Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Туған өлкем. Өтебай Тұрманжанов
Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Туған өлкем. Өтебай Тұрманжанов
Мақсаты:
1. Өтебай Тұрманжанов туралы мағлұмат беру. Оның «Туған өлкем» өлеңін түсініп, мәнерлеп оқуға үйрете отырып, ұлттық құндылық туралы түсінікті кеңейту.
2. Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау мен жазу дағдысын дамыту.
3. Оқушылардың Отанға, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жерді сүюге тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ (әдебиеттік оқу – өзін - өзі тану )
Көрнекілік: «Қазақстан» туралы слайд, сөзжұмбақ «Туған өлкем», Бақыт ағашы

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру Тыныштық сәті
- Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең тыныс алыңдар. Енді көз алдарыңа Қазақстанның болашағын елестетіп көріңдер. Биіктігі көк тіреген ғимараттар, күн шуағына бөленген бақытты балалар, балаларының қуанышына мәз болған аналар, оқушылардың бестігін мақтан тұтқан ұстаздар, ғарышпен сөйлесіп тұрған дана ағалар, немерелерінің ақылдығына риза болған аталар. Қазақ тілінде сөйлесіп тұрған басқа да туысқан халықтар.
Қазақстанның қай өлкесін аралап жүрсең де өздеріңді бұлтсыз аспан, қалықтаған құс, жайқалған гүл, жайнаған бақ, жарқыраған күн сияқты сезініңдер. Қазақстанның қай бөлшегінде тұрсаң да өздеріңді сол жердің толыққанды мүшесі, қожайыны ретінде сезініңдер. Өйткені ол – біздің Отанымыз.
Осындай бақытты, бейбіт елде туып, өмір сүріп отырғанымыз үшін Отанымызға іштей рақмет айтайық. Отанға деген осындай ризашылық сезіммен бұрынғы қалпымызға келейік.

Қызығушылығын ояту. Қазақстан туралы не білеміз?
Қазақстан

«Қазақстан» сөзін басқаша қалай айтуға болады?
- Отаным, туған жерім, атамекенім, туған өлкем, туған елім.
Атамекен. Туған жер. Туған өлке.
Бұл – ең жоғары құндылықтардың, асыл ұғымдардың бірі.
Атамекен – туған халқының, ұлттың қасиетті мекен еткен, ата – бабаның қоныс тепкен жері.
Туған жер – әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері,
Туған өлке - ата – бабаның қоныс тепкен жері мен өмірге келген жеріңнің табиғат көрінісі. Адамның туған жері, өскен ортасы ерекше ыстық болады.
Мағынаны тану.
Өтебай Тұрманжанов – ақын. Слайд
Оқулықпен жұмыс. Туған өлкем.
Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқы.
Талдау.
1. Өлеңдегі ақын сезіміне сай келетін сөздерді ата.
- Қуаныш
- мақтаныш
- өкініш
- шаттық
2. Ақын туған жердің күні, гүлі туралы не дейді?
3. Алтын дәнді дала, ақ күмістей қала дегенді қалай түсіндің?
4 Туған өлке тағы несімен көрікті?
5. Туған жерді көркейту үшін сен қандай үлес қосасың?
6. Тізбектей оқыту.
Халық даналығы.
- Атамекеннің тамаша табиғаты, кең даласы, толқыған теңізі, жасыл орманы, ұшқан құстары, жүгірген аңдары қашан да ата – бабаңа деген сағынышыңды басады.
«Атамекен аясы – адамның жан саясы» деген осы. Осындай жаның сая табатын мекеннің табиғатын аялау керек.
Шығармашылық жұмыс.
Ақын сөздерін пайдаланып, туған өлкең туралы өлең құрастыр.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
......................................
.......................................
Ойын: Бақыт ағашы.
Мақсаты: Отанға деген өз тілегіңді арнау.
Шарты: Жапыраққа өз тілегіңді жазып, ағашқа орналастыру.
Бекіту. Ой толғаныс.
- Өлең қалай аталады?
- Өлеңді кім жазған?
Сөзжұмбақты шеш. Туған өлкем.
1. Рәміз. (Ту)
2. Киелі құс. (Аққу)
3. Сені оқытып, білім берген кім? (Мұғалім)
4. Мейірімді жан. (Ана)
5. Дастархан байлығы.( Нан)
6. Ұлттың аты.( өзбек)
7. Алып жануар. (Піл)
8. Аласың білім неден? (кітап)
9. Киелі сан. (Жеті)
10. Бұрынғы Астана.( Алматы)
Ойын: Адасқан сөздер. Сызықтарды дұрыс жүргізіп, адасқан сөздерді орнына қойып оқы.
Абай Мұхтар
Әуезов Қартқожа
Жүсіпбек Ғылым таппай мақтанба
Ахмет Ыбырай
Кел, балалар оқылық! Мағжан
Жүмабаев Байтұрсынұлы
Жамбыл Жансүгіров
Күн шыққанда Жабаев
Өте жақсы, балалар.
Енді Отан, туған жер туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?
Үйге тапсырма. «Туған өлкем» өлеңін жаттау.
Бағалау.
Тыныштық сәті.
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Осымен сабағымыз аяқталды.
Категория: Начальная школа | Добавил: Семей (2015-01-24) | Автор: Касымханова Бакытгуль Далелхановна
Просмотров: 2180 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 11:34 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru