Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

«Кітап –алтын қазына»
ШҚО Семей қаласы
«№30 жалпы орта білім беретін мектеп»
Бастауыш сынып мұғалімі
Бейсебаева Сайрагүл Айтқазықызы
Ашық сабақ 4 «В»-сынып


Тақырыбы: «Кітап –алтын қазына»
Сабақтың мақсаты:Кітап –сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап жайлы жазылған нақыл сөздер, плакаттар,суреттер.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.
- Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.Кітап білімімізді молайтады,кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек деп бүгінгі «Кітап-алтын қазына» атты ашық сабағымызды бастайық.
1.Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы Әліппеден
Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит Аружан
Оқысақ кітап сырын ашып терең

2. Кітапты оқымайды, сыйламаған,
Білімге жанын жанып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой-өрісін, Ануар
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

3. Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп, Алихан
Береді білім нәрін кітап көктеп.

4. Кітаптар бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің Мадина
Оқисың кейде жаттап,
Көтеріп күйін көңілдің.
• Дильяраның орындауында ән « Туған жерім »

5. Айдын шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің,
Ауадай қажет бейне бір, Амина
Таппасаң нәрін шөлдерсің.

6. Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады. Рүстем
Жеткізіп өткендердің өсиетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.
• Фортопионода Балжанның орындауында «Менует »

7. Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,
Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.
Ашқанда-ақ өткен күнмен беттеріңді, Аружан
Келер күн көз алдыма кеп тұрады.

• Срипкада Альдинаның орындауында халық әні «Бір бала»

8. Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние-мүлкі.
Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы, Азамат
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

9. Кітабың – сенің құралың
Жағар білім шырағың Лунара
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.
* Ислананың орындауында « Ұстазым» әні
10. Білім алар көп адам,
Жақсы нәрсе жоқ одан,
Қызыға кеп оқимын
Кітап көрсем жаңадан Али
«Кітаптар мұңы» көрінісі
Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітаптар әкеліп тастады. Беттерін шаң басқан оқулықтар қайда келдік дегендей жан – жағына көзін сығырайта ашып, көршісін түртті.
- Ей, бауырым, тұрсаңшы! Біз қайда келдік өзі?
- Ой, мазамды алмашы. Өйткен тірлігі бар болсын. Одан да парақтарымның жыртылып, желге ұшып кеткені дұрыс еді.
- Не болды, не болды соншама? Жалғыз сен деймісің, осындай күйге түскен?
- Өй, сен кімсің, сыртың бүп-бүтін ғой өзіңнің.
- Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін болғанымен, ішім – түтін. Математикамын.
Балалар оқысын, сауат ашсын, адам болсын деген ниетпен мен өзімнің білімімді беруге тырыстым.
- Бәріміз де сондай ниетте едік. Артықбай деген баланың қолына түстім.
- Мен Сотқарбай деген баланың кітабымын, Ол парақтарымды жыртып алып, кептер жасап, ұшырып ойнағанда «қой» демеді ғой үлкен ағасы, шіркін!
- Онда мұңдас болдық қой, достым. Біздің Артықбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді бастырып, бетімді шимайлады.
- Адам өз мүлкіне ұқыпты болса ғой. Әдепті балалар көп. Мысалы, менің бір досым бар. Ол екеуміз парталас болдық. Соның иесін айт, оқушы деп! Бүлдірмек түгілі, шаң мен кір жуытпайды.
- Ендігі алдағы күніміз не болар екен? Мүмкін бәрімізді жинап-жинап, отқа жағар?
- Отқа жағар! Жүр, бауырым тұрмайық, мектептегі «Кітап дәрігеріне» барайық
- Сәлеметсіз бе, дәрігер, бізді қарап, көріп, ауруымызды анықтап беріңізші.
Кітап емшісі: Оқулыктарды қарап тұрып:
1. Судың әсерінен ішкі беттерді былғанған, парактары бүктелген бұл жеңіл емделетін ауру.
2. Сіздікі салақ оқушының кесірінен, сыртқы қабы бүлінген, түбі ажыраған, парақтары босап қалған.
Кітап емшісі: Операция жасау арқылы емдейміз. Ине, жіп арқылы түскен парақтарын тігеміз. Кітап түбін желімдейміз. Сөйтіп емдеп, пайдалануға жарамды етіп шығарамыз. Бұрынғыдай жайнап, жарқырап тұрмасаңдар да, әлі талай баланың қажетіне жарайсыңдар.
Мұғалім: Иә, балалар! Білімнің кілті осы оқулықта. Оқулық – біздің өміріміз. Оқулықты жыртпай таза ұстайық. Оқулықта қаншама адамның еңбегі бар,
соларды сыйлайық.
1-оқушы:
Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.
Орманшының аялы, Айбар
Алақаны өсірген.
Сонау ағаш саялы,
Қағаз үшін кесілген.
2-оқушы:
Ағаш кесіп қанша адам, Даяна
Ормандарда жүреді.
Аға қанша шаршаған,
Ағаш тиеп үнемі.
Машинист боп жасынан,
Дүбірлетіп даланы.
Сол ағашты тасыған,
Білер ме екен көп адам.
3-оқушы:
Заводтарда күн-түні,
Қағаз жасап бағалы.
Қанша адам кім үшін, Альдина
Маңдай тері тамады.
Оқулықты баршаға,
Талай ғалым қолға алып.
Жылдар бойы қаншама,
Жазады ұзақ толғанып.
4-оқушы:
Бояу жағып не түрлі,
Суретшілер көркемдеп.
Қанша уақыт отырды,
Әріп теру үшін де. Сырым
Талай адам терледі,
Баспахана ішінде
Айлап тыным көрмеді.
5-оқушы:
Оқулықты мектебің,
Берер саған теп-тегін.
Білмейсің-ау еш бірақ,
Қаншама еңбек кеткенін. Балжан
Оқулығың – құралың,
Жағар білім шырағын.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір қадам.
6-оқушы:
Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста, кірлетпе.
Кішілерге табыс ет, Марат
Дақ түсірмей бір бетке.

Жайнатып жанымызды
Келтіріп сәнімізді
Арнайық бас қосқанда
Тамаша әнімізді- деп келесі музыкалық
Ән «Аяулы мектебім! »
Қорытындылау:
• Слайд көрсету
• Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай кітап туралы кім қандай мақал-мәтелдер, нақыл сөздер біледі, мына алмаға жазып алма ағашына іледі.
Категория: Начальная школа | Добавил: Марина-Скворцова (2014-02-02) | Автор: Бейсебаева Сайрагүл Айтқазықызы E
Просмотров: 3161 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-10-01, 4:33 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru