Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Физика

Кластан тыс іс-шара «Физикалық кафе»
Ақтөбе қаласы. Благодар орта мектебі
Қоянбаева Асылгүл Жайылханқызы
Физика пәні мұғалімі

Кластан тыс іс-шара «Физикалық кафе»
Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, пән бойынша алған білімдерін қорытындылау, тәлім-тәрбиесін, танымдық қабілетін, белсенділігін арттыру. Білімді, дарынды ,озық болуға тәрбиелеу
Тәрбиелік-білімділік міндеттері:
1.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,ізденістерін дамыту
2. Өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыландыру
3.Дәстүрлі емес сұрақтарға нақты жауап беруге үйрету
Сабақтың түрі: Дидактикалық ойын «Физикалық кафе»
Көрнекілігі: Зал кафе болып жабдықталған, ас мәзірі, даяршылыр, тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар, секунттық тілі бар үлкен сағат т.б
Ойын технологиясы: Құрамы 5-адамнан тұратын 2-топ ойыншы, әр топқа тапсырмаларды беру үшін бір-бірден даяршы. Әділ қазылар алқасы ,
есептеуші табло т.б
Ойынның барысы:
Әр өз еріктері бойынша І,ІІ,ІІІ т.б астан таңдауға болады.
Әр тапсырманы (тамақты) орындаған кезде міндетті түрде уақыт сақталу керек.
Келесі тапсырманы (тамақты) орындау үшін міндетті түрде алдыңғы тапсырма (тамақты ішіп алу керек) орындалған болуы керек.
Орындалған (жеп тауысқан тамақты) тапсырманы топ мүшелері даяршыларға береді, ал даяршы оны әділ қазыларға алып барады.
Әділқазылар баллын шығарып таблоға іледі.
Ең көп балл жинаған топ сертифекат алады, қалғандарына қатысқаны үшін «Алғыс хат» беріледі.
Жоспар:
1.Ұйымдастыру
2.Ас мәзірімен таныстыру
3.Ойынды ас мәзірі бойынша жүргізу
4. Оқушыларды мараппаттау
Ас мәзірі
№ Астың аты Бағасы (баллы)
Салаттар

1 «Физикалық ералаш» салаты 5балл
(дұрыс жауап-1балл)
2 «Жылқы еті қосылған қуып жет»салаты 10 балл
(дұрыс жауап-1балл)
3 « Мақалдар қосылған винегрет» (әр мақалға -2балл)
Бірінші ас
1 Физикалық «Лағман» 5балл
(дұрыс жауап-1балл)
2 Математикалық «Рассольник» 12 балл
(дұрыс жауап-3балл)
3 Музыкалық «Сорпа» (дұрыс жауап-3балл)
Екінші ас
1 Әзілмен әшекейленген қуырдақ 5балл
(дұрыс жауап-1балл)
2 Дәмді физикалық тұшпара (дұрыс жауап-3балл
3 «Астро-биофиз»бәліші (дұрыс жауап-3балл
Сусындар
1 Коктейль «Сюрприз» (дұрыс жауап-2балл
2 Электрленген «алма» компоты (дұрыс жауап-2балл

Ас мәзірі
1. «Физикалық ералаш» салаты
(5-физикалық шаманың өлшем бірліктерін атау)
2. «Жылқы еті қосылған қуып жет»салаты ( 10 сұраққа жауап беру)
3. « Мақалдар қосылған винегрет»
( физикалық мағанасы бар мақалдар айту)

Бірінші ас:
1. Физикалық «Лағман» ( Формулаларды толтыр)
2. Математикалық «Рассольник» ( есептер шығару)
3.Музыкалық «Сорпа» (физикалық мағанасы бар өлеңді табу )

Екінші ас:
1.Әзілмен әшекейленген қуырдақ( физикалық әзіл сұрақтар)
2. Дәмді физикалық тұшпара( жәшіктегі қандай құрал екенін табу)
3. «Астро-биофиз» бәліші (Суреті көрсетілген физиктердің сіңірген еңбектерін айтып беру )

Сусындар:
1.Коктейль «Сюрприз»(қарсы топ дайындап алып келген сөзжұмбақтарды шешу)
2. Электрленген «Алма» компоты (ребуст шешу)

Ас мәзірі бойынша топтарға берілетін тапсырмалар жауаптарымен
Салаттар:
І «Физикалық ералаш» салаты№1.
(физикалық шаманың өлшем бірліктерін ата)
1)Күш,2) заряд,3) жиілік,4) қуат, 5)кедергі.
Жауабы: Н,Кл, Гц, Вт, Ом
«Физикалық ералаш» салаты №2.
(физикалық шаманың өлшем бірліктерін ата)
1)Кернеу,2)тығыздық,3) импульс,4) жылдамдық,5) удеу
Жауабы: 1)В,кг/м3,кг*м/с,м/с,м/с2
ІІ Жылқы еті қосылған «қуып жет» салаты№1
1. Өткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы не деп атаймыз? (Меншікті едергі)
2.Ядроның құрамына кіретін оң заряд(Протон)
3.Дененің траектория бойымен жүріп өткен арақашықтығы (Жол)
4.Заттың көлемін сақтап, пішінін өзгертетін күйі(Сұйық)
5.Бірнеше атомдардың өзара бірігуі (Молекула)
6.Бір зат молекулаларының екінші заттың молекулаларымен араласуы (Диффузия)
7.Заттың бөлінбейтін өте кішкентай бөлшегі. (Атом)
8.Әлемде не бар болса, соның бәрі қалай аталады. (материя)
9. Ғарышқа алғаш рет сапар шеккен адам (Ю. Гагарин)
10.Молекулалары белгілі тәртіппен орналасқан зат күйі (Қатты)
Жылқы еті қосылған «қуып жет» салаты №2
1.Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүретін қозғалыс
(Бірқалыпты)
2. Будың сұйыққа айналу құбылысы (конвекция)
3.Аспанда ұшып жүрген қарылғашқа ауырлық күші әсерін тигізе ме?
(Әрине)
4.Бөлінбейтін ең аз теріс заряды бар бөлшек.(Электрон)
5.Тоқ көздерінде неше полюс болады.(Екі. Оң және теріс)
6.Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? (Уақыт)
7. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым ( И. Ньютон)
8.Жердің жасанды серігі қай жылы ұшырылды? (1957жыл, қазан)
9. Кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе. (дене)
10.Ток күшін өлшейтін құрал (Амперметр)
ІІІ Мақалдар қосылған винегрет( физикалық мағанасы бар мақалдар айту)
1.Терек қисайған жағына жығылады.
2.Қазан отпен,адам әрекетпен қызады.
3.Отқа салсаң, темірде балқиды
4.Ескі мұз ерігіш, жаңа дос жерігіш
5.Отты үрлеген жағады,
Шындықты іздеген табады.
6.Азықсыз адам алысқа бармайды.
7.Жел болмаса шөптің басы қимылдамас
8.Аузы күйген үріп ішер
9.Дән себілмей астық өнбес, дария буланбай шық түспес
10.Күн шыққан соң суарған суды күн жұтады,
Күн батқан соң суарған суды жер жұтады
11.Саусақ бірікпей –ине ілікпейді
12.Найза салу –ерліктен,ат жауыры –терліктен
13.Қарыстан сүйем жуық
14. Гауһарды мысқалдап өлшейді
15.Жұпарды жасырғанмен иісі білінеді
16.Аттыға жаяу жолдас бола алмас
17.Шапқан озар, жатқан қалар
18.Қимылдаған қыр асар.
19.Білекті бірді жығады
20. Айдағаның бес ешкі,
Ысқырығы жер жарады

Бірінші ас:
І Физикалық «Лағман» ( Формулаларды толтыр)
F =G 〖m1m2〗_ /r^2
ρ=m/V

F=mg
F_(cерп,=-RX)
v=n/t
p=ρgh
F=ma
a=ϑ^2/r
E_(n=mgh)
a=(ϑ-ϑ_0)/t
ІІ. Математикалық «Рассольник» ( есептер шығару) №1
№1
Автомобиль көпірдемен 18 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді. Егер көпірдің ұзындығы 180м болса, автомобиль көпірден қанша уақытта өтеді?
Жауабы: 96сек
№2
4 Н күштің әсерінен 0.02м-ге ұзарған серіппенің қатаңдығы неге тең?
Жауабы: 200Н
№3
Өткізгіштің ұштарындығы кернеу 6В, кедергі 2Ом.Тоқ күші неге тең?
Жауабы: 3А
№4
Ауасы сорылып алынған шыны трубкада ағаш тығыны, құс қауырсыны,бытыра бар. Осы денелердің қайсысы үлкен үдеумен құлайды.
Жауабы: Барлығы бірдей үдеумен құлайды.
Математикалық «Рассольник» ( есептер шығару) №2
№1
Егер толқын 400м/с жылдамдықпен таралса, ал жиілігі 200Гц тең болса, онда толқын ұзындығы неге тең?
Жауабы: 2м
№2
Күнің энергиясы Жерге қандай жолмен беріледі?
Жауабы:Сәуле шығарумен
№3
3м/с жылдамдықпен қозғалатын массасы 2кг дененің кинетикалық энергиясы неге тең?
Жауабы: 9Дж
№4
Массасы 60т тарту күші 90кНреактивті ұшақтың үдеуін анықта?
Жауабы:1.5 м/с2
ІІІ.Музыкалық «Сорпа» (физикалық мағанасы бар ақындар өлеңін оқу )
1. Абайдың табиғат лирикасындағы физикалық құбылыстарды бейнелейтін өлеңдерінен үзінді оқы. №1
2. Қандай ақындардың физикалық құбылыстарды бейнелейтін өлеңдерін білесің.Мысал келтір.№2

Екінші ас.
І.Әзілмен әшекейленген қуырдақ ( физикалық әзіл сұрақтар)№1
1. Жерден көтеруге оңай, бірақ алысқа лақтыруға қиын (мамық)
2. «Жер төңкергіш» ғалым (Архимед)
3. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (Болады.қар мен мұз күйінде)
4. Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ ішінде не қалады? (ауа)
5. Қандай ыдысқа су құйылмайды? (су толы ыдысқа)
Әзілмен әшекейленген қуырдақ ( физикалық әзіл сұрақтар)№2
1. А. Македонский заманындағы уақыттың көрсеткіші (тауық)
2. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)
3. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
4. И.Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына себеп болған зат? (Алма)
5. Суда қандай тастар жоқ? (құрғақ)
ІІ. Дәмді физикалық тұшпара( жәшіктегі қандай құрал екенін табу)
1.Тізбектегі тоқты азайтып көбейтіп тұруға болады. Үстінде қозғалатын тиегі бар. (реостат) №1
2 Жәшікке оратылған «ля» дыбысын шығаратын құрал.
(камертон) №2

ІІІ . «Астро-биофиз» бәліші (Суреті көрсетілген физиктердің сіңірген еңбектерін айтып беру ).

Сусындар:
1.Коктейль «Сюрприз»(қарсы топ дайындап алып келген сөзжұмбақтарды шешу) №1
2. Электрленген «Алма» компоты (қарсы топ дайындап алып келген ребуст шешу)№2

Ақтөбе қаласы
Категория: Физика | Добавил: SAULE777 (2011-06-09) | Автор: Қоянбаева Асылгүл Жайылханқызы
Просмотров: 3999 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-05-02, 1:49 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru