Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Физика

Жылу құбылыстарын қорытындылау «Жылу құбылыстары Шық бермес Шығайбайдың үйінде
Жылу құбылыстарын қорытындылау
«Жылу құбылыстары Шық бермес Шығайбайдың үйінде»

Сабақтың мақсаты: а)Жылу құбылыстары тарауы бойынша оқушылардың
алған білімін қортындылау
ә)Оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық
қабілеттерін дамыту
б) Оқушыларды адамгершілікке,белсенділікке,бірлікке
тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Пән аралық байланыс: Әдебиет, математика

Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, фотосуреттер, ертегі кітап

Сабақтың барысы:

Шығайбай ертегісіне байланысты салынған суреттер жиыны тақтаға рет-ретімен тақтаға ілінеді.

Мысалы:
а) Шығайбайдың үйі .Жақтауынан Алдаркөсе сығалап тұр. Киіз үйдің есігі ашпалы-жаппалы ғып тілінеді. Ішкі жағына қалта желімденіп тиісті сұрақ салынады.
ә)Киіз үйдің ішінде жұмыс істеп отырған бай, бәйбішесі,тоқалы, қызының суреті.Бай қазы айналдырып отыр, бәйбішесі нан илеп, қызы қаздың жүнін жұлып, тоқалы қойдың басын тазалап отыр.
б) Қазан-ошақтың басында отырған Шығайбайдың суреті.
в)Қоштасып жатқан Алдаркөсе мен Шығайбайдың суреттері.Қолдарында қарма нан.
г)Ат үстінде тұрған Алдаркөсе мен бай суреті.

Енді оқушылардан Шық бермес Шығайбай ертегісінің мазмұны сұралады.
Міне, балалар, бүгін біз күндегі сабақтан ерекше сабақ саяхат сабағын өткізгелі отырмыз. Шығайбай үйіне саяхат жасап көрелікші.Жылу құбылыстарын Шығайбай үйінен де іздеп табуға болады екен.
Қане, балалар Шық бермес Шығайбай ертегісі қалай басталады?

1) Ертегіні бастаған оқушы жабықтан сығалаған Алдаркөсемен бірге киіз үйдің есігін ашып ішіндегі қалтадан сұрақты алып, жауап береді.
а) Ауылы Шығайбайдың жотада екен
Басқұры байекемнің ноқа ма екен?
Туылдырық шиімен сәйкес келіп
Уығын киізбенен жапқан екен.

Неліктен?
ә) Жаз айларында ыстық кезде, неліктен киіз үйдің туырлығын орта белден
түріп қойған? (Конвенция құбылысы).
2) Киіз үйдің ішінде жұмыс істеп отырған бай, бәйбішесі,тоқалы, қызының суреті.Бай қазы айналдырып отыр, бәйбішесі нан илеп, қызы қаздың жүнін жұлып, тоқалы қойдың басын тазалап отыр. Қандай физикалық құбылыстарды кездестіресіңдер?
( Шығайбайдың үй-ішіндегі адамдар жұмыс істеп отыр. Олардың ішкі энергиясы артады, терлейді. Демек ішкі энергияны жұмыс істеу арқылы өзгертуге болады)
1слайд бойынша сұрақ:

Шығайбай от басында қалғып отыр
Алдар көсе көз жұмып аңдып отыр.
Қызуы шым тезектің екі жанға
Қандай тәсіл-түрменен жетіп отыр.


(сәуле шығару)

2 слайд бойынша сұрақ:
Бай неге тоңып келеді?

( ішкі энергияның аздығынан)

3 слайд бойынша сұрақ:

Айлакер Алдаркөсе келіп қалды,
Айламен байдың тонын шешіп алды.
Өз тонын шешіп беріп Алдар көсе
Неліктен байдың тонын киіп алды?



( Әр түрлі заттардың жылу өткізгіштігі тақырыбы бойынша , түлкі ішік, түлкі тымақ жүндерінің арасында ауа болатындығы, ал ауаның жылуды нашар өткізетіндігі белгілі)
4 слайд:
Ет қазанның қақпағын ашып қойса тез пісе ме? Жауып қойса , тез пісе ме? Неліктен?
(Кебу және конденсация құбылысы арқылы түсіндіріледі)
5 слайд:
Күз (Абай)
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.-
деген өлең жолдарын конденсацияланудың меншікті жылуы арқылы қалай түсіну керек?
(Күз болып ауа салқындаған кезде ауадағы су буы энергия бөлініп шығарады да дымқыл тұман пайда болады)

Кезекті физикалық жұмбақтарды шешуге береміз.

1.Терек қисайған жағына жығылады,
Қазан отпен, адам әрекетпен қызады.
(жылулық қозғалыс.Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері)
2.Тонның жылуы-терісінен емес,жүнінен.
(жылу өткізгіштік)
3.Қол жұмылмай – жылынбайды .
(жылу берілу)
Күнделікті кездесетін сұрақтар:

1.Шәйнек тез қайнау үшін неге қақпағын жауып қою керек?
(Шәйнектің қақпағын жабу арқылы жылу алмасуды сақтаймыз.
Бұл қызу беріп тұрған жылуды сақтау үшін қажет.)

2.Шайды металдан жасалған шәйнекке ме, әлде шыныдан жасалған
шәйнекке демдеген дұрыс па?
(Шыны шәйнек жайлап қызады да, сол сияқты жайлап суйды, жылуды
ұзақ сақтайды, сондықтан, шыны шәйнекке демдеген жөн)

3. Су отты неге сөндіреді?
(Су құйған кезде отқа ауа жетпей қалады, ал ауасыз жерде от
жанбайды)

4. Өзенге шомылып,жағаға шыққанда салқынды сеземіз. Неліктен?
(Бала жағаға шыққанда оның денесінен судың буланып ұшуына кететін
энергия шығысының артуына байланысты суықты сезеді)

Үйге тапсырма: Жылу құбылысына тарауын қортындылау нәтижесінде
«Не білдім?» атты шағын әңгіме жазу


Алия Омарова
№31орта мектептің физика пәнінің мұғалімі
ШҚО , Семей қаласы
Категория: Физика | Добавил: Чакеновна (2015-02-13) | Автор: Омарова Алия Чакеновна E
Просмотров: 1590 | Рейтинг: 2.2/5
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 5:48 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru