Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Бастауышым - балбұлағым!
Тақырыбы: Бастауышым - балбұлағым!
Мақсаты: 1.Білімнің қайнар көзі, бастау бұлағы бастауыштан басталатындығын ұғындыру. Білімге деген құштарлығын арттыру.
2.Бастауыш сыныппен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып сәт сапар тілеу.
3. Білім ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге, ата - анасының, Отанның адал ұл - қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: "Бастауышым - балбұлағым!" атты тақырып, плакатқа жазылған сөздер, шарлар, суреттер.
1 - жүргізуші: Оқу елге керек пе, Керексіз бе? Болды дау Жар сап әлемге Соғылды бір қоңырау. Ол Ыбырай атаның Қоңырауы болатын Жарық етті әлемді, Қараңғы еді дала тым. Жырын жаттап жазамыз, Жалықпастан қыс - жазы. Ұлы Ыбырай атамыз - Ұстаздардың ұстазы. Ұран тастар көп елге, " Кел, балалар, оқылық! " Деген сөзін көңілге "Ықыласпен тоқылық!"
"Балдырған вальсі" әнінің әуенімен шымылдық ашылады. Балалар билеп шығады.
2 - жүргізуші: -Азамат жүрегін дір еткізер осы бір мектеп өміріндегі алғашқы күннен бастап, сол ұядағы әрбір қызықты, жылылыққа толы нұрлы бала өміріміздің балғын шағын айқындайтын қоштасар сәт те келіп жетті.Осынау алтын ұяда теңдесі жоқ ана да, дана да, жаны шуақты, нұрлы жүректі жан барын бәріміз жүрегімізбен сеземіз. Ол ұстаз! Ендеше ортаға ұстазымыз Гүлнара апайымызды шақырамыз.
Мұғалім: - Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! "Бастауышым - балбұлағым!" атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне жиналып отырсыздар. Қадамдарыңызға нұр жаусын!
Алдарыңызда тұрған балалар 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын тәй - тәй басып аттаған кіп -кішкентай бүлдіршіндер еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, әріп таныған, бастауыш сынып білімін аяқтап, жоғарғы сыныпқа қадам басқалы отыр.
"Бүгінгі менің көгершіндерім, болашақтарың көгеріп, көктеп, биіктерге самғаңдар" деген тілекпен ертеңгілікті ашуға рұқсат етіңіздер.

3 - жүргізуші: Ағайын жұрт ардақты, армысыздар, Бәріңіз де есен - сау бармысыздар. Көрермен куә болсын бастауышқа, Болашақ шәкірттердің жалғасы бар.
4 - жүргізуші: Мектеп, мектеп, бақытқа толды үйің, Ұша білсек болмас - ау, қону қиын. Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін, Бастауыштың билейміз соңғы биін.
3 - жүргізуші: - Біз бүгін тойымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған, көп нәрсені үйреткен ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
4 - жүргізуші: "Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас Үйретуден балаға " - деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті.
Хор: " Ұстазым ".
2 - жүргізуші: - Қасым Аманжолов ағамыз " Мектеп - кеме, білім -теңіз " деп тектен - текке айтпаған - ау сірә. Егер адамның жүрегінде ізгілік, мейірімділік сәулесі болса, ол - мұғалімнің еңбегі.Сол нұрды әрбір жекіншектерге жеткізіп, жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңші!Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе?! Сондықтан да ұстаздардың еңбегі - ұлы еңбек.

1 - жүргізуші: Алғаш рет өзіңнен Білім алды балалар. Оқу сырын өзіңнен Біліп алды балалар. Жастың өсті санасы, Елжірейді жүрегі. Бастауышқа бар бала Алғыс айтып жүреді.
1 - оқушы: Білімнің босағасын тұңғыш аттап, Кірген кез есімде гүл құшақтап. Қуанып ертіп келген ата - анамыз, Қарсы алып ұстаздар да тұрды шат боп.
2 - оқушы: Әр үйдің еркін өскен тентегі едік, Ақылға кете алмадық ерте көніп. Бойымыз бірте - бірте үйренісіп Сізді де сан ызағып еркеледік.
3 - оқушы: Танытып таңғажайып төзімділік, Сөзбен де, іспен де үлгі сезіндіріп. Ектіңіз анамызға сансыз білім, Әркімнің айтқанды ұғар кезін біліп.
Санамыз сабақ сайын еселеніп, Төрт жылда өнеге алдық неше келіп. Меңзеген биігіңе көз жіберіп, Жарысып ойымызбен өсе бердік.
4 - оқушы: Есімде ерен ұстазым, Шашымнан сипап қпкенің. Аянбай бізге қыз - жазы Молынан мейір төккенің.
5 - оқушы: Ақылшым - асыл ұстазым, Жолымды айқын нұсқадың. Қасыма кеп қанша сен, Қамқор боп қалам ұштадың.
Жалықпай үйреттің де балаларды, Өмірге тарту еттің даналарды. Ізгілікке жол ашып көрсетумен, Қара шашың қыраулап ағарады.
6 - оқушы: Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға, Тарап демде кетелі шаршауың да. Бал - бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер, Тұрғаныңда солардың қоршауында.
7 - оқушы: Мұғалім - бұл адамның ардақты аты, Білімді бар биікке шығар саты. Ең алғаш басталады осы адамнан, Сүйеді содықтан да жақын - жаты ... Бар ғалам, барлық қоғам мұғалімді Сыйлайды мәңгі бақи беріп бәрін.
8 - оқушы: Ұстаз деген қасиетті адам бар, Біле білсең, сенің екі анаң бар. Бірі сенің туған анаң болса егер, Екінші анаң ұстаз деген данаң бар. Туған анаң болмаса ойнамас ең, күлмес ең, Жарық дүние нұр сәулесін көрмес ең. Ұстаз ана болмаса сен өмірдің Мәні менен мағынасын білмес ең.
9 - оқушы: Ұлы өмірге жетелеп, Ашқан білім есігін. Құрметтейік мәпелеп, Ұстаздардың есімін. Келешекке алтын бақ, Қосар таудың үлесін. Жасай берсін жарқырап, Ұстаз атты ұлы есім.

10 - оқушы: Мол өнегең, ұрпаққа мол дәрісің, Қанаттандыр, қатайтып қолан ұшыр. Саған деген алғыстың шегі де жоқ, Әрбірінің азамат болғаны үшін.
11 -оқушы: Ақылшым - асыл ұстазым, Төгілген арай, шуағым. Арманым қонса қолыма, Арқаң деп сенің ұғамын.
12 - оқушы: Ақылшым - асыл ұстазым, Сарқылмас мәңгі бұлағым. Ұланың бүгін тойында Арнайды саған бұл әнін.
Ән: " Кеш жарық ".
Көрініс: " Мұраттың қулығы ".
2 - жүргізуші: - Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаны батыр да, тілінен бал тамызған ақын да, тегеуріні темір балқытатын жұмысшы да, егін салып, мал бағып тер төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
1 - жүргізуші: - Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз.
13 - оқушы: Білім алған өзіңнен Дәрігер, ұшқыш, не ғалым. Саған ыстық сезіммен Қарайды жұрт, мұғалім. Мен де өзіңді әрдайым Қамқоршым деп ұғамын. Күліп атқан таңдайын Жарқынсың сен, мұғалім.
14 - оқушы: Байсалды мінезіңнен бір қалыпты, Менің де көкейімде із қалыпты. Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің, Ерінбей үйреттің де әр әріпті. Қоссаңдар бірді екіге үш болады, Деуші едің Білімменен күш толады Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол. Ақылмен іс істесең іс болады. Беруші ең бізге айтып өлең , тақпақ, Таласып алушы едік біздер жаттап. Өзіңіз баға қойған күнделікті Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.
15 - оқушы: Енді міне, сағымдай боп өте шықты, Төрт жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті. Ұстаз ана жасады мына бізден Ел таңғалар азамат бір - бір мықты.
Ән: " Ұстазым "

4 - жүргізуші: Мектеп - сенсің адалдықты үйреткен,
Мектеп - сенсің жамандықтан жиренткен.
Мектеп - сенсің жақсылықты ұран ғып,
Мектеп - сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.

3 - жүргізуші: Мектеп деген - білім кені, жыр кені,
Мектеп деген - ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген - тәрбиеші адамға,
Мектеп деген - даналардың мекені.

16 - оқушы: Мектеп - үйім, ұстаздарым - ата - анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.
Ақыл, білім, көп бердің,
Анамдайсың мектебім.
Сенде өсіп көктедім, Сенсің - өмір көктемім.

17 - оқушы: Мектеп - кеме, білім - теңіз,
Барар жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.

Ән: " Мектебім ".

Көрініс: " Қоңырауда күлейік ".

4 - жүргізуші: Ұстаз сөзі күн нұрына пара - пар,
Шәкірт оның әр сөзінен нәр алар.
Ізгілік пен мейірімге толы ол,
Шуақ болып жүректерге таралар.

3- жүргізуші: Ұрпақ пен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі.
Ән шашу, әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.

2 - жүргізуші: Бізді болашаққа не бастайды?

Хормен: Ұстаздың көрсеткен жолы.
Ата - ананың ақылы.
Болашаққа деген сенім.

1 - жүргізуші: - Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңізді ынта қойып тыңдаймыз. Жан - жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыз шексіз.

18 - оқушы: Арманым боп аңсаған,
Мәңгілік қалдым мекендеп.
Өзіңе арнап жыр айтам,
Ардақтап сізді өтем деп.

19 - оқушы: Талаптанып білім шыңға самғауға,
Мен мектепке алғаш рет барғанда,
Ғазия апай қарсы алып ең біздерді,
Мерейіңіз биік болсын әрдайым.

20 - оқушы: Санамызда тұрса дағы сан ұғым,
Білмеуші едік көп нәрсенің анығын
Тілі менен әдебиетін орыстың
Күләш апай өзіңізден таныдым.

21 - оқушы: Білімділік - тіршіліктің тірегі,
Әлия апай тереңнен түсіндіреді.
Сөйлегенде мәдениетті тілменен
Барлық жанның елжіреген жүрегі.

22 - оқушы: Жетілдіріп жеткіншектер білімін,
Сырын ашқан өзін - өзі тану пәнінің
Бейімбет ағай еңбегіңді бағалап,
Сізге шексіз алғыс айтар сыныбым.

23 - оқушы: Кенен ағай салауаттылыққа баулыған,
Санамызға қырын - сырын тоқытқан.
Ізгілік пен ізеттікке жетелеп,
Ақыл кенін болаттай ғып қорытқан.

24 - оқушы: Жасау үшін жас өскіннен шын дарын
Талай балғын суретшіні шыңдадың.
Жанат ағай үйреттіңіз біздерге
Әсем етіп сурет салу сырларын.

25 - оқушы: Қай кезде де бағыт сілтеп көлемді,
Бізге үйреткен музыкадай өнерді.
Ғазиз ағай ісіңізден бақ тауып,
Шығардыңыз талай талант өнерді.

Бәрі: Зор үміт күткен біздерден
Келешек ұлан ұрпақпыз.
Ұстаздардан алған біліммен
Шыңдарға биік шықпақпыз.

2 - жүргізуші: " Ұстаз " сөзінің ұғымы кең. Оның негізгі мәні жақсылыққа, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету, тәрбиелеу дегенді білдіреді.
Әр баланың жүрегіне гүл еккен,
Ұстаз ісін ақын біткен жыр еткен.
Бұл ұжымға айтар алғыс шексіз - ау
Қаншама мың шәкірттерді түлеткен.

Ән: " Шәкірт алғысы "

1 - жүргізуші: Ұстаздар жаққан шырақты
Өшірмейік балалар.
Бәрін - бәрін білесің,
Оқи берсең кітапты.

- Балалар, біз кітаптан нені үйрендік?
26 - оқушы:Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып, би билеуді.
27 - оқушы: Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды.

28 - оқушы: Жерімізге, елімізге жақсылық жасауды үйрендік.

29 - оқушы: Әйтекенің жарып айтқан
Қазыбектің қазып айтқаң,
Төле бидің тауып айтқан
Ұлағатты сөзінен өнеге үйрендік.

Көрініс:" Төле бидің шешендігі ".

30 - оқушы: Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.

31 - оқушы: Аяулы да, алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің,
Сен дарқансың, сен жомартсың, данасың.

32 - оқушы: Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.

3 - жүргізуші: " Ана дегеніміз - әлемнің жан - дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы " деген екен Расул Ғамзатов.Олай болса келесі әніміз аналарға арналады.

Ән:" Ана алтын ".

4 - жүргізуші: Ардақты да ұғымтал, аналарымызға көптен - көп рахмет.
( Балалар аналарға гүл беріп жылы сөздер айтады ). Көрініс: "Қоңырауда күлейік ".

4 - жүргізуші: Шәкірттердің тыңдап жауап - сұрағын,
Жас санаға төгіп білім шуағын,
Хат танытып жол сілтеген өмірге,
Барша жанға құрметті жан - мұғалім.

3 - жүргізуші: Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,
Шәкірттерін сүйген таза көңілден.
Тағылым беріп жас ұрпаққа қашанда,
Өз соқпағын тапқан мына өмірден.

4 - жүргізуші: Біз нені сүйеміз?

33 - оқушы:Отанды, ата - ананы, халқымызды, достарымызды, табиғатты.

3 - жүргізуші: Біз нені ажырата білеміз?

34 - оқушы:Жақсылық пен жамандықты, арамдық пен адалдықты, ақ пен қараны.

4 - жүргізуші: Біз кім боламыз?

35 - оқушы:Адал азамат, оқымысты ғалым, елді, жерді сүйетін неғыз адам боламыз.

36 - оқушы: Қимай тұрмын, білім алған мектебім,
Өзіңде өткен жастық шағым, көктемім.
Үмітпенен әкеп еді анамыз,
Азамат боп тұрмыз міне көп - көрім.

37 - оқушы: Тұрмыз міне, бастауышпен қоштасып,
Жетіліп ек бәріміз қол ұстасып.
Іс ілгері, толығып біліміміз,
Теріс басып жүрмейікші шоқ басып.

38 - оқушы: Мың алғыс бәріңізге үлес қосқан,
Қараңғыда оқушы көзін ашқан.
" Тілеуі кемедегінің " бір деген бар,
Баршаңызға берсін дейміз ашық аспан.

Хормен: Берген білім ерен күш,
Ұстаздарға мың алғыс.

3 9 -оқушы: Бастауышым - балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым - балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.

3 - жүргізуші: Бітіруші түлектер,
Жүктелер бар аманат.
Айтылды ізгі тілектер,
Болмасын еш жаманат.

4 - жүргізуші: Бастауышта оқыдық,
Ойға білім тоқыдық.
Бұлар бізден жалындар
Ертеңгі ірі ғалымдар.

3 - жүргізуші: Алдыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай
Аман - есен болыңдар.

1 - жүргізуші: Мынау өмір арнасымен ағады,
Білімді жан әр кез жолын табады.
Сіздерменен бастауыштар қоштасып,
Көгершіндей самғап қанат қағады.

2 - жүргізуші:Білімді жан әрқашанда бағалы,
Білім барда ақ шашың да даналы
Көрерменім аман - сау бол осымен,
Ақ көгершін самғап ұшып барады.

Ән:" Бастауышым - балбұлағым ! "

2 - жүргізуші:Күндіз - түні ойладыңыз бала қамын,
Тынымсыз атып жатыр әрбір таңың.
Басқарып директор боп осы ұжымда,
Баршаның аялаған алақанын - деп, осындай қыймас шақта өздеріңе арналған құттықтау сөзді мектеп директоры Мерлан Байқаметұлына береміз.

1 - жүргізуші: Жүзің жылы, құшағың кең,
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен.
- Сөз кезегін оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Гүлнара Әлімханқызына береміз.

2 - жүргізуші: Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
- Сөз кезегін ардақты ата - аналарымызға береміз.

1 - жүргізуші: Құрметті ата - аналар, ұстаздар! Алтын уақыттарыңызды бөліп тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Сау болыңыздар!
Категория: Начальная школа | Добавил: Мака (2016-02-26) E
Просмотров: 1201 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 1:46 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru