Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

“Жай сөйлемнің құрылымдық типтері және оларды оқыту әдістемесі”
Қарағанды облысы
Бұқар жырау ауданы
Ростовка орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тулеутаева Гаухар Қазтайқызы
Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында ҚР МЖБС 2.3.4.01-2010 Қазақстан республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес терминдер мен анықтамалар айтылған. Жалпы ережеде білім алушылардың дайындық деңгейіне міндетті талаптар қою арқылы білім сапасын арттыру жайлы айтылған[18,14].
Қазіргі танда, жалпы білім беру стратегиясының берік негізді болуы үшін мектеп оқушылары өз бойына халқының тарихи өмірі мен терең тамырын, рухани және адамгершілік қағидаларын, азаматтық, отансүйгіштік идеяларын, басқа халықтарға деген ізгі көзқарастарын сіңіру қажет. Қазіргі мектеп өсіп келе жатқан тұлғаны қандай бағытта дамытатындығы, жеке тұлғанын қабылетін жан-жақты қалыптастыра отырып шығармашылық мүмкіншіліктерін ашуы елдің дамуы мен өркендеуіне септігін тигізеді. Демек, ізгілікті, адамгершілігі мол саналы азамат тәрбиелеу – бүгінгі күн талабы [20,4].
Сонымен қатар қазіргі уақыт сұранысына орай күн тәртібінде тұрған мәселе – ғылымдар мен пәндердің тоғысуы нәтижесінде оқушыға ең қажет те пайдалы білім беру. Білім мен тәрбие беру жүйесінде оқушының оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу әрекетін жандандыра отырып, сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп - тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын, жан-дүниесі бай ұрпақ тәрбиелеуде қазақ тілінің маңызы ерекше [20,4].
Тіл-адам сана-сезімінің, оның психологиясының көрсеткіші. Тіл арқылы оймызды басқа адамға жеткіземіз. Тілді оқыту барысында оқушының сана-сезіміне ісер етіп, оның қажеттілігі мен маңызын түсіндіріп, пәнге деген дұрыс көзқарасын, қызығушылығын қалыптастырамыз. Тіл дамыту әрекетінің барлық сатысында қарым-қатынас жасау, пікір алысу болу керек.
Еліміз егемендік алып, қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болғалы қазақ тілін үйрену, үйрету ісі өзекті мәселеге айналды.
Ахмет Байтұрсынұлы «...мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол (оқушы) мектептен көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім керек», - деп тегін айтпаған. Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, шәкір жанына нұр құя алады. Сабақты тиімді жұмыс түрлерінің жан-жақты орындалуы, ойластырылуы мұғалімнің біліктілігі мен әдістемелік шеберлігіне байланысты. Мемлекеттік тілдің беделін түсірмеу – біздің қазақ тілі мамандарымыздың басты міндеті [25, 252].
Мақалада «Жай сөйлемдердің құрылымдық типтерінің түрлеріне қатысты ғылыми тұжырымдар зерделеніп, зерттеу жұмысының нысаны айқындалды.
Қазақ тілі білімінде Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл тағылымы» синтаксис саласының негізін қалаған басты еңбек болып саналады. Ахмет Байтұрсынұлының 1992 жылы жазылған «Тіл тағылымы – қазақ тілі оқу-ағартуға қатысты еңбектері» атты еңбегіндегі сөйлем жүйесі мен түрлері тақырыптарына арналған «Тіл-құрал» бөлімінде жай сөйлемнің түрлері олардың қызметі туралы жазылған. Ахмет Байтұрсынов ең бірінші сөйлем жүйесіне тоқталып, «сөйлем дегеніміз – сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой, сөйлегенде, жазғанда кім де болса ойын айтады» деп ереже берген [1,276]. Осы бөлімде Ахмет Байтұрсынов жалаң және жайылма сөйлемдерге анықтама берген.Бұл анықтама қазіргі мектепте оқытылып келе жатқан ережеге сәйкес, яғни бастауышы мен баяндауышы бар, екі мүшелі ғана сөйлем жалаң сөйлем деп аталады деген. Одан кейін бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелер деп айтып кетіп, одан басқа мүшелер қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем деп түйген.
Ахмет Байтұрсынов оларды 2 бөлімінің «сөйлем түрлері» атты тарауында жалпы түрлері деп тақырып қойып тоқталып кеткен. Жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне: болымды, болымсыз, толымды, толымсыз, жалаң, жайылма деп 6 типке бөлген [1, 296]. Болымды сөйлемді не жайынан да болса болдыра, бар қыла сөйлеген сөйлем болымды сөйлем деп атаған. Мысалы: Үлкен бастар, кіші қостар, деген мысалда іс-әрекеттің іске асатының айтып отыр, ал қазіргі қазақ тілінде мұндай жай сөйлемнің түрлері жоқ, оны біз етістіктің болымсыз және болымды түріне қарай ажыратамыз. Ал болымсыз сөйлемді не жайынан да болса болдырмай, жоқ қыла сөйлеген сөйлем болымсыз деп аталады деген.
Құдайберген Жұбанов жай сөйлемдер туралы зерттеген. «Қазақ тілі жөнінде зерттеулер» кітабында Құдайберген Жұбанов сағат санына бөліп ереже беріп кеткен. 7-сыныпқа арналған «Синтаксистік программы» деген бөлімге 84 сағат бөліп, соның ішінде 18 сағатын жай сөйлемге арнаған. Бұл зерттеуде ғалым жай сөйлемге берілген тақырыптарды бөліп, қарастырған [2,390]. ІІ бөлім «Сөйлем жүйесінің бастауыш білім» деп аталып параграфтармен тақырыптар берілген, соның ішінде сөйлемнің сазына ереже беріліп, сөйлем түрлі сазбен айтылады. Ахмет Байтұрсынұлы сөйлемдерді айтылу түрлеріне қарай 1) сұраулы сөйлем, 2) лепті сөйлем, 3) тілекті сөйлем, 4) жай сөйлем деп төртке бөлсе, Құдайберген Жұбанов қандай сазбен айтылатынына қарай сөйлемді үш түрге бөлген. 1) хабар сазды сөйлем. 2) сұрау сазды сөйлем, 3) леп сазды сөйлем деп. Соның ішінде хабар сазды сөйлем болған, болып жатқан, немесе болашақ оқиғалардың жайын хабарлай сөйленген болса, сөйлем хабар сазды болады.
Жай сөйлем түрлері Құдайберген Жұбановтың пікірінше, §7. Сөйлем мүшелері деген тақырыпта тек қана жалаң мен жайылма және толық сөйлем мен олқы сөйлем деп қарастырған [2,157]. Жалаң сөйлемге негізгі мүшелер ғана (бастауыш пен баяндауыш) бар, айқындауыш мүшелері жоқ сөйлем деп ереже берген.
Сонымен қатар С.Аманжолов жалаң және жайылма сөйлемдерді жай сөйлемнің құрылымдық типтері емес, осы сөйлемдерді ішінен хабарлы, сұраулы, лепті, атаулы деп қарастырған. Сөйлемдердің түрлерін 2 бөлген: 1. Жай, құрмалас, 2. Жалаң, жайылма. Ал үйретіп жүрген мектеп бағдарламасында жалаң және жайылма, толымды, толымсыз, жақты, жақсыз және атаулы сөйлемдер жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне жатқызамыз. Соңғының өзі толымды, толымсыз болып әуелі екіге бөлінеді де, жақты, жақсыз деп тағы екіге бөлінеді. Бұлай бөлунішілік, жоғарыда біз айттық, таза формалды бөлу. Жалаң сөйлем ойды мейлінше, үнемі толық бере алмайды, біз оған толық қанағаттана қоймаймыз. Бұл қанағаттандырмағаннан кейін, жайылма сөйлемге, оннан кейін құрмаласқа көшіп отырмыз. Немесе, қатар бірнеше жалаң сөйлем қолданамыз. Кейбір пікірге, анықтамаға байланысты айтылған ойды жалаң сөйлем қанағаттандыра алады. Жалаң сөйлем қазіргі ұғымды екі сөзден құралады (бастауыш, баяндауыш). Бастауыш еңбек бөлінісі шыққанға дейін шықпаған, өте кеш шыққан. Олай болса, алғашқы жалаң сөйлем бір-ақ сөзден құралған. Егер бастауыш пен баяндауыштың үстіне басқа сөйлем мүшесі қосылса, жайылма сөйлем болып кетеді. Ал жалаң сөйлемге шылау қосылса, жайылма сөйлемге айналмайды, жалаң күйінде қалады [3, 163.]
Толымсыз сөйлем мен жақсыз сөйлемге тоқталғаннан кейін «Жай сөйлем түрлері» атты бөлімінде атаулы сөйлем туралы жазған. С.Аманжоловтың пікірінше, «атаулы сөйлем шығу (генетика) жағынан бірінші пайда болған» деп қарастырған.
Н.Сауранбаевтың 1954 жылы Алматы «Қазақ ССР Ғылым академиясы» баспасынан шыққан «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбегінде жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне тоқталып ереже беріп кеткен. Жақсы талданған, мысалдар нақты салыстырмалы түрде берілген. ІІІ. Сөйлем және оның тұрлаулы мүшелері атты бөлімнің ішінде жай сөйлемнің түрлерінен жалаң және жайылма сөйлемдерге жеке тоқталған. Ал VІІІ. бөлімді «Жай сөйлемнің түрлері» деп алып, ішінде жақты, жақсыз, толымды, толымсыз және атаулы сөйлемдерге тоқталып кеткен.
Жалаң және жайылма сөйлемдерге берген ережелері қазірге оқытып жүрген ережемен сәйкес. С.Аманжоловпен салыстырсақ, Н.Сауранбаев жалаң және жайылма сөйлем түрлерін жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне жатқызып, «бастауыш пен баяндауыштан (не оның бірінен) құралған сөйлемді жалаң сөйлем» деп ереже берген [4, 410]. Ал «бастауыш, баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем» делінген.
Н.Сауранбаев толымды және толымсыз сөйлемдерге ереже берген. Зертеушінің пайымдауынша, толымды сөйлем «ойға қатысты мүшелері түгел айтылған сөйлемді толымды сөйлем» деп атайды [4,502]. Н.Сауранбаевтың ереже, мысалдары тура М.Балақаевтың ережелерімен сәйкес келеді. Ал толымсыз сөйлемге «ойға қатысты мүшелері түгел айтылмаған олқы сөйлемдерді толымсыз сөйлем» деп ереже берген [4,503].
Н.Сауранбаев атаулы сөйлемге де ереже беріп, талдаған. Бірқатар сөйлемдер сараланған бастауыш пен баяндауыштан құралмай, тек бастауыш ыңғайындағы сөзден, сөз тіркестерінен құралады.
Ж.А.Жақыповтың Қарағанды ҚарМУ баспасынан шаққан «Сөйлеу синтаксисінің сипаттары» еңбегінде толымсыз сөйлемдер толығымен талданып зерттелген. Тіл білімінде толымды және толымсыз сөйлемдерді белгілі бір тиісті сөйлем мүшесінің я мүшелерінің қатысу-қатыспауына байланысты ажыратып жүр. Сондықтан Ж.А.Жақыповтың пікірінше, «мүшеленбейтін сөйлемдерді (сөз-сөйлем, атаулы сөйлем т.б) толымды-толымсыз деп бөлуге келмейді. Толымды және толымсыз болып келетін сөйлемдер – бірқұрамды және екіқұрамды сөйлемдер» [8, 60]
Сөйлемде ойға қатысты мүшенің қатысып тұрғанын, қатыспай тұрғанын айқындау қиын, бұл көбіне дерексіздікке әкеп соғады. Өйткені контекстен тыс тұрған сөйлем толымды, толымсыз екені белгісіз болады. Осы тұрғыдан алғанда, біз «толымды» сөйлем деген ұғымның өзін шартты, салыстырмалы деп санаймыз.
Ж.А.Жақыпов өз еңбегінде толымсыз сөйлемге толық талдау жасап, оның жасалу жолдарын көрсеткен. Ж.Жақыповтың пікірінше, «толымсыз сөйлемдердегі тиісті мүшенің я мүшелердің қатыспай тұруының екі себебі бар: контекст және ситуация. Басқаша айтқанда, түсіп қалған мүшені контекст немесе ситуация арқылы тауып қоя аламыз» [8,61].
М.Балақаевтың 2007 жылы Астана: «Ер-Дәулет» баспасынан жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» кітабында «Жай сөйлем синтаксисі» тақырыбында сөйлемнің құрамына өте жақсы тоқталған. Грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмай, оның қай сөз екенін баяндауышпен ұластыра, атау арқылы білуге болатын сөйлем жақты сөйлем болады.
Жай сөйлем синтаксисінің жеке сала болып қалыптасуына Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, т.б. еңбектері жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне байланысты практикалық және теориялық маңыздылығын көрсетіп берді. Бұл зерттеулер жай сөйлемнің құрылымдық типтерінің жасалуын, оқытылуын айқындады.
Жалаң және жайылма сөйлемдерді оқытқанда қайталау, жинақтау, салыстыру әдістерін қарастырдық.
Жақты, жақсыз сөйлемдерге арналған тірек-сызбаларға сүйеніп, олардың әрқайсысының өзіндік белгілерін және жақсыз сөйлемнің баяндауышының формаларын таныту болады.
Толымсыз және толымды сөйлемдерді оқытқанда келесі әдістерді пайдалану тиімді және қызықты деп қарастырдық.
«Кубизм» стратегиясы. Кубизм стратегиясы да оқыту стратегиясына жатады. Кубизм өтілетін тақырыпты түрлі қырынан қарастыруға көмектеседі. Бұл стратегияда ойлау, оқу, жазу әрекеттері қатар жүреді. Шаршының көлемі 15-20 см . Шаршының әр бетінің аты болады. Оқушылар кубикті айналдырып, берілген тапсырмаларды орындайды.
Бірінші беті:«САЛЫСТЫРЫҢЫЗ». Венн диаграммасы арқылы ұқсастығы мен айырмашылығын тап. Толымды және толымсыз сөйлемдерді салыстыр.
Екінші беті: «АЯҚТАҢЫЗ».
Оқушыларға толымсыз сөйлемдер жазып беріп, оларды толымды сөйлемдерге жасап аяқтау тапсырылады.
1. Айжан кеше келді.
2. Әжем Астанада болды.
3. Мен оқушымын.
Үшінші бетте: «АНЫҚТАҢЫЗ».
Белгілі бірнеше толымсыз сөйлемді алып, олардан бірнеше үлгіде толымды сөйлем жасау.Үлгі:
1.Анам келді – Анам дүкеннен келді.
Анам кеше дүкеннен келді.
Анам кеше дүкеннен құрбысымен келді.
1. Асқар күлді.
2. Мұғалім тапсырды.
3. Оқушылар жүгірді.
Төртінші бетте: «СӘЙКЕСТЕҢДІРІҢІЗ».
Екі қатарға толымды, толымсыз сөйлемдерге сәйкес болатын мысалдар жазу, сызықша арқылы оқушылар қай сөйлем қай сөйлем түріне сәйкес екенін анықтайды.
Толымды Асан келді
Толымсыз Айгүл Астанадан ағасымен келді
Толымды Мұғалім емтихан сұрақтарын берді
Толымсыз Анам кеше дүкеннен кеш келді
Толымды Мен емтихан тапсырдым
Толымсыз Апам ертең қалаға бармақшы

Бесінші бетте: «СУРЕТТЕҢІЗ».
Әр заттың түріне, қасиетіне қарап суреттеукерек. Не болмаса сыныптағы оқушының мінезін, түр-әлпетін суреттеу.
Алтыншы бетте: «ТАЛҚЫЛАҢЫЗ».
Қолданыңыз не қарсы шығыңыз, өз ойыңызда тұрыңыз, дәлелдеңіз.
Атаулы сөйлемді мынадай жаңа әдістер арқылы оқытуға болады. Технологияларды пайдаланып, қазіргі заманауи талаптарға сәйкес интерактивтік тақтаны да қолданамыз.
1-кезең:
Атаулы сөйлемді оқытқанда қызығушылықты ояту үшін мындай қызықты тапсырмаларды беруге болады:
1. Қанша сөз табар екенсің?
2. Мына сөздерден атаулы сөйлем құрап көр. (тақтада әртүрлі әріптер беріледі)
2-кезең:
1.Құрылымы жағынан әр түрлі болып келген атаулы сөйлемдерге мысал жаз. Мысал мынадай міселелерді керек: а)мезгілдік, ә) мекендік, б)табиғат құбылысын білдіретін атаулы сөйлемдер.
3-кезең:
Жай сөйлемнің барлық түрлерін қатыстырып «Ұлттық ойындар» тақырыбында шағын әңгіме жаз. Мәтін бойынша сұрақтар дайында.
Сабақ аяқталған соң, сабақты бекіту кезеңінде осы страетегияны қолдануға болады. Оқушылар сабақ бойында қандай жұмыс жасады, қандай нәтижеге жеткендерін өздері қорытындылау алады. Тақырыпты өтпей тұрып атаулы сөйлем туралы не білді? Атаулы сөйлемнің тек қана бір сөйлем мүшесінен тұрып затты жалпы түрде тек атауын білдіретін сөйлем. Ал енді оның басқа да жай сөйлемнің құрылымдық типтерінен қандай айырмашылық бар екенін сабақ барысында жаңа нәрсе етіп қабылдайды. Ал егер балалардың сұрақтары болып, күмәнданатын жағдайлары болса, оны мысалдар арқылы дәлелдеп түсіндіру міндетті. Түсініксіз жерлері болса да, қайталау арқылы түсіндіру.
1. Мәтінді оқи отырып, әр сөйлем тұсына белгі қойып отыру керек;
2. Мәтінді оқып болдыңыз, енді не туралы оқығаныңызды бір сәт елестетіңіз, бұған дейінгі білетіңізбен сәйкес келді әлде керісінше.
Осы әдістердің барлығын замануи технологияларды пайдаланып көрсетіп, қолданамыз. Мысалы, әртүрлі схема, кестелерді, тапсырмалар, суреттерді интерактивті тақтада барлық оқушыларға бірдей бір уақытта көрсетіп уақыт үнемдеуге көмектеседі.
«Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» [19,30] – деген Елбасы жолдауына сүйенетін болсақ, мектептегі әрбір мұғалімнің жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан келер ұрпаққа қоғам талабына лайықты тәрбие мен білім беруде жаңа оқыту технологияларын зерттеу, оны білім саласына сәйкестіндіріп енгізу барысында, оның ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру – маңызды мәселелердің бірі. Осыған орай ІІ бөлімінде жай сөйлемдерді оқытудың әдістемесі берілген. Зерттеушілердің пікірлеріне, тәжірибелеріне сүйеніп әдіс-тәсілдер берілді. Жаңа технологияның үлгілеріне талдау жасалып, олардың ерекшеліктері нақтыланды. Жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар жүйесі, әдіс-тәсілдер мен оқытудың негізгі бағыттары көрсетілген. Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің жаңа ғылыми-педагогикалық технологияларын меңгеруін қамтамасыз ету.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы – қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері. -Алматы: Ана тілі, 1992. 154-300бет.
2 Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. -Алматы: Ғалым: 1999. 152- 390 бет.
3 С.Аманжолов. Қазақ әдеби жөніндегі синтаксисінің қысқаша курсы. -Алматы: Санат, 1994. 163-173бет.
4 Н.Сауранбаев. Қазіргі қазақ тілі. -Алматы: Қазақ ССР Ғылым академиясы, 1954. 410-503бет.
5 Т.Қордабаев. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисі. -Алматы: Санат. 1995. 6-8бет.
6Қазақ грамматикасы, 2002. 664-676бет.
7 М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі. -Астана: Ер-Дәулет, 2007. 20-205бет.
8 Ж.А.Жақыпов. Сөйлеу синтаксисінің сипаттары. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1998. 60-91бет.
9 Р.С.Әміров.Жай сөйлем синтаксисі. -Алматы: Мектеп, 1983.82-95бет.
10 Д.Әлімжанов, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы: Мектеп, 1965. 24-207бет.
11 Х.Арғынов. Қазақ тілі методикасының синтаксисі негіздері. -Алматы: 1969. 197-206бет.
12 И.Ұйықбаев. Қазақ тілі методикасының очерктері. -Алматы: Мектеп, 1969. 4-14бет.
13Б. Құлмағамбетованың . Қазақ тілін оқыту методикасы. -Мектеп, 1988. 36-38бет.
14 Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. –Астана: Елорда,- 2002.
15 Жалаң мен жайылма сөйлем //Қазақ тілі мен әдебиеті журналы.-2007. №9. 30-31бет.
16 Жалаң мен жайылма сөйлем //Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. -2006. №9. 11-15бет.
17 Қазақ тілі оқыту әдістемесі. Ж.Дәулетбекова.–Алматы: Атамұра.- 2002ж. 18-19бет.
18 Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты ҚР МЖБС 2.3.4.01-2010
19 Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жопары. – Астана: Елорда, 2002. 30-31бет.
20 Жай сөйлемді ізгілендіру технологиясы арқылы оқыту әдістемесі (8 сынып) //Автореферат. Алматы: -2006. 16-20бет.
21 Жай сөйлемді оқыту мәселесінің зерттелу жайы. // Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. -2006. №8. 20-22бет.
22 Н.Оралбаева, Ғ.Мадина, А.Әбілқаев Қазақ тілі практикалық курс. –Алматы: Қазақ университеті. -1993.25бет.
23 Қазақ тілінен әдістемелік құрал. –Алматы: Мектеп. – 2004. 97-98бет.
24 Омоним, синоним сөздерді оқыту. // Қазақ тілі мен әдебиет жураны. – 2005. №5. 97-98бет.
25 Әдістеме – әлемінде. Ғылыми әдістемелік жинақ. –Алматы: 2008. 252-254 бет.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Gauhar (2012-11-20) | Автор: Тулеутаева Гаухар Казтаевна E
Просмотров: 13127 | Рейтинг: 4.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-04-28, 12:07 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru