Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Диалогтік оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіру
Усенова Дидар Эрнстовна ІІ (негізгі) деңгей бойынша сертификатталған бастауыш сынып мұғалімі "Озерки жалпы орта білім беретін мектебі" КММ ШҚО, Семей қаласы

Диалогтік оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіру
Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Еліміздегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігі қашан да анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен қарым – қатынастың маңызы ерекше. Оқушының ой – пікірі мен бастамасы, ұсынысы мен тапсырманы орындау шеберлігі, сөйлеу мәдениеті мен ой тұжырымы, пайымдаулары, талпыныстары мен ізденістері, қызығушылығы мен байқампаздығы, іскерлігі мен дағдысы, іске батыл, сеніммен кірісуі жүзеге асады, мұнда бағыт – бағдар беру, істің дұрыс – бұрыстығын анықтау педагог тарапынан болуы шарт. Оқушының танымдық ынтасын құптау, оған сенімділік таныту – оның мінез – құлқында тұрақтылықты, өзін - өзі бағалауды, ерік әрекетінде батылдық пен табандылық, ұстамдылық пен сабырлылықты, өзіне - өзі талап қоя білуді, т.б. үйретеді.
Оқушылардың танымдық белсенділігі оқу үрдісінде қалыптасады. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу болып табылады. Оқудағы белсенділік оқып-үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынтаның пайда болуымен, назар мен ой-сана операциясының бағыттылығымен (талдау мен синтез, салыстыру мен салмақтау, т.б.) оқып жатқан материалды түсінумен бейімделінеді.
Белсенділік адамның әрекетке қатынасын өз бетінше әрекет етуге дайын болудан ұмтылысынан, алға қойған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.
Оқушының танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқу барысында оқушының танымдық белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше танымдық ықылас-ынтасын, шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастыру қажет. Оқушының қабылдауы, негізінен мұғалімнің сабақты жүйелі түрде жүргізуіне байланысты. Оқушылардың жаңа материалдарды қабылдауына негіз болатындай етіп даярлық жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың оқу-танымдық қызметін арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады. Оқушының өзіндік сезімдік танымы (қалауы, ынтасы, құштарлығы, әсерленуі) негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде оқу материалының маңыздылығы дәрежесіне қарай, оның құндылығын анықтай білу, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор. Қазіргі кезеңгі қоғам талабына сай оқытуда жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің шығармашылық әлеуетін көтерудің маңызы зор.
Жаңа технология үрдістерінің талабы – оқушыларға білім беруде белгіленген мақсатқа жету, оқушылардың іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, оқу- танымдық іс-әрекетін белсендіре отырып, сабақтағы үш біріккен мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу.
Оқыту үрдісінде оқушының оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін барлық қажетті шарттарды: білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды, қажетсінуді қалыптастыратын шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттарын, проблемаларды шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуге тиіс.
Оқушылардың белсенділігін арттырудың жаңа формаларын епті пайдалана отырып, жаңашыл ұстаз белсендіру әсерін жүзеге асырады, онда оқушылар: өз пікірінде тұра алуы; пікірталастар мен талқылауларға қатысуы; өз жолдастарына және мұғалімдеріне сұрақ қоя алуы; жолдастарының жауаптарын түзету; жолдастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалай білу; артта қалған оқушыларды оқытуы; үлгерімі нашар оқушыларға түсініксіз жерлерді түсіндіруі; өз бетінше шамасы келетін тапсырмаларды таңдауы; танымдық міндетті (мәселені) шешудің бірнеше түрін табуы; өзін-өзі тексеру үшін, өзіндік танымдық және тәжірибелік әрекеттерін талдау үшін жағдайлар ойластыруы; танымдық міндеттерді шешімнің өзіне белгілі тәсілдерін жинақтап қолдануы. Осы аталғандарды мұғалім сабақта қалай жүзеге асыра алады дейтін болсақ, әрине оқу үдерісіне өзгеріс енгізе отырып жетуіне болар еді дегім келеді. Себебі, оқытудың жаңа әдіс – тәсілдері осы мақсатқа жетудің бірден бір құралы. Осындай оқытудың жаңа әдістердің бірі диалогтік оқытуды сабағымда қолданудамын.
«Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат» К.Д.Ушинский сөзін ескере отырып, диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектесетінін түсіндім. Диалогтық сұхбаттасу оқушылардың білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылатыны байқадым. Сабақтарымда диалогтық оқытуды қолдана отырып жалпы байқағаным: бұрынғы сабақ беру үрдісімен салыстырғанда жаңа тәсілді қолданып диалогты дамытудың айырмашылығы бар екен. Бұлай дейтінім, бұрын диалог тек жұптық жұмыс арқылы жүзеге асса, ал енді топтық жұмыста орындалады. Мұнда оқушылар берілген сұрақтарды бірлесе оқып оған жауап беріп топ басшысының шешімімен топтан екі оқушы ортаға шығып айтуда өз шығармашылықтарын көрсете білді. Бұл әдіс мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді.
Мен сабағымда топтық әңгіме және зерттеушілік әңгіме жиі қолданамын. Барнс пен Мерсер зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде оларды өзара дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі деп айтқан. Ендеше, оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың бір тәсілі - топтарға берілген ортақ проблемалар арқылы түйінді шешімге келетіні анықталды.Күнделікті жұмыс нәтижесінде, сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыптасып, білімге құштарлықтары артты, әр күнгі өткізілетін сабақтар балалардың көңіл күйлеріне оң әсерін берді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жетудің маңыздылығын сезінді. Диалогтық әдіс тәсілдің сабақта тиімді екеніне көзім жетті. Диалогтық әдісті қолданғанда бала өз ойын біреуге жетік жеткізе алады. Бұл әдіс материалды есте сақтауына себін тигізеді, баланың сөздік қорын дамытады. Мұғалім баланың алған білімі жөнінде тереңірек мәлімет ала алады. Диалогтік әдісті жұппен жүргізген тиімдірек пе деп ойлаймын. Жақсы оқитын оқушылар мен нашар оқитын оқушылар бір жұпта жұмыс жасауда нашар оқитын оқушылар жақсы жауап берді. Оқушылар бір –бірін білім алуға жетелейді. Жұппен талдау жасап болғаннан кейін оқушылар өз түсінгендерін топпен талқылап, өз дәлелдерімен пікір алмасты. Бұл оқушылардың өзара топтық әңгіме арқылы ой - пікірлерін қалыптастырып, сыни тұрғыдан ойлауын дамытады және мәтіндерді оқып олардың негізгі идеясын анықтауда өзара кеңесіп, талдап, талқылап ортақ шешімге келіп, түсіндіреді. Диалогты әңгімеде мұғалім сұрақтары және оларға берілген жауаптар ғана емес, сонымен қатар оқушылардың сұрақтары да маңызды. Тіл үйренуші үшін диалогтың маңызы өте зор. Күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып сөйлесу тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді. Алайда, оқушылардың тақырыпты, мәтін бойынша өз ойларын айтуда өз ойларын толық жеткізе алмағандығы, сөздік қорларының аздығы байқалып жатты. Соның әсерінен балалар өз ойларын айтуға ортаға шығып айтпай жүрді. Оқушылардың бұл кемшіліктерін сабақта сұрақ – жауап және диолог құру арқылы жоятын болдым. Дәстүрлі сабақтарда сабақты қорыту, бекіту кезінде сұрақтарды өзіміз қоятын болсақ, бұл бағдарлама бойынша жаңаша сабақта оқушылар сұрақты өздері қоятын болды. Сұрақтарды жеңілден күрделендіре түсу керек екендігі ескертілді. Алайда оқушыларым бірінші сынып болғандықтан оларға күрделі сұрақтар қою қиындық туғызды.
Алдағы уақытта оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, тіл байлығын дамытып , сөздік қорын молайтуға топтық жұмыстың , рөлдік ойындардың, диалогтың және жаңа технологиялық әдіс- тәсілдердің, стратегиялардың көптен- көп көмегі тиеді деп ойлаймын.
Категория: Начальная школа | Добавил: дидар0498 (2016-01-21) | Автор: Усенова Дидар Эрнстовна E
Просмотров: 1433 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 10:05 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru