Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Тақырыбы: Махамбет –егемен елдіктің өшпес рухы
Қазақ әдебиеті. 9 «А» сыныбы

Тақырыбы: Махамбет –егемен елдіктің өшпес рухы
Мақсаты: Ақын өмірі мен шағармашылығынан кеңінен мәліметтер беру, алған білім-дағдыларын бір жүйге келтіру.
Міндеттері:
Білімділік: Махамбет Өтемісұлының шығармашылығымен кеңінен танысады.
Дамытушылық: Тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білуге үйренеді.
Тәрбиелік: Туған жеріне деген сүйспеншілігін туғызады. Азаматтық тәрбие қалыптасады, оқушының тұлғалық ерекшелігі дамиды.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: қайталау сабақ.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, пікір қорғау, баяндау, Венн диаграммасы, ой толғау.
Көрнекілігі: Махамбет Өтемісұлының портреті, И.Тайманов бастаған көтерілістің картасы, Казахстан Республикасының картасы; үнтаспа, домбыра, кітапхана көрмесі.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, музыка
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезені.
II. Қызығушылықты ояту сатысы.
Ой қозғау: үнтаспадан өлең тындау
Сұрақ: Өлең кімге арналған? Авторы кім?( Махамбетке, автор Олжас Сүлейменов).
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-Балалар, біз дауылды жырлар жаршысы болған Махамбет Өтемісұлының өмірі, шығармашылығы және күрескерлігі жөніндегі тарауды қорытындылаймыз. Қазақ тарихында отты жырларымен , ерен ерлігімен өшпес із қалдырған ақын өлеңдерінен көтеріліс қүндерінің әрбір оқиғасы айқын аңғарылады. Махамбет арқалы күйші, сазгер болған. Оның « Өкініш», « Қайран, Нарын!», « Жұмыр қылыш», « Жорық», « Ақтабан», «Тарлан» және тағы басқа күйлері мен термелері бар. Махамбет өлеңдері мен күйлері көтеріліс үстінде туған. Оның өмірінің өзі өлең еді. Махамбеттің жырлары мәңгі жасайтын ерліктің үні.
III. Әдеби монтаж
1-оқушы: Біз қазақ еркіндік аңсаған
Азаттық жолында қан төкті қанша адам
Отарлық бұғауын бұзуға ант етті
Сарбаздар Исатай, Махамбет бастаған.

2-окушы: «Қара қазан, сары бала қамы үшін»,
Жауына кеткен кегі үшін.
Қасиетті жері үшін,
Нарында қалған ел үшін
Отарлық бұғауын бұзуға ант етті.

3-оқушы: Ереуіл атқа ер салған
Егеулі найза қолға алған,
Халқының жоғын жоқтаған
Махамбеттей ер бабам!

4-оқушы: Отаршылдық езгіге қарсы шыққан,
Ез емес ол үйде отырып, басын бұққан
Өлім қауіп төнсе де шімірікпей,
Жалғыз өзі жауына қарсы барған.

5-оқушы: Екі жүз жыл толып өтті туғанына,
Елі барда елеусіз ер қалмағы ма?
Батыр тойын тойлады бүкіл әлем,
Жетті қазақ батырдың арманына.

6-оқушы: Ерлігі бар қазаққа аңыз болған,
Жырлары көтерілістің туы болған,
Ұрпағына ерлікті мұра қылған,
Ер Махамбет өмірі үлгі маған!
IV. Бетпе-бет студиясы.
Мұғалім: -Балалар біздің сабағымызға тарихшы, әдебиеттанушы, сыншы ғалымдар қатысып отыр. Өздеріңді толғандырған сұрақтарға жауап алуларыңа болады.
Сұрақтар.
1.Махамбет Өтемісұлының балалық шағы мен жастық шағы туралы білгіміз келеді?
2.Исатай –Махамбет көтерілісінің негізгі себептері не еді ?
3.Махамбеттің көтеріліс кезіндегі рөлі қандай болған?
4.Исатай қазасынан кейінгі Махамбет өмірі туралы әңгімелеп беріңіз.
5.Махамбет туралы қандай шығармалар жарық көрді?
6.Аяулы ақын өлімі туралы білгім келеді?
V.Махамбеттің өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу.
( «Ереуіл атқа ер салмай», « Толарсақтан саз кешіп», « Бағаналы терек»,
« Мұнар күн», «Қызғыш құс»).
Сыншылар Махамбет өлеңдеріне ( «Ереуіл атқа ер салмай», « Толарсақтан саз кешіп», « Бағаналы терек», « Мұнар күн», «Қызғыш құс») талдау жасайды. ( романтизм; психологиялық параллелизм, метафора т.б. )
VI. Көрініс. « Кездесу»
Баймағанбет сұлтан мен Махамбеттің диалогы:
-Айтшы, батыр, Исатай екеуің не істемекші болдыңдар? Мақсаттарың не?
-Отаршыл патша өкіметі жерімізді алды. Халқымызды жыландай сорды. Малынан, жерінен, еркінен айырылған халыққа теңдік әпергіміз келді. Солардың жоғын жоқтадық. Мақсатымыз осы , Баймағанбет сұлтан!
Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқан термесі орындалады.
VII. Мұғалімінің сөзі.
-1986 жылы Исатай –Махамбет көтерілісіне тура 150 жыл өткенде қазақ жастарының тоталитарлық жүйеге қарсы қозғалысы болды. Жастар тәуілсізідкті аңсады. Сол кездегі қоғамды батыл айыптады. Бұл тәуелсіздікті аңсаған халықтың үні еді.( Осы қозғалыс жөніндегі Н.Ә.Назарбаевтың, А.Ақаевтың пікірлерімен таныстыру)

Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған,
Азаттық долында қан төкті қанша адам.
Арада жүз елу жыл өткенде,
Махамбет ерлігін жаңғыртып қайтадан,
Мерт болды Қайраттай қайсар жан.

Махамбет Қайрат

VIIІ Ой толғау. Махамбет рухымен сырласу.
IX . Топтастыру картасын толтыру. «Не білдік?»
Х.Үй тапсырмасы:
1. «Махамбет – егемен елдіктің өршіл рухы» тақырыбында шығарма жазу.
2. Махамбет жырларындағы көнерген сөздердің мағынасын ашу.
XI. Бағалау.
ХІІ. Қорытынды.
Оқушы:
Ерлердің ерлігі еш кеткен жоқ,
Ерлердің есімі жүректен өшкен жоқ.
Жарқырап шығып күніміз,
Егемен ел болды еліміз.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары.
Бүгінгі заман талабы іскер, белсенді, өздігінен жол таба білуге бейім адам тәрбиелеуді қажет етіп отыр. Сондықтан мектеп қабырғасында әр оқушыны жеке тұлға деп танып, оның шығармашылық қабілетін дамыту - мектеп мұғалімдерінің басты міндеті.
Бірнеше жылдан бері қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен «Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін жетілдіру» тақырыбы бойынша жұмыс істеп келемін.
Қазіргі таңда өзімнің сабақ өткізу бағытында сабақтың сапасын, мазмұнын, әдістерін мүмкіндігімше жаңа деңгейге көтеруге тырысамын. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқушылардың алатын білім сапасы оқыту дәрежесіне тәуелді. Еліміздің ертеңі өрімтал ұрпағымызды өзж ұлтын сүю, ата- баба рухын, салт-дәстүрін құрметтеуге үйрету ұстаздар алдындағы басты міндеттер болып табылады. Әр сабағымның жоспарын қазіргі оқыту технологиясының талаптарына сай құрып, оқытудың жаңа әдістерін тиімді пайдаланамын. Жыл ішінде интеграцияланған сабақ, жәрмеңке сабақ, жарыс сабақ, пресс- конференция сабақ, семинар, ойын сабақ ,концер сабақ және т.б. сабақ түрлерін өткіздім.
Басқа пәндерге қарағанда қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің өзіндік қиындығы бар. Оқушыны әрі сауатты жазуға, мәнерлеп оқуға, ауызша, жазбаша тіл байлығын арттыруға міндеттіміз. Қабілетті шәкірттеріме оқулықпен ғана шектеліп қалмай, шығармашылық деңгейдегі тапсырмаларды орындатуға көп көңіл бөліп отырамын. Сөзжұмбақтар құрастырады, тест жұмыстарын орындайды. Әр сабақта сөйлеу тілдеріне көңіл бөлемін. Өз ойын көркем, әдеби тілде жеткізе білуді талап етемін. Шағын мәтіндер құрастыру, ой толғау жазу, эссе жазу, өлең шығаруда назардан тыс қалмайды.
Оқушылардың өздерін шығармашылық ізденістерге жетелей отырып, қазақ тілі сабағында туған тілге деген сүйіспеншілігін оятып, ана тілін құрметтеуге қатты көңіл бөлемін. Оған дәлел 11- сыныпта «Ана тілімнің бүгінгісі мен болашағы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел. Ой талқы сабақ түрінде өткен сабақта оқушылар туған тілінің болашағы туралы ой толғады, өз пікірлерін қорғауға үйренді.
Оқушымның бірі: « Мені тілімнің болашағы қатты алаңдатады. Қазақ деген қаны бар жастар ана тіліміздің болашағы үшін күресуіміз керек. Өз мектебімізде де ана тіліне менсінбей қарайтын қандастарымыз көп. Олар өздері орыс сыныбында оқығандықтан, ана тілінде сөйлеуге міндетті емеспіз деп ойлайды. Орыс тілі білім мен ғылымға тікелей жол ашатын тіл деп есептейді. Ағылшын тілін жанталасып үйренгісі келеді. Бабамыз Әл-Фараби жетпіс тіл білген, бірақ өзінің ана тілін құрметтеп өткен. Неге одан үлгі алмасқа? – деген ойын пікір таласта білдірді. Бұл оқушының жан айқайы ана тілінің болашағына алаңдайтын жастардың бар екендігін білдіріп, қатысу -шыларға ана тілін қорғау, құрметтеу сезімдерін туғызды.
Сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмысында өткен оқиғаны көз алдарына елестету мақсатында, жаңа сабақты бекітуде, қорытындылауда рөлдік ойын әдістерін тиімді пайдаланамын. 7-сыныпта қазақ әдебиетінен Ж. Жабаевтың «Аттандыру», «Алғадай туралы ой» , «Атаның әлдиі» өлеңдерін өткенде ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты сахналық қойылымның сценариін жасап, Жамбылдың, Сүйінбайдың, Алғадайдың рөлін оқушылар сомдады.
8-сыныпта қазақ әдебиетінен М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан оқушыларға поэтикалық инсценировкадан үзінді көрсетілді. Оқушылар ана, әке, жылқышы рөлдерінде өздері ойнап, поэма оқиғасын аша түсті.
Шығармашылықпен жұмыс істеуді сыныптан тыс уақыттарда да тиімді пайдалана отырып, «Жас талап» үйірмесінің жұмысын алға қойдым. Үйірмеге ән салуға, мәнерлеп оқуға, өлең жазуға қабілетті оқушыларды таңдап алып, сахналық қойлымдар, мәнерлеп оқушылар сайысын өткіздім.
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпоппеясы бойынша «Ақын қонақтар» «Абай Тоғжан ауылында», М.Мақатаевтың «Райымбек. Райымбек» поэмасы бойынша , Ш.Құдайбердиевтің «Қалқаман - Мамыр» поэмасы бойынша сахналық қойылымдар көрсетілді.
«Жас талап» үйірмсіне тек қазақ сыныптарындағы оқушылар ғана емес, орыс сыныбының оқушылары да қатысады. Үйірме мүшелері қалалық сайыстарға, мәнерлеп оқуларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.
2009 жылы 7- сынып оқушысы Павленко Татьяна қалалық қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі: Сәкен, Ілияс, Бейімбеттердің 115 жылыдғына орай өткізілген мәнерлеп оқу сайысында С.Сейфулиннің «Анаға хат» өлеңін оқып, 2-орын алды.
Семей қалалық жастар сарайында өткен « Біз де Абайдың ұлымыз» сайысында Багмет Дима 1-орынды жеңіп алды.
Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастырамын. Ол менің еліміздің алдындағы абыройлы міндетім.
Шыныбекова Мереке Мықтыбайқызы.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Семей қаласы
Озерки орта мектебі

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: failgal (2011-03-05) | Автор: Шыныбекова Мереке Мықтыбайқызы. E
Просмотров: 14583 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-04-28, 12:39 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru