Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Шығармашылық ізденіс пен табыс ілгері даму тәжірибесінің тұрақтылығы
Шығармашылық ізденіс пен табыс ілгері даму тәжірибесінің тұрақтылығы
Мухатова Д.М.

Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасымен сананың дамуы қатар жүретін, ерекше құнды , қайталанбас кезең.Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай , оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дүрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды обьективті түрде бақылап ,талдау жасауға үйрету ,ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге ,сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Дамыта оқытудың басты мақсаты -баланы оқыта отырып , оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту.
Шығармашылық дегеніміз- адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.Өмірде дұрыс жол табу үшін адам ой түйіп,өздігінен сапалы , дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.Адам бойындағы қабілеттерін дамытып ,олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып ,өзін-өзі тануына көмектеседі.Ұстаздың сабақ берудегі мақсаты- баланы бастауыш сыныптардан бастап, шығармашылық ойларға , практикалық әрекеттерге дайын болуға қызығушылыққа тәрбиелеу.
Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп қабілетін ояту ,жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз ,импульсивті қабылдау мүмкіндіктері әр түрлі болады .Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.Бейімділік -оянып келе жатқан қабілеттің ең алғашқы белгісі .Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.Ол үшін мұғалім мейірбан болып, балаларды сол қалпында сүюге тиіс. Тентегін де, тіл алғышын да, жалқауын да, ыждағаттысын да бірдей жақсы көруі қажет.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып,олардың белсенділіктерін қызығушылықтарын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр-түрлі әдіс- тәсілдерді қолдануға болады.Олар мынандай:
1 .Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау. 2.Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
З.Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (аннаграмма ,сөзжұмбақ,құрастырмалы ойындар тағы басқа).
4.Берілген тапсырмаларды түрлендіру бағытындағы жұмыс ( кері есеп құрастыру ,мәтін мазмұнын өңдеу ,шығарма , шағын мәтін құру тағы басқа). 5.Әңгіменің ұқсастығын салыстыру , бөліктерге бөлу , ат қойғызу .
6.Қиялдау арқылы сурет салғызу , рөлге бөліп оқыту. 7.Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру.
8.Ой шапшаңдығын , сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
9.Мәтін ,ертегіні ,әңгімені өз бетінше аяқтау.
Партада отырған әрбір бала -жеке тұлға . Шығармашылық -осы тұлғаны дамытудың тиімді тәсілі .Алдына нақты мақсат қою арқылы биіктерге беттеу ,болашаққа ұмтылу және нәтижелерге жету тек
шығармашыл адамдардың қолынан келеді және бұл мәселені неғұрлым ерте қолға алса , соғұрлым нәтижелі болатындығы ғылымда дәлелденген.
Шығармашылық іс-әрекет шығармашылық ойлаудан басталады.Ал шығармашылық ойлау деген не? Ол кез келген жағдаятты шешу үшін барлық варианттарды ойдан өткізу арқылы жаңа нәтижеге қол жеткізу болып табылады.
Шығармашылық барлық адамдарда болуға тиісті қасиет. Бастауыш сыныптарда әрбір баланың ерекшелігін дұрыс бағыттап , арнайы жаттықтыра отырып мақсатты түрде дамыту- талантты , шығармашыл адамдар санын көбейтіп ,ұлттың ұлыларын , халқымыздың асыл перзенттерін еселеуге үлес қосады.
Ана тілі сабағында баланың шығармашылық қабілетін дамытуға ең басты назарға алатын нәрсе:
1. Өлең шығаруға үйрету, яғни сауат ашу.
2. Ұйқасын тапқызу, сөзбен-сөзді байланыстыру.
3.Алдарына ой тастау.Яғни , қаланың, жер, су,аттарын, болмаса бір оқиғаны суреттеу арқылы өлең жолдарын құрастыру.
Ана тілі оқулығында тақырып соңындағы тапсырмаларға дамытушылық сипат көзделген.Мысалы : тапсырмалар оқулықта берілгенде әңгіме , ертегі, өлең, сурет мазмүнына сәйкес құрыла салмай , оқушының ізденушілігін қалыптастыратындай ойлауға , пайымдауға , дәлелдеуге үйрететіндей етіп түзеледі.Олар мынандай тапсырмалар : оқиға болған уақытты көз алдыңа елестет, қиялдай отырып , суретте немесе өлең жолын құрастыр.
Өлең жолын құрастыру бірінші сыныптан сауат ашу барысында басталады.
Бірінші сыныптан бастап балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында түрлі тақырыптарда мазмұнды шығарма, мазмұндама жаздырту жұмысы орын алады. Шығарма жазуға кез келген оқушының қиналатыны белгілі .Ол үшін алдымен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу.Біріншіден , оқушыға шығарманың үлгісін көрсету, яғни тірек нұсқасын беру.Екіншіден, баланың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін және ізденісін байқау мақсатында шығарманы үйде емес , сыныпта жаздырту.Үшіншіден, ерекше бір ескеретін мәселе, бүл оқушының еңбегін әділ бағалау.Мұнда мұғалім, ең алдымен, оқушының ізденісін , айтайын деген ойын бағалай білуі тиіс.Себебі, бастауыш сыныптағы оқушылар көптеген грамматикалық қателер жіберетіні белгілі.
Ал сыныптан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері:
1 .Орталық мұражайға апару;
2.Әр түрлі кездесулер өткізу;
З.Әр түрлі тақырыптарда сайыс , пікірталастар өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жаздыру;
4.Балаларға арналған журналдарға жаздырып, оны сабақ кезінде үнемі пайдалану;
5. Әрбір оқылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинау, реферат жаздыру.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілат көзін ашып, тілін байытуға , қиялын ұштауға , өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді .Бала бойындағы қабілетті ашу- оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.
Қазақ тілі сабағында сөзбен жүргізілетін жұмыс ,сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі.Сөздік жұмысы оқушыны бір жағынан ойлануға жетелесе, екінші жағынан қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін дамытуға, арттыруға, белсенділікке ынталандырады .
1 .Берілген сөздің ішінен солдан, оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздерді теріп жаз: Қыран қала Дархан
Мұз бұлақ есек
Қысым сүт қабақ
2.Берілген сөздерге (зат есімге) бір әріп қосып мағынасы өзгерген сөз
жаз;
Қала +(қ) таба+(н)
Ат+(а) ел+(у)
Бақа+(н) өр+(т)
Осындай сөздікпен жүргізілген жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлесін тигізеді.
Оқу процесінде шығармашылық түсінігін жеке бастың қасиеті емес , оқушының оқу процесіндегі іс-әрекет құралы және табыстың белгісі деп білу керек.Оқушылардың іс-әрекеті неғұрлым үйлесімді, кемелденген, тиімді оқыту әдістерімен ұйымдастырылса, онда олардың белсенділігі соғұрлым жоғары болып, шығармашылықтың дамуы қарқынды түрде көрінеді.
Бастауыш сыныптың қай пәнінде болмасын оқушылардың танымдық , шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылықтарын оятып, ой ынтасын дамыта түседі.
Категория: Начальная школа | Добавил: КНН (2011-11-26) | Автор: Мухатова Дария Мендельбековна
Просмотров: 9677 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-04-29, 2:44 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru