Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
«Ертарғын» естияр тобының ашық оқу-іс әрекетінің технологиялық карта Білім беру саласы: «Таным» «Шығармашылық» Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу /Жапсыру Тақырыбы: «Зообаққа саяхат» / Қоян Мақсаты: Балаларға жабайы жануарлар туралы білімдерін кенейтіп, зообақта тәртібін сақтап жүруге тәрбиелеу, жануарларға деген сүйіспеншілігін арттыру. Қауыпсыздықты сақтау туралы түсініктерін қалыптастыру. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Жапсыру әрекетінде өз жұмысын аяғына дейін орындау, майлықтарымен қолдану , талаптарын жетілдіру. Қолданатын көрнекілік: суреттер, альбомдар , слайдтар Билингвалді компонент: жабайы жануарлары-дикие животные- animals Өткізді : Құдайбергенова Мейрамгүл Амыржановна Әрекеттің кезендері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті Мотивациялы-ынталандыру кезең І. Кіріспе бөлім Амандасу рәсімі: Жылулық шеңберіне тұрып, жылы сөздер айту. -Балалар, қуанышымызды бір-бірімізге жеткізейік. Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Ренжісуді білмейміз. Қуанамын менде, Қуанасың сенде, Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге. -Қазір жылдың қай мезгілі? -күздін неше айы бар? -күздін соңғы айында қандай ерекшеліктер болады? -Біз бүгін зообаққа саяхат жасайық. Кәнеки бәріміз бір-біріміздің артынан тұрып паровоз болып зоообаққа жетейік. Шеңберге тұрып жылы сөздерді айту арқылы бір-біріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.Тақпақты барлығы бірге қуанышты түрде айтып береді. -Күз мезгілі . Балалардың жауаптары - Қыркүйек, қазан, қараша. - Қар, жаңбыр жауып тұр. - Дала суық, суық жел соғады Ұйымдастыру-ізденгіш кезең ІІ. Негізгі бөлім -Біз зообаққа жеттік! осы кезде ұнтаспа дан жануарлардың дыбыстары естіледі -зообақта қандай жануарлар бар? -қандай аңдарды танисындар? Аңдар туралы жұмбақ жасыру: • Өзі бір қу , Жүрген жері айқай да шу • Қыс бойына жатады Тәтті ұйқыға батады • Көлеңкесінен қорқып безектейді Ал оның баласын көжек дейді -Үш тілде айтайықшы? Сөздік жұмыс : Жабайы аңдар- дикие животные- animals Аю-медведь-bear, қоян –заяц –hare , түлкі –лиса –fox қасқыр-волк-wolf -Оларды жабайы аңдар неліктен аталады, білесіндер ме? Оларды біз «аңдар» деп атаймыз. Олар елсіз даланы, орманды мекен етеді. Өз азықтарын өздері тауып жейді. Жабайы аңдардың түрлері көп. Олардың ішіндегі қасқыр, түлкі, жолбарыс пен арыстан жыртқыш аңдар. Тістері өткір, көздері қырағы әрі сезімтал. Иісті алыстан сезеді. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Олар қыста ұйықтамайды. Аюдың екі түрі бар екен. Ақ аю, қоңыр аю. Ақ аю –суда мекендейді, суға сүңгіп балықтарды ұстап жейді. Ал қоңыр аю орманда мекендейді. Жеміс –жидектермен қоректенеді. Қоян -ең қорқақ аң . Құлағы ұзын болғандықтан, сыбдырды тез естіп қояды. Ол жыл мезгіліне байланысты тонын өзгертіп отырады. Сергіту сәті. Сергіту ойыны : «Аңдардың жүрісін келтіру». Мақсаты : балаларға аңдардың жүрістерін, қимыл әрекетін көрсету. Қызығушылықтарын арттырып, достыққа тәрбиелеу. Шарты : Балалар шеңбермен жүріп, аңдардың қимылын келтіреді -Көлбен-көлбен көленке, Көлбендеген көленке -Аю қалай жүреді , Аю былай жүреді -Қасқыр қалай жүреді , Қасқыр былай жүреді -Түлкі қалай жүреді , Түлкі былай жүреді -Қоян қалай секіреді , Қоян былай секіреді Таңқалдыру сәті : Балалар, қарандаршы қонаққа Қоян келеді . Балалармен амандасады. -Сәлеметсіңдер ме , балалар ! Ормандағы аңдардың барлығы қысқа дайындалып,үйлерін жылытып, тамақтарын дайындап жатыр. Ал мен болсам жазғы тонды қысқы тонға ауыстырамын. Сендер көп болған соң, көмек сұрай келдім. Мені, менің достарымды ақ тонға киіндіріп беріндерші. Көмектесесіңдер ме? -Олай болса, балалар қане Қоянға көмектесейік. Қоян –ол жабайы аңдарға жатады, себебі ол орманда тұрады, жаз бойы қоян шөппен, жидектермен көректенеді. Жазда оның тоны сұр болады , ал қыста ақ тонды киеді Ал, енді қоянның денесіне қарайық. Қоянның денесі сопақша пішініне ұқсайды , екі құлағы –сопақша ; түсі –ақ ; кішкентай құйрығы. Қазір біз қоянның бейнесін ақ мамық майлықтармен жабамыз, жапсырамыз , ең алдымен саусақтарды жаттықтырамыз: Кәне-кәне тұрайық алақанды соғайық, алақанды қос ұстайық алдыға созайық жоғары созайық алақанмен ойнайық әдемі –ғып отырайық! Сөздік жұмыс : Қоян-заяц-horse Жапсыру әрекеті : Балаларға жапсыру ережелерін айту; -Қоян денесіне желімді жағамыз, одан кейін ақ мамықтарды жапсырамыз, сызықтардан шықпай барлық денені жабу керекпіз. Өз жұмысын аяғына дейін орындау керек. Осы кезде әдемі әуен қосылады. Балаларға барып көмек көрсету. Балалар зообаққа жетіп қандай жануарларды таниды айтады Жұмбақтардың шешімін айтады -түлкі - Аю -қоян Сергету сәті жасау Қойылған сұрақтарға жауап береді. Ойын шартымен ойнау. Балалар ойын шарты бойынша шеңбермен жүріп, қимылдарды келтіреді. -Аю сияқты жүреді -Қасқыр сияқты жүреді -Түлкі сияқты жүреді -Қоян сияқты секіреді Балалар амандасады Қоянның әнгімесін тындап отырады. Қоянға көмек көрсетуге келіседі. Саусақтарды жаттықтырады Алақанмен соғады Алақанды қос ұстайды Алдыға созады Жоғары созады Тып тыныш отырады Сөзді қайталайды. Жапсыру жолдарын мұқият тыңдап қарайды Рефлексиялы-түзету кезең ІІІ. Қорытынды бөлім Д/ойын : «Не қалай дыбыстайды?» Мақсаты : Балаларға жақсы көңіл –күй сыйлау. Шапшаңдылыққа тәрбиелеу. Барысы : Балалар қойылған қызықты сұрақтарға жылдам жауап берулері керек. Сұрақтарға ең көп әрі жылдам жауап берген балаларды мадақтау. Жазылған аңдардың дыбыстарың естіп таниды . Қоян балалардың салған суреттеріне баға беріп, мадақтау. Қоянның ризашылығы. Қойылған сұрақтарға жауап беру. Дауысын естіп танидыӨз ойларын айтады. Қоштасу рәсімі. Күтілетін нәтиже: Білу керек: зообақта қандай жануарлар болады білу ,олардың аттарын үш тілде айту. Болу керек: Түсті , пішінді ажырата алу, есте сақтау, ептілік қабілеттері дамыған болу керек. Істей білу керек: жапсыру жұмыс жасауда ережесін сақтай отырып, үстелде әдепті болып отыра алу керек. | |
Просмотров: 1762 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|