Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Ашық сабақ
Әдебиеттік оқу 3-4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік монументі. Тәуелсіздік күні.
Шөмішбай Сариев. Мұхтар Шаханов.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тәуелсіздік туралы түсініктерін кеңейте түсу.Желтоқсандағы құрбандарды еске алып, олардың батырлығын, ерліктерін, Отанға деген сүйіспеншіліктерін кейінгі ұрпаққа үлгі етіп тәрбие- білім беру.Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігін паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.
Дамытушылық: Ақынның жан дүниесі мен туған еліне деген мақтаныш сезімдерін көркем сөзбен жеткізу тілін ұғынулары арқылы қазақ тіліне деген қызығушылықтарын, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Отанды сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ізденіс сабақ
Пәнаралық байланыс: дүниетану, тарих, қазақ тілі.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: баяндау, сұрақ – жауап, жаңа ақпараттық технология, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: Ақындардың суреттері, Тәуелсіздік монументінің суреті, Қазақстанның көрнекі қалаларының суреттері, үнтаспа «Желтоқсан желі»,маркер,
А3 қағазы.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Мұғалім : -Екі көзің не үшін керек?
Оқушылар: -Жақсыларды көру үшін.
Мұғалім: -Екі қолың не үшін керек?
Оқушылар: -Елге көмек беру үшін.
Мұғалім:-Екі құлақ не үшін керек?
Оқушылар:-Ақыл-кеңес есту үшін
Мұғалім: -Екі аяқ не үшін керек?
Оқушылар: -Туған жерге жету үшін.
Мұғалім: -Олай болса сендердің көздерің мен құлақтарыңа, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін!
2.Үй жұмысын тексеру. Біздің ту. (өлеңді жатқа айту 3-ші сынып)
«Балық аулау» ойыны . 4-ші сынып «Балықшының баласы» А.Құдайбергенов .
Өткен тақырыпты есімізге түсірейік.
-Балалар, біз қандай тарауды өтіп жатырмыз? ( «Арналы бұлақ – асыл сөз»)
-Алдыңғы сабақта қандай әңгімен таныстық?( «Балықшының баласы»)
Әңгімеден түйген ойларыңды «Балық аулау» ойыны арқылы тексерейік.
1)Әңгіменің кейіпкері кім? Оған мінездеме бер.Өсер- ол ақылды, тілалғыш, еңбекқор, адамгершілігі мол, қайсар, батыл, өжет.
2)Автордың қайық мінезін бейнелеудегі басты теңеулерді ата.
-Жағадағы қайық желіге байланған құлын тәрізді;
-Қайық асаудай бұлтыңдайды, бесіктей тербеледі;
-Құлын сияқты жаны болса шыңғырып, кісінеп жіберер ме еді;
-Толқындағы қайықтың мінезі құлын мінезіне теңеледі.
3)Өсердің өмірден алған өнегесі қандай деп ойлайсыңдар?
Қиыншылыққа мойымау, төзімділікпен, шыдамдылықпен қиындықты жеңе білу.Ол үшін ақылмен көп еңбектену керек. «Еңбек бәрін де жеңбек» дегендей, өмірде адал еңбектену керек.
4)Өсерге әкесі қандай ақыл айтты? –Атқа мінсең, тізгініне ие бол. Қайыққа мінсең, ескегін ұста. Ескексіз қайық ағынға жалынар, ескекті қайық адамға бағынар.
5)Өсер үшін әке алақаны неге қымбат? Әкесі оның балықшы болған. Өмір бойы балық аулаған. Балық аулау оңай іс емес, көп қажырлы еңбекті талап етеді. Сондай еңбекқор адамның бірі оның әкесі.
6) Балықшы мамандық па, кәсіп пе?
3.Қызығушылықты ояту.
Балалар, үнтаспа әуеніне көңіл бөлейік.(«Желтоқсан желі» әні қосылады)
- 1986 жыл 16 желтоқсан. Қазақ жастары тоталитарлық режимге қарсы ашық қарсылық көрсеткен күн. Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 28 жыл өте шықты.Өмір – өзен толқыны бізді әйгілі 16 желтоқсан оқиғасынан уақыт өткен сайын алыстатып әкетіп бара жатса да, жүректерде мәңгілік ұмытылмайтын бір нәрсе бар. Ол – дүниені дүр сілкіндірген сол үш күн оқиғасына қатысқан қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген құрмет, тағзым... Өз тілі мен дінін ұмыта бастаған қазақ еліне ұйқысынан оянған жас баланың шырыл дауысы естілгендей болды.
4.Ой шақыру.
Сұрақ: Желтоқсан айында қандай мерекелер бар?
Тәуелсіздік сөзін тағы қандай сөздермен алмастыруға болады? (азаттық, егеменді, еркіндік, бостандық, теңдік.)
Сабақтың эпиграфы: Ы.Алтынсарин:
«Қазақ халқы-азбаған,табиғаты таза
халық. Оның талабы біреу салып берген
тар шеңбердің қыспағына көне алмайды».
5. Жаңа сабақты бастамас бұрын топтарға бөлу.
Әр бала жазылған Қ,Т әріптерін алады. Осы әріптер бойынша топтарға бөлінеді.
Осы әріптердің астарында қандай сөздер жатыр?
Ендеше 1-ші топ «Қазақстан» , 2-ші топ «Тәуелсіздік» деп аталады.
6.«Генеалогиялық ағаш» әдісі.
• Тақырыбы-ағаштың діңі,
• Тамыры-себептері,
• Бұтақтары- тәуелсіздікке жетудің жолы,
• Жапырақтары- нәтижелері.

7.Мағынаны тану.
Өлеңдерді мәнерлеп оқу.
Оқушылардың кезекпен оқуы.
«Тәуелсіздік монументі». Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариев.
Айы туып, жұлдыз күні жанған ел,
Ата-бабам мәңгі аңсаған арман ел.
Мәңгі тірі, мәңгі азатсың, қазағым,
Мұндай ұлы монументті салған ел.
Қорамсаққа қолды салсаң – үш жебе,
Қазағымның тұтастығын қорғайтын.
Жан – жағынан жақсылары қалыспай,
Хан болған ғой азаматым арыстай.
Алтын адам – ата-бабам көзі бұл,
Қанаттанып жауға шапқан барыстай.
Келешекке құс боп қанат қақты Адам,
Ұлы өнердің мәңгі отын жақты Адам!
Тәуелсіздік монументі алдында
Қазақ болып туғаныма мақтанам!

Тәуелсіздік күні.
Он алтыншы желтоқсан-
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Атамменен барғанмын.
Мерекеге шығады
Бүкіл халық біліп қой.
Отандастар ұғады
Тәуелсіздік –ұлық той.
Арлаймын алаңды,
Тәуелсіздік күні мен .
Батыр Қайрат ағамның,
Суретіне үңілем.
Осы өлеңдегі «Батыр Қайрат» деген кім? Тағы желтоқсанның қандай құрбандарын білесіңдер?
8. Әр топқа тапсырма :
1-ші топ: Тәуелсіздік монументі.( Монумент-ескерткіш)
«Тәуелсіздік ескерткіші». Тәуелсіздіктің бес жылдығына орай Алматы қаласында
1996 жылы 16 желтоқсанда бой көтерді.Ескерткіштің авторларының бас жетекшісі Шотаман Ыдырысұлы Уәлиханов. Биіктігі 28 метр.
Төменгі бөлігі -қауызы ашылмаған қызғалдақ тәрізді,
алдында Қазақстанның елтаңбасы бейнеленген.
Қанатты барыс бейнесі еліміздің тұрақтылығын, мықтылығын бейнелейді.
Ұшар басында сақ жауынгерінің бейнесі, дулығалы Алтын адам. Биіктігі 6 метр, салмағы 4 тонна. Алтын адам-Қазақстанның азаттық символы.

2-ші топ: ақындардың өмірбаянымен танысу.
Яғни, Шөмішбай Сариевтің және Мұхтар Шахановтың өмірбаяндары.
Ақындардың суреттері ашылады.
Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариев – ақын, аудармашы, филология ғылымының кандидаты, Кафка атындағы Халықаралық сыйлықтың және «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
«Жыл Адамы – Алтын Адам» сыйлығының иегері. 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында туған, Қамбаш орта мектебін бітірісімен, Қазалы аудандық «Ленин туы» және Арал аудандық «Толқын» газеттерінде қызмет атқарған.
Алғашқы жыр жинағы 1974 жылы «Балдәурен» деген атпен жарық көрген.1994 жылы «Жазушы» баспасынан таңдамалы өлеңдер томдығы, 1992 жылы «Сүйінші» деген атпен ән өлеңдері жеке жинақ болып басылған.
Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Мамандығы тракторшы, филолог.1969 жылы Шымкент педагогикалық институтын сырттай оқып бітірген.
КСРО Жазушылар Одағының мүшесі (1969), Қазақстанның халық жазушысы (1996),
Қоғам қайраткері.
9. Сергіту сәті: «Киіз үй»
Балалар, шеңбер аясына тұрып бойымызды сергітейік. Мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешіп көріңдер.
«Ұқсайтын шеңберге
Қабырғасы жиылып, керіледі.
Жиһазы мол кең бөлме,
Төбесінен жұлдыздар көрінеді»( Киіз үй.)

Ендеше, сергіту сәтіміз «Киіз үй» болады.
«Қане, қане тұрайық,
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрайық»

Қорытындылау.
Еліміз өзінің Тәуелсіздігін жариялап алғанына 23 жыл толғалы отыр.Осы жылдар аралығында болған оқиғаларды есімізге түсіру үшін «Тәуелсіздік шежіресі» тапсырмаларын орындайық.
Балықтың сүйегі (Фишбоун)
1оқиға- 1991ж 1 желтоқсан ( Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.)
2 оқиға-1991ж. 16 желтоқсан. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялады.
3 оқиға- 1992 ж. 2 қазанда (Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.)
4 оқиға-. 1993 ж.4 маусым. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы заңдарға қол қойды
5 оқиға-1993 ж 15 қараша. Төл теңгеміз дүниеге келді.
6 оқиға-1995ж 30 тамыз.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының «Ата заңы» қабылданды.,
8 оқиға- 1996 ж. 16 желтоқсан. Алматыда «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды.
11. Сабағымызды «Тапқырлар» тапсырмасы арқылы мақал-мәтелдермен жалғастырайық.
Берілген мақал-мәтелдегі суреттердің орнына сөз жазу.
1. Отансыз адам – ормансыз (бұлбұл)
2. Туған жердің (күні ) де ыстық, (түні) де ыстық.
3.Туған жерге (туың) тік.
4. Отан- (оттан) да ыстық.
Сабағымызды қорытындылай келе алған білімдерімізді тексеру үшін тест жұмысын орындайық.
Үй жұмысы: өлеңнің ұнаған шумағын жаттау 77 бет.
- Қазақстан Республикасының гимні.
1 – жүргізуші
- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата – аналар, шәкірттер. Бүгінгі күн бәріміз үшін ерекше күн.
Бүгінгі «Бастауышым - балбұлағым!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
І бөлім:
Жүргізуші: Осыдан 4 жыл бұрын 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын ашқан бүлдіршіндер қазіргі таңда бойлары да өсіп, ойлары да өсіп, бастауышта білім нәрімен сусындап, орта буын табалдырығын аттағалы отыр. Талаптарыңа нұр жаусын! Қадамдарыңа гүл бітсін деген тілекпен: Суаткөл негізгі мектебінің көңілді де ақылды 4 сыныбын ортаға шақырайық. Қарсы алайық ағайын! Музыка ойнайды (Өз елім)
Мағжан:
Армысыздар осындағы көпшілік,
Сәлем бердік бәріңізге бас иіп.
Тұрған біздер төртінші сыныбымыз
Көңілді өтсін бүгінгі,
Бастауышпен қоштасу күн - кешіміз!
Назым:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жайып қарсы аламыз Сіздерді
Би биленіп ән де бүгін шырқалар.
Алихан:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар!
Жүздерінен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Аңсар:
- Біз, бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.
Қорғанбек:
- Сондай - ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымызбен солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
Мерей:
- Біз, мектепте білім ала отырып, мектеп, ұстаз, әке, ана, дос, Отан жайлы ұғымдарды санамызға сіңіріп өстік. Егер әр оқушының жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол - мұғалімнің еңбегі.
Мағжан:
- Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десейші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә!
Аңсар: Олай болса, алғашқы бөліміміз: «Ұстаз ұлағаты» деп аталады.
5 оқушы шығады:
Алихан: Ұ – ұлағатты
Мағжан: С – салмақты
Назым: Т – танымал
Қорғанбек: А – ардақты
Мерей: З – зиялы
Аңсар:
Балғындарға баянды,
Сырын төккен ұстазым!
Шәкіртіне аяулы,
Нұрын төккен ұстазым!
Есейіп ертең кетсең де,
Шәкіртпін ұстаз алдында.
Білім – ойдың сұлуын
Асу еткен ұстазым.
Жүрегінің жылуын
Шашу еткен ұстазым.
- деген жылы сөзбен алғашқы ұстазымыз Шаин Имаковнаны ортаға шақырамыз!

Мерей: Сүйікті мұғалім,
Бес алсам ұнадым,
Екі алсам сынадың,
Алдыңда әрқашан,
Бас иіп тұрамын,
Сүйікті мұғалім!
Мағжан:
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады – ай, қажымай.
Назым:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі
Бастауышта білім алған өзіңнен
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Қорғанбек:
Атағың Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбең өсіп, көкке тиіп.
Алдыңда әрқашан да тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым» деп басымды иіп.
Аңсар:
Анадай бесік тербеткен,
Түн қатып сансыз дәптерге қанша түнейсің.
Суарып білім шәрбатпен,
Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.
Алихан:
Ұстазым ғой әліппені үйреткен
Көкейіме көрік беріп, гүл еккен
Мені оқытқан, өркенімді өсіріп
Жалындатып, жанарымды нұр еткен.
Мағжан:
- Бүкіл жер бетіндегі ұстаздар қауымы шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, ыстығы мен суығына төзеді. Біз күлсек бірге күліп, біздің көңіліміз болмаса жаны қалмай сұрап тұратын, ұлағатты ұстаздар қандай тамаша қауым! Мен мына, бүкіл адамзат баласының атынан алғыс білдіріп, тағзым етемін!
РАХМЕТ СІЗГЕ, ҰСТАЗ!!! (Хор)
Ән «Үйретеді мектепте»
Жүргізуші:
Күндіз түні ойладыңыз бала қамын
Тынымсыз атып жатыр әрбір таңын
Басқарып директор боп осы ұжымды
Баршаны аялаған алақанын – дей келе мектебіміздің директоры Есілбаев Азамат Жұмабекұлына сөз берейік.
ІІ бөлім:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар келесі бөлім «Алғыс білдіру» деп аталады. Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр түрлі номинацияларда Сіздерді дипломдармен марапаттаймыз.
«Баға жетпес, мәртебелі» номинациясымен мектеп директоры Есілбаев Азамат Жұмабекұлы марапатталады.
Сөз сөйлесе жарқын - ақ,
Күніміздей жарқылдап,
Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі.
Қасымызда қашан да,
Қамқор болып жүреді.
Азамат Жұмабекұлына
Алғыс айтады түлектері.
Мұғалім: «Қамқор және мейірімді» номинациясымен оқу ісінің меңгерушісі Жакина Гүлден Жолдыбаевна марапатталады.
1 - жүргізуші Анамдай мейірімді құшақ ашып,
Тұрасыз Гүлден тәтей амандасып.
Әр уақыт жылы сөзіңіз шабыт беріп,
Барамыз болашаққа қадам басып.

Мұғалім: «Тапқыр ұйымдастырушы» номинациясымен тәрбие ісінің меңгерушісі Есілбаева Динара Жанатовна марапатталады.
2 - жүргізуші Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіңе.
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көңіліңнің хошын - ай,
Көп шәкірттің досындай,
Ақ ниетті кең пейіл
Біздің Динара тәтей осындай.
Мұғалім: «Қадірлі емші» номинациясымен мектеп медбикесі Капарова Гүлнар Имаковна марапатталады.
1 - жүргізуші: Адамға деген мейірімнің өзінен
Бойыңыздан толған жылылық лебін сезінем.
Ақ халатты, абзал жан Гүлнәр тәтей,
Мың алғыс, ризамыз өзіңізге.

Мұғалім: «Смак» номинациясымен біздің құрметті аспазшылар Гульнар тәтей және Анаргүл тәтей
марапатталады.
Рақмет дәміңе,
Ризалық берсін бәріңе.
Аман болып басыңыз,
Жүзге жетсін жасыңыз
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар атынан мың да бір алғысымызды білдіреміз.
Ән: «Бала тілегі»
Мағжан: Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.
Аңсар: Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата - ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар. Құрметті ата - аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі өлең шумақтарын жолдаймыз.
Назым: Ыстық - ау кім - кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген - дегендей әкенің орны бөлек ау.
Мерей: Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
Алихан: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
Қорғанбек: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең - ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Мағжан: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым
Сәбиді әлдилеумен түн қаттың.
Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің
Кең құшағың, аясындай гүл бақтың.
Аңсар: Аман болсын, аяулы анамыз,
Асқар таудай әкеміз!
Ата - анаға мың да бір рахмет!
Ән: «Анашым қартаймашы»
2 - жүргізуші: Ата - аналар атынан сөз кезегі беріледі.
(ата - аналардың ыстық лебіздері)

1 - жүргізуші: Өнерді жанымменен түйсінемін,
Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.
Қазақ биін билесін мың бұралып,
Бименен шашу шашып бишілерім!
Би «Қара жорға»
Мұғалімнің сөзі: Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, бастауыш сынып өмірінен ескерткіш болсын деп әр оқушыға куәлік табыс етеміз. Куәліктер беру үшін ортаға мектеп директорын шақырамыз.
Куәлік оқылады, әр оқушыға арналған тақпағы оқылады.
Қорғанбек мінезі бар жанға жайлы,
Ешкімді еш уақытта алдамайды.
Күліп жүр өмірде дәл осылай
Қиындыққа кездессең болма қайғы.
Назым адал жүрек, ақкөңіл қыз,
Сыйлаймыз жақсы қыз деп сіз бен біз
Өнері бар бойында тұнып тұрған,
Жолың болсын қашанда кішкене қыз.

Еңбекқор, әзілкеш бойында бар,
Қате істі әрқашан мойындатар.
Әр ісіне жауапты Алихан
Арманың болашақта орындалар.

Айтар сөзім, тілегім бар.
Көп жинап білім деген тірегіңді ал.
Мерей сенің көңілің ақ, жүзің жылы,
Кең дархан сәбидей пәк жүрегің бар.

Қуаныш көп болуда сүйікті елде
Ақылды адам - бәрінен биік пенде.
Аңсар болашағың жарқын болсын
Жұлдызың болсын әр кез биіктерде.

Бос жіберме ешқашан уақытыңды,
Аялай біл ақылың жақұтыңды.
Мағжан сен ел сыйлар азамат боп,
Болашақтан табарсың бақытыңды.
Ән: «Мектебім»
Аңсар:
Бастауышым - Балбұлағым,
Лаулап жансын шамшырағың.
Өзің берген біліміңнен,
Самғап ұшты тау қыраның.
Мағжан:
Өтті қызық шағым,
Бастауышым - Балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын!
Назым:
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар, мәңгі талай жылдарға.
Мерей:
Бастауышым - бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
Қорғанбек:
Жақсылықты әрқашанда жақтаймыз
Сөздеріңді есімізге сақтаймыз.
Үміт күтіп қарайтын болашақта
Ұстаздарым, сеніміңді біз ақтаймыз.
Алихан:
Қош бол, құтты Бастауыш!
Алғыстарым көп менің.
Ақыл - білім, тәрбиең,
Ой - санама еккенің.
Жүргізуші: Ал енді 4 сынып түлектерінің орындауында «Қоштасу» вальсін тамашалаңыздар.
Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдірем
Категория: Начальная школа | Добавил: ardaktanybaeva (2016-01-27) | Автор: Тәуелсіздік монументі. E
Просмотров: 1395 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 11:33 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru