Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі Калидолла Бақыт Калидоллақызы Сурет пәнінің мұғалімі Тақырыбы : Ұлттық өрнек түрлері Мақсаты : а) Білімдерін тереңдету. Ою-өрнек түрлерімен , шығу тарихымен таныстыру. Ұлттық өнерді өскелең ұрпаққа үйрету . б)Әр түрлі элементтерді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылықтарын, өнерге деген құштарлығын ,шығармашылық ізденістерін арттыру . в) Халқымыздың асыл мұратын , салт –дәстүрін қадірлей білуге үйрету . Шеберлікке , өз бетінше еңбек етуге , ұқыпты таза жұмыс істей білуге тәрбиелеу . Сабақ түрі : сайыс Пәнаралық байланыс: технология ,геометрия , тарих Көрнекі құралдар: слайдтар, ою-өрнек түрлері , буклет, тест сұрақтары Сабақ барысы : І. Ұйымдастыру кезеңі а) Оқушылармен амандасу ә) Сынып тазалығына көңіл бөлу б) Түгендеу в) Сабаққа даярлықтарын тексеру г)Оқушыларды екі топқа бөлу ІІ. Жаңа сабақ Қандай өрнек түрлерін білесіңдер? 2 топқа тапсырма : Ассоциациялық карта стратегиясын қолдану Өрнек түрлері Екі топ білгендерін қағазға жазып қорғайды Бірін-бірі толықтырады . «Өнер -таусылмас азық , жұтамас байлық»-дейді халық даналығы . Қазақтың қолөнері де өзінің төл тума бітім қасиетімен, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы . Бабаларымыздан қалған асыл қазынамыздың бірі ою-өрнек. Ою-өрнек латынның «орнамент»- әшекейлеу , әсемдеу деген мағынасын білдіреді. Ертеде халқымыздың тұтынған бұйымдарының бәрі оюмен әшекейленіп , безендірілген. Мысалы : сырмақ, текемет, тұскиіз, алаша , қоржын, сандық,бесік, домбра , ағаштан жасалған ыдыстар, зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер де ою-өрнектермен безендірілген. Қазақтың ою-өрнектері атауларына байланысты бірнеше топқа бөлінген: Түрлері Атауы 1. Көк әлеміне байланысты өрнектер Ай, айшық, күн, шұғыла 2. Малдың дене мүшесіне , ізіне байланысты Арқармүйіз , қошқармүйіз , түйетабан, омыртқа 3.Аңға байланысты Бөрікөз , иттабан, иттіс 4. Жәндіктерге байланысты Алақұрт ,жұлдызқұрт , көбелек 5. Құстарға байланысты Қазмойын ,қазтабан , құсқанаты 6. Жер ,су, өсімдіктерге байланысты Жапырақ , ирек, су , үшжапырақ, райхангүл , шиыршық 7. Қару , құралдарға байланысты Айбалта , балдақ, балта , қармақ, 8. Геометриялық фигура тектес Тұмарша, төртқұлақ, сүйір Жануарлар өрнегі –киізде , кілемде көп қолданылады.Геометриялық ою-сәулет , дизайн өнерлерінде кең қолданылады. Аспан әлемін және шырақтарын бейнелейді .( Айшық ,жұлдыз ,күн) ІІІ топпен жұмыс ( топқа тапсырма беру ) Өрнек туралы тақпақ құрастыру Ою-өрнек дегенде, ою-өрнек, Қошқар мүйіз оюы болсын ермек . Кел, жолдастар, көңілді ән салайық Сыныпқа келген қонақты қарсы алайық. Көздің жауын алатын Көрсең апам киізін, Елестетер оюы Иір арқар мүйізін. Киіз үйдің ішінде Ала қотан отырып, Қазтабанды қолданып, Басқұр , баулар тоқыдық. ІV. Ойын-«Тапқырлық» 1. Жұмбақ шешу , осы жұмбаққа байланысты ою түрлерін атаңдар Дүниеде бір молда , Уақытында азан оқиды. Мезгілінде айқайлап, Қайтып кеп , жер шұқиды . Жауабы : Қораз Таптым , таптым, тап жорға Табаны жалпақ бозжорға . Оюлар: түйетабан, ботагөз, өркеш Екі найзасы бар, Екі айнасы бар Төрт сылдырмағы бар , Бір сыбыртқысы бар. Жауабы : сиыр Оюлар: Сыңармүйіз, сынықмүйіз,қосмүйіз Жеңген топты жұлдызшалар арқылы бағалау V. Тест сұрақтары ( тест ою-өрнек) 1. Ертеде ою-өрнекті матаға түсіру үшін қандай тәсілді қолданған? а) қарындаш б) уыз в) Бор 2. Көне әлемге байланысты өрнектер? а) шұғыла б) тышқан із в) көбелек 3. Ою-өрнектің неше түрі бар? а) 300 б) 500 в) 400 4. Гүл оюы нені бейнелейді ? а) бейбітшілік б) қуаныш в) дархан 5. «... аузынан шөп алмайтын момын» теңеуі қай түлікке арналған ою-өрнекте кездеседі? Көп нүктенің орны қай түлікке арналған? а) итқұйрық б) сынық мүйіз в) қошқармүйіз 6. Жануар тектес ою-өрнек: а) иттіс б) боткөз в) құмырсқа 7. Геометриялық ою-өрнек: а) құсмұрын б) жауқазын в) сүйір 8. Кесте өнерінде көп қолданылатын ою? а) жылан б) қырық шақа в) алтын жіп мүйіз 9. Бас-аяғы жоқ ою: а) итқұйрық б) сұлама в) тарақ 10. Ертеде жаңа туған нәрестеге арналған бұйымдарда бейнелік нышанына қарай қай ою салынған? а) зооморфты б) геометриялық в)өсімдік тектес VІ.Оқушы шығармашылығы ( өзіндік жұмыс) Тапсырма Екі топқа ою ойғызу Жұмыс алдында қауіпсіздік ережесін ескерту . 1. қайшыны қасыңдағы оқушыға қарсы сілтеме 2. қағазды қиғанда саусағыңды кесіп алма 3. қағазды қайшыға қарсы айналдыр 4. қайшыны тұтқа жағымен бер Оқушылардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру .Ерекше орындалғандарын атап өту . VІІ.Қорытындылау VІІІ.Үйге тапсырма Өрнек түрлерін, атауларын жаттау. Келесі сабаққа дайындықпен келу ( түсті қағаз, желім, қайшы әкелу ) ІХ. Бағалау .Оқушылардың жұмыстарын , сабаққа қатысуларына қарай бағалау Х. Сабақ соңында жұмыс орындарын жинастыру , тазалау.
|