Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Тақырыбы: Шал мен бала Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Сабақ түрі: аралас сабақ Көрнекліктер: мақалдар, суреттер, Психологиялық дайындық: Кимылмен көрсету: Шай ішкен қоюлап, Жақсы көрем атамды. Сырмақ сырған оюлап, Жақсы көрем әжемді. Барысы: Бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу үшін Жұмбақ шешу арқылы анықтаймыз. Жұмбақ:Таңертен төрт аяқты, Күндіз екі аяқты, Кешке үш аяқты. (Сәби, жастық, кәрілік) Оқулықпен жұмыс: «Шал мен бала» . Авторы:Б.Соқпақбаев. 1) Менерлеп оқу. 2) Оқушылар тізбектеп оқу 3) Сөздікпен жұмыс: Көргенділік-тәрбиелілік Қорыңу-жасқану Бейтаныс- таныс емес, бөтен Әңгіменің мазмұнын ашу кезеңі: сұрақ-жауап. Көшеде жүру тәртібі: Әдептілік Сергіту сәті: Сәлем, ата құрметті, Сау-саламат, тыңсыз ба? Өзім жаздым бұл бетті, Іштей сезіп тұрсыз ба? Келіп неге сүймейсіз, Сабақтан қолым тимейді. Топпен жұмыс: Жағымды қылықтар Жағымсыз қылықтар Мақалдарды талдау: Жаманға шөп батады, Жақсыға сөз батады. Жақсылы қылсаң, бүтін қыл. Жеті атаны кім айтады? Түсіндіру: Ата-әке-бала-немере -шөбере-шөпшек-немене. Шығармашылық жұмыс: Аталарына хат жазу. Суреттер сөйлейді. Портреттермен жұмыстар орындау Тақпақтар айту. Арсен: Атам мені әрқашан, Кішпейіл бол деген. Ақыл сөзі санамда, Мақтанбауды жөн көрем. Думан: Атам мені әрқашан, Бол дейтұғын бауырмал. Мынау байтақ ғаламда, Қаншама дос, бауыр бар. Арлен: Атам мені әрқашан, Мейірімді бол деген. Ақыл сөзі санамда, Жасы үлкенге жол берем. Қорытынды: Мәулен қандай бала? Ата білген кезде қандай ойда болды? Неліктен «Қарттары бардың-қазынасы бар.»-дейді? Үйге: «Мен әдепті баламын» сурет салу, әңгімені мазмұндау. | |
Просмотров: 1075 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|