Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

"Төрт түліктің пайдасы" сабақ жоспары
Құрастырған – №7-жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Дидар Қапанқызы Смағұлова, ШҚО Семей қаласы


Төрт түліктің пайдасы

Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің пайдасы.
Сынып: 5
Сабақтың мақсаты:
- төрт түлік мал және оның пайдасы туралы біліп, әңгімелеп үйренеді;
- ойлау, танымдық қабілеттері, ойын жеткізе білу дағдылары артады;
- еңбекті бағалай білуге тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, жазба жұмыстары, тілдік жаттығулар; белсенді тақтамен жұмыс, тыңдау, бейнекөрсетілім, тест, жұмбақ шешу.
Көрнекіліктер: ОТҚ-белсенді тақта, бейнекөрсетілім, суреттер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру: амандасу;
оқушыларды түгендеу;
сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстыру.
«Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Төрт түліктің пайдасы. Біз өткен сабақтарда төрт түлік малға не жататынын айтқанбыз. Ал енді олардың адамға қандай пайдасы бар екені жайлы білетін боламыз, бейнекөрсетілім, оқулықтарың бойынша мәліметтер алып, солар бойынша өздерің сөйлеп үйренесіңдер, білімдеріңді ары қарай кеңейтесіңдер. Сонымен бірге ауызша, жазбаша жаттығулар орындап, Кімдікі? Ненікі? деген сұрақтарға жауап беру арқылы иелік формасын қайталаймыз».
II. Үй тапсырмасын пысықтау.
«Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, төрт түлік мал туралы білетінімізді еске түсірейікші. Менің жұмбақтарымды шешіңдер». (Жұмбақтар шешілген сайын белсенді тақтадан кезекпен төрт түлік малдың суреттері көрсетіледі).
«Кішкен ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар»
- Бұл не?
- Бұл қой.
- Қойдың төлі не?
- Қойдың төлі - қозы (оқушылардың жауабынан кейін төлінің суреті шығып отырады).
«Екі айнасы бар, Екі найзасы бар»
- Ол не?
- Ол сиыр.
- Сиырдың төлі не?
- Сиырдың төлі - бұзау.
«Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ».
- Бұл не?
- Бұл жылқы.
- Жылқының төлі не?
- Жылқының төлі - құлын.
«Маң-маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан».
- Бұл не?
- Бұл түйе.
- Түйенің төлі не?
- Түйенің төлі - бота.
«Жақсы, балалар, енді иелік формасын қайталайық. Келесі суреттерге назар аударыңдар. Мұнда кімдер және нелер бейнеленген?» (Қозы, бота, сиыр мен бұзау, ат, әже, жігіт, қой, түйе суреттері кезекпен көрсетіліп, атауларын айтады. Содан соң келесі сұрақтарға жауап береді).
- Қозы ненікі? (Белсенді тақтада қалам көмегі арқылы қозының суретін жылжытып қойдың жанына қояды, жауабын суреттің астына жазады, жұрнағын көрсетеді, қалған суреттер де осындай кезекпен орындалады).
- Қозы қойдікі.
- Бота ненікі?
- Бота түйенікі.
- Бұзаулы сиыр кімдікі?
- Бұзаулы сиыр апанікі.
- Ат кімдікі.
- Ат жігіттікі.
«Ал енді біз «Не істейді?» деген сұраққа жауап беру арқылы, төрт түлік малдың қайсысы қалай дауыстайтынын еске түсіреміз».
- Сиыр не істейді?
- Сиыр мөңірейді. (Әр малдың мөңіреген, маңыраған, кісінеген, боздаған дауыстары естіліп тұрады).
- Қой не істейді?
- Қой маңырайды.
- Жылқы не істейді?
- Жылқы кісінейді.
- Түйе не істейді?
- Түйе боздайды.
III. Жаңа сабақ.
1. «Жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын біздің сабағымызға қажет болатын сөздермен танысайық».
мата - ткань бесбармақ – бешбармак (национальное блюдо)
көрпе - одеяло момын – скромный, тихий
тері – кожа көлік - транспорт
киіз - кошма жүн - шерсть
алаша - дорожка қазы жасайды – делают казы
серік - спутник маңызды – важный
Сөздік жұмысы: сөздер оқылады, аударылады, қайталанады.
2. Тақтадан «перде» нүктесін басу арқылы сөзді жабамыз да аудармасы арқылы табамыз.
3. Сөздік дәптерлеріне жазады.
4. «Енді біз осы төрт түлік малдың адамға қандай пайдасы бар екені туралы айтамыз. Мына бейнекөрсетілімге назар аударып, тыңдайық». Тақтадан төрт түлік мал мен олардың пайдасы жайлы хабар беретін бейнекөрсетілімді қараймыз, мәтін оқылып тұрады.
5. Оқушылар мәтінді өздері дауыстап оқиды.
«Қазақ халқы үшін төрт түлік мал өте маңызды болған. Олар адамның жан серігі, айрылмас досы болған.
Қой - төрт түлік малдың ішіндегі момыны. Қойдың еті, сүті, майы, терісі пайдалы. Жүнінен киіз басады. Киім-кешек, алаша, кілем тоқылады.
Сиыр - ірі қара малға жатады. Сиырдың еті, сүті пайдалы. Сүтінен айран, қаймақ, құрт, ірімшік жасалады.
Жылқы - ер қанаты. Ол - сезімтал, талғампаз жануар. Жылқының сүті қымыз денсаулыққа пайдалы. Жылқыны көлік ретінде пайдаланады. Қазақта ат ойындары көптеп саналады.
Төрт түліктің төресі - түйе. Оның еті - тамақ, шұбаты - сусын, жүні - киім. Түйе - таптырмас көлік. Ол шөлге төзімді келеді».
6. Сұрақтарға жауап береді.
- Қой бізге не береді?
- Ет, жүн, тері.
- Сиырдан адамдар не алады?
- Сүт, ет.
- Сиырдың сүтінен не жасайды?
- Сүттен айран, май, құрт жасайды.
- Жылқының қандай пайдасы бар?
- Жылқы ет, қымыз береді. Атпен шабады. Ат ойындары бар.
- Адамдар түйені қалай пайдаланады?
- Түйенің сүтінен шұбат жасайды. Түйені көлік ретінде пайдаланады.т.б.
IV. Бекіту.1. Оқулық, дәптермен жұмыс. 80-беттегі 2-тапсырманы жазбаша орындайды. Мысалы: «Жүннен не жасайды? Жүннен киіз басады. т.б.»
2. Жұмыстар оқылып, тексеріледі, қателері түзетіледі.
3.Тестілеуші құралды пайдаланып оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді.

V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма. «Төрт түлік малдың пайдасы» тақырыбына шағын мәтін құрып келу.
Сөздік жаттау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: SGK (2013-01-24) | Автор: GK E
Просмотров: 25216 | Рейтинг: 3.3/10
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-05-18, 9:40 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru