Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Отбасы мен балабақшанын ынтымақтастығы
Отбасы мен балабақшанын ынтымақтастығы

Ғ.Мұстафин атындағы
№83 ЖББОМ жанындағы
«Жеткіншек» шағын орталықтың
тәрбиешісі
Доненбаева Гаухар Аймухамбетқызы

Отбасы мен балабақша біздің болашағымыздың бастамасында тұрған екі үлкен қоғамдық институттар, бірақ олар арасында әлі күнге дейін бірін- бірі түсінушілік, шыдамдылық пен әдептілік жетіспейді.
Отбасы мен балабақша арасындағы түсініспеушіліктің бар ауырлығы балаға түседі. Көптеген ата- аналар баласының балабақшада немен тамақтанғанын ғана сұрап, балабақша- ол ата-ананың жұмыста болған кезде балаға қарап, бағып, қағатын орын деп ойлайтындығы құпия емес. Педагогтардың осындай ата- аналармен өзара қарым-қатынастырында қиыншылықтар туындауда. Осы сияқты әкелер мен аналар санасына ой жеткізу де өте қиынға соғады. Кей кездері ата-анаға балақанды тек сәнді киіндіріп, тамақтандырып, оның сұрағанын алып беру ғана ата-аналық парыз емес, өз балаңызбен сөйлесіп, түсіндіріп, оны ойлай білуге үйрету маңызды екендігін жеткізудің өзі оңай емес. Осындай жағдайды қалай өзгертуге болады? Ата- ананы бірлескен жұмысқа қалай жұмылдыру керек? деген сауалдар туындайды.
Балабақша отбасының орнын ала алмайды, ол тек өзінің ерекше функцияларын орындай толықтырады. Өнегелі тәрбие жемісі, ол отбасы мен балабақша арасындағы өзара түсіністік , сенім мен тығыз байланыстағы оқу-тәрбие жұмыстары.
Бағдарлама ата-аналар, педагогтар мен балаларға арналып әзірленген. Бағдарламаның тұжырымдамалық негізі – үлкен адам мен бала арасындағы әріптестік идеясы болып табылады. Педагогтардың ата- аналармен жүйелі жұмысы негізінде үлкендер баланың жеке таңдауы мен өз ұстанымына деген құқығын тануды үйренеді. Аналар мен әкелер бала көзқарасының үлкендер көзқарасынан ерекшелігін түсіне бастайды. Бағдарламаға жеке ата-аналар мен балалар және үлкендердің қатысуымен жоспарланған бірлескен тренинг сабақтары енгізілген.
Өсіп келе жатқан адам тәрбиесінің алғашқы мектебі- отбасы. Бала үшін ол -үлкен әлем, ол отбасында сүйіспеншілікке, шыдамдылық пен қуанышқа, жанашырлыққа үйренеді. Сәби өмірге қорғансыз және сенімшіл болып келеді. Ол ата- ананың қолынан ұстап алғашқы қадамдарын жасайды, ашық аспанды көріп, мейірімділік пен шексіз бақытқа сенеді.
Қазіргі заманда өскелең ұрпақтың отбасылық дағдарыс пен отбасындағы тәрбиеден туындап отырған оның әлеуметтік ахуалы ерекше үрей тудырып отыр. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында біздің мемлекетте де көптеген қазақстандық отбасыларының өмірлік деңгейлері төмендеп, кірістер ажыратылып, ата –аналық тәрбие ұғымы да жоғалуда. Жас отбасыларында туу деңгейінің төмендеп, неке тұрақсыздығы мен ажырасудың өсуіне бой салып отырған әкелік және аналық абыройдан айырылу көріністері орын алуда.
Барлық аналар мен әкелер кішкентай сәбимен жұмыстың маңыздылығын түсіне бермегендіктен, мұндай ата- аналармен қарым- қатынас құру қиынға соғуда. Сондықтанда отбасы ертеден әлеуметтік және мәдени құндылықтарды сақтап, оны балаға бере білудің өмірлік ортасы болып қалады.
Біздің балабақшада бала тәрбиесі мен дамуына бірдей кеңістік ұйымдастыру үшін барлық жағдайлар жасалған. МДМ мамандарының (педагог-психолог, тәрбиеші, ән –күй және бейнелеу өнері жеткешілері, дене тәрбиесі нұсқаушысы, медбике) білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмысы мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде отбасына педагогикалық көмек көрсете, ата- ананы шын мәнінде білім беру үдерісіне бірдей жауапкершілікке бейімдеу болып отыр.
Нәтижесінде олардың шығармашылық бастамаларын дамытуға әсер ететін ата- аналардың оқу- тәрбие қызметінің деңгейі көтерілді. Ата- аналар топтағы барлық істердің белсенді қатысушылары, көмекшілері болып бір- бірімен өзара әрекеттесе білуге үйренеді. Нәтижесінде ата- ананың тәрбие беру тәжірибесі байып, отбасының мектепке дайындығы көтерілді. Бірлескен дайындықтар ата- ана мен педагог, ата- ана мен балаларды , бір отбасын екінші отбасымен жақындастырды. Мейірімділік атмосферасы топтағы басқа істер үшін де жарады. Көптеген ата- аналарда өзі білмеген қабілеттері ашылып, жүргізіліп жатқан жұмыс баланың мектепке дайындығы алдындағы жан күйзелісіне деген назарын арттыруда. Ата- аналар мектептегі оқушыға қойылатын талаптармен танысып, тіл дамыту бойынша ұсыныстар беріліп, баланың ақыл- ойын дамытуға іспеттесетін ойындық жаттығулар ұсынылды.
Жұмыстағы еркін бағыт ең қажетті, ең қызығушылық танытқан болып табылса, ұйымдастыру жағынан ең қиыны болды. Өйткені, кез- келген ата- анамен бірлескен іс- шаралар өз баласының мәселелерін ішкі жағынан көре, өзара қарым- қатынастардағы қиыншылықтар мен түрлі ыңғайларды салыстыру, басқалардың әрекеттерін көріп, яғни тек өз баласымен ғана емес жалпы ата- аналар жұртшылығымен өзара қатынас тәжірибесін алуға мүмкіндік бере білетіндігімен түсіндіруге болады.
Категория: Дошколенок | Добавил: Аля2376 (2015-01-27) | Автор: Доненбаева Гаухар Аймухамбетқызы E
Просмотров: 1357 | Комментарии: 1 | Теги: балабақша, отбасы | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 7:18 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru