Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Сабақ жоспары
Семей қаласындағы №35 мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұқашева Әлия Тоғанбекқызы
Сабақ жоспары.
I Сабақтың тақырыбы:
Менің елім-Қазақстан
(интеллектуалды, сайыс сабақ)
II Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: оқушылардың Қазақстан Республикасы туралы алған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорларын толықтыру,ауызекі тілде еркін жеткізуді қалыптастыру.
2.Дамытушылық:
оқушының алдыңғы, өткен сабақтарды қайталай келіп, тілдерін, ой-өрістерін, дұрыс сөйлеу дағдыларын, қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік:
Қазақстан елінің жері, рәміздері, тіл саясатына, тәуелсіздік жолындағы белестерге тоқталып, оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін тудыру.
III.Сабақтың түрі: қайталау, сайыс сабақ
IV Қолданатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,сөйлеу, проблемалық іздендіру, логикалық әдіс, салыстыру,дәлелдеу,топпен жұмыс.
V Сабақтың көрнекілігі: карта, Қазақстан туралы кітаптар,интерактивті тақта,үнтаспа.
VI Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, география, тарих, биология, ән сабағы.
VIIСабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.
-Бүгінгі сабағымыз күндегіден өзгеше, әрі ерекше өтеді. Біз сендермен Қазақстан туралы көп мәліметтер алдық. Алған білімдерінді сынап, пысықтап, қорыту үшін дөңгелек үстел басында сайыс сабағымызды бастаймыз.(әнұран ойнайды)

Сабақтың айдары:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін !
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Қамтылатын бөлімдер;

I.Бәйге
II.Полиглот
III.Жеті ғажайып бақ
IV.Жорға
Таныстыру.(Әр топ өздерін таныстырады)

1топ: « Алғырлар » ұраны
Нақтылы жауап, сапалы шешім бере біл,
Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл
2-топ: «Тапқырлар» ұраны
Қандай сынақ болса-дағы беріспе,
Әрқашанда үміткер бол жеңіске
I-бөлім:Бәйге
Сайыстың мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Сұрақтар:
1.Қазақстан қай жерде орналасқан? (Карта арқылы көрсету)
Жауап: Еуразия құрылығында.
2.Батысы , шығысы, онтүстігі,солтүстігі қай елдермен шектескен?
3.Қазақстанның жер аумағы неше шаршы километр?
4.Қазақстан елтаңбасында нелер бейнеленген?
5.Пырақтар нені бейнелейді?
6.Шаңырақ нені білдіреді?
7.Елтаңбаның авторлары кімдер?
8.Мемлекеттік байрақтың түсі нені білдіреді?
9.Байрақтағы қыран құс қандай құс болып есептеледі?
10.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны неше рет қабылданды?
11.Қай жылы өзгеріске енді, авторлары кімдер?
12.Қазақстан республикасының елбасы қашан сайланды?(6-слайд) 13.Сергіту сәті. (Қара жорға биі)
II-бөлім:Полиглот
«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл», демекші келесі сайысымыз «Полиглот» деп аталады, бұл сайыста оқушылардың қазақ тілімен қатар басқа да тілдерді меңгергенін білеміз. Мақал-мәтелдердегі жасырын сөзді тауып,оларды орыс, ағылшын тілдеріне аудару керек.

1........-елінде, гүл жерінде. 2..........-оттан да ыстық.
3.Туған ........ қадірін 4.......... сүю отбасынан басталады.
Шетте ........білерсің 5.........байдың елі бай
6........туса-ел ырысы, 7....... іші алтын –алтын бесік.
Жаңбыр жауса-жер ырысы 8. ......... адам ,ормансыз бұлбұл


1.Қазақ тілі: қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? 2.Қазақ әдебиеті: Абай Құнанбаевтың дүниеге келген кездегі аты кім болды, Абай аталу себебі неде? 3.Ән сабағы: екі адамның айтысуы қалай аталады? 4.Қазақстан тарихы: Абылай ханның қазақ халқына хандық етуі қай кезеңнен қай кезеңге дейін? 5.География:Қазақстан Республикасындағы ең биік шың?
6.Биология:Адам маймылдан пайда болған деген гипотезаны кім ұсынған?
7.Киіз үйдің төбесін қалай атайды?
IY.Жорға:
1.Қазақстанның экономикалық аймақтарын атаңдар?
2.Солтүстігі, Оңтүстігі, Батыс,. Шығысы несімен бай?
3.Алғашқы қазақ ғарышкерлері кімдер?
4.Тоқтар Әубәкіров нешінші жылы ғарышқа ұшты?
5.Қазақстан қалаларын ата, карта бойынша.
6.Қазақстан астаналары қай қалалар болды?
7.Қазақстан қорықтарының ашылу себебі неде?
8.Қорықтарды ата.
9.Қазақстанның ең сұлу, көркем жерлерің ата. (5-слайд)

Солтүстік ...........
Оңтүстік .............
Батыс...................
Шығыс ................ өндіріледі (деп оқушылар білгендерін ортаға салады)

Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтаңдар.
Дұрыс Бұрыс
1 Тәуелсіз Қазақстан –жері кең, ірі мемлекет.
2 Ол шартты түрде бірнеше экономикалық аймақтарға бөлінеді.
3 Батыс Қазақстан-Еуропамен шекаралас орналасқан.
4 Өлкенің жер асты байлықтары көп емес.
5 Солтүстік Қазақстан мұнайлы жер.
6 Орталық Қазақстан-Сарыарқа деп аталатын аймақ.

Слайд :Қазақстанның өнер жұлдыздары
Қазақ халқы өнер сүйгіш халық,сондықтанда арамызда өнерге жақын оқушылар бар ма екен, өнерімізді көрсетсек.
Досмагулова Гүлшаттың өнерін тамашалайық
Қорытынды бөлім: Тест сұрақтары.
1.Қазақтың тұңғыш кинорежиссерін белгілеңіз.
А) А.Әшімов В) Қ.Байсейітов С) Ш.Айманов Д)Қ.Тастанбеков Е)Д.Жолжақсынов
2.Жуан дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) ң,и В) а,ы С) е,ң Д)у,ң Е)і,о.
3.Тұйық буынды сөзді табыңыз.
А) Тұз В) Ана С) Ақ Д) Көк Е) Нан.
4.Түбір сөзді көрсетіңіз.
А)Достық В) Жазбалар С)Кірме Д) Ой Е) Аумалы.
5.Ғылым академиясының тұңғыш президентін белгілеңіз
А) Ахмет Байтұрсынов В) Қаныш Сәтпаев С) Марат Омаров Д Тұрар Рысқұлов Е) Нұрғиса Тілендиев.
6.Қалау райдың жұрнағын табыңыз.
А)-са,- се В) –ғы,-гі С)-йық,-йік. Д)-сын,-сің Е) –айын,- ейін.
7.Қазақстанның көне қаласын белгілеңіз.
А)Астана В) Отырар С) Ақтау Д) Атбасар Е) Орал
8.Туынды етістікті белгілеңіз.
А) Ойла В) Отыр С) Тұр Д) Жүр Е) Бар
9.Қазақ музыкасын әлемге тұңғыш танытқан әншіні көрсетіңіз.
А) К.Байсейітова В) Қ.Жандарбекова С) К. Қуанышбаев. Д)Ә. Қашаубаев Е) Б. Төлегенова
10. «Қоян жүрек» фразеологизмінің синонимін табыңыз.
А) Қорқақ В) Жақын С) Кішкентай Д)Үлкен Е) Жақсы

Сабақты бекіту: Елбасы жолдауын оқушылар көңіліне жеткізу.
Бағалау:
Үй тапсырмасы: «Қазақтан-менің елім» тақырыбына эссе жазу.
Ең соңында : «Қазақстан» тақырыбына арналған сызба арқылы аяқтау.

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Дастан (2011-03-29) | Автор: Әлия
Просмотров: 18546 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-05-21, 7:47 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru