Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Наурыз - Думан
Тәрбие сағаты
«Наурыз― думан»

Мақсаты:
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

1 – жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қадірлі қонақтар,оқушылар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз ― жыл басы, көктем мейрамы.
2 – жүргізуші: Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ендеше бүгінгі «НАУРЫЗ-ДУМАН» мерекелік бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
1 – жүргізуші:
Бүгін ұлыстың ұлы күні.
Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн!
2 – жүргізуші: Күлімдеген көктемнің шуақты шақтарымен бірге жер бусанып, «арқаның қысы аттан түсетін» кез.
1 – жүргізуші: Наурыз – табиғаттың тамырына қан жүгіртіп, тіршілік атаулыны қайта оятып, жаңартатын кез.
2– жүргізуші: Наурыз мерекесі – Ұлыстың Ұлы күні деп аталады. Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз сөзі парсы тілінде «Нау» - жаңа, «рыз» - күн деген сөздерден шыққан, жылдың бірінші күнін білдірген. Наурыз – жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, күн мен түннің теңесу сәті, халықтардың ынтымақ күні. Бұл күні күн мен түн теңеліп, күн ұзарып, түн қысқарады.
Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық.
Ақ қар кетіп,көктем жетіп,
Наурызды қарсы алайық.
1– жүргізуші: Ендеше көктемнің шуағын ала келген Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!
(бір ата-ана шашу шашады, музыка қосу)
2 – жүргізуші:
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
ӘН: «ҚАЗАҚЫ ДАСТАРХАН»
2 – жүргізуші: Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз наурыз мейрамына дайындаған тақпақтарын айтсын

1 -Жүргізуші: Қай халықтың болмасын салт-дәстүрі болады. Әрбір адам халықты сыйласа, оның тілін де, салт –дәстүрін де құрметтеуі керек. Соның бірі – бала тәрбиесіне байланысты салттар. Өйткені, бала – өмірдің жалғасы, болашағы. ( ортада әжелер, келіндер отырады. Күй ойнайды, бала келіп) - Бесікке салу . Бесік – қасиетті, киелі құтты мүлік. Сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. «Ел іші – алтын бесік» деген сөйлем бесіктің құдіретін көрсетеді. Жаңа туған сәбиді бесікке салу да – халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесік ағаштан, талдан иіп жасалады. Себебі – тал басқа ағаштай емес, иілмелі, морт сынбайды, құрт түспейді, жат иісі болмайды.Бесіктегі сәбидің бойы, қол – аяғы түзу, ширақ болады. Пәле жаладан сақтасын деп ырымдап,оған тұмар тағып қояды. Бесіктің мынадай құрал –жабдықтары болады: жастық, мамық, жөргек, түбек, шүмек, тартпабау. Баланы бесікке салмас бұрын, бесікті сіріңке жағып аластайды. «Алас –алас , пәле –жалдан қағас». «Тыштырма», сәбиді бесікке салар кезде түбегі тұратың тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер салып «тышты» деп ырымдап оны «тыштырма» деп атап кеткен Тыштарманы әйелдер бөлісіп алып бала-шағасына үлестіреді. Сәбиді бесікке бөлейді. Содан кейін «Бесік жыры» айтылады: Әлди –әлди, ақ бөпем, Ақ бесікте жат бөпем. Жылама бөпем, жылама Шекер шағып берейін. Байқұтанның құйрығын Жіпке тағып берейін.

2 – жүргізуші:
- Ал енді балалар! Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Жұмбақтардың шешуін табыңдар:
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
(дастархан)
Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл – дастархан.
1-Жүргізуші: Ендеше ,қазір біз сіздерге ұлттық тағамдарға байланысты сұрақтар қоямыз. Бәріміз бір кісідей ат салысып,қатысып отырайық,
1-Жүргізуші: 1.Дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады?
2-Жүргізуші: 2. Наурыз көже қалай жасалады?
1-Жүргізуші: 3. Ұлттық тағамдарды атаңдар
2-Жүргізуші: 4. Сүттен жасалатын тағамдарды атаңдар
1-Жүргізуші:. Ұннан жасалатын тағамдарды атаңдар
2-Жүргізуші: Еттен жасалатын тағамдарды атаңдар
1 – жүргізуші:
Қазақтың ұлттық тағамдары,
Жасымнан жақын маған бәрі.
Теңермес ем оларға мен,
Ешбір асты ғаламдағы.
- Дастархан басында адамдар қалай отырады, асқа қатысты тыйымдармен ырымдары туралы кім айтады екен?

2-жүргізуші: Мақал-мәтелді білмейтін оқушы жоқ деп айтуға болады,өйткені мақал-мәтелді сендер мектепке келген күннен бастап үйренесіндер.”Сөздің көркі -мақал” деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады.
Мақал-мәтелді көп біліп ,көп қөлданатын адамдардың білімі де ,ақылы да арта түседі.
Кәнеки,ендеше мақалдан жарысып көрейік.
Балалар, сендер қазақ халқының мақал-мәтелдерін жақсы біледі екенсіңдер. Талаптарыңа нұр жаусын.
1-жүргізуші: Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұралады насихаттан жүрген халықпыз. Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар, Өткеннен бізге жеткен асылы бар. Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын, Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар.
2-жүргізуші: Тұсау кесу
Сәби еңбектеуден өткен соң қаз-қаз басады, «тәй-тәй» жүре бастайды. Сол кезеңде сәби жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін деген тілекпен тұсауын ала жіппен кеседі. Мұның мәні мынада: халқымыз баланы тәрбиелегенде ұрлыққа , зорлыққа жаман іске, бұзақылыққа әуестенбе деп, дұрыс жолға салады. «Біреудің ала жібін аттама!» деп үлкендер айтады.Мұның мәні: аяқтағы ала жіптің болуы біреудің бір құлаш бас жібіне жолама, ал оның кесілуі ― баланың келешегіне жол ашу, ақ жол тілеу. Сол кезде «Тұсау кесер» жыры айтылады.
Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың,
Өмірге аяқ баса бер,
Асулардан аса бер.
1-жүргізуші:
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Хор: « Наурыз »

2-жүргізуші:
Ей, балалар, балалар,
Енді маған қараңдар!
Наурызды тойлайық,
Қызық ойын ойнайық. Ұлттық ойын «Арқан тартыс»

Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Соның ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», арқан тарту т.б ойындар.
- Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3!Бастаймыз!(балаларарқантартысады)
Рахмет! Отырамыз.

І- Жүргізуші: Тамашаға толтырып тұнық төрді,
Жетті, Наурыз, үкілеп үміттерді,
Барша үйге бақыт боп, береке боп,
Жанарынан нұр шашып күліп келді.

2-Жүргізуші: Мұсылман ұғымы бойынша 21 - наурыз күні түнгі сағат үште Қыдыр ата келеді деп түсінген.Бабаларымыз осы түнді кірпік ілмей күткен, Қыдыр бабаны қарсы алған. Осы түні әр адам қандай ой – арман, тілек ойласа, ол жаңа жылда қабыл болады деп ырым еткен.
Оқушы:
Ұлы күнде халайық,
Қалай қарап қалайық,
Сәйгүліктей ағайық,
Жасын болып жанайық.
Ортамызға шақырып,
Бабамыздың Қыдырдай
Ақ батасын алайық!

1-Жүргізуші: Ендеше, Ұлыстың ұлы күнінде келген Қызыр бабамыздың ақ батасын алайық.
Қызыр баба: Сұрасаң бата берейін, Ақ тілекті төгейін. Еліме берсін берекет, Қашсын сырқат-бәлекет! Кірсін дәулет есіктен, Кетсін бейнет тесіктен, Ескі жылым есірке, Жаңа жылым жарылқа! Дастарханың мол болсын! Абыройың зор болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсаң жол болсын
2 -Жүргізуші: - Балалар! Сендер білесіндерме? Наурыз мейрамы – жыл басы, яғни жаңа жыл. Ал Жаңа жылдың иесі кім екенің білесіндер ме? Мешін. Дұрыс мешін.
1 -Жүргізуші: Құтты болсын жаңа жасың, қазағым,
Қызыл – жасыл тарқамасын базарың!
Биылғы жыл – берекелі Жылқы жылы,
Арта берсін, елдің көркі, жер нұры!
2 -Жүргізуші: Көне заманнан бері Наурыз сұлулық пен жасампаздықтың, бейбітшілік пен келісімнің символы болып табылады.
1- Жүргізуші: Көпұлтты Қазақстан халқының өз мүмкіндіктеріне деген сенімдері арта түсіп, бай рухани мұралары жарқын болашақ жолындағы жарқын істеріне қуат берсін.
2- Жүргізуші: Қазақстандықтар үшін Наурыз – айрықша мейрам. Бұл күн қыстың сәті аяқталып, барша еліміз жаңаша кейіпке енетін көгілдір көктемнің келгенін білдіреді. Бірге: Жаңару мен жасару күні Сіздерге бақ-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, көркейе берейік! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
1- Жүргізуші: Мәңгілік мұра болса күй деген,
Қанат болған қазағыма би деген.
Аққудың көгілдірі секілденіп,
Айдынында сызылтып би билеген – демекші ортаға аруларымыздың мың бұралған биін тамашалаңыздар.
БИ: «ҚАРА ЖОРҒА»
2 -Жүргізуші:
Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Құттықтау сөз директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу – тәрбие жөніндегі орынбасарына, ата – аналарға беріледі.

1- жүргізуші: Құрметті қонақтар, тағы бір мәрте жыл басымыз – Наурыз мейрамы құтты болсын.
2 -Жүргізуші:
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Толтырып нұрға жатыр міне маңайды.
Төрт түлік бал татыған уызы,
Қуат болып қанымызға тарайды – дей келе бүгінгі Наурыз мейрамына арналған
«НАУРЫЗ – ДУМАН» атты мерекелік бағдарламамыз аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет!
Категория: Начальная школа | Добавил: alibekovao1143 (2016-01-29) | Автор: Алибекова Орынбасар Сергазыевна E
Просмотров: 689 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 8:23 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru