Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Болжауы және өткізгеннен кейінгі 4 сабақтың әрқайсысына жазылған рефлективті есеп
Болжауы және өткізгеннен кейінгі 4 сабақтың әрқайсысына жазылған рефлективті есеп
Жаңаша курс. Қандай курс? Не туралы? Сан түрлі сұрақтар мені мазалады. Сұрақ көп, жауап жоқ. Осы жағдай мені қатты ойлануға әкелді. Бірінші кезеңде 7 модульдік бағдарламаның заман талабына сай жаңа әдіс- тәсілдер арқылы оқу үрдісін өзгерту шарт екеніндігін түсіндім.
Теориялық білім алу барысында күнделікті неге? сұрағына жауап алу үшін көп ойландым, әріптестерімнен сұрадым, теорияны оқыдым, мұғалімді мұқият күнделікті сабақта тыңдадым. Мұғалімнің әрбір сабақта істеген іс әрекеттерін дәптеріме жазып отырдым. Әр сабақ күн сайын жаңарып, біліміміз кеңейе түсті, әр сәтті тиімді өткізе білдік. Осылай алғашқы кезең қалай өтіп кеткенін де байқамай қалдым.
Бұрын өткізген дәстүрлі сабақтарымды осы теориялық курста үйренгеніммен салыстырып, үлкен айырмашылықтар бар екеніне көзім жетті.
Мамыр айында бір ай бойы оқығанымызды, білгенімізді, көргенімізді, түсінгенімізді, жеті модульдегі қарастырылған идеяларды, сабақта пайдаланатын жаңа әдіс тәсілдер мен стратегияларды практикада тиімді қолдануды негізгі мақсатым ретінде алдыма қойдым.
Бұл өте маңызды. Сондықтан, жалпы оқу процесіне үйренген жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға асықтым. Балаларға деген көз қарасымды өзгерткім келді. Жалпы өзім өзгеруге ұмтыламын. Алдыма қойған мақсатыма жету үшін жоспар құрамын. Күнделік жүргіземін. Практикаға келген сәттен жоспар бойынша жұмысқа кірісемін.
Ең алғаш қиналатыным, сабақ жоспарын жазған кезде сабақты қалай бастаймын? Балалардың қызығушылықтарын қалай арттырамын, назарын сабаққа қалай аударамын, осы туралы көп ойландым. Себебі бұрынғы ойым тек қана оқу бағдарламасын өту болса, қазір қалай оқытамын? деген ой басым болды. Теорияны тағы бірнеше рет қарап шығамын. Балалардың назарын сабаққа аудару үшін сыни тұрғыдан қараймын. Дәстүрлі сабақтағы әдіс - тәсілдерді пайдаланбауға, өзімнің іс тәжірбемде әдіс- тәсілдерді өзгертуге, балалармен қарым- қатынасты өзгертуге, жалпы өзімді өзгертуге асықтым.
Мен дәстүрлі сабақтан айырмашылығын байқадым: себебі, 1«сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Сыни тұрғыдан ойлау Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді» (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 48-бет). Сондықтан мен, балалардың қызығушылықтарын арттырып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуға әсер еттім.
Сабақ жоспары Әдебиеттік оқу пәні. 2-сынып
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні
Абишева Гульназ
2 «к» сыныбы.
Оқушының саны 13
Ақмола облысы
Бурабай кенті Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі
1 Апта
3.04.2012
2 Сабақ. 13:45-14:30 № 12 дәрісхана
Сабақтың атауы
Ай кімдікі?
Сілтеме
Б.И.Иманбекова, А.Т.Мадиева. 2- сынып оқулығы. 198-199 бет. Слайдтар.
Жалпы мақсаты

Ай туралы не біледі? Ай туралы ұғымды қалыптастыру, оқушы алған білімі өзінің дамуына әсер ету, өмірде, адамдармен қарым - қатынаста қолдана алу
Міндеттер:

1. Көздерін жұмады, аспанды елестетеді, елес бойынша сурет салады, әңгімелейді
2. Өлеңді түсініп оқиды, талдайды
3. Сөздікпен жұмыс жүргізіледі
4. Мәтінмен жұмыс, түсініп оқып, флипчартқа ойларын жазады.
5. Рефлексия
6. Кері байланыс
Күтілетін нәтиже
1. Ай туралы білімнің алғашқы негізін қалау;
2. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға ай туралы білімнің басталғанын сезіндіру;
3. Жаңа білімнің өмірде бар екендігін, оны біз өмірде байланыстарда пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру;
4. Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу
5. Мұғалім оқуға бағыттап отыру
6. Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау
Тапсырмалар
wiki беттерінен жүктелген дереккөздер
1. http://siteanime.ucoz.ru/photo/1-14-0-0-2 анимация
2. http://yandex.kz/ суреттер
3. Сұрақ және жауап Стив Паркер 2006 жыл, 26-27 бет

1 сабақ. тақырыбы: Ай кімдікі?
Ай жайлы ойларын дамыту
Белгіленуге арналған түйінді сөздер: ай, Тунис, Каир. Куба
Екі айды ажырату
Айдың адамға пайдасы

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.
Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу 0,5мин
СТО сұрақтары
Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?
-оқушылар не алады?
-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
-өмірден алған тәжірибесінің әсері?
-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?
-оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
-Психологиялық ахуал
-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу
І. Қызығушылығын ояту Слайд1
Психологиялық ахуал
Мұғалім: Балалар көздеріңді жумыңдар, дала қап-қараңғы,бастарыңды жоғары көтеріңдер , нені елестетіңдер?(музыка ойнап тұрады) 30 секунд
Мұғалім сұрақ: көз алдында нені елестетіңдер? Флипчартқа суретін салыңдар. Уақыт (2 мин) Слайд2
-Шағын топта салған суреттеріңе шағын әңгіме құрастырып айтыңдар
/9 мин /
Слайд 3
-Филипчартты әр топ ұстап тұрып қорғайды, жазған әңгімелерін оқиды


Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?
Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)
-оқушыларды белсе-не қатыстыру
-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)
-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу
-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу
Толғаныс

-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту
-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу
-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету
ІІ. Мағынаны тану
! Тапсырма - Слайд 3
Сөздікпен жұмыс:
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңдар.Оқулық 199 –бет
(Мұғалім әр балаға сөздікпен жұмысты таратады 25 шт)
...... - аспан денесі.
...... – уақыт өлшемі, он екі ай бар.
...... – Солтүстік Африкадағы мемлекеттің астанасы.
...... – Араб Египет Республикасының астанасы
...... ның астанасы –Гавана 4 мин
-Оқулықпен жұмыс
Б.И.Иманбекова, А.Т.Мадиева. 2- сынып оқулығы. 198-199 бет.
-Ай кімдікі? Өлеңін жеке оқиды. (4мин)
Дарынды баламен жұмыс:
Айға қатысты қандай тыйым сөздер білесің? Дәптеріңе жаз
-Оқушы мәнерлеп оқып береді. 1 мин
өлеңнен алған мәліметтерді ауызша өз ойларын айтады
-Сергіту сәті: Бұлттар. (Электрондық көз жаттығу)
«Айға жету» (мұғалім ойын түрінде өткізеді. Жаттығу) 2 мин
Cұрақ: Ай адамға керек пе? Жоқ па?
Оқушылар ойын айтады
-Мұғалім мәтінді баяндайды, суреттер көрсетеді (слайдтар 10-14)
(Балаларға мәтінді таратады, балалар оқып отырғанда фломастерлерін ауыстырып қояды)
........................................................... тақырыптың орны /25 шт шығару керек/
Қазақтың керемет дәcтүрлерінің бірі – Айға сәлем беру. Жаңа Аймен бірге жаңа кезең, жаңа өмір басталады, соған орай табиғат құбылыстары да өзгеріп отырады. Біз түнде айды көреміз. Ай болса далада түнде жарық болады. Ай жерге жақын сияқты, бірақ шынында, ол жерден 384000 км алыста. Айда тым-тырыс, онда қозғалыс жоқ. Айда таулар бар.
Тапсырма: 1. Жеке оқы/4 мин /
2.Топта талқылап, филпчартқа қосып жаз /4мин
(рефлексия)
-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру
-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу
жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру
3. Сыныпта қорғау /10 мин/ әр топтан 1 бала тұрып айтады

ІІІ. Ой қорытынды
Сонда біз бүгін не туралы өттік? Тақырып не болды? (Оқушылардың ойын сұрап, сыныппен ақылдасып тақырыпты табамыз.) 1 мин
Бүгінгі тақырыбымыз «Ай»

( Жоғарыдағы тақырыпты жазу бос орнына тақырыпты қоямыз)
Бағалау (түрлері)
-оқушының өзін-өзі бағалауы
-топтың өзін-өзі бағалауы

Бағалау: /2мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы
Оқушының аты-жөні
Топта сөйлеп, идея айтқанды-ғын бағала
Белсенділігін бағала

1

2

3

4

-сабақты қалай аяқтауды жоспарлау

Сабақты аяқтау түрлері
-үйде жалғастыру...
Слайд 6/2
Үйге тапсырма жазып ал
«Менің айға сапарым» атты ертегі құрастырып жазу
/1 мин/
Үйге де айға қатысты тапсырма бердім.

45 мин. Сабақтың соңы
Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер
-оқушы алған білімінің деңгейін қандай дәлел арқылы білуге болады?
- оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?
-мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма?

Оқушы жаңа материалды түсінді деп ойлаймын. Себебі, олардың белсенділігі жақсы болды, өз ойын анық айта алды. Тек уақыт аздау болып кетті. Себебі, оқушылар жаңа материалды оқып, флипчартқа жазу үшін көп уақыт кетіріп алдым. Келесі сабақта уақытты тиімді пайдалануға тырысамын.

-қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары)
Сабақтың басында оқушыларға геометриялық фигураларды таңдап алуын ұсындым. Фигуралар арқылы топтарға бөлдім. Геометриялық фигураларды алған себебім математика пәнімен байланыс жасадым. Математика сабағында геометриялық фигуралар туралы тақырып өтілген болатын.
Кері байланыс парағы. Стикерлер жапсырады.
№ 1 –сабаққа болжау. 2-сынып. Әдебиеттік оқу пәні. Тақырыбы: «Ай кімдікі» Ең бірінші жоспарлайтын сабағым 2-сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен, «Ай кімдікі» тақырыбы болды. Алдыма қойған мақсатым: «Ай туралы не біледі? Ай туралы ұғымды қалыптастыру, оқушы алған білімі өзінің дамуына әсер ету, өмірде, адамдармен қарым - қатынаста қолдана алу»
«Ай кімдікі» тақырыбына сабақ жоспарын құру өте қиын болды. Осы тақырыпқа кіру үшін қандай іс- әрекет жасасам дұрыс болатын еді? Ай тақырыбына қалай сабағымды бастасам деген сұрақ жарты күн мені мазалады. Айдың суретін көрсетсем ше? Жоқ. Ол дәстүрлі сабаққа айналып кетеді ғой. Көп ойланып, шешімін тапқан сияқтымын. Мен осы тақырыпқа кіру үшін музыка қойып, «балалар көздеріңді жұмыңдар, бастарыңды жоғары көтеріңдер. Нені елестетіңдер?» деген тапсырма бердім. Балалар ай мен жұлдыздарды елестеткендерін айтады. Одан кейін жаңа материалды, яғни мәтінді таратсам. Балаларды топпен жұмыс істеуге үйретуім керек.
Балалар өздері жеке оқып шығады, әр бала нені оқығанын түсінуге тырысады ма? Әлде оларды қызықтырмайды ма? Одан кейін қасындағы отырған баламен өз ойын айтып, ақылдасуға бағыттасам. Мәтінді топқа салып талдатамын. Яғни, балалардың барлығы бір ойға келуіне ықпал жасауым қажет. Түсінгенін флипчартқа жазып, қорғауға бағыттау керекпін, балаларға бағыт бере білуім керек, қолымнан келеді ме? Жоқ па? Балалар белсенді жұмыс істеу үшін қалай оларға әсер етсем? Қандай іс әрекет жасасам? Сабақта уақытты да үнемдей білуім қажет. Балаға тапсырма бергенде қайта-қайта ескерту жасамауға өзімнің үйренуім керек, баланың мазасын алмауға тырысамын. Мен шыдамдылыққа үйренуім керек. Шыдамды болу маңызды екенін ұмытпауым керек.
Мен, балаға сұрақ қойып, ойлануына уақыт беруге тырысамын, қате жауап берсе, ол бала кейін өз қатесін өзі түсінуіне үйретуім керек. Өз-өзіне баға беруге үйретсем деймін.
2«Білім берудегі басқару және көшбасшылық білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатынына негізделеді. Көшбасшылық Бағдарламаның өн бойында мұғалім еңгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады» (мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 14-бет). Мен білім берудегі басқару және көшбасшылықтың нәтижесінде өзгерістерге мұғалім ықпал етуі керектігін түсіндім. Мен сабақта өзім тек қана бағыттаушы, бақылаушы болуға тырысамын. Яғни, балаларға сөйлеуге, өз ойын айтуға мүмкіндік беремін. Балаларға тапсырманы беремін де, бақылаймын. Қатыспай отырған оқушымен қандай тапсырма беруге болатынын ойланамын. Балаларды қалай оқытамын? деген сұраққа жауап алу үшін, өзім үнемі ізденемін, ойланамын, қолданамын, бақылаймын, үйренемін, өзгеремін.
2 сынып әдебиеттік оқу кітабында Ай кімдікі? өлеңінен кейін 199-бетте сөздікпен жұмыс берілген, мен сөздікпен жұмысты балалардың өз бетімен орындауына берсем. Балалар өздері сөздердің мағынасын түсініп, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып жазса. Яғни, жеке жұмыс істеуге үйретсем. Ары қарай оқушылар өлеңді мәнерлеп оқып, түсінгенін айтса, мен флипчартқа айтқандарын жазып аламын. Яғни, рефлекция кезіндегі оқушылар өз айтқандарының қате немесе дұрыс екеніне көздерін жеткізуім керек, және мен олардың қандай деңгейде жауап беретінін көргім келеді. Мәтін таратамын, жаңа мағлуматты өздеріне оқытып, топпен талқылап, флипчартқа алған мәліметтерін жаздырамын. Яғни балалардың өздеріне білім алуына бағыттаймын. Мен бұрыңғыдай тақырыпты түсіндіріп, айтып бергеннің орнына, олар өздері оқып түсінсе екен деймін. Түсінгендерін бір-біріне айтып үйретсе, топпен жұмыс істеуге үйренсе. Балаларға өз ойын еркін айтуға мүмкіндік беремін.
Сабақтың соңында сабақтың тақырыбын балалар өздері айтса. Мен жаңа мәліметтерді алмай тұрып айтқан ойларын флипчарттан + қою арқылы балалардың ойы дәлелденеді. Олар өзіне өзі баға беруге үйреніп, өз қателерін түсінуіне ықпал етуім керек.
Бағалау: Өзін - өзі бағаласа және достарын бағалауға үйретемін.
Ең соңында кері байланыс жасаймын. Жаңа тақырыпты қаншалықты түсінді? Осыған байланысты сабақ ұнады ма? Жоқ па? деген сұрағыма жауап аламын.
Сабақ өткізгеннен кейінгі рефлективтік есеп.
Мен, осы курстан кейін, жеті модульді түсіндім, өз тәжірибемде қолдандым, көп нәтижеге жеткеніме сенімдімін. Мінсіз оқушы жасау менің қолымда, ол үшін жеті модульді толық меңгеруім керек және көп жұмыс істеу керектігіне көзім жетті. Осы курстан көп жаңалық алып, өзгергенімді байқадым. Әрине қиыншылықтар өте көп, дегенмен қиындықтарды жеңе білуге үйрендім. Барлығы әр адамның өзіне байланысты екенін түсіндім.
Өз тәжірибемде әдебиеттік оқу пәнінен 2-сыныпта төмендегі сабақтарды өткіздім.

тақырыбы
мерзімі
1
Ай кімдікі?
2.05
2
Тәтті тоқаш
6.05
3
Мен өсем
14.05
4
Адал бала
16.05
№ 1 -сабақ. 2-сынып. Әдебиеттік оқу пәні. Тақырыбы: «Ай кімдікі»
«Ай кімдікі» тақырыбын өткізгенде мен осы тақырыпқа кіру үшін музыка қойып, «балалар көздеріңді жұмыңдар, бастарыңды жоғары көтеріңдер. Нені елестетіңдер?» деген тапсырма бердім. Балалар елес бойынша топпен сурет салып, қорғады.

Әрине әр оқушының ойы әртүрлі болды: «толық айды елестеттім», «жұлдыздар жанады», «ай ыстық болады», «ай суық болады, себебі ғарышкерлер айға барады», «ай болмағанда, жұлдыздар көп болады» т.б Әр оқушы өз ойын бір-бірімен жарыса айтқаннан кейін, топпен ақылдасып, суретін флипчартқа топпен салды.
2 сынып әдебиеттік оқу кітабында Ай кімдікі? өлеңінен кейін 199-бетте сөздікпен жұмыс берілген, мен сөздікпен жұмысты балалардың өз бетімен орындауына бердім. Балалар өздері сөздердің мағынасын түсініп, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып жазды. Яғни, жеке жұмыс ітеуге үйренді. Неше бала, сонша карточка тараттым. Сөздік жұмысын орындағаннан кейін, балалар бір-бірімен карточкаларын ауыстырып, өзара тексерді. Интерактивтік тақтада жауаптарын шығардым. Балалар жаңа сөздерді түсінді, меңгерді деп ойлаймын.

Одан кейін әдебиеттік оқу кітабында «Ай кімдікі?» өлеңі берілген. Мен интерактивтік тақта арқылы тапсырма бердім.

Балалар өлеңді оқып, түсінгенін айтып берді, мен олардың ойын флипчартқа жазып отырдым. Байқағаным, балалар өлеңді түсінді, мазмұнын толық жеткізе алды. Балалар өз ойын айтуға үйрене бастады.
Сыныпта дарынды оқушыға жеке тапсырма бердім.

Анель өзінің жазған тыйым сөздерін оқып берді. Басқа балалар да өздері білетін тыйым сөздерді қосып айтты.
Сергіту сәтін өткіздім. Яғни балалардың көздеріне арналған электрондық көз жаттығу жүргіздім. Біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады. Екіншіден, балалардың көздеріне жаттығу жасау. Көзді ашып, жумғанда. Көздері демалады. Мұндай жаттығулар сабақтарда, әсіресе бастауыш сыныптарда өткізу керек.


Одан кейін жаңа материалды, яғни мәтінді тараттым. Интерактивтік тақта арқылы тапсырма бердім.

Балалар топпен жұмыс істеуге кірісті. Балалар өздері жеке оқып шықты, әр бала нені оқығанын түсінуге тырысты. Одан кейін қасындағы отырған баламен өз ойын айтып, ақылдасты. Эльмира: «Мына мәтінде ай туралы айтылған иә?» деп сұрады. Анель: «Тек қана ай емес, қарашы мұнда одан да көбірек айтылған» деп үйретіп жатты. Осы жерде бала мәтінді тек қана оқымай, түсінгенін жұппен талқылап жатыр, бір бірін үйретіп жатыр. Оларға топтағы тағы екі бала өз ойларын қосып жатты. Енді мәтінді топқа салып талдады. Яғни, балалардың барлығы бір ойға келді, қорытындылады, флип чартқа нені жазатынын топпен шешті. Түсінгенін флипчартқа жазып, қорғады. Әр топ өздерінің жұмыстарын қорғау кезінде, топтағы әр бала өз ойын айтуға тырысты. Балалар белсенді жұмыс істегенін байқадым, балалар ашыла бастады. Тек осы сабақта уақыт жетпей қалды. Мен өзімнің бойымдағы байқаған кемшілігім, балаға тапсырма бергенде қайта қайта ескерту, баланың мазасын алатынымды түсіндім. Тапсырма бергенде бір рет ғана айтып, ескертіп, баланың мазасын алмауға, яғни шыдамдылыққа үйрене бастадым. Шыдамды болу маңызды екеніне көзім жетті.
Мысалы, дәстүрлі сабақта балаға сұрақ қоямын да тез жауап беруге асықтырамын, немесе отырғызып, кім тез айтады? деп баланың сезіміне аса көңіл аудармай жүргенімді түсіндім. Қазір керсінше, мен, балаға сұрақ қойып, ойлануына уақыт беремін, қате жауап бердің демеймін, ол бала кейін өз қатесін өзі түсінуіне үйреттім. Өз өзіне баға беруге үйреттім. Себебі, мен күнделікті іс- әрекетіме баға беруге үйрендім. Бұрын мән бермеген едім. Балалардың өздеріне білім алуына бағыттадым. Балалар түсінгендерін бір-біріне айтып үйренді, топпен жұмыс істеуге үйренді. Балаларға өз ойын еркін айтуға үйренді. Ойлануға үйренді. Сабақта белсенді жұмыс істеді.
Сабақтың соңында сабағымызға қорытынды жасадық. Мен балаларға «Бүгін сабақта не туралы айттық?» деп сұрақ қойдым. Балалар, мәтіннің тақырыбын қалай қоюға болады? Сабақтың тақырыбын балалар өздері айтты. Мен сабақтың соңында, флипчартқа оралып, айтқан ойларын флипчарттан + қою арқылы балалардың ойы дәлелденді. Олар өзіне өзі баға беруге үйренді, өз қателерін түсінді.
Бағалау кезінде мен, балаларға бағалау парағын тараттым. Өте жақсы-5 ұпай, жақсы 4-ұпай, орташа -3 ұпай. Яғни балалар бір-бірін ұпай арқылы бағалады.

Сабақтың соңында кері байланыс жасадым. Барлық балалар сабақ ұнады деп стикерлерді орналастырды. Қорыта келе, өз мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Балалар жаңа материалды толық меңгерді. Сабаққа белсенді қатысты. Сабақ балаларға да, өзіме де ұнады. Кемшіліктерім: уақытты үнемді пайдалану, балаларға тапсырманы қайта қайта айтып, мазасын алмау, шыдамдылыққа үйрену, көшбасшылық көрсету. Келесі сабақтарда осы кеміліктерімді жою.
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні
Абишева Гульназ
2 «к» сыныбы.
Оқушының саны 12
Ақмола облысы
Бурабай кенті.
С.Сейфуллин атындағы орта мектебі
1 Апта
6.05.2012
1 Сабақ. 13:45-14:30 № 21 дәрісхана
Сабақтың атауы
Тәтті тоқаш
Сілтеме
Б.И.Иманбекова, А.Т.Мадиева. 2- сынып оқулығы. 201-201 бет. Слайдтар.
Жалпы мақсаты
Нан туралы не біледі? Нан туралы ұғымды қалыптастыру, оқушы алған білімі өзінің дамуына әсер ету, өмірде, адамдармен қарым - қатынаста қолдана алу
Міндеттер:

1. Сабаққа нан әкелемін.
2. Балалардың ойын флипчартқа жазамын
3. «Тәтті тоқаш» мәтінімен жұмыс
4. Рөлге бөлініп ойнайды
5. Жұмбақ шешеді
6. Мақал мәтелдердің мағынасын түсіндіреді
7. Тұсаукесер көреді
8. Рефлексия
9. Бағалау
10. Үйге жұмыс
Сабақта туындаған негізгі идеялар
1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену
2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау
Күтілетін нәтиже
1. Нан туралы білімнің алғашқы негізін қалау;
2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға ай туралы білімнің басталғанын сезіндіру;
3. Жаңа білімнің өмірде бар екендігін, оны біз өмірде байланыстарда пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру;
Көрнекіліктер мен дидактикалық материалдар

1. суреттер
2. нан
3. Мақал мәтелдер кітабы
4. Тұсаукесер
5. жұмбақ
1 сабақ. тақырыбы: Тәтті тоқаш
Нан туралы ойларын дамыту
Белгіленуге арналған түйінді сөздер: тәтті тоқаш, қадірлеу

нанның адамға пайдасы
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.
Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу 1 мин
СТО сұрақтары
Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?
-оқушылар не алады?
-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
-өмірден алған тәжірибесінің әсері?
-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?
-оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу
І. Қызығушылығын ояту
Мұғалім: Сабаққа нан әкеледі.
Нан туралы не ойлайсыңдар?
Оқушылар өз ойларын дәптерлеріне жазады Уақыт (3 мин) Слайд2
Оқушылар ойын айтады, мұғалім флипчартқа жазады.

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?
-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?
Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)
-оқушыларды белсе-не қатыстыру
-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)
-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу
-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту
-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу
-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету
ІІ. Мағынаны тану
! Тапсырма:
Оқулықпен жұмыс
Б.И.Иманбекова, А.Т.Мадиева. 2- сынып оқулығы. 201-202 бет. «Тәтті тоқаш» түсініп оқиды (жеке жұмыс) (10 мин)

-Сергіту сәті: (Электрондық көз жаттығу)
Нан (мұғалім ойын түрінде өткізеді. Жаттығу) 2 мин
Жоспар бойынша рөлге бөлініп ойнау
Жоспар:
Анасы мен қызының әңгімесі
Қарт пен қыздың әңгімесі уақыт (11 минут)

Жұмбақ
Күрең қызыл түсі бар,
Тағамдардың асылы.
Қуат берер күші бар.
............. (1 минут)
Дарынды оқушымен жұмыс:
«Ас атасы-нан» тақырыбына шағын әңгіме құрастырып жаз.
Кем дегенде, 4-5 сөйлем болсын.

Басқа оқушыларға тапсырма: Топпен жұмыс:
Мақал –мәтелдердің мағынасын түсіндіріңдер: . уақыт: 4 минут
1. «Нан тамақтың атасы,
Ынтымақ-көптің батасы.
2. «Нан – тоқтық, нан – байлық»
3. «Нан болса, ән де болады»
Тыйым сөздер ойластырып жазыңдар: Жеке жұмыс. Топта талқылап, ең жақсысын таңдап айтады. уақыт: 4 минут
Үлгі: Нанды басуға болмайды.
..........................................
..........................................
..........................................
Тұсаукесер
«Нан дастарханға қалай келеді?» 2 минут

ІІІ. Ой қорытынды
Сонда біз бүгін не туралы өттік
Бағалау (түрлері)
-оқушының өзін-өзі бағалауы
Бағалау: /4мин/ Өзін-өзі бағалау

-сабақты қалай аяқтауды жоспарлау
Үйге тапсырмадан бұрын мұғалім оралады:
Қорытынды: Мұғалім жазған флипчартқа ораламыз /1мин/
Сабақты аяқтау түрлері
-үйде жалғастыру...
Слайд 6/2
Үйге тапсырма жазып ал «Нан қасиетті тағам» атты шағын әңгіме жазып келу. / 2 мин/
45 мин. Сабақтың соңы
Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер
-оқушы алған білімінің деңгейін қандай дәлел арқылы білуге болады?
- оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?
-мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма?
Алдыма қойған мақсатыма жеттім. Балалар тақырыпты түсінді. Рөлге бөлініп сахналады. Топпен талқылады, суретін салды. Тек дарынды балаға тапсырма бергенде тым жеңіл тапсырма берген сияқтымын. Себебі ол бала тез орындап болды да топтың тапсырмасын орындауға кірісті. Келесі сабақтарымда дарынды балаға қандай тапсырма беремін? Ойлану керек.
-қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары)
1.Топтарға бөлу үшін, мен бір суретті төртке бөліп, қиып, тараттым
Бидайдың суреті – бірінші топ, нанның суреті екінші топ, элеватордың суреті үшінші топқа бөлініп отырды.
Кері байланыс
№ 2 сабаққа болжау. Әдебиеттік оқу пәні. Тақырыбы: «Тәтті тоқаш»
6.05 күні 2 «к» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Тәтті тоқаш» тақырыбына сабақ өткіземін. Алдыма қойған мақсатым: «Нан туралы не біледі? Нан туралы ұғымды қалыптастыру, нанды қадірлеуге тәрбиелеу»
Мен сабағымды сын тұрғысынан ойлауға қатысты, сабаққа нан апарамын. Сұрақ қоямын. Нан туралы не ойлайсыңдар? дәптерлеріне жазып, өз ойларыңды айтыңдар, мен флипчартқа балалардың айтқанын жазамын. Балалардың ойын тыңдасам. Қай бала қандай ой айтады.
Тапсырма орындатамын:
Оқулықпен жұмыс . «Тәтті тоқаш» мәтінін түсініп оқыңдар (жеке жұмыс) Балалар жеке жұмыс істей алады ма? Қызығушылықпен мәтінді оқып отыр ма? Жоқ па?
Мәтіннен түсінгендері бойынша, төмендегі жоспарға қарай рөлге бөлініп ойнатамын.
Жоспар:
Анасы мен қызының әңгімесі
Қарт пен қыздың әңгімесі
Рөлде балалар қаншалықты ойнайды. Сөйлей алады ма? Жоқ па? Тақырыпты кім қаншалықты түсінді. Кім қандай рөлді ойнады?
Сергіту сәтін жүргіземін: (Электрондық көз жаттығу)
Жұмбақ беремін:
Дарынды оқушымен жұмыс жүргіземін:
«Ас атасы-нан» тақырыбына шағын әңгіме құрастырып жаз.
Басқа оқушыларға тапсырма беремін, олар топпен жұмыс істеді.
Мақал –мәтелдердің мағынасын түсіндіріңдер деген тапсырманы әр топқа жеке беремін
1. топ: «Нан тамақтың атасы,
Ынтымақ-көптің батасы.
2. топ: «Нан – тоқтық, нан – байлық»
3. топ: «Нан болса, ән де болады»
Тыйым сөздер ойластырып жазыңдар: Жеке жұмыс.
Үлгі: Нанды басуға болмайды. Оқушылар тыйым сөздерін айтты.
Тұсаукесер «Нан дастарханға қалай келеді?» көрсетілді. Осы тұсаукесер арқылы бала нені көрді қорытындылайды.
Ой қорытынды жасатамын: біз бүгін не туралы өттік?
Бағалау: Өзін-өзі бағалау.
–өте жақсы жұмыс істеді, -жақсы жұмыс істеді, -орташа

Қорытынды: Мұғалім жазған флип чартқа оралып, айтылған пікірлерді тексеремін. Бала өзінің ойын дұрыс па? Жоқ па? Өзіне өзі баға береді.
№ 2 сабақ. Әдебиеттік оқу пәні. Тақырыбы: «Тәтті тоқаш»
6.05 күні 2 «к» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Тәтті тоқаш» тақырыбына сабақ өткіздім. Мен сабаққа нан апардым. Нан туралы не ойлайсыңдар? деген сұрақ қойып, дәптерлеріне жаздыртып, өз ойларыңды айтады деп жоспарлағам. Бірақ, балалар үзілісте нанды көріп, «мұғалім сіз түскі асқа бармадыңыз ба?», «асханаға бармаймыз ба? «Нанды неге әкелдіңіз?» деген сұрақтар қоя бастады. Сөйтіп, қоңырау да соғылды. Сабақты бастап, балалар отырғаннан кейін, «Нан туралы ойларыңды дәптерлеріңе жазыңдар» деп тапсырма бердім. Келесі тапсырма оқулықпен жұмыс, «Тәтті тоқаш» мәтінін түсініп оқыды (жеке жұмыс жасады). Мәтіннен түсінгендері бойынша, төмендегі жоспарға қарай рөлге бөлініп ойнады.
Жоспар:
Анасы мен қызының әңгімесі
Қарт пен қыздың әңгімесі
«Тәтті тоқаш» мәтін өткен кезде, балалар мәтінді түсініп оқып, сахналады. Сол кезде балалардың рөлге бөлініп ойнағанда, сөздерін айтуға қиналғанын байқадым. Балалардың сөздік қоры аз екенін байқадым. Бұл менің қателігім, себебі, дәстүрлі сабақта балаға сөйлеуге, ойын айтуға мүмкіндік берген жоқпын. Кейде, осы курстың неге ертерек болмағанына өкінемін. Енді сабақта өзім тек қана бағыттаушы, бақылаушы болуға тырысамын. Яғни, балаларға сөйлеуге, өз ойын айтуға мүмкіндік беремін. Балаларға тапсырманы беремін де, бақылаймын. Қатыспай отырған оқушымен қандай тапсырма беруге болатынын ойланамын.
Сергіту сәтін жүргіздім:
Жұмбақ шешті.
Мен балалардың ішінен дарынды баланы анықтадым, Анель. Қабілеті жоғары балаларды сабақ жоспарлағанда оларды дарынды болуға дейін көтеруге мен не істей аламын -дегенді ескердім.Ол менің алдағы үлкен жоспарым болмақ. Балалардың деңгейіне байланысты деңгейлік тапсырма бердім: «Ас атасы-нан» тақырыбына шағын әңгіме құрастырып жаз
Басқа оқушыларға бөлек тапсырма бердім, олар топпен жұмыс істеді.
Мақал –мәтелдердің мағынасын түсіндіріңдер: деген тапсырма берілді, балалар өз пікірлерін айтты
1. топ: «Нан тамақтың атасы,
Ынтымақ-көптің батасы.
2. топ: «Нан – тоқтық, нан – байлық»
3. топ: «Нан болса, ән де болады»
Тыйым сөздер ойластырып жазды: Жеке жұмыс істеді.
Оқушылар тыйым сөздерін айтты.
Тұсаукесер «Нан дастарханға қалай келеді?» көрсеттім. Осы тұсаукесер арқылы бала нені көрді қорытындылады.
Бағалау: Өзін-өзі бағалады.
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні
Абишева Гульназ
2 «к» сыныбы.
Оқушының саны 12
Ақмола облысы Бурабай кенті. С.Сейфуллин атындағы орта мектебі
1 Апта
14.05.2012
1 Сабақ. 13:45-14:30 № 21 дәрісхана
Сабақтың атауы
Мен өсем
Сілтеме
Б.И.Иманбекова, А.Т.Мадиева. 2- сынып оқулығы. 203-204 бет. Слайдтар.
Жалпы мақсаты

Еңбек, спорттың адамға пайдасы туралы не біледі? Сымбатты болу үшін не істеу керек? ұғымды қалыптастыру, оқушы алған білімі өзінің дамуына әсер ету, өмірде, адамдармен қарым - қатынаста қолдана алу
Міндеттер:

1. Оқушылардың қызығушылығын ояту
2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру
3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау
4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау
Күтілетін нәтиже
1. білімнің алғашқы негізін қалау;
2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға ай туралы білімнің басталғанын сезіндіру;
3. Жаңа білімнің өмірде бар екендігін, оны біз өмірде байланыстарда пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру;
Көрнекіліктер
1. суреттер
2. сағат
3. Б.И.Иманбекова, А.Т.Мадиева. 2- сынып оқулығы
4. Слайдтар, видеокамера, фотоаппарат, мультфильм
3 сабақ. тақырыбы: Мен өсем
Еңбек пен спорттың адамға пайдасы туралы ойларын дамыту
Белгіленуге арналған түйінді сөздер: сымбатты, еңбек ету

Спорт пен еңбектің адамға пайдасы
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады. Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу 1 мин
СТО сұрақтары
Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?
-оқушылар не алады?
-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
-өмірден алған тәжірибесінің әсері?
-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?
-оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу
Үй жұмысын тексереді: Нан қасиетті тағам әңгіме жазуға берілген 6 мин І. Қызығушылығын ояту
Мұғалім: Мұғалім сурет көрсетеді.
Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?
-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?
-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту
-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу
-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету
І. Үй жұмысын тексеру: авторлық үстел
ІІ. Мағынаны тану
Әрбір топқа мұғалім жеке суреттер беріп, балалар ойларын дәптерге жазады.
І топ «Кітапханада»
ІІ топ спорт
ІІІ топ еңбек
Суретте не көріп тұрсыңдар?
Оқушылар өз ойларын дәптерлеріне жазады Уақыт (5 мин)
Оқушылар ойын айтады 6 мин
Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)
-оқушыларды белсе-не қатыстыру
-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)
-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу
-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу
Толғаныс (рефлексия)
-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру
-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу
жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру
! Тапсырма:
Оқулықпен жұмыс
Б.И.Иманбекова, А.Т.Мадиева. 2- сынып оқулығы. 203-204 бет. «Мен өсем» өлеңін түсініп оқиды (жеке жұмыс) (5 мин)
әрбір топ өлеңді бір шұмақттан оқып, суретін флипчартқа салады
6 мин
«Спорт» туралы өлең құрастырып жаз
Деңгейлік тапсырмалар: 5 мин
1. Мұғалім сағатты көрсетеді
Сұрақ: Уақыт не үшін керек?Бос уақытыңды қалай өткізесің? әңгіме құрастыр
2. Венн диаграммасы спорт пен еңбек оқушылар спорт пен еңбек туралы өз ойларын айтады.
3. Мақал мәтелдердің жалғасын тап:
Мұғалім әрбір оқушыға карточка таратады. Мақал мәтелдердің жалғасын тауып қосып сызады. Бір бірін өзара слайдтағы дұрыс жауапты пайдалана отырып, тексереді
Мультфильм «Спорттың пайдасы» 4 мин

Бағалау: Өзін өзі бағалайды 3 мин

Үйге: еңбек туралы үш мақал жаттау 2 мин

ІІІ. Ой қорытынды
Сонда біз бүгін не туралы өттік? 2 мин

Бағалау (түрлері)
-оқушының жұппен бағалауы
Бағалау: өзін өзі бағалау
№ 3 сабаққа болжау. 2 сынып. Әдебиеттік оқу пәні. Тақырыбы: «Мен өсем» Мен, 2 сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен келесі сабақ «Мен өсем» тақырыбына өткіземін. Бұл сабақты алдыңғы сабақтан басқаша бастағым келді. Яғни, сурет апарып көрсетсем қайтеді. Сурет апарып, оқушылардың қызығушылықтарын арттырсам деп шештім.
Сабақтың мақсаты: Сымбатты өсу үшін не істеу керектігі туралы ұғымды қалыптастыру және білімдерін кеңейту.
Мен сабағымды оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін суреттер көрсем. Суретте не көрдіңдер, дәптерлеріңе жазыңдар, деген тапсырма беремін. Әр бала жеке ойланады. Жазған әңгімелерін айтады. Сурет арқылы балалардың сымбатты өсу үшін не істеу керек? екенін түсіндіргім келді. Балалар сурет арқылы спорт, еңбек туралы айтуы мүмкін. Оқулықтағы «Мен өсем» өлеңін түсініп оқып, түсінгендерін флипчартқа суретін салғызамын. Әр топ екі шұмаққа мазмұны бойынша суретін салғызамын.
Мағынаны тану кезінде:
Өлеңді жеке оқытамын.
бірін бірі үйретуге итермелеймін.
өз ойларымен бөлісуге үйретемін, қорғайды.
Дарынды оқушылармен жұмыс:
«Спорт» туралы өлең құрастырып жаз
Деңгейлік тапсырмалар беремін.
4. Мен сағатты көрсетемін
Сұрақ: Уақыт не үшін керек? Бос уақытыңды қалай өткізесің? әңгіме құрастыр
5. Венн диаграммасы спорт пен еңбек оқушылар спорт пен еңбек туралы өз ойларыңды айтыңдар.
6. Мақал- мәтелдердің жалғасын табыңдар:
Мұғалім әрбір оқушыға карточка таратады. Мақал-мәтелдердің жалғасын тауып қосып сызады.
Бір - бірін өзара слайдтағы дұрыс жауапты пайдалана отырып, тексереді.
«Спорттың пайдасы» мультфильмін көрсетіп, талдатамын. Балалар сабақта түсінгені мен осы мультфильмді көріп, салыстырып талдауға үйренсе екен деймін.
Рефлексия кезінде: Балалар не туралы өттік қорытынды жасайды. Спорттың, еңбектің пайдасы туралы өз ойларын айтады. Ойларын айтуға уақыт беремін.
Бағалау: Жұппен бағалатамын. Бағалау кезінде жұлдыз, төртбұрыш, үшбұрышты бояу арқылы бағалаттым. Яғни белсенді қатысқан балалар жұлдызды бояу керек т.с.с. Бағалаудың өзгеше түріне балаларды үйретсем, өздерін, достарын бағалауға үйретсем деп ойлаймын.
Кері байланыс жасаймын. Балалардың ойын білгім келеді.
№ 3 сабақ. Әдебиеттік оқу пәні. Тақырыбы: «Мен өсем» Келесі сабақ, әдебиеттік оқу пәнінен «Мен өсем» тақырыбына сабақ өткіздім.
Мен сабағымды оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін суреттер көрсеттім. Суретте не көрдіңдер, дәптерлеріңе жазыңдар, деген тапсырма беремін. Әр бала жеке ойланды. Жазған әңгімелерін айтты. Балалар сурет арқылы спорт, еңбек туралы айтты. Оқулықтағы «Мен өсем» өлеңін түсініп оқып, түсінгендерін флипчартқа суретін топпен салды. Әр топ екі шұмаққа мазмұны бойынша суретін салды. Ненің суретін салатынын әр бала әр түрлі ой айтты. Осы жерде әр бала өз деңгейіне сай пікірлер айтылды, «кітап оқып өсемін», «жүгіріп өсемін», «теледидар көріп өсемін» т.с.с. Кейде топқа қосылмай қалған балаға жеке тапсырма беруді ескеретін болдым. Яғни ол баланы топқа қосу үшін, ынталандырдым. Балалар тапсырманы орындаған кезде жеке ойланды, өз ойларын айтты. Қорытынды жасалды. Осы тапсырмалардың барлығы, жаңа тақырыпқа сәйкес, сымбатты өсу үшін спортпен айналасу керек, еңбек ету керек, уақытты дұрыс пайдалану керек, яғни күн тәртібін сақтау керектігін, мақал мәтелдер арқылы қорытындылап, бір ойға келді. Әр бала өз деңгейінде жауап берді. Кейде балалардың деңгейін бір сұрақ қою арқылы анықтауға болатынын байқадым. Ал балалардың көбі топпен жұмыс істегенде бір-бірінен көп нәрсеге үйренетінін байқадым. Әрине баланы ойландыратын сұрақ қоюға тырыстым
«Мен өсем» тақырыбын өткенде, сымбатты болып өсу үшін не қажет? Деген сұраққа әртүрлі пікірлер айтылды. Эльмира «еңбек ету керек» деді, Ажар «спортпен шұғылдану керек» деген пікір айтты. Даяна «кітап оқу керек» деді. Пікірлер әртүрлі болғандықтан, мен балалар барлықтарың дұрыс айттыңдар, енді осыдан қандай пікір шығаруға болады? деп венн диаграммасын слайдта көрсеттім: спорт және еңбек сөздерін бердім. Балалар ақылдасып, ортақ қасиеті адамға пайдасы екенін айтты. Жаңа әдіс-тәсілдермен қатар, АКТ- ны кеңінен пайдаландым. Әрбір сабағымда суреттерді слайд арқылы көрсеттім, кесте, венн диагараммасын, аудио, тұсаукесерлер, мультфильм. Өз сабағымдағы балаларды бақылау мақсатымен видеоға сабағымды түсірдім, яғни видеокамераны кеңінен пайдаландым. Балалардың іс-әрекеттерін фотоға түсіру мақсатымен, фотоаппаратты пайдаландым. «Спорттың пайдасы» мультфильмін көрсетіп, талдады. Балалар сабақта түсінгені мен осы мультфильмді көріп, салыстырып талдауға үйренді.
Рефлексия кезінде: Мысалы, «сымбатты болу үшін спортпен айналысамын», «мен күнде футбол ойнаймын ғой», «ал мен анама көмектесемін» «ол үшін таза жүру керек» деген сияқты өте көп ой, пікірлер айтылды. Балалар не туралы өттік қорытынды жасады. Спорттың, еңбектің пайдасы туралы өз ойларын айтты.
Бағалау: Әрбір сабақтағы іс-әрекеттеріме балалар қызығушылықпен қарады. Тіпті бағалауды өздері жасайтынына таңқалды. Мұғалім неге сіз баға қоймайсыз? деген сұрақтар қоя бастады. Бағалаудағы байқағаным, бала өз өзін бағалауда да ойланды. Бірінші күні қиналған балаларды көп байқадым. Мысалы, Алимжан өзіне бірден бес қойды, барлығын бағалағаннан кейін, өз бағасын қайта төртке түзеді. Неге бағаңды түзедің? деген сұраққа, мұғалім мен тақырыпты түсіндім, бірақ мен айтқан ойымды басқалары тыңдағысы келмеді деді. Мен бұл балаға сабақта қолдау көрсету керектігін түсіндім.
Сабақ жоспары
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні
Абишева Гульназ
2 «к» сыныбы.
Оқушының саны 12
Ақмола облысы
Бурабай кенті.
С.Сейфуллин атындағы орта мектебі
3 Апта
16.05.2012
1 Сабақ. 13:45-14:30 № 21 дәрісхана
Сабақтың атауы
«Адал бала» ертегісі
Сілтеме
Б.И.Иманбекова, А.Т.Мадиева. 2- сынып оқулығы. 205 бет. Слайдтар.
Жалпы мақсаты
Адал бала тақырыбы туралы ұғымды қалыптастыру, адалдыққа тәрбиелеу
Міндеттер:

1. Оқушылардың қызығушылығын ояту
2. Жаңа тақырыпқа ребус шешу арқылы кіру
3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау
4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау
Сабақта туындаған негізгі идеялар
1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену
2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау
Тапсырмалар wiki беттерінен жүктелген дереккөздер көрнекіліктер
1. http://yandex.kz/ суреттер
2. Ребус
3. Б.И.Иманбекова, А.Т.Мадиева. 2- сынып оқулығы

1 сабақ. тақырыбы: Адал бала
Адалдық жайлы ойларын дамыту
Белгіленуге арналған түйінді сөздер: шыншыл

Адалдықдың пайдасы
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.
Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу 1 мин
СТО сұрақтары
Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?
-оқушылар не алады?
-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
-өмірден алған тәжірибесінің әсері?
-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?
-оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
-Ребус шешу (Адал бала)
І. Қызығушылығын ояту Слайд1
Мұғалім: Ребус шешу 2 мин
Балалар сендердің саяхатқа барғыларың келеді ме? Ендеше біз сендермен орманға саяхатқа барамыз. Орманда нелер бар? Дұрыс балалар, біз әрбір аңның мекеніне бару үшін тапсырмалар орындауымыз керек.

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?
-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?
-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

ІІ. Мағынаны тану

Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)
-оқушыларды белсе-не қатыстыру
-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)
-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу
-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу
Толғаныс (рефлексия)
-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру
-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу
жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру
Мұғалім:Балалар, біз бүгін сендермен Адал бала деген ертегіні оқимыз. Ертегінің басын мұғалім слайд көрсете отырып, өзі айтып бастайды.6 мин
Слайд көрсету
Балалар әрі қарай не болғанын білгілерің келеді ме? Ендеше топпен жұмыс. Ертегіні 3 бөлікке бөліп, түсініп оқыңдар. Не түсінгендеріңді суретін флипчартқа салыңдар. Уақыт. 8 мин
Қорғау 8 мин
Жеке жұмыс: Оқушылар тапсырманы дәптерге орындайды.
Тапсырма:
І топ Егер де бала алтын, күміс балтаны алғанда не болар еді?
ІІ топ Шал кім? Ол баланы неге сынады?
ІІІ топ Шыншыл болу үшін қандай кеңес берер едің? 6 мин

Адалдық сөзін қалай түсінесіңдер флипчартқа топпен жазыңдар
5 мин

Балалар флипчартын алып, келесі топқа барып, адалдық туралы не жазғанын айтады. 5 мин

ІІІ. Ой қорытынды
Адалдық туралы бір біріне топпен ауысып, флипчарт бойынша айтады. Бір топтан 1 оқушы келесі топқа барып, түсіндіреді.
Бағалау (түрлері)
-оқушының өзін-өзі бағалауы
Бағалау: Өзін-өзі бағалау
Түлкінің мекеніне бару үшін:Өзін өзі бағалайды. 3 мин

-сабақты қалай аяқтауды жоспарлау
Адалдық туралы бір біріне айтады, флипчарт бойынша
Сабақты аяқтау түрлері
-бір пікірге келу...
-өз пікірін дәлелдеу...
-үйде жалғастыру...
Слайд
Үйге тапсырма жазып ал
«Мен адал баламын» әңгіме жазу
/1 мин/
45 мин. Сабақтың соңы
Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер
-оқушы алған білімінің деңгейін қандай дәлел арқылы білуге болады?
- оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?
-мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма?
Балалар тақырыпты түсінді. Уақытты тиімді пайдалана алдым.
-қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары)
1.Топтарға 1, 2, 3, 4 сандарды тарату арқылы балаларды бөліп отырғыздым.

Кері байланыс тақтаға ілінді, оқушылар смайликтер жапсырды.
№ 4 сабаққа болжау. Әдебиеттік оқу пәні. Тақырыбы: «Адал бала» ертегісі
«Адал бала» ертегісін өткенде ребус шешу арқылы («Адал бала») тақырыбын шығарамын. Сабақтың мақсаты: «Адал бала» ертегісін оқу арқылы, адалдық туралы ұғымды қалыптастыру, оқушыны адалдыққа тәрбиелеу
Осы сабақты қалай жоспарласам? Мүмкін өткізген сабақтарымнан өзгеше өткізу керек шығар? Саяхат сабағын өткізсем ше? деген сұрақтарға жауап іздеп, соңында былай өткізуді шештім.
Cұрақ қоямын: балалар саяхатқа баруды ұнатасыңдар ма? Біз бүгін орманға саяхатқа барамыз. Әрбір аңның мекеніне бару үшін әртүрлі тапсырмалар орындаймыз деп балалардың ынтасын арттырамын. Түлкінің мекеніне бару үшін, ребус шешу керек. Ребустың шешуі: Адал бала. Ребустың шешуі арқылы тақырыпқа кіреміз. Ендеше балалар бүгінгі сабақта «Адал бала» атты ертегімен танысамыз. Ертегінің басын мен слайд көрсету арқылы өзім айтып бастаймын. Балалар әрі қарай не болғанын білгілерің келе ме? Ендеше өздерің ертегіні оқып шығыңдар деп ынталандырамын. Әр топқа бөліктерді бөліп беремін. Оқушылар оқып, өз үзінділеріне не түсінді, флипчартқа суретін салады.
І топ ертегінің бірінші бөлігіне, ІІ топ екінші бөлігі және ІІІ топ үшінші бөлігін оқып, суретін салып, қорғайды. Мына тапсырма арқылы оқушылар топпен жұмыс істеуіне үйретсем, топта талқылауына үйретемін, өз жұмысын қорғауға үйретемін. Әрбір тапсырмадан кейін келесі аңның мекеніне көшіп отырады. Баланы қызықтыруға саяхат сабағын ұйымдастырамын.
Тапсырма: Адалдық сөзіне ассоцияция жасатамын. Флипчартқа топпен жазады. Әр топтан бір оқушы жазғанын келесі топқа барып айтады. Бір-бірін үйретеді, толықтырады, қорытынды жасайды. Өз-өзін бағалауға үйренеді.
№ 4 сабақ. Әдебиеттік оқу пәні. Тақырыбы: «Адал бала» ертегісі
«Адал бала» ертегісін өткенде ребус шешу арқылы («Адал бала») тақырыбын шығарылды. Сабақтың мақсаты: «Адал бала» тақырбын ашу, балаларды адалдыққа шақыру
Cұрақ қойдым: балалар саяхатқа баруды ұнатасыңдар ма? Біз бүгін орманға саяхатқа барамыз. Әрбір аңның мекеніне бару үшін әртүрлі тапсырмалар орындаймыз деп балалардың ынтасын арттырдым. Түлкінің мекеніне келдік. Мұнда ребус шештік. Ребустың шешуі: Адал бала. Ребустың шешуі арқылы тақырыпқа кірдік. Ендеше балалар бүгінгі сабақта «Адал бала» атты ертегімен танысамыз. Ертегінің басын мен слайд көрсету арқылы өзім айтып бастадым. Сұрақ қойдым. Балалар әрі қарай не болғанын білгілерің келе ме? Ендеше өздерің ертегіні оқып шығыңдар деп ынталандырдым. Әр топқа бөліктерді бөліп бердім. Оқушылар оқып, өз үзінділеріне не түсінді, флипчартқа суретін салды.
І топ ертегінің бірінші бөлігіне, ІІ топ екінші бөлігі және ІІІ топ үшінші бөлігін оқып, суретін салып, қорғады. Мына тапсырма арқылы оқушылар топпен жұмыс істеуіне үйренді, топта талқылауына үйретенді, өз жұмысын қорғауға үйренді. Әрбір тапсырмадан кейін келесі аңның мекеніне көшіп отырады. Баланы қызықтыруға саяхат сабағын ұйымдастырдым.
«Адал бала» ертегісін өткенде, Алимжан адалдыққа байланысты «Егер де мен біреудің қаламын тауып алсам, мынау кімнің қаламы? деп сұраймын. Қаламын қайтарып беремін» деп мысалы келтірді. Мен оның мысалы келтіргені өте дұрыс екенін айттым. Яғни, бұл баланың сенімін арттыру арқылы, ашыла бастағанын байқадым. Диалогтық оқытуда кейбір оқушылардың бойында қиындықтар болды. Мысалы, өз ойын жеткізгенде, сөз мөлшерінің аздығы. Өз ойын бір сөзбен ғана айтатын оқушыларды байқадым. Мысалы, «Адал бала» тақырыбын өткенде, Адина сахналауға қатысты. Баланың рөліндегі сөздер оңай болғанымен, сұрақтарға бір сөзбен ғана жауап қайтаратынын байқадым. Тек ғана Адина емес, Диас, Алимжан, Арсен. Егер де дәстүрлі, бұрыңғы сабақтарымда балаларды көбірек сөйлеткен болсам, яғни жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланған кезде, диалогтық оқытуды дұрыс жүргізгенде осы қиыншылықтар болмайтын еді деп ойлаймын. Сабақ жоспарлауда және өткізуде диалогқа аса көп көңіл бөлдім.
Тапсырма: Адалдық сөзіне ассоцияция жасады. Флипчартқа топпен жазды. Әр топтан бір оқушы жазғанын келесі топқа барып айтты. Бір-бірін үйретті, толықтырды, қорытынды жасады. 3«Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады» Балалар өздерін және достарын бағалауды үйрене бастады. Бағалау кезінде, бастауышта, бала бір-бірін өткір бағалайтынын байқадым. Мысалы, Ажар Есболдың тек қана сурет салды, басқа жұмыстарға белсенді қатыспады, деп өз ойын айтты. Еспол олмен келіспей, мен сурет салдым, жаздым, оқыдым деп қарсылық көрсетті. Мен осы жерде, жақсы ендеше мәтін бойынша Есболға сұрақ қойсақ қайтеді? Балалар Есболға сұрақ қойып, жауабын тыңдап, кейбіреулері толықтырды. Мен жақсы балалар, Еспол келесі сабақта бүгінгіден де белсенді қатысады деп сенемін. Қолдау көрсеткен себебім, Есболдың келесі сабаққа қатысу ынтасын арттыру. Осы жерде байқағаным, балалар бір –біріне, келесі сабақта, бір-бірінің сабақтағы белсенділігінің бақылап отыратынын айтып жатты.
Мен өз білімімді практика жүзінде қолдандым. Белгілі нәтижелерге жеткенім анық. Жеті модульді де меңгердім. Өз жұмысымның тиімділігін жақсы бағаладым. Себебі, барлық сабақтарыма жауапкершілікпен дайындалып, өткіздім. Оны балалардың сабаққа деген белсенділігінен байқауға болады.
Ұсыныстар:
Осы курсты өткізуді жалғастырса, барлық мұғалімдер де біз сияқты, осы курстан үйренсе.
Мектептегі балалардың барлығын осы жаңа әдіспен оқытсақ, өте үлкен нәтижеге жететін едік. Балалардың бір-біріне деген қарым- қатынасы да өзгеретін еді.
Әріптестерім де біз жеткен жетістіктерге жеткенде нәтижесін көріп, үйренетін еді.
Жалпы оқушыларымыз, өзіміздің баламыз, әріптестерім өзгеретін еді. Бұл келешек өмірде өте маңызды. Көп жетістіктерге жетудің тек қана тиімді жолдарының бірі емес және үлгі мен өнеге.
Қорыта келе, жеті модульді жеткілікті білу, мақсатыма жету, сабақты жоспарлау кезеңі өте жауапты екенін түсіндім. Сабақты жоспарлағанда әрбір іс-әрекеттерімді дұрыс ойлауым керек. Мен осы курстан өте көп қажетті дүниелерді: теория, практика, жеті модуль, жақсы жаққа өзгерістер, мәдениеттілікке, шыдамдылыққа т.б үйрендім, алдым. Өзім осы курсқа келгеніме ешқашан өкінбеймін. Өзгеруге дайынмын. Келешекте сабақты жоспарлауды, жақсы өткізуді толық меңгеріп, үйренсем, нақты шебер ұстаз болар едім! Тек сәттілік болып, өз мақсаттарыма жету үшін көп еңбек етуге дайынмын! Осы курсты ұйымдастырушыларға, тренеріміз Мәдениет Хабатқа, алғысым шексіз! \6358 сөз\
Категория: Начальная школа | Добавил: GULNAZ1919 (2014-09-21) E
Просмотров: 3206 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-05-21, 6:25 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru