Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Сөйлем. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.
Сабақтың мақсаттары: Сөйлем, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау; оқушыларды сөйлемді оқыған кезде дауыс ырғағын салыстыру арқылы оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру; тіл дамыту, рефлексиялық жаттығуларды орындату арқылы оқушыларды байланыстырып сөйлеуін жетілдіру; өнерді сүюге тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, өз бетінше жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек сызба, кесте
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Психологиялық дайындық
Оқушылар тіл туралы өлең жолдарын оқиды.
Мысалы:
Қазақ тілі – бабам тілі – өз тілім,
Қазақ тілі – анам тілі – өз тілім,
Қазақ тілі – далам тілі – өз тілім,
Қазақ тілі – адам тілі – өз тілім.
ІІІ. Бағдарлау мотивациялық кезең
1. Оқу қызығушылығын ояту (Күй ойнату)
Ерте-ерте, ертеде біз білмейтін бір үлкен елде СӨЗДЕР өмір сүріпті. Сөздердің бір тобы бір-бірімен тіркесе байланысып, жеке отау тігіпті. Ол отау СИНТАКСИС деп аталыпты. Бұл сөздер бір-бірінен бөлек тұрса да, бір-біріне бағынып, бірін-бірі толықтырып тұрыпты. Ең бірінші тұрған сөз бәріне бас болыпты. Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты.
Мұның қалай аталатындығын сендер қазір тапсырма орындау арқылы тез табасыңдар.
2. Сөзжұмбақ құру.

1. Жылт-жылт еткен, жырадан өткен. (су)
2. Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті. (өрік)
3. Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар (қой)
4. Қанаты жоқ ұшады, аяғы жоқ қашады. (жел)
5. Ти десем, тимейді, тиме десем тиеді. (ерін)
6. Отқа жанбас, суға батпас. (мұз)
Сөзжұмбақтың шешуі: СӨЙЛЕМ. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
3. Сөйлем туралы ой жинақтап, тірек сызба құру.

4. Операциялық-орындаушылық кезең.
Оқулықтағы 219-жаттығуды орындатып, талдау жұмысын жүргізу.
5. Сергіту сәті.
6. Өздік жұмысы.
220-жаттығу.
Жаттығуды оқу, талдау. Кітап сөзіне дыбыстық талдау жасау.

7. «Тыныс белгі» ертегісі. (Күй)
Ертеде «тыныс белгісі» деген ақылгөй шешейдің 3 қызы болыпты.
Бірінші қызы тиянақты, сабырлы сөйлесу, екіншісі тек сұрағанды біліпті, ал үшінші қызы бірде ренжіп, бірде қуанып, бірде бұйырып сөйлейді екен. Соған қарамастан ақылгөй шешей 3 қызын да ақылмен бір мәтіннің ішіне жұмсай алыпты.
-ҚАЛАЙ ОЙЛАЙСЫҢДАР СӨЗ НЕ ТУРАЛЫ БОЛЫП ТҰР?
-НҮКТЕ, СҰРАУ БЕЛГІСІ, ЛЕП БЕЛГІСІ.
(Тірек-сызба кестесін толықтыру)

8. 222-жаттығу.
Жаттығудың мақсаты – сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай 3 топқа бөлінетіндігін түсіндіру, оқушыларды сөйлемді оқыған кезде дауыс ырғағын салыстыру арқылы оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Қазақтың атақты суретшісі Ә.Қастеев туралы қысқаша түсінік беру. Мектептегі бейнелеу өнері мұғалімі С.М.Сайфуллин, «ИЗО-студия» туралы айту.

IV. Рефлексия
1. «Орындарын тап» ойыны. Карточкалар арқылы сөйлемдерді топтастырып, ашық хаттарға салу.
2. Сөйлем туралы білімдерін қорытындылау.
3. Қойылым «Тыныс белгілері».
Бастаушы: Ей, кішкентай ғана нүкте!
Сенің осы керегің жоқ-ау түкке!

Нүкте: Мен сөйлемнің соңында тұрам,
Солында емес, оңында тұрам.
Сөйлемдердің жігін ажыратып,
Кідіріс белгісі ретінде тұрам.

Бастаушы: Аузыңды ашып сұрайсың да, тұрасың,
Саған не керек?

Сұрау белгісі: Маған ең алдымен,
Сұраулық шылау керек.
Олар жазылуға тиіс бөлек.
Екіншіден,
Сұрау есімдіктері керек.

Бастаушы: Сен осы неге айғайлай бересің?!
Сөйлемге қандай мағына бересің?

Леп белгісі: Мен ылғи айғайлай бермеймін,
Қуана да, күле де білемін.
Кейде өкініп, ренжісем де,
Көбіне көтеріңкі, көңілді жүремін.

V. Үйге тапсырма
221, 223-жаттығулары, ереже жаттау.

VI. Бағалау.

Категория: Начальная школа | Добавил: КУА (2011-03-05) | Автор: Журсумбаева Гаухар E
Просмотров: 8382 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-05-06, 3:17 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru