Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Кабасова Ален Енбергеновна Островский атындағы мектеп-лицейі Сарқанд қаласы Алматы облысы Сабақтың тақырыбы: Буынның түрлері. Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушыларға буынның түрлері туралы түсінік беріп, меңгерту. Дамытушылық мақсаты: Математикалық тәсілмен фонетикалық талдау дағдысын одан әрі жетілдіру, сөйлеу мәнерін, ойлау қабілетін, белсенділігін, ойын арқылы қызығушылығын ояту. Тәрбиелік мақсаты: Өнердің құдіретін, ана тілінің байлығын сезініп, құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі. аралас сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын. Дамыта оқу технологиясы, перфокартамен жұмыс, СКТ. Сабаққа керек құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, Инсерт парақшалары, перфокарталар. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. А) Сәлемдесу. Ә) Кезекшімен тілдесу. Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық тренинг. Әрбір адам – Туысым, досым, жұрағат. Әрбір сабақ – үйрену, оқу, ұлағат. Әрбір ісім – тірлік,тірек, адамдық. Әрбір сөзім –шындық, бірлік, адалдық. Оқиық, үйренейік, білейік. Шындыққа, бірлікке, адалдыққа, адамдықа талпынайық Тірліктің тірегі – білімге ұмтылайық. 2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. «Алтын қақпа» ойыны арқылы тексеру. А) «Ағаш қақпаны» ашу үшін үйге берілген жаттығуды тексеру. Деңгейлік тапсырмалар арқылы 299—жаттығуды тексеру. Шығармашылық жұмыс. 1- деңгей. Орындалу шарты: Суреттер топтамасындағы 4 суретке қарап шағын мәтін құрастыру. 2-деңгей. Суреттер топтамасындағы 4-суретке қарап шағын мәтін құрастырып, сөйлемдерін буынға бөліп келу. 3-деңгей. Буын деген тақырыпқа ертегі немесе өлең шығарып, сөйлемдерін буынға бөліп келу. Ә) «Темір қақпаны» ашу үшін «Зымыран сұрақтарына» жауап беруіміз керек. «Миға шабуыл». 1. Буын дегеніміз не? 2. Қанағат, кітап деген сөздерді буынға бөліңіз. 3. Оқушы, достық, адалдық сөздерін буынға бөліңіз. 4. Жұмбақтас сөзін буынға бөліңіз. 5. Екі буыннан тұратын үш сөз айтыңыз. 6. Үш буыннан тұратын төрт сөз айтыңыз. 7. Бес буыннан тұратын екі сөз айтыңыз. Б) «Күміс қақпаны» ашу үшін «Жұмбақтастағы» жұмбақтарды шешу керек. Және де шешіміне математикалық мінездеме беру. Дыбыстарға сипаттама беру. Тақтамен жұмыс. Жер түбінен боз жорға ат келеді. (боран). Бо-ран екі буынды сөз. Жуан буынды сөз. Берілгені: боран Шешуі: 5о=2□+3Δ Дауысты дыбыстар: 1) Тілдің қатысына қарай 2□ = 2□ (о,а) жуан □ о жіңішке □ø 2) Жақтың қатысына қарай 2□ = 1□ (о,а) ашық □ о қысаң □ø 3) Еріннің қатысына қарай 2□ = 1□ (о) еріндік□ о 1□(а) езулік □о Дауыссыз дыбыстар: 3Δ= қатаң Δ ø + 1Δ (б) ұяң Δо 2Δ (р,н) үнді Δо 2. Мысықта бар, Күшікте жоқ, Қасықта бар, Есікте жоқ. (ы дыбысы) Ы дыбысы –тілдің қатысына қарай жуан, жақтың қатысына қарай қысаң, еріннің қатысына қарай езулік. 3. Борда бар, Допта жоқ, Балда бар, Далада жоқ. (б дыбысы – ұяң дауыссыз дыбыс.) 4. Жазуда бар, Сызуда жоқ, Жылуда бар, Қызуда жоқ. (ж дыбысы – дауыссыз ұяң дыбыс). 5. Ләззатта бар, Жанатта жоқ, Азатта бар, Қанатта жоқ. (з дыбысы –дауыссыз ұяң дыбыс). 6. Нанда бар, Етте жоқ. Айранда бар, Сүтте жоқ (н дыбысы – дауыссыз, үнді дыбыс). Г) «Алтын қақпаны» ашу үшін мына перфокартаны қатесіз толтыруымыз керек. . Сөздер 2 буынды 3 буынды 4 буынды 5 буынды Қайрат + Атамекен + Жазғытұрым + Жолбарыс + әсемдік + Шыншылдық + адамгершілік + Д) «Білім кілтін» алу үшін ребусты шешуіміз керек. Оқулық сөзі шығады. Осы сөзді буынға бөлсеңдер білім кілтіне қол жеткізесіңдер. 3. Жаңа сабақты меңгерту. Мақсаты: Оқушыларға буынның түрлері туралы түсінік беріп, меңгертіп, жаттығу жасау арқылы бекіту. Фонологиялық талдау дағдысын одан әрі жетілдіру, сөйлеу мәнерін, ойлау қабілетін, белсенділігін, қызығушылығын дамыту. Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы да үнемі бірқалыпты бола бермейді. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар. Олар: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын. Бітеу Ашық Тұйық 1. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буынды ашық буын дейміз: а-ға, ба-ла, қа-ла. Ашық буынның шіндегі жалғыз дауыстыдан болған буынды жалаң буын дейміз. А-дам, а-та. 2. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталатын буынды тұйық буын дейміз: ат, аз, ақ, өрт, ұл, ант. Тұйық буынға дауысты дыбыс қоссақ, онда буын жігі өзгереді. өрт+і =өр-ті, оқ+ы=о-ғы. 3. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс ортада келетін болса) буынды бітеу буын дейміз: төрт, бар, тал, жаз, кел, кең, қант. Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбісі тұйық және бітеу буын болып келеді. Ашық буынның өз алдына сөз болуы сирек. 4. Жаңа сабақты пысықтау. А) Интерактивті тақтадағы сөйлемдегі буын түрлерін ажырату. Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен табандылық қажет. Ә) Тақтамен жұмыс. Буын түріне ажырат. 1. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. (Әл-Фараби). 2. Ел жетіліп көркеймек, Өнер қанат жайған соң. (С. Торайғыров). Б) Топтық жұмыс. Оқулықпен жұыс. 303-жаттығу. 1-топ. Зертте. Әл-Фараби – дүние жүзіне әйгілі, ұлы ғалым. 2-топ. Салыстыр. Мәтіннен буын жігі ауысан сөзді тап. 3-топ. Қолдан. Ашық буынды мәтіннен теріп жаз. 4-топ. Қолдан. Тұйық буынды мәтіннен теріп жаз. 5-топ. Қолдан. Бітеу буынды мәтіннен теріп жаз. Сергіту. «Жаңылдырсаң да жаңылмаймын!» 1. Қай буында дыбыс көп болады? (ашықта ма, тұйықта ма, бітеуде ме?) 2. Бота мен қозы ұқсас екен дейді? Олар қалай ұқсас бола алады? (екеуі де ашық буынды сөз.) 305-жаттығу. Мәтінді оқып, пікірін жазу. Өздерің болашақта қандай маман болуды қалайсыңдар? Сол мамандықтарыңа ана тілі қажет деп ойлайсыңдар ма? 5. Сабақты бекіту. 1. Ашық буын дегеніміз не? Жалаң буын дегеніміз не? 2. Тұйық буын дегеніміз не? 3. Бітеу буын дегеніміз не? 6. Сабақты қорытындылау. Не білем? Не білдім? Не білгім келеді? Смайликтар арқылы оқушыларға сабақтың ұнаған ұнамағандығын білу. 7. Үйге тапсырма: Буын түрлері- ережені жаттау. 306-жаттығу. 8. Оқушылардың білімін бағалау. | |
Просмотров: 9900 | Комментарии: 10 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|