Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Новые технологии в обучении

Мемлекеттік тілді үйретудегі жаңа технологиялардың рөлі
Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының кез келген стратегиялары құнды ,әрі бағалы. Бұл стратегиялар оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, ұстаздың тығырыққа тірелетін сәттерінен арылтады.Сабақтарда екі түрлі түсініктеме күнделігі, жұппен жұмыс жасаған қолайлы. Сұрақ қою,ой шақы-ру,білім көпірі,бес жолды өлең,еркін жазу,білемін,үйренгім келеді,білгім ке-еді,Венн диаграммасы,пікірталас,ортаға салыңыз, Болжау,Автор орындығы т.б.\стратегияларын қолдау оқушылардың мотивациясын оятып,ынталанды-ра түсері сөзсіз.Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының көзқарасын, тү-сінігін дамыта түседі. Жалықтырмайды. Әсіресе мінезі тұйық,өз ойын еркін жеткізе алмайтын оқушыларға аты аталған стратегиялар үлкен әсер етіп,
өзгеріс әкеледі.Оны күнделікті сабақтардан аңғаруға болады.Оқушыға сеніммен қарап,ой еркіндігі мен пікір айту еркіндігін берсең өз тұжырымын қорғай білу,өз ойын , көзқарасын өзгелермен бөлісе білуге қалыптасады.
Ой шақыру стратегиясында берілетін талқылама сұрақтар оқушыларды шын мәнінде білімге қызықтырып,белсенділігін арттырады. Сонда оқушы-лар берілген кез келген тақырып бойынша өздерінің әр сабақтан алған білім-дерімен бірге,естігендерін / ересектерден, ұстаздардан, ақпарат құралдар-ынан, достарынан, т.б./, көргендерін және топшылаған қорытындыларын ортаға салу арқылы үйренуге ынталанады.Мен оны 6 сыныпта өткен әдебиет сабағынан көп аңғардым. Жаңа әдістерді сабақ үрдісіне қолданғанда сынып-тарда көп өзгерістер байқалды, сыныпта оқу жылдамдығы төмен,сабақ үлгер-імдері нашар оқушылар үшін «Венн диаграммасы», «Автор орындығы» , «Кері байланыс» стратегияларының нәтижесі жоғары байқалды.
Оқушылардың елеусіз қалмауына,үнемі сабаққа қатысуына,бақылауда болуына және өзге балалармен қарым-қатынасқа түсуіне дұрыс бағыт бер-еді. Өзін-өзі бағалай білу стратегиясы да оқушылардың күш- жігеріне сенім-ділік береді. Әсіресе сынып сағаттарында да оқу әдістерін қолдану\
тиімді.Оқушылар жұптаса отырып,екі түрлі тізім толтырады. Онда бір ғана өзінің , екінші бағанға қасындағы жұптасының жақсы жақтарын жазады.Болған соң бір-біріне оқып береді. Бұл тапсырма оқушыға басқалардың бойындағы жақсы қасиеттерді тани білуге, сын тұрғысынан қарай білуге және қуанта білуге үйретеді.Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту стратегиялары әр оқушының өзіндік қабілетіне , ойына,жеке көзқарасына зейін қойып, мән беруге үйретеді.
Осы мәселені шешуде негізгі атқаратын жұмыс – оқушыны өз бетімен жұмыс жасауға үйретудің әдістемелік жолдарын қарастыру болады.
• Тақырыпқа байланысты өз ойын дамытуға, ой-қозғау салуға көмектесетін мәтін алу.
• Мақсат қойып үйрету қажеттілігін ұғу.
• Мәтіннің тәрбиелік мәнін ашу.
• Пікірталас. Өзінің,өзгенің пікірін тыңдай білу, бағалай білу.
• Сұрақ қоя білу.
• Өз ойын жүйелі жеткізе білу.
• Айналасына сеніммен қарау.
«Автор орындығы» стратегиясы оқушыны сенімділікке,ойын жинақтауға көмектеседі. «Білім көпірін құру» стратегиясы қазақ тілі сабақтарында өте тиімді.
Сөз таптарын,оның мағыналық түрін өткенде өткен сабақ пен жаңа сабақты жүйелі байланыстырып отыруға жақсы бағыт деп білемін.Бұл стратегиялардың қай-қайсысы болмасын оқушының ізденісін, қызығушылығын дамытады.Пәнге деген өзгеше көзқарас қалыптасады. Әр сабақты оқушымен санаса отырып,жүйелі жүргізуде сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялық бағыттары ұстаздарға үлкен қолғабыс тигізеді.Оқушы іс- әрекетке, оның дамуына, өзгеруіне сын көзбен қарап, бағалауды үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамытқан дұрыс.Бұл әдістің ерекшелігі-сынып окушыларын жікке бөлмей,барлық баланың бірдей дамуына жағдай жасау.Педагогикалық технология- оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту. Расында да, сын тұрғысынан ойлау- барлық жастағы балаларға кез келген әрекетке,мазмұнға сын тұрғысынан қарау,нақты дұрыс шешім қабылдау, өзі қабылдаған ұйғарымға деген сенімділіктің болуы болып табылады. Бұған сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялары көмектеседі.Негізгі үш кезеңнен тұратын бағдарлама әр оқушының қабілетін ашуға , ойын еркін жеткізуге , қызығушылығын оятуға ерекше мән береді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне осы үш кезенді бағытқа алып,
сүйене отырып жұмыс жүргізу тиімді.Оқушылардың қызығушылығын
ояту сабақ үрдісінің толықтай жүргізілуіне негіз болады .Оқушы белсенділігі артып,әр оқушы өз пікірін қорғауға , дәлелдеуге тырысады.Әсіресе, үнемі көзге ілінбей қалатын, тұйық мінезді, аз сөзді балалар үшін бұл қозғау.Түрткі салу,ортаға тарту әдістері. Егер оқушы сөйлесе,ойын ортаға салса,көппен бірге бөліссе ойы шыңдалады.Жаңа мағынаны өз ізденісі арқылы табу, жұмыс істеу,тапсырмалар дайындау белсенділікке итереді.
Үшінші, «Ой толғаныс» кезеңі.Мұнда әр оқушы өз білімін көрсетуге қаншалықты итергенін дәлелдеуге тырысады. Оларды, «Еркін жазу» , «Дискуссиялық карта» , т.б. ерекше қызықтырады. Алған жаңа ақпаратты ой елегінен өткізіп, қалай қолдану қажеттігін саралап, салмақтайды. Өзіңді тыңдату және өзгенің пікірін мұқият тыңдау, бағалау, сыни тұрғыдан талқылау, ой бөлісу сияқты тиімді әрі пайдалы қажеттіліктерді үйренеді.
Пән мұғалімі әрі тәрбиеші ретінде өз ісімен қанағаттанушылықты, пайдалы қорытындыны көруді, оқушының қызығушылығын оятуды, олардың шығармашылық талаптарын тыңдауды,сабақ ұйымдастырудың кең шеңберін құруды,сапалы жетістіктерге оқушы жемісімен жетуді «Сың тұрғысынан ойлау» технологиясы арқылы жетістіктерге жетеу мүмкін.
Категория: Новые технологии в обучении | Добавил: Махметова_М (2011-06-05) | Автор: Сыздыкова Сауле Сероковна E
Просмотров: 3020 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-05-06, 0:00 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru