Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

«Тәуелсіз ел – тірегің, туған жерің – жүрегің»
Miras International School

«Тәуелсіз ел – тірегің, туған жерің – жүрегің»

Исағалиева Нұргүл Сағидоллақызы
Астана қаласы
Бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты/Goal: Оқушыларға «Тәуелсіздік» ұғымын түсіндіру, еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімен таныстыру, білімдерін одан әрі толықтыру. Отанды сүюге, болашақта Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін ұғыныру. Оқушының еліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Көрнекіліктері/ Visual aids: Интерактивті тақта, рәміздер суреттері. Отан, туған жер туралы нақыл сөздер, буклеттер.
Ашық тәрбие сағатының барысы/ Course of the open educative lesson:
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар қадамдарыңыз сәтті болсын! Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесіне арналған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Данасымен батыры көп қазақпын,
Көрген талай қияметін азаптың.
Аршындаймын көк туымды шалқытып,
Жасай берсін, тәуелсіздік азат күн!

I – бөлім. Желтоқсан құрбандарына тағзым/ 1st part. Respect to December victims
Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған
Жете алмай құрбан болды қанша адам.
Жүргізуші/ Presenter:
Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады.Азаттық таңы туатынына сенді. 16 желтоқсан.Таңғы сағат жеті. Брежнев алаңында жастар жиналды

Көрініс/ Performance. Бір топ жастар «Менің Қазақстаным» әнін айтып шығады.
- Қыздар, мен газет әкелдім
- Қане, не жаңалық бар екен?
- Пленум болыпты.
- Қонаевты орнынан алды дейді.
- Орнына кім болыпты?
- Колбин деген.
- Пленум шешіміне қарсымыз!
- Әр ұлтқа өз басшысы!
- Колбинді әкетсін! /Жастар шуласып кетеді/
Жүргізуші: Оларды екінші топ ОМОНдар қуып таратады. 1-2 адамдарды ұстап алады.
- Қайрат!
- Қайрат! – деп топ шуласып тарайды.
Қайратты тергеуге әкеледі.
Тергеуші:
Ине сұқтым тырнағыңа
Өлердей ғып тепкіледім.
Алдап арбау тәсілімен
Мойындата алмадым.
Қайрат: Мойындата алмайсың
Тергеуші: Сен өзіңнің Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба, жоқ па?
Қайрат: Жоқ. Мен Савицкийді өлтіргенім жоқ!
Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер, Атыңдар! Көзін құртыңдар!
Савицкийді өлтірдің алаңда сен.
Қайрат:
Күнадан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Бозтоғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген атым бар.
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық.
Атам десең атыңдар!
Ж.Ә.Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әні орындалады.
1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске алайық! /A minute of silence in honour of December victims in 1986

II – бөлім. Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған/ 2nd part. Independence is a wish of forefathers
1991 жылы 16желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика деп жарияланды.
Далада думан, қалада думан жыр бүгін,
Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім.
Жасай бер, жаса асқардан аса әрқашан,
Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұлбұлым
Хормен:Тәуелсіз Қазақстаным!
1992 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының рәміздері қабылданды. БҰҰ-на мүше болып кірді.
1993 жылы 15 қарашада «Ұлттық валюта» күні деп аталып, Қ.Р. теңгесі айналымға түсті.
1994 жылы Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды.
1995 жыл. Ақыл-ойдың данышпаны А. Құнанбаевтың 150 жылдық мерей тойы атап өтілді.
1996 жылы 17-ші желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 5 жылдық мерекесі атап өтілді.
1997 жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.
1998 жылы 6 мамыр Астана күні.Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмол қаласына көшті.
1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қ.Р. Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
2000 жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.
2001 жыл 21 ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.
2002 жыл. «Денсаулық жылы» деп жарияланды.
2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланды.
2004 жылы «Қазақстан – Ресей» жылы болды.
2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.
2006 жылы Қ.Р. тәуелсіздігіне 15 жыл толды. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен шықты.
2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы. Туған тілім-бабам тілі – өз тілім,
Туған тілім-анам тілі – өз тілім.
Туған тілім-данам тілі – өз тілім,
Туған тілім-адам тілі – өз тілім.
2008 жыл 6шілдедеАстана қаласында «Қазақ елі» монументі ашылды
2009 жыл «100 мектеп,100 аурухана» бағдарламасы бойынша 100 мектеп, 100 аурухана салынды.
2010 жыл.Жаңа он жылдық. Жаңа экономикалық өрлеу. Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері
2011 жыл «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!», «Тәуелсіздікке 20 жыл!»

III – бөлім. «Біз болашақ ұланы» тапқырлар сайысы (3rd part. “We are future guards” competition)
1. Білімді мыңды жығады
1-топ «Ту» бейнесін құрастырып,ту туралы мағлұмат береді.
Оқушы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті. Онда алтын күн бейнесі шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар.Тудың көгілдір түсі – бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы – байлық пен берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі.Қыран бүркіт – Тәуелсіздік белгісі. Өрнек – салт дәстүріміздің белгісі.
Мемлекеттік тудың авторы: Шәкен Ниязбеков.
2-топ «Елтаңба» бейнесін құрастырып, Елтаңба туралы мағлұмат береді.
Оқушы: Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бастысы – шаңырақ. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі. Ол күн бейнесін ал уықтар одан тарап жатқан алтын сәулелері. Қазақта «Ат – адмның қанаты» деген мақал бар. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі дала пырағы оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке жетелейді. Бес бұрышты жұлдызы - әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты. Күн мен айды, жұлдызды кие тұтатын халқымыз «Жұлдызың жарқырай берсін» деген асыл арманын айтып тұрғандай.
2. Мақалдың жалғасын табу
Ер найзасыз болмайды /Ел таңбасыз болмайды /
Туған жерге /туың тік /
Туған жер – ұлдың Отаны /Атамекен – ұлттың Отаны /
Бірлігі жоқ ел тозар /Бірлігі күшті ел озар /
Отансыз адам /Ормансыз бұлбұл /
Отан үшін – күрес / Ерге тиген үлес /
3. Ой толғау: «Қазақстан», «Тәуелсіздік», «Астана», «Отан», «Туған жер» тіркестерін пайдаланып өлең құрастыру.
4. Сурет салу: «Тәуелсіздікке 25 жыл » , «Бәйтерек – Астана символы»

Жүргізуші/ Presenter: Құрметті: ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Тәуелсіз ел – тірегің, туған жерің – жүрегің» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Еліміздің егемендігі жасай берсін! Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесі құтты болсын!
Категория: Начальная школа | Добавил: isagalieva74 (2016-12-22) | Автор: Нургуль E
Просмотров: 761 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 4.7/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 7:56 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru