Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚУ МЕН ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН АКТ НЕГІЗІНДЕ ЖҮРГІЗУ
ШҚО, Семей қаласы
«№47 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
Айкымбекова Гулжан Абидоллақызы
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚУ МЕН ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН АКТ НЕГІЗІНДЕ ЖҮРГІЗУ

Дүниежүзілік білім кеңістігіне кіру мақсаты көзделіп, еліміздің дамыған елдермен қатар тұра алатын өркениетті ел ретінде танылып, олармен білімі мен ғылымы, мәдениеті мен технологиясы теңесуі үшін маңызды істер атқарылуда. Мұндай өзгерістер білім беру жүйесінің даму бағыттарын 2011-2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында нақтылайды.
Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту саналы деңгейге көтеру – бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі, ақыл-ойын дамытуы, яғни, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттерді жүктеп, жаңашыл іс-әрекетке жетелейді.
Қомпьютердің пайда болуы адамзат қоғамына көптеген өзгерістер әкелді. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы және әлеуметтік экономикалық өзгерістер жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңаша көзқараспен қарауды талап етуде. Бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайында оны ақпараттандыру басым мәнге ие болып отыр. Жалпы бүгінгі күні әлемнің барлық елдерінің қоғамдық даму негізі - білім, ақпарат және ақпараттық технологиялар болып табылады. Соған сәйкес өркениет дамуының қазіргі кезеңін ақпараттандырумен және ақпараттық қоғамды қалыптастырумен байланыстыру кездейсоқ нәрсе емес.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы – бұл дамуына көп көңіл бөлініп жатқан, Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымының маңызды құрамы. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар экономиканы түбегейлі өзгертуде, Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруда аса зор рөл атқарады.
Сондықтан қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру болып отыр. Қазіргі таңда ақпараттандыру үрдісі адамзат өркениетінің дамуының жаппай және қайталанбайтын кезеңі ретінде қарастырылуда. Білімді ақпараттандыру, әсіресе оның алғашқы баспалдағы мектепте енгізу – қоғамда ақпараттандырудың негізгі шарты. Себебі, мектепте жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында жұмыс істеп, өмір сүре алатын болашақ ұрпақтың дайындығы жүзеге асады. Осы үрдістің дамуын болжауға бағытталған белгілі беталыс педагогика ғылымында өз орнын алуда. Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).
Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Соңғы жылдары ақпараттық технологияның дамуы мен қоғамның барлық салаларына қарқынды түрде енгізілуі баланың жеке тұлға ретінде дамып-жетілуіне елеулі іздерін қалдырды. Ақпараттың үлкен ағымы, жарнамалар, телеарналарда ақпараттық технологияның қолданылуы, компьютерлік ойын орындарының, электрондық ойыншықтардың және автоматтандырылған техниканың көбеюі бала тәрбиесіне, оны қоршаған ортаны танып-білуіне әсер етеді.
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу — әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойына ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілдік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.
Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын камтамасыз етуі керек. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сынып мүғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс.
Бастауыш мектептің оқушысы қазіргі заман талабына сай технологиямен жабдықталған сыныптарды оқуды аңсайды. Бала компьютерде ойын ойнауды ғана емес, қызықты сурет салуды, жұмыс жасауды, сөздік ( ағылшын,орыс, қазақ тілі ) қорын молайтуды, электрондық оқулықпен жұмыс жасауды үйренгісі келеді, онымен етене жақындасуға, достасуға тырысады. Бастауыш мектепте компьютерлік сауаттылық элементтерін қалыптастыру керек. Бастауыш сынып үшін бұл білімнің мақсаттарын анықтатаудағы басымдылықтарының ауысуы: мектепте алғашқы сатыда білім алу мен тәрбиенің нәтижелерінің бірі ол – баланың заманауи компьютерлік технологияны меңгере отырып білім алуға дайын болуы.
Осыларды жүзеге асыру мақсатында бастауыш сынып мұғалімінің тәжірибелік қызметінде балаларды үйрету үшін білім беру мен тәрбие жұмыстарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың қажеттілігі туындады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың бастауыш сыныптардың сабағында қоршаған ортадағы ақпараттық ағында бағдар таба білуге, электрондық-техникалық құралдар арқылы ақпарат алмасуға, қажетті ақпаратпен жұмыс жасай білу әдістерін үйренуге мүмкіндік береді. Бастауыш сыныпта АКТ қолдану сабақты біржақты түсіндіруден екі жақты байланыс арқылы түсіндіруге ауысады. Бұнда оқушы оқу үрдісіне белсенді қатысу арқылы берілген материалдарды оңай меңгеруге мүмкіндік алады. Балалар «сабақты түсіну қиын деген» ойларынан оңай арылады. Бастауыш сыныпта АКТ қолдану мынадай мүмкіндіктер береді:
• оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға;
• сабақты жоғары эстетикалық дәрежеде өткізуге (әуен, анимация);
• әр оқушыға түрлі деңгейдегі тапсырмалар бере отырып әрқайсысымен жекелей жұмыс жасау.

Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.
Бүгінгі мемлекеттің білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдамасындағы міндеттердің бірі – білім беру жүйесі мен оқытудың сапасын арттыру, сабақтың әдістерін және мазмұнын жетілдіру, әдістемелік жағынан дамыту болып табылады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі зан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Технологиялық оқыту, білім берудің, жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың жаңа ізденістерін талап етеді. Баланың білім алу, даму т.б. іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу, оған басшылық ету, білімді өз белсенділіктерімен алуларына түрткі жасау технологияның басты белгілері болып табылады.
Қазақстан Республикасының « Білім беру туралы » Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі – білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіләлемдік коммуникация желісіне шығу.
Ақпараттық технологиялар жағдайындағы оқыту процесі жеке тұлға теориясына сүйенеді. Әрбір жеке тұлға өзін қоршаған ортаға көзқарасымен және өзіндік моральдық талаптарымен, белсендііліктің, түрлі сатысымен және басқа да маңызды қасиеттерімен сипатталады.
« Ақпарат » термині латынның Informatio « түсіндіру » « мазмұндама » деген сөзінен шыққан, бір нәрсені жетілдіріп түсіндіру деген мағынаны білідіреді. Ақпараттар алмастырылады, сақталады, өңделеді және белгілі бір тапсырманы шешу үшін қолданылады. Сонымен қатар, қазақ тілі сабағында ақпараттық технология тек жеке даралықты қарастырмайды, ол бірдей жастағы балалардың ортақ қасиеттерін жүйелей, жинақтай отырып, оқу ақпаратын меңгерудің ортақ жақтарын да қарастырады. Себебі бір сыныптағы оқушылардың меңгеру деңгейлері әр алуан. Бірақ меңгеру талаптары бәріне бірдей. Сондықтан бұл жерде ақпараттық технология меңгерудің сатылап жүру кезеңдерінде тұлғалық бағдарлау, модульдік оқыту, даралық және топтық оқыту әдіс- тәсілдерін қатар интеграциялық түрде қамтиды.
Жаңа ғасыр біздің қоғамымыздың білім беру жүйесін "ашық ақпараттық қоғамның" қадам басуымен байланыстырады. Бүгінгі күні қоғамда ақпарат негіздеуші рөл атқарып, ақпараттық процестерді алумен, сақтаумен, өндеумен, оларды кеңінен пайдаланумен байланысты. Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі
Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру — мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мүғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады.
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін ғалымдар былай сипаттайды:
1. Инновациялық іс-әрекеттің негізгі міндеттері:
♦ жаңалықты тұтастай және жекелеген кезеңдерінің нәтижелерін болжау;
♦ жаңалықтың жетімсіз жақтарын анықтап, оны енгізуді ұйымдастыру кезінде толықтыру мақсатын көздеу;
♦ жаңалықтарды басқа жаңалыктармен салыстырып, олардың тиімдісін тандап алу, мәні мен зерттелуін анықтау;
♦ жаңалық енгізілетін ұйымның инновациялық қабілетін бағалау.
Бүл міндетті шешу үшін (зерттеу проблемасы бойынша) мынадай косымша міндеттер шешілуі қажет:
♦ арнайы әдістемелік әдебиеттерді, қосымша газет-журнал материалдары-нан, жекелеген әдіскерлер еңбектерінен инновациялық іс-әрекет түрлерімен танысып, оларға талдау жасау, қолданылу мүмкіндіктерін айқындау;
♦ өз іс-әрекетіне үнемі әдістемелік талдау жасап отыру.
Акпараттық функцияны іске асыру қызметі:
♦ оқу материалдарын еркін меңгеріп, оны жеткізе білу әдістемесі мен тәсілдерін қолдана білу;
♦ пән мазмұнына ғылыми-дидактикалық талдау енгізу;
♦ оқытуда жаңа технологиялар элементтерін қолдану. Зерттеу функциясы қызметін іске асыруда:
♦ проблема бойынша зерттеу жұмысын жүргізу;
♦ педагогикалық қызмет түрлерін қайта күру мен бағалау;
♦ инновациялық іс-әрекетті тиімді пайдалану мақсатында оқып үйрену. Ғалымдардың мұғалімнің инновациялық іс-әрекетін нәтижелі атқаруға
мұғалімнің жеке бас қасиеттері ерекше орын алады деген пікірлеріне қосыламын.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобразовательной школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с.
2. Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и педагогических колледжей / Под. Ред. П.И. Пидкасистого. - М: Педаг. Общество, 1998. - 640 с.
8. М.Жұмабаев. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б.
9. Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсы, - Алматы, 1996.
10. Оконь В. Введение в общую дидактику. - Москва: Высшая наука, 1990.
Категория: Начальная школа | Добавил: Akma0015411 (2015-01-27) | Автор: Айкымбекова Гулжан Абидоллақызы E
Просмотров: 823 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-05-08, 7:29 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru