұшқылардың жүйрігі. (қарлығаш)
4. Өртесең де ерімейді, не тот басып шірімейді. (тас)
5. Зәулімді тұрағы, тіреусіз тұрады. (бұлт)
6. Көрінбейді өзі, терезені ұрады,
Айтасын сөзі жоқ, ысқырып тұрады. (боран)
7. Тау етегі тірегі, жап-жасыл боп тұрады. (қарағай)
Сергіту. «Қаражорға» биі.
4 тапсырма. «Шебер қаламгер»(сурет салу)
- Балалар, табиғат қандай болады? (Өлі табиғат, тірі табиғат)
- Қазір осы табиғатқа байланысты сурет салып, «Шебер қаламгер» тобын анықтаймыз.
1 топ: Тірі табиғат(өсімдік, жануар, адам ) 2 топ: Өлі табиғат(жер, су, күн...)
5 тапсырма. Мақалсөз (интерактивті тақтамен жұмыс)
- Келесі мақалдарды аяқта.
1. Ақыл жастан, ... (асыл тастан)
2. Су ішкен құдыққа ... ( түкірме)
3. Сумен ойнама, батарсың, ... (отпен ойнама, жаңарсың)
4. Жер басқанға мәз болма, ... (жерде ізің қалмаса)
5. Туған жердей жер болмас, ... (туған елдей ел болмас)
6. Бақа көлінде патша, ... (балық суында патша, жігіт жерінде патша)
7. Ілім – бұлақ, ... ( білім – шырақ)
VI. Бекіту. Шығармашылық тапсырма (5 минут)
- Балалар, бүгінгі сабақта қандай әсер алдық? Қазір біз соңы жазайық.
- 1 топ – Бурабайдың қысқы табиғаты туралы, ал 2 топ – Бурабайдың жазғы табиғаты туралы шағын эссе жазыңдар. Сендеге 5 минут ауқыт беріледі. Гр.тапсырма. Құрастырылған сөйлемдерден сын есімдерді табу.
VII. Үйге тапсырма.
3 деңгей – мәтін бойынша сұрақтар құрастырып келу.
2 деңгей – мәтінді мазмұндау.
1 деңгей – тақырыпқа байланысты демалыс орындары туралы қосымша ақпараттар дайындау.
VIII. Білімдерін бағалау.
IV. Қорытынды. (инт.тақта бойынша оқушы көп нүктенің орнына тиісті сөздер жазу арқылы)
Табиғатқа қамқор болу – адамзат баласының абзал парызы.
Балыққа ... (су), құсқа ... (ауа), аңға ... (орман-тоғай, тау, дала) қандай қажет болса, адам баласы үшін ... (Отан) деген ұғым сонша қажет.
Ал табиғатты сүю – Отаныңа қамқор болу.

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Наз (2011-03-03) | Автор: nazigul E
Просмотров: 3778 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-30, 11:43 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru