Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

"Тәй-Тәй" "Step by Step"бағдарламасы бойынша сабақ жоспары.
Тақырып: Мал шаруашылығы.
• Мал шаруашылығы (дүние тану)
• Шәркей І.Ж. (ана тілі)
• Жіп дайындау технологиясы.(өнер)
• Cөз таптары (қазақ тілі)

Cабақтың мақсаты:
• Тақырып бойынша жүйелі сөйлеуге, жоба бойынша жұмыс жасауға дағдыландыру;
• Әр түрлі пән салалары арасындағы байланысты көрсе-
ту;
• Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру арқылы зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру;
• Жүннен жасалатын бұйымдар туралы айта отырып,жіп дайындау технологиясымен таныстыру;
• Қазақ халқының малды қастерлеу,малға деген қамқорлық дәстүрлерін дәріптеу,оның пайдасын түсіне білуге үйрету;
Көрнекілігі:
Жүннен жасалған бұйымдар көрмесі,жүн,түбіт,ұршық,тарақ,алжапқыштар, қосымша кітаптар мен энциклопедиялар («Ол кім,бұл не?», «Негеш», «Жеті қазына», «Ұлттық дүниетаным»,орталықтар тапсырмалары жазылған парақтар, «Қазақстанның мал шаруашылығы»(карта),ақ парақтар,маркерлер магнит тақтасы, проектор,экран,магнитофон т.б.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.

Технология: «Тәй-Тәй»бағдарламасы бойынша белсенділік орталықтарындағы жұмыс.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,әңгіме,ауызша баяндау,шағын топтармен жұмыс,жекелей оқушымен жұмыс.

Жұмыс істейтін орталықтар:

1. Оқу (ана тілі)
2.Ғылым (дүниетану)
3.Жазу (қазақ тілі)
4.Өнер (еңбек,музыка)

Сабақтың жоспары:
• Таңертеңгілік жиын -15-20 мин.
• Орталықтардағы жұмыстар – 20-25 мин.
• Қорытынды-10 мин.

Сабақтың барысы:
• Таңертеңгі жиын.Амандасу рәсімі.
Сабағымызды бір-бірімізге деген жылы тілектерден бастайық.
(Оқушылардың тілектері)
Ал мен сендерге балалар осы бір шоқ гүлдей әдемі болуларыңды тілеймін.Әрқайсыңның бір-біріңе сыйлаған бір тал гүлдерің бір шоқ гүлге, үлкен тілекке айналды.Рахмет,балалар!Бүгінгі сабақта сендерге сәттілік тілеймін!
Балалар,қазір көктем мезгілі.Табиғатта сансыз қызық өзгерістер болып жатыр. Өздерің бақылаған қандай қызық құбылыстармен бөлісе аласыңдар?(Құстар тіршілігінен байқағандарынан)
«Ойды жалғастыр!»
Мына әңгімеге зер салып тыңдап қатесін түзетіңдер және әрі қарай өздерің жалғастырыңдар.
«Дұрысы қайсы?»
Бірде Алма анасына қуанып келді.
-Ой,апа,атамның үйінің аты бұзаулапты.Енді айран ішіп тұрамын,-деді.
Оған анасы күліп жіберді.
-Ақымағым-ау,ат бұзаулайды ма екен?
-Енді қалай?-деп таңданды Алма.
-Ат емес, бие құлындайды,ал биенің сүтінен қымыз ашытылады.Бұзаулайтын-сиыр.Оның сүтінен айран ұйытады,май,қаймақ алады.Түйе боталайды. Түйенің сүтінен шұбат ашытады.
-Қой мен ешкі ше?-деді Алма.
-Қой қоздайды.ешкі лақтайды.Қой мен ешкінің сүтінен де айран ұйытуға,құрт,ірімшік жасауға болады.
-Апа,мен осының бәрін үйреніп алған соң,басқа балаларға айтып беремін,-деді Алма.
(Р.Шотбаева)
-Бұл әңгімеде не туралы айтып отырмыз?(Төрт түлік мал туралы)
-Қазақстанда қандай малдың түрлері өсіріледі?
-Мал шаруашылығы өркендеген қандай аймақтарды білесіңдер?

(Экранға назар аударту:Қазақстан картасы – м.ш. өркендеген аймақтарды көрсету)

(Алматы,Ақтөбе қой өсірсе,Семейде сиыр,Шығыс Қазақстанда жылқы,ал еліміздің батыс бөлігінде түйе өсіріледі.)
-Сонда,бүгінгі әңгімеміздің тақырыбы не жөнінде болмақ деп ойлайсыңдар?
-Мал шаруашылығы жөнінде.
-Қазақ халқы ежелден мал өсіруді кәсіпке айналдырған,неге?
-Себебі малдың пайдасы көп. Оның етінен,сүтінен әртүрлі тағамдар жасаса,жүні мен терісінен киімдер,бас киімдер,аяқ киімдер,түрлі бұйымдар жасайды.
Бүгінгі нарық жағдайында мал-пұл,яғни саудаласаң- ақша.
(Экранға назар аударту) Сызба-1
Малдың пайдасы

№ Сүті,еті Жүні Терісі

І-Сүт
тағамдары

ІІ-Ет тағамдары
1.Айран
2.Қаймақ
3.Құрт
4.Қымыз
5.Сүзбе
6.Шұбат
7.Ірімшік

1.Әсіп
2.Бас
3.Қазы-қарта
4.Жал-жая
5.Қуырдақ
6.Мипалау
7.Шұжық
8.Ет

І.Арқан
(ат арқан,жел арқан,тарту
арқан)

ІІ.Жіптер
(бас жіп,тұсау жіп,ноқта жіп)

ІІІ. Киіз үй жабдықтары (басқұр,бас бау,кереге бау,дөдеге,үзік бау,уық бау)

ІV.Киім-кешектер
(жүн қолғап,жүн шұлық,байпақ,киіз етік,пима)

V.Мал әбзелдері
(айыл,жүген,ноқта,шылбыр)

VІ.Төсеніштер (Алаша,кілем,киіз,сырмақ,бөстек)

VІІ.Шаруашылық бұйымдары (дорба,қап,қоржын)

І.Киімдер:
Аяқ киімдер
(кебіс,мәсі,саптама етік)

ІІ.Ер-тұрман
(айыл,жүген,көпшік,қанжыға,
құйысқан,ноқта)

ІІІ.Ыдыстар:
(дорба,торсық,саба,мес)

(Сызбамен жұмыс жасай отырып, жоғарыдағы аталған ұғымдардың презентациясын көрсету.)
Сонымен,бүгінгі сабақта 4 орталықпен жұмыс жасаймыз.

1.Оқу орталығы: «Шәркей» (І.Ж.) мәтінін оқи отырып,жүннен шәркейді әзірлеу тәсілдерінің ретімен танысады.
?-«Шәркей» деген не?
-Киізден жасалатын аяқ киім.
-Осы мәтінде сендерге жүннен бұйым жасауда қолданылатын құрал-жабдықтардың атаулары кездеседі.(Сабау,ұршық,қырықтық)Бұлар не үшін керек?
(Оқушылар жауаптары)
(Экранға назар аударту)
Сызба-2
Жүннен бұйым жасауда қолданылатын
құрал-жабдықтар

№ Атауы Түсінік
1. Сабау Жүннің ұйысқанын жазып,тазарту үшін қолданылатын жіңішке таяқ.

2. Ұршық Шүйкеленген жүннен жіп иіріп алуға арналған аспап.

3. Пышақ Түйені жүндеуге,жылқыны күзеуге арналған пышақ.

4. Қырықтық Қой қырқуға арналған қайшы.

2.Ғылым орталығы:Дүниетанудан «Мал шаруашылығы»мәтінін оқып,талдағаннан кейін өздері көріп танысқандай Қазақстандағы мал шаруашылығы өркендеген аймақтардың картасын жасау.

3.Жазу орталығы:Бүгінгі тақырыпқа байланысты тапсырмаларды орындай отырып,шағын кітапша әзірлеу.

4.Өнер орталығы:Жүннен жіп дайындау технологиясымен таныса отырып,жүннен бұйым жасауда қолданылытын құрал-жабдықтардың суретін салу.
Қорытынды:
• Кілемге жиналу.
• Әр орталықтағы оқушылар өздерінің жасаған жобаларын қорғау.

Оқу орталығы:
• Шәркейді әзірлеудің ретімен таныстыру.
Топтық жұмыс: сызба (санамалап жазу)

Ғылым орталығы:
• Топтық жұмыс: Қазақстандағы мал шаруашылығы өркендеген аймақтардың картасы.
• Жекелей жұмыс:Қой тұқымын асылдандыру.(Асыл тұқымды қойлар түрлері)

Жазу орталығы:
• Топтық жұмыс:өздері жасаған шағын кітапшадағы тапсырмалары бойынша сөйлеу.
• Жекелей жұмыс:жазбаша тапсырмалар.

Өнер орталығы:
• Дайын жіп ,жіп дайындау технологиясы бойынша сөйлеу;
• Топтық жұмыс:жіп дайындауда қолданған құрал-жабдықтарының кескіндерін шығару.(сабау,ұршық)
• «Киіз басу» биі.(Киіз басу кезеңдерін іс-қимылдар арқылы
көрсете отырып,сазды безендіру)

Бағалау:
• Орталықтардағы оқушылар топпен бағаланады.Бір топтың жұмысын қалған үш топ бағалай отырып дауысқа салады.Кейбір оқушылар жекелеген тапсырмалар бойынша бағаланады.

Рефлексия: Өткізілген сабақ бойынша пікірлерін жапсырма
қағаздарға жазып ілу.

Оқу орталығының тапсырмасы:

1. І.Жансүгіровтың «Шәркей» мәтінін түсініп оқыңдар.

• Іштен оқы:

• «-Жоқ,балам білектейміз» деген тұстан бастап рөлге бөліп оқу.

• Жүннен киіз қалай басылатынын ретімен жазу.

• Білектеу,қарпу,кептіру,пісіру деген не?

• Мәтінді үшке бөліп,әр бөлікке ат қойыңдар.

Жүннен киіз басу реті:

1. ---------------------------------------------------------------------------------

2. -----------------------------------------------------------------------

3. -----------------------------------------------------------------------

4. -----------------------------------------------------------------------

5. -----------------------------------------------------------------------

6. -----------------------------------------------------------------------

7. -----------------------------------------------------------------------

8. -----------------------------------------------------------------------

9. ------------------------------------------------------------------------

Жазу орталығы:
І-топ

• Дәптермен жұмыс:

1. Мақалды көшіріп жазып, туынды зат есімдерді сөз құрамынан ажыратып жаз.

Малды малына –мәз, малсыз маңырағанына мәз.

2. Мақалдарды жалғастыр, төрт түлік малға байланысты тағы 2 мақал жаз, етістіктерді тауып астын сыз.

Пайдаланылатын қосымша: «Дала көркі-мал»

• «Шәркей» кітапшасымен жұмыс:

1. Жүннен бұйым жасауда қолданылатын құрал- жабдықтар:
Сабау-
Ұршық-
Пышақ-
Қырықтық-

Пайдаланылатын қосымша:

1. «Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы» -
А. Құралұлы 15 бет.
2. «Ұлттық дүниетаным» -2сынып 44 бет.

Источник: http://№101 мектеп-лицейі Қарағанды қаласы.

Категория: Начальная школа | Добавил: Zaureha (2011-03-14) | Автор: Адамова Зауреш Халиматовна E
Просмотров: 10788 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-05-06, 4:16 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru