Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Біз Отанның ұланымыз Мақсаты-Отан сүйгіштікке баулу, ата-баба салтын сақтау, құрметтеуге тәрбиелеу. Халқымыздың ұлттық мәдениетін дамыту, табиғатпен үндестікке үйрету. Көрнекілік:нақыл сөздер жазылған плакаттар, гүлдер, шарлар. Жұлдыз: Қош келіпсіз құрметті, жас ұлан Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар. Алдарында жауқазындай құлпырған, Сыныптас 4«Ә»нің қыздары. Зере: Жарқын болсын күніміз, Жарқын шықсын үніміз. Елін сүйіп ер жетер, Біз болашақ гүліміз. Жұлдыз: Біз қазақпыз! Есігі ашық, төрі кең Жылап өттік жылдар өмір өрінен. Жетер енді желпінейік, қарайық, Мына өмірге иегердің көзімен! Зере: Ту тігілді халқымның бүгін бағына, Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста. Тәуелсіздік туын ұстап жоғары, Бүгінгі ұрпақ- болар елдің ертеңі. Жұлдыз: Парасатты ер жігіт Ақылымен әр іс біледі Өнерің барда жігіттер Тоқталып сірә, іркілме Жұрт қарасын қызығып Алға шығып би биле. Би Зере: Бәрекелді: Нағыз кәусар жігітті Нағыз қайсат жігітті Нағыз бұлбыл жігітті Нағыз дүджіл жігітті Анықтайтын кез келді. Жұлдыз: Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсен менше сүй деп- Абай атамыз жырлағандай әнге кезек береміз. Ән: Зере: Мақал-мәтел- сөз мәйегі тілегі Әр сындарда асыл сөздің тірегі. Қарапайым қазақ тілі- өз тілім Өз тілімде бұлқынады жүрегім- деп отырып келесі сынға кезек берейік Әр оқушы мақал айтып жарысады. Жұлдыз: Өнерсіздік бас айып, Ән мен күйге басайық, Арасында тағы бір КВН-де ойнайық -КВН тобын қарсы алайық. Зере: Мықты болсан сұрақтарға жауап бер, Келді кезек тапқырлықты танытар. Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей, Жүлде сенде, қуана бер, күлімде –деп «Тығырққа тірелгенде» бөліміне кезек береміз. Жұлдыз:сұрақ-№-бет Зере: Табаны жерге тимейді, Қыздар ғажап билейді. Би сұлулық әсемдік, Сымбаттылық бұд демекші келесі кезекті биге береміз. Би қыздарды қошеметпен қарсы алайық. Ақ тілектер Дильназ:Тілеймін бақыт, өмір ашық аспан, Дильназ:Жалғанда тілек барма одан асқақ. Айым:Аман боп жанұяң мен туыстарың Зере:Жалғансын ақ таңдарың нұрын шашқан. Жұлдыз:Жас ұландар мерекелерің құтты болсын, Ауырмай денсаулығын мықты болсын. Жақсылық жарқыраған сол емес пе, Бастарына Ырыс, Дәулет, Бақыт қонсын. | |
Просмотров: 1368 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|