Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Еңбек-бәрін жеңбек
ШҚО
№ 12 жалпы орта білім беретін мектеп Семей қаласы
Бастауыш сынып мұғалімі: Кыдырханова Асель Толегеновна

Сабақтың тақырыбы : Еңбек-бәрін жеңбек
Сабақтың мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту .
Сабақтың міндеттері:
-білімділік: еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
-тәрбиелік: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
-дамытушылық: еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, таратпа материалдар, сабақтың дәйексөзі жазылған плакат,
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Шаттық шеңбері, мәтінмен жұмыс, пікірлесу сұрақтары, дәйексөз, жаңа ақпарат беру, сергіту сәті, ойын-жаттығу, әңгімелесу, пікірлесу сұрақтары, шығармашылық жұмыс, жүректен –жүрекке
Пәнаралық байланыс: Ана тілі
Сабақтың жоспары :І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу;
- Шаттық шеңбері.
2. Негізгі бөлім:
-Сабақтың дәйексөзі;
- Сахналау;
- Мәтінмен жұмыс;
- Пікірлесу сұрақтары;
- Мәтінмен жұмыс;
- Жаңа ақпарат беру;
-Шығармашылық жұмыс;
3. Қорытындылау:
- Үй тапсырмасы;
- Қорытындылау;
- Рефлексия;
- Жүректен -жүрекке.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу: - Сәлеметсіңдерме, оқушылар!
Шаттық шеңбері
-Балалар, сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Бәріміз өлең жолдарын дауыстап айтайық.
Әдепті де өнерлі,
Еңбексүйгіш баламыз.
Жаңа істің шебері,
Жасаушысы боламыз. -Ой, тамаша! Орындарымызға жайғасайық.
1. Негізгі бөлім:
Дәйексөз
Еңбек- қуаныш,
Жалқаулық- айырылмас азап.
Абай.
Еңбекті адамдық болмыстың басты сипаты деп танитын бұл секілді дуалы ауыздардан шыққан терең пайымдауларды әлі де келтіре беруге болады.
Сахналау:Өлеңді рөлге бөліп оқыңдар.
Қайдан келдің, бауырсақ?
Ө.Тұрманжанов
Дастарқанда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
-Қайдан келдің бауырсақ?-
Деп сұрады қуыршақ.
-Дүкеннен келдім
Нан сатқан,-
Деді оған бауырсақ.
-Дүкенге келдің қай жақтан?
-Наубайдан келдім нан жапқан.
-Наубайға келдің қай жактан?
-Диірменнен келдім ұн тартқан.
-Диірменге келдің қай жақтан?
-Даладан келдім кең жатқан.
Жер анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Нан дастарқанға кандай еңбекпен келеді?
Пікірлесу сұрақтары:
Өздеріңнің жақын адамдарың қандай еңбек түрлерімен айналысады? Әңгімелеп беріңдер?
Мәтінмен жұмыс
«Жақсылардың жақсысы»
Аңыз
Баяғыда бір адам өзі жалғыз қызымен бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды.
Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. Ол ылғи жабық тұрады екен.
Сонда әкесіне қыз:
-Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз.Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын,-деді.
-Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда.Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған беремін.Сен оған өмір бойы риза боласың,-деп жауап қайтарды әкесі.
Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады. Қыздың қуанышы қойнына сыймай, жүгіріп келіп,есікті ашып жібергенде, ол тек ұршық пен өрмек және кітапты көреді. Қыз әкесіне келіп, көз жасын бұлып тұрып:
-Әке, сен жабық бөлмеде «Жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым,-дейді.
-Міне, жақсылардың жақсысы деген осылар, қызым!
-Ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады. Ал кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады,- деп түсіндірді әкесі.
1.Неліктен әкесі ұршық, өрмек, кітапты «жақсылардың жақсысы» дейді?
2.Дүниедегінің бәрі еңбекпен табылады дегенді қалай түсінесіңдер?
Жаңа ақпарат
Еңбек- адамның өзіне, өміріне және қоғамға пайда келтіретін іс-әрекеті. Еңбек арқылы адам өз арманы мен мақсатына жетіп, қуанышқа, бақытқа бөленеді. Еңбек – адамның рухани және дене кушін жұмылдыру арқылы, өзіне дейін жасалған тәжірибені пайдаланып, тиісті құрал- саймандар мен жұмыс тәсілін қолдану арқылы жүзеге асырылатын іс- қимыл процесі.
Шығармашылық жұмыс:
Кітаптағы 88 беттегі суретке қарап, «Еңбек – түбі береке» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.
Сергіту сәті:
-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларына толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Үй тапсырмасы: Оқушылар түйген ойларын үйде бекіте түсуі үшін мынадай тапсырма беріледі:
Берілген суреттерді пайдаланып, сөйлемдерді оқыңдар. Суреттерді бояңдар.
Қорытындылау: Сабақ қорытындыланады: Адам тек қана еңбек арқылы қалыптасып, кемелденеді, өз жөнін өзі білетін, ешкімге жалынышты, тәуелді емес, өзінің бақыты мен қуанышы, атақ- абыройы үшін ешкімнің алдында ұятты, қарыздар емес жеке тұлғаға, сонысымен қоғамға пайдалы, айналасына сыйлы, қайырымды шапағат иесіне, шын мәніндегі инабатты кісіге айналады.
Рефлексия:
- Ал, балалар осы сабақтан не үйрендік?
- Өздеріңе қандай ой түйдіңдер?
- Өздеріңнің сыныптарыңды еңбекқор балалар деп санайсыңдар ма?
Жүректен –жүрекке
Еңбек.
Нұрхан Жанаев
Қырға шықсаң,өрлеп,
Мұның аты-Еңбек.
Гүл өсірсең, терлеп,
Мұның аты- Еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты – Еңбек.
Сабағыңды жөндеп,
Әзірлесең- Еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
Категория: Начальная школа | Добавил: Гульнурик (2016-03-17)
Просмотров: 941 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 4:27 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru