Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Физика

Физика сабақтарында оқушылардың пәнге қызығушылықтарын түрлі әдіс-тәсілдермен арттыру
Физика сабақтарында оқушылардың пәнге қызығушылықтарын
түрлі әдіс-тәсілдермен арттыру
Алия Омарова
Физика пәнінің мұғалімдері
Шығыс Қазақстан облысы,
Семей қаласы.
№31 ЖББОМ

Бүгінгі қазақ мектептерінің алдында ұлттық сана-сезімін оятып, тәрбиелеп қана қоймай , халықтық педагогиканы , ғасырлар бойы қалыптасқан тіл ,дін , тәрбие , ұлттық салт-дәстүр , үлгі-өнегені үйреніп , бойына сіңіру біздің міндетіміз.
Ұлт болашағы бүгінгі оқушыларымыздың білімі мен біліктілігіне , санасы мен тәрбиелілігіне байланысты. Халқымыз «сана берсін!» деген тілекті тегін айтпаса керек. Ал ғұлама ғалым әл-Фараби балаға ең алдымен тәрбие берілуі керек, онсыз берілген білім оның өміріне зиян келтіретіні туралы айтқан. Олай болса тәрбиелей отырып білім алуға мүмкіншілік туғызу , жағдай жасау негізгі міндет болуы керек.
Осы себепті физика сабағында халықтық педагогика негізінде ұлттық салт-дәстүрді уағыздап , жас ұрпақ санасына дарытуды , осы арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады.
Физика сабағын оқушының қызығушылығын арттырып , түрлендіре жүргізсе, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Ең басты мақсат- оқушының сабақта үндемей отырмауын қадағалап, сабақты баяу қабылдайтын, түсінбейтін балалардан жиі сұрап, көбірек қозғап отыру керек.
Халықтық педагогиканың бір саласы – ұлттық ойындар. Қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін өтетін тақырыпқа лайықтап пайдалану- тасада қалып келген дәстүрлерімізді қайта жандандырып , ұрпақтар бойына сіңіруге үлкен көмегін тигізеді. Сонымен бірге оқушылар халқымыздың өткен тарихына ойлы көз тастап , қарым-қатынасты, салт-дәстүрлерді саналы түрде сезінеді.
Оқушылардың физика сабағында пәнге ынтасын арттыруда, белсенділіктерін дамытуда пайдаланып жүрген ойын түрлерін келтіре кетсек.

Қазақтың «Қыз қуу» ойыны салт-дәстүріміздің бір түрі. Осы ойын шартын оқушыларға айта кетіп, сабағымызда оны қандай түрде орындайтынымызды түсіндіреміз. Тақтаға бір ұл, бір қыз шығып , тарау бойынша формулаларды тездетіп жазып шығады. Егер ұл бала формулаларды бұрын жазып бітсе , қызды қуып жеткен болып есептеледі , ал қыздан қалып қойған жағдайда айып төлеу ретінде қыздың қойған сұрағына жауап береді.

Арқан тарту ойынында бір топтың ғана жеңіске жететіндігін Ньютонның үшінші заңына байланысты деп түсіндіре кетуге болады.

Бала ойынмен өседі. Осыны жақсы түсінген балаларымыз ұлттық ойынның небір түрлерін ойлап тапқан. Асық ату ойыны көне заманнан қазірге дейін жалғасын тауып келе жатқан ойын түрі. Бұл ойын түрімен әсіресе ауыл балаларының барлығы жақсы таныс. Осы ойын түрін білген оқушы мына бір есептің мазмұнын жақсы түсініп , есеп шығару барысында қиыншылық көрмейтіні анық.
Массасы 20 г асық 0,5 м/с жылдамдықпен қозғала отырып, массасы 9г тыныш тұрған асыққа соқтығысады. Соқтығысқаннан кейін бірінші асықтың жылдамдығы 0,2 м/с –қа өзгереді. Екінші асық қандай жылдамдықпен қозғалысқа келеді?
Берілгені: Шешуі: Есептелуі:
т1=20г=0,002 кг т1υ0+т2u0=т1υ+т2u u= 0,02кг(0,5м/с-0,2м/с)/ 0,009 кг=0,67кг
υ0=0,5 м/с т2u0=0
т2= 9г=0,009кг т1υ0+0=т1υ+т2u
υ=0,2м/с т1υ0-т1υ=т2u
u0=0 u= т1(υ0-υ)/т2


Т/к: u -?

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында сабақта , үйірме сабақтарында немесе үйге тапсырма ретінде оларға физикалық ертегі немесе әңгіме құрастыру олардың ойлау қабілеттерін шыңдай түсетіні анық. Бұл оқушылардың сөздік қорын молайтуға , өз бетімен дербес жұмыс істеу дағдысын дамытуға көп септігін тигізеді.

Жылу құбылыстары тарауы бойынша оқушылардың білімін Шығайбай ертегісін , осы ертегіге байланысты суреттерді пайдалана отырып толықтыруға болады. Алдаркөсе қандай айла-тәсілмен байдың тонын алып қалды? –деген сұрақты қоя отырып , оның физикалық тұрғыдан түсіндіре кету керек. Алдаркөсенің ішкі энергия есебінен терлеп-тепшіп тұрғандығын , неліктен байдың тонын киіп алды?-деген сұрақ қою арқылы әр түрлі заттардың жылу өткізгіштігі тақырыбы бойынша , түлкі ішік , түлкі тымақ жүндерінің арасында ауа болатындығын , ал ауаның жылуды нашар өткізетіндігі айтылады.

Сабақ барысында мақал-мәтелдерге де көңіл бөлініп оларды физикалық тұрғыдан талдау тапсырылады: «Қазан отпен, адам әрекетпен қызады» , «Көсеу ұзын болса қол күймейді» , «Аузы күйген үрлеп ішеді». Мақалдың тәрбиелік мәні, жіберген қатеңді екінші рет болдырмауға , ол қатеңнен тиесілі қорытынды жасай білуге меңзесе, физикалық тұрғыдан ыстық нәрсені үрлесек , содан кебу процесі тездетіліп, нәтижесінде оның температурасының төмендейтінін ұғуға болады.
Оқушылардың жалпы және жеке ойлау ерекшеліктерін қалыптастыру мен дамыту арқылы ғана қазіргі дүниенің ғылыми бояуын олардың бойына сіңіруге болады. Ал, ойлау үрдісі ғылыми ұғымдар жүйесінің қалыптасуы мен дамуына тікелей байланысты және керісінше , ұғым дегеніміз-ой.
Әрбір оқушы оқу материалын шығармашылық деңгейде игере алады, яғни шығармашылық қабілетін дамытады. Бұл үшін оның шығармашылық ойын дамыту негізінде оқуға, яғни өздігінен білім алуға үйрету қажет. Оқушыларға үйге берілген зертханалық жұмыстарды өздігінен орындағаны пайдалы. Олар төмендегідей тәжірибелерді үйде орындай алады.

8-сынып.
1.Өсімдік майы мен судың суу кезінде берілген жылу мөлшерін салыстыру.
Жұмыстың мақсаты: массалары тең өсімдік майы мен судың суу кезіндегі беретін жылу мөлшерлері әр түрлі екендігін көрсету.
Құралдар: 2 кастрөл,2 стақан, екі 0,5 л банкі, су, өсімдік майы, термометр.
Орындау тәртібі:
1) Массалары тең өсімдік майы мен су алып, 2стаканға құйыңыз.
2) Стакандарды суы бар кастрөлге орналастырып, 10 минут уақыт қыздырыңыз.
3) Екі жарты литрлік банкілерге су құйып,олардың температурасын өлшеңіз.
4) Стакандарды кастрөлдерден шығарып, оларды суы бар банкілерге орналастырыңыз.
5) 10 минут уақыттан соң банкілердегі судың температурасын өлшеңіз.
6) әр банкінің алған жылу мөлшерін есептеңіз.

Алынған ақпараттар бойынша таблицаны толтырыңдар:

Сұйық Сұйықтың массасы , кг Банкідегі судың бастапқы t01,0C Банкідегі судың соңғы
t02,0C Судың алған жылу мөлшері ,
Q , Дж
Су
Май 0,2
0,2

Қазіргі өтіліп жүрген сабақтар жүйесінің негізгі алға қояр мақсаты: оқушылардың қабілетін дамыту, білімдерін шығармашылықпен толықтырып, практикада қолдана білуге үйрету , икемділігін қалыптастыру, ойын реттеуге , білімді ептілікпен игеруге қабілеті жететіндігіне оқушылардың сенімін арттырып, оқуға ынталандыру.
Сабақта оқушы материалды қаншалықты түсініп, ұққанын өзі іштей есепке алғанда ғана сабақ нәтижелі болады. Сабақ жоспарын жасағанда тәжірибелер басшылыққа алынып, әдістемелік еңбектерді үздік қолдану тиімді.
Мұғалім қандай әдіс-тәсілдер қолданса да, оқушыларды түгел қамтуға , бей-жай күйде отыруға мүмкіндік бермеуге тиіс. Қазір әрбір сабақты өткізу кезінде шығармашылықпен білім беру жолға қойылып отыр.
Оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілетін сабақтың бір түрі-жарыс сабақ. Жарыс-сабағының бір тиімді жағы оқушылар қарсыластарынан бұрын болуға, тез ойланып, шапшаңырақ жауап беруге, мүмкіндігінше бәрі қатысуға талпынады.
7-сынып оқушылары алғаш кітап бетін ашқаннан бастап табиғатқа деген құштарлықтары артып , ол туралы ойлау қабілеттері арта түспек. Оқушылар табиғат құбылыстарын құлшына ,қызыға , түсіне отырып, сабаққа араласты. Осы физиканы оқи отырып «зат пен дене» ұғымдарын қалай түсінгенімізді байқайық?

Шеберхана Дүкен
------------------------------------
Алтын жүзік, алқа,...
Ағаш бесік, есік , парта, орындық.,,,
Темір есік, балға, балта,қайшы,...
Шыны терезе,айна,...

Физикалық құбылыстарды бақылай отырып, олардың табиғи және жасанды түрлерін анықтадық.
Күнделікті өмірде кездесетін сұрақтар оқушылардың сабақты жақсы түсінуіне көмегін тигізеді.
1.Су отты неге сөндіреді? (Су құйған кезде отқа ауа жетпей қалады, ал ауасыз жерде от жанбайды)
2.Шайды металдан жасалған шәйнекке ме, әлде шыныдан жасалған шәйнекке демдеген дұрыс па? (Шыны шәйнек жайлап қызады да, сол сияқты жайлап суйды, жылуды ұзақ сақтайды, сондықтан ,шыны шәйнекке демдеген жөн)
3.Неге жаңбыр жауғанда күн лезде суытады? (Жаңбыр жауғанда атмосфералық ауа энергиясының кемуі жүреді және оны алып жатқан булану ауданы ұлғаяды)
4.Неліктен балта мен ара жүздерін дөңес етіп жасайды? (Балта мен ара жүздері дөңес болғандықтан өңделетін материалға олардың жүздерінің аз жері ғана жанасады да, қысым күші аз ауданға түсіп, жару, кесуді оңайлатады)
5.Автобус кенеттен жылдамдығын арттырғанда адамдар артқа қарай ауытқып, ал тез тоқтаған кезде алға ұмтылуы қандай құбылысқа негізделген? (инерция құбылысы)

«Ұлы физиктер өмірінен» деген кітапшаны пайдаланып , ұлы физиктердің өмірлерінен үзінділер оқып,олардың да өздері сияқты бала болғандығын айта кеттім.

Қазіргі таңда сабақты қызықты өткізу үшін көп мүмкіндіктер баршылық. Әсіресе интерактивті тақтаны сабақтарда жиі пайдалану тиімді. Ол оқушының пәнге қызығушылығын арттырып қана қоймай , қазіргі заман талабына сай білім алып ,сабаққа берілген уақытты тиімді пайдалануға және басқа мектептердің оқушыларымен алған білімдерін бөлісуге көп ықпалын тигізеді.

Сөз соңында айтарым, жалпы оқушылардың пәнге қызығушылықтарын түрлі әдістермен арттырып, сабақтың сапасын көтеруге , оқушылардың білімге деген оқу-танымдық қызығушылығын арттыруға , қазіргі қоғам талабына сай білім алуына көп әсерін тигізеді.
Категория: Физика | Добавил: Чакеновна (2015-02-13) | Автор: Омарова Алия Чакеновна E W
Просмотров: 2152 | Рейтинг: 2.3/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 10:04 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru