Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Семей лингвистикалық және компьютерлік технология мектеп-гимназиясы. Пән мұғалімі: Шумакова Арай Нұралықызы Сабақтың тақырыбы: «Бұл қай кезде болады ?» Мақсаты: 1/ Жылдың төрт мезгілдерімен таныстыру және меңгерту. 2/ Табиғат құбылыстарын әдеби тілмен суреттей білуге дағдыландыру, оқу техникаларын дамыту. 3/ Жыл мезгілдерінің ерекшелігін танып, бағалай білуге, сүйе білуге, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру. Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ. Типі: Жаңа білімді меңгерту. Пән аралық байланыс: Бейнелеу өнері, қазақ тілі. Көрнекіліктер: Жыл мезгілдерінің суреттері, слайд түрлері. Сабақтың барысы: 1/ Ұйымдастыру кезеңі. / Оқу құралдарын түгендеу/ 2/ Үй тапсырмасын сұрау. / «Наурыз тойы» өлеңін жатқа сұрау/ 3/ Жаңа сабақ түсіндіру. а/ «Қыс, Күз, Жаз, Көктем.» / 4- слайд/ б/ Оқулықпен жұмыс. «Бұл қай кезде болады?» өлеңін оқушыларға оқыту. Жыл мезгілдеріне байланысты сұрақтар беру. в/ Шығармашылық жұмыс. Жылдың төрт мезгіліне байланысты сурет салғызу. Салған суреттері бойынша әңгімелеу. Қыс, күз, жаз, көктем айларын атау. г/ Сергіту сәті. Үлкенге де сіз, кішіге де сіз. Ата – ананы құрметтеп, Бас иеміз біз. 4/ Жаңа сабақты бекіту, қорытындылау. Бүгінгі сабақта біз не білдік? Не үйрендік? Табиғат құбылыстарының, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін білдік. Табиғатқа үнемі жанашырлық пен қарау керектігін түсіндік. 5/ Үйге тапсырма беру. «Бұл қай кезде болады?» өлеңін мәнерлеп оқу. 6/ Бағалау жұмыстары: Оқушының берген жауаптарына қарай баға беру. Сабаққа қатысып, ат салысқандарына рахмет айту. | |
Просмотров: 723 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|