Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

4-сынып "Қош бол, бастауыш!"
« Қош бол, бастауыш»
Мұғалім:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда .
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Қош бол, бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4- сыныптарды ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
Мұғалім:
Армандасаң да , қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,
ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!
Бекзат:Ассалаумағалейкум , ағайын !
Мадина: Қош келіпсіздер , құрметті қонақтар !
Бекзат: Ия, бүгін бізде қуаныш , бүгін бізде үлкен той.
Мадина: Өйткені 4 жыл бойы білім беріп, ой -санамызды дамытқан ұстаздарымызбен қоштаспақпыз.
Асанәлі:
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!
Аида:
Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
Нұрзат:
Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!
Мадина:
Қоштасу тойын бастайық,

Ән мен биге басайық.
Бекзат:

Өнерімізді көрсетіп,

Құрметіне бұл тойдың.

Ән мен шашу шашайық.
Мадинаның орындауында «Көңілді күн» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: Көңілді күн. Мадина.
Мадина:
Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Бекзат:
Дұрыс айтасың Мадина! Мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.
Мадина : Олай болса Бекзат, алтын ұя мектебімізге арнап
Бота Бейсенова апамыздың « Аяулы мектебім» әнін шырқайық!
Ән: Аяулы мектебім.
Слайд: «Мектептегі мерекелер»
Бекзат:.
Күндерге күндер ұласты
Жылдар жылжып жыл асты
Ойдағыдай бітірдік
Біз төртінші сыныпты,–дей отырып,құттықтау сөзді оқу ісінің меңгерушісі Марзия Габдулбадиковнаға және тәрбие ісінің меігерушісі Жанна Мырзагалиевнаға береміз.
Мадина: Дильназдың орындауында «Мен қазақтың қызымын» әні.
Ән: Мен қазақтың қызымын . Дильназ
Бекзат : Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
1 оқушы :
Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
2 оқушы:
Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
3 оқушы:
Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
4 оқушы:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
5 оқушы:
Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
6 оқушы:
Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған.
7 оқушы:
Мектебім- сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін , көктеймін.
Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.
8 оқушы:
Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.
9 оқушы.
Есігіңді ашқан балаңа,

Құшақ жайдың мектебім сен қуана.

Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба,

Сенен артық дүниені таба алам ба?
10 оқушы:
Мектебім – мәңгі бапкерім

Қарызбыз саған бәріміз

Өзіңе деген парызды,

Ақтаймыз талай әлі біз.
Ән : «Мектебім»
Бекзат: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Мадина?
Мадина :Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» – деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Бекзат:Дұрыс айтасың Мадина,ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Мадина : Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!
1оқушы:
Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып , мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
2оқушы:
Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік , ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
3 оқушы:
Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай
4 оқушы:
Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
5 оқушы:
Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың , даналардың .
Өмірде сенің алар орыныңа ,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
6 оқушы:
Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған,
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мейірің ба , ұстаздық жүрегің бе?
Жан дүниесін баланың жаулап алған.
7 оқушы:
Нұр құйған санасына зейіндінің.
Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,
Дамыттың дарын отын бейімдінің.
8 оқушы:
Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап.
Шәкірттерін жиі еске алатын.
9 оқушы:
Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан ,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанған.
10 оқушы:
Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады .
Мадина: Асанәліңің орындауында «Ұстазға мың тағзым» әні.
Ән: «Ұстазға мың тағзым» (Асанәлі)
Бекзат:
Өнерпаздар ортамызда әлі бар
Бишілердің билеп берер сәні бар
Мадина:
Қошеметтеп, қол соғып қарсы алайық
Вальс биін билеп берер ұл, қыз бар.
«Мектеп вальсі» биі
«Пәндер айтысы» атты көрініс.
Математика: Достар, жүріңдер, Ғылымға барып ақыл - кеңес алып, Даудың төрелігін сұрайық.
Ғылым: Бұл не айқай, бұл не шу?
Математика: Ғылым аға, біз пәндер сізден бір даудың төрелігін сұрай келдік.
Ғылым: Ендеше баяндаңдар.
Математика: - Қымбатты мәртебелім, өмірде менің орным ерекше. Өйткені адам баласына керегі мен. Мен, есеп болмасам, адамдар сағатты, сауданы т. б. ғылымдар есебін қалай есептейді?
Ана тілі: Жоқ. Мәртебелі Ғылым, адам баласы Ана тілі болмаса тіл қоры, тіл байлығы, сөйлеу, тілдесі мәнін білмес еді.
Қазақ тілі: Қазақ тілі болмас дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыра алмас еді. Қанша әріп барын білмес еді. Буын, жұрнақты ажырата алмас еді. Мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмас еді.
Орыс тілі: Ғылым тақсыр, менің айтар датым бар. Орыс тілі болмаса қалайша ол үштұғырлы тіл болмақ? Мен арқылы адамзат баласы сөз мәтінін аударып, ресми тілде сөйлеп, орыс тіліндегі көптеген кітап қоры арқылы білімін шыңдап жатыр емес пе?
Дүниетану: Ал мен арқылы адамзат баласы таза ауада дем алып, денсаулығын нығайтып, табиғат аясында тынығып, салауатты өмір салты құра алады. Мен оларға таза ауа беру арқылы ерекшемін.
дене тәрбиесі: Қымбатты достар! Барлығыңның сөздеріңді тыңдап мен бір ойға қалдым. Сіздер айтқан құбылыстарды іске асыру үшін, ең алдымен, дене қозғалысы, шымыр болу керек.
Ғылым: Өзін - өзі тану қайда? Ол неге үндемейді?
Өзін - өзі тану: Мен достарымның сөзін тыңдап қайран қалып тұрмын. Ақыры бір - бірімізбен байланысты екенбіз деп сабырмен әдеп сақтап тұрған жайым бар. Олай болса, адам баласына тазалық, әдептілік, мәдениетті сөйлеу, сыпайы, тәртіпті қадағалайтын өзін тану арқылы өзгеге үлгі болуға мүмкіндік бар деп сөзімді қорытамын.
Ғылым: Барлығыңның жауаптарыңды тыңдадым. Десек те, өмірде адам баласына әрқайсыңның керекті екендеріңді ескертемін. Адамдар таза ауада тынығады, дене үнемі қозғалыста болуы шарт, үш тілді меңгеру арқылы шетелдерде іссапарда болады, есеп арқылы білімдерін шыңдайды. Бәрің де бір - біріңмен тығыз байланысты ғылымсыңдар. Сондықтан «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген ұранды қағида етіп татулықпен тарасайық, достар!
Бекзат: Ақәділдің орындауында «Жаяу» әні.
Ән: Жаяу Ақәділ
Бекзат: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
Мадина: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Бекзат: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
Мадина: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !
1оқушы :
Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
2 оқушы:
Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік кеп.
3 оқушы:
Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.
4 оқушы:
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар , мәңгі талай жылдарға.
5оқушы:
Бастауышым- бал бұлағым ,
Алдым сеннен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
6 оқушы :
бастауышым- балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.
7оқушы :
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Мадина: Бекзаттың орындауында «Достарым» әні
ӘН: Достарым
Бекзат:
Шара апамдай бұралып,
Биді билеп береміз.
Би дегенің керемет,
Биді жақсы көреміз, - дей келе «Біз кішкентай жұлдызбыз » биін тамашалаңыздар.
Бекзат : Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
Мадина:
Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау.
1 оқушы: Нұрзат
Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
2 оқушы: Ақәділ
Аман болшы қашанда ана жаным,
Анашым ыстық маған алақаның.
Жан сүйсінтер жүректі елжіретіп,
Ботам деп еркелете қарағаның.
4 оқушы: Аслан
Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!
5 оқушы: Асанәлі
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Бекзат:
Келесі тыңдайтын әндеріңіз аналарымызға арналады.
Мадина:
Ән « Чунга-чанга» Мадина
Ән: Мен ауылға барамын. Нұрзат
Бекзат:
Қане,қолды жаяйық
Үлкеннен бата алайық.
Бастауышым, қош бол,- деп
Қол соғайық халайық!

Мадина:
Құттықтау сөз кезегі ата-аналарға беріледі.
(Ата-аналар сөзі)
Бекзат:
Өтті сенде қызық шағым ,
Бастауышым – бал -бұлағым .
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Ән: Соңғы қоңырау. Мадина.
Бекзат:
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Мадина:
Сау болып тұрыңыздар кездескенше,
Осымен бүгінгі кеш аяқталды.
Категория: Начальная школа | Добавил: zhannakasenova1974 (2016-01-22)
Просмотров: 1447 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 7:33 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru