Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Қазақстан республикасының рәміздері. Рәміздердің авторлары
Қазақстан республикасының рәміздері. Рәміздердің авторлары
Мақсаты:
• Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздермен жан-жақты таныстыру;
• Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне,халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;
• Оқушыларға мемлекеттік рәміздерің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру,ой өрісін кеңейту;
• Отанды сүюге,рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.
Барысы
Мұғалім:
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақстанға сендердің жасампаз еңбектерін, сендердің күш жігерлерің және сендердің білгендерің қажет …
Отан сендерге зор үміт артады. Сендер оны ақтап шығатындарыңа сенімдімін. Отаншылық сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады.» деген. Сондықтан оқушылар елбасымыздың сенімін ақтайтындай азамат пен азаматша болайық дегім келеді.
Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел-жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың тендігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді. Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ елін бүгінде әлем таниды.
Әнұран орындалады:
Мұғалім: Құрметті оқушылар, қонақтар!
Рәміздерім – елдігімнің белгісі
Білу керек баладағы ең кіші
Рәміздерім - Әнұраным, Ту, Елтаңба.
Рәміздерді жатқа білген - жөн кісі,- деп бүгінгі «Рәміздерім мақтанышым » атты Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттауға арналған сабағымызда рәміздер еліне саяхатқа шығумен бастаймыз. Біздің саяхатымыздың мақсаты- рәміздер елінен көп мағлұмат әкелу, авторлары, жасалу тарихы тағы басқада қызықты мәліметтер жинауымыз керек.
«Шекара бекеті»
- Балалар, біз Рәміздер мемлекетінің шекара бекетіне келдік, бұл жерде бізді тексеріп өткізеді.Ол үшін мына сұрақтарға жауап беруіміз керек.

Май қызметкері:
1-сұрақ «ҚР-ның Конституциясы»
-ҚР-ның Конституциясы 1995 жылы 30-тамызда референдумда қабылданды. 9-бөлім
98-баптан тұрады. 9-бабында: ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен бекітіледі. 34-бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылған.
Май қызметкері:
2-сұрақ «Өз анттарыңды білесіңдер ме?»
Мен ҚР- ның азаматы Отаным Қазақстанның дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы,өркениетті ел болуы үшін сапалы білім аламын. Жоғарғы мәдениетті азамат боламын. Туған халқымның ата-дәстүрін жалғастырамын. Мемлекеттің президентін құрметтеймін. Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай орындаймын. Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап қастерлеймін деп ант етемін.
Май қызметкері:
Дұрыс балалар өте берулеріңізге болады.
Мұғалім: Ал балалар, біз Рәміздер еліне кірдік. Бұл елде-бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған –Тәуелсіз мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы, өз президенті, өз рәміздері болады. Рәміздер мемлекеті үш аймақтан тұрады: «Әнұран» «Елтаңба» «Ту». Осы үш ауылға сапарымызды жалғастырамыз.
Әнұраным – жанұраным,
Айтар әнім сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам- Әнұраным,- деп «Әнұран» ауылына келдік. Осы елдің әнші -композиторларымен танысайық.
1- оқушы:
ҚР –ның мемлеккеттік әнұранының әуені көңілді толқытып, жаныңды шаттыққа бөлейді, жүрегіңді егеменді елімізге деген қуаныш сезімге толтырады.Әнұранның әсерлі үні салтанатты жиналыстар мен мәжілістерде шалқиды. Еліміздің өмірінде аса маңызды орын алған ескерткіш орнатылғанда Әнұран орындалады. Шет елдердің мемлекет басшыларын қарсы алғанда немесе шығарып салғанда оларға мемлекеттік Әнұран әуенімен құрмет көрсетіледі.Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны көпшілік алдында орындағанда міндетті түрде түрегеп тұрып тыңдайды. Бұл – егемен елімізге зор құрмет.Әнұран мәтінін жаттап алып, салтанатты жағдайларда қосылып айту- әрбір азаматтың міндеті.
2- оқушы: Әнұран- тәуелсіз жас мемлекетімізді бүкіл дүние жүзіне паш еткен алтын да асыл сөздермен жазылған. Қазақ халқының кеңпейілділігі мен бауырмалдығының арқасында республика көп ұлттың баласына алтын бесік болып отыр.
Жаңа әнұран ресми түрде 2006 жылы 11-қаңтарда Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі кезінде орындалды. ҚР әнұраны бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етеді. Жастарды қайсарлыққа, төзімділікке, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.
Мұғалім: Жастарды қайсарлыққы, төзімділікке, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақыратын Әнұранымыздың авторы кімдер екенін білеміз бе?

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы, экономика ғылымының докторы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Халықаралық инженерлік академиясының академигі, «Алтын қыран» орденінің дүниежүзінің көптеген елдерінің жоғарғы мемлекеттік наградаларының, бірқатар халықаралық және отандық қоғамыдық ұйымдардың арнайы сыйлықтары мен атақтарының иегері. 1940 жылы Алматы облысының, Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген. Украинадағы Днепродзержинск техникалық училищесінде, Қарағандаы металлургиялық зауыты жанындағы Жоғарғы техникалық оқу орнында оқып, инженер-металлург мамандығын алған. Еңбек жолын Теміртауда болат балқытушы болып бастап, кәсіпорын, қала және облыс деңгейінде басшылық жұмыстар істеді. 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының президенті.

Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов (1935 - 1983)
ҚР мемлекеттік әнұраны авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері. Атырау облысының Құрманғазы ауданыныдағы Қошалақ ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетінде және Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институты жанындағы жоғарғы әдеби курстарда оқыған. «Жазушы» баспасында «Лениншіл жас» газетінде, Қазақстан Жазушылар Одағында, Баспа істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте, «Мектеп» баспасында жұмыс істеген.

Шәмші (Жәмшит) Қалдаяқұлы (Әнәпияұлы) (1930-1992)
ҚР мемлекеттік әнұранының музыкасының авторы, көрнекті сазгер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері.
Шәмші Қалдаяқов есімі аталғанда аузымызға бірден халқымыздың әнұраны айналған «Менің Қазақстаным» әні түседі. Иісі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп, сыр болып өріліп, әндерінің қай қайсысы да халықпен бірге туғандай біте қайнасып, оның бөлінбейтін бөлшегіне айналып кеткен. Халқының жүрегін осыншалықты сыршыл да кәусар саздың құдіретімен баураған ұлы сазгер есімі ұмтылмайды. Халық жүрегінде.

Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар
Болмаған деп әнұран?
Енді бүгін өлген туым тірілді,
Әнұраным жалғап қалды ғұмырды.
Босағада қалып келген елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп ілінді.
Барша халық таныған,
Шырқалғанда әнұран.
Шаттық кернер жүректі,
Біздің үміт, тілекті.
Мұғалім:
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл- таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім.
Мұнда да бар жер күші
Қара шаңырақ- ел күні,
Асқақтатып тұр мұны.
Елтаңбасы- елдігім
Елдің тыныш тірлігі,-деп «Елтаңба» ауылына да келіп жеттік. Бұл елдің сәулетшілерімен және елтаңбаның әр белгісімен танысайық.
Елтаңбамыздың негізгі ойын білдіретін орталық элементі – шаңырақ. Отбасы ынтымағы мен тыныштығының нышаны. Асқан шеберлікпен, әсерлі де әсем бейнеленген түндік көгілдір, ашық аспан аясындағы жарқын күнді білдіреді.Елтаңбаның көгілдір кеңістігінде ортасынан жан-жаққа тең таралған уықтар әлемдегі жылу мен тіршілік нышаны- күн сәулелерін еске алады. Шаңырақтың үш қатардан айқасып тұратын күлдіреуіштері үш жүздің мызғымас бірлігін білдіреді.
Елтаңбаның компазициялық құрылымының келесі құрамды бөлігі аңыз әңгімелердегі алтын қанатты, ай күресте арыстанның айбарын, қыранның қырағылығын, орасан күш иесі бұқаның қуатын, еліктің шапшаңдығы мен жылдамдығын және қимыл көркемдігін, түлкінің айлакерлігі мен тапқырлығын білдіреді. Әсем де мықты мүйіздері жеті буыннан немесе бөліктен тұрады. Бұл жеті буынның байланысы, олардың мызғымас бірлігі жеті атасын білмеудің тексіздік екенін, есімізге салады. Тұлпардың алтын қанаттары бидайдың алтын масақтары түрінде бейнеленген, яғни ол-еңбектің, молшылықтың, байлықтың белгісі.Елтаңбаның орта тұсында бес бұрышты жұлдыз бар, бұл біздің ақ жүрегіміз бен кең құшағымыздың барлық бес континеттің өкілдеріне де айқара ашық екенін білдіреді.Елтаңбамыздың реңдік бейнесі алтын және көгілдір түсті. Алтын түс халықтарымыздың жарқын да, айқын болашағына сай келеді. Ал көгілдір аспан әлемнің барша халықтарына ортақ.
Елтаңбалардың тарихи бастауында мөр таңбасы тұрғанын мойындау керек. Ол меншікті билікті ажыратқан. Мысалы: Шыңғыс ханның мөрі яшма асыл тасынан жасалған. Онда «Құдай билеушісінің мөрі » деген жазулар жазылған. Махмұт Қашқари өзінің сөздігінде «Таңба»сөзі « Ел билеушісінің ерекше белгілері » деген ұғым беретіндігін жазады.
Елтаңбаның мөрге бедерлеп түсірілген бейнесі мемлекет, үкімет атынан қабылданған немесе басқа да ресми құжатқа басылады.
Мұғалім: Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторы кімдер?
Шотаман Ыдырысұлы Уәлиханов
ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, Мемлекеттік сыйлық иегері, белгілі қоғам қайраткері.1932 жылы Көкшетау облысының (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы) Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірді. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері, Алматы қаласының бас сәулетшісінің орынбасары, Қазақстан Сәулетшілер одағы басқармасының төрағасы болды. Республикалық тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау қоғамының төрағасы.
Негізгі шығармашылық жұмыстары: Алматыдағы Ш. Уәлиханов (1969), Әлібй Жангелдин(1975), Тоқаш Бокин (1977) ескерткіштері, «Динамо» стадионы құрылысының (шығармашылық топ құрамынды) жобалары , Алматыдығы Тәуелсіздік монументі авторлар тобының жетекшісі(1998)

Жандарбек Мәлібекұлы
ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы, Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданындағы Екпінді ауылында дүниеге келді. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми-зерттеу жобалау жөніндегі бас сәулетші. Әндіжан қаласындағы әуежай, Ташкенттегі Үкімет қонақ үйі , Ферғанадағы облыстық пошта, Самарқандтағы облыстық әкімшілік үйі, Драма театры мен орталық кітапхана ғимараттарын, Ангрен, Ферғана және Самарханд қалаларындағы бірқатар тұрғын үй аудандары құрылысын жобалауға қатысқан.
Аружан
Елтаңбам, тау біткенмен таласасың,
Үйілген анау қойған ала тасың.
Үкілі қыз секілді ертедегі
Үйіріп бар халқыңды қаратасың.
Кейбіреу Елтаңбаны дөңес десін,
Көзіне басқа таулар елестесін.
Елтаңта, Елтаңбам-ай аты болса,
Білемін басқалардың теңеспесін.

Мұғалім:
Көк аспанда – қызыл күн
Көк аспанда – жас қыран.
Естілгендей біздің үн,
Сол ғарыштың астында.
Туымызға жас тұнған
Бір қарамай өтпейміз.
Сол көк Тудың астында,
Көгереміз көктейміз,- деп «Ту» ауылына да келіп қалыппыз. Мұнда тудың авторымен және ту туралы мағлұматтар аламыз.

Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков
ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі. 1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келді. В.И.Мухин атындағы Ленинград жоғарғы көркемөнер өнеркәсіп училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі. Чехославакияда өткен халықаралық байқаудың алтын медалін (1961) және Санкт – Петерборда өткен плакаттар байқауының бірінші жүлдесін (1982) жеңіп алған.
Дильназ:.
ҚР Мемлекетік Туы – тік төртбұрышты көгілдір мата. Тудың ортасында шұғылалы күн бейнеленген. Оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі алтын түсті бояумен берілген. Матаның сол жағында ұлттық өрнек салынған тік жолақ бар Онда «қошқар мүйіз» деп аталатын қазақы өрнек ойылған. Күн, күн шапағы, қыран, ою – алтын түстес.
Тудың ені-1метр, ұзындығы – 2 метр. Зеңгір көк түс (түркілік наным – сенім тұрғысынан алғанда – тәңірлік түс)-дегенді білдіреді. Жібек матаның ортасындағы 32 күн шапағы астындағы қыран бейнесінде өкімет билігін паш етіп, көрегендік пен кеңдікті білдіреді
Мирас:
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен –тек,
Елдің ашық қабағы
Айдана: Тудың қабылданған күні 1992 жылы 4-маусым. Ресми тұсауы кесілген күн – 1992 жылы 6-маусым.
Ту ресми шараларда немесе шетелдік қонақтарды қарсы алғанда немесе шығарып салғанда ілінеді.
Қазіргі кезде барлық жерде мемлекеттік белгі ұлттық ту болып табылады. Туға әскери құрмет көрсетіліп және тағзым етіледі. Туды құрметтемеу елді, жерді құрметтемеу болып табылады. Жоғарғы дәрежедегі қонақты қарсы алғанда оның елінің туы да тігіледі.
Бүгінгі күні мемлекеттік туымыз Біріккен Ұлттар Ұйымы ғимараттарының алдында әртүрлі елдердегі елшіліктеріміздің маңдайшаларында желбіреп тұр. Оны ғарышкер, ұшқышымыз Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен заңғар көкке көтерсе, ал альпинистеріміз 1995 жылы Эверест шыңына қадады және дене шынықтыру саласында көптеген спортшылар еліміздің туын көкке көтере желбіретіп, қуантып жатқаны да белгілі.
«Шекара» бекеті
Шекарашы:
1-сұрақ: Балалар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану рәсімі жөнінде ережені білесіңдер ме?
Әсет: ҚР-ның Мемлекеттік туы; білім беру ұйымы басшысының кабинеттерінде басшы үстелінің оң жағында орналасуы керек. Тарих, Алғашқы әскери дайындық кабинеттерінде міндетті түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары Елтаңба, Ту, Әнұран мектеп тақтасының сол жағында орналасуы керек.
Мустафа: Білім беру ұйымдарының барлық оқу кабинеттерінде міндетті түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандарына арналған (лицензияланған баспа өнімі) арнайы бұрыш безендірілуі керек.
Нұргүл: Мемлекеттік мереке айрықша мәнді мереке күндері салтанатты іс-шаралардың басталуы мен аяқталуына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны барлық қатысушылармен орындарынан тұрып, оң қолдарын жүрек тұсына қойып орындалады. Оны орындау барысында артық қозғалыс-қимылға жол берілмейді.
Қорытынды.
Мұғалім: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақстанға сендердің жасампаз еңбектерін, сендердің күш жігерлерің және сендердің білгендерің қажет …
Отан сендерге зор үміт артады. Сендер оны ақтап шығатындарыңа сенімдімін. Отаншылық сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады.» деген. Сондықтан оқушылар елбасымыздың сенімін ақтайтындай азамат пен азаматша болыңдар.
Мұғалім: Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел-жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың тендігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді. Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ елін бүгінде әлем таниды.
Балалар, сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер.
Қазақстан Республикасының азаматтары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының аймағында жүрген адамдардың барлығы Қазақстан Республикасының Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қадірлеуге міндетті. Бұлай болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Балалар, Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Олай болса, еліміздің болашағы сендерсіңдер! Отанды сүюге, қорғауға әрқашанда дайын болыңдар.
Категория: Начальная школа | Добавил: Мака (2014-05-09) | Автор: Марал Тлеугалиевна E
Просмотров: 10504 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.2/5
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-05-05, 7:10 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru