Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Үйректер мен бақалар /ІІ кіші топқа арналға 8-наурыз мерекесінің ертеңгілігі/
Үйректер мен бақалар
/ІІ кіші топқа арналға 8-наурыз мерекесінің ертеңгілігі/
Балалар музыка ырғағымен залға кіреді, жарты шеңбер болып тұрады.
Жүргізуші:
Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған,
Бақыты үшін баланың,
Аман сау бол, ақ мамам,- деген әдемі әндер балалардың аузынан түспей мәңгі айтылы берсін.
-8 наурыз бүгінгі –халықаралық әйелдер күні, жылдың басқа мезгілінде болуға қисыны келмейтіндей. Өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір,жылылық пен әсемдік сыйлайды. Аяулы аналар, құрметті апалар,әжелер!Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесіін тойлауға жиналып отырмыз.Ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларыңызға қуаныш пен амандық тілейміз.
- Ал сендер, балалар, аналарың мен апаларынның мерекелерімен құттықтауға дайынсыңдар ма? /ия/

1. Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар,
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыңдар, қасиетті аналар.

2. Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.


3. Достықты да біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз,
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін ойлаймыз.


4. Айналайын, анашым,
Аялайсың, бағасың.
Мен үшін не керек-
Бәрін іздеп табасың

5. Қуанышы ананың-
Қуанышы баланың,
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың.
1
6. Мен деп кірпік қақпаған,
Менсіз тыным таппаған
Бақыты үшін баланың
Аман сау жүр, ақ мамам.

Ән «Ақ мамам»
/орындарына отырады/
Жүргізүші:
- Мінеки біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз өздерінің аналарын қалай жақсы көретіндерін білдірді. Енді аналардың өздерінің балаларын қаншалықты жақсы көретіндерін біз қазір «Өз балаңды тауып ал» деген ойын арқылы байқап білеміз.

Ойын «Өз балаңды тауып ал» /2 рет/

Жүргізүші:
- Біздің аналарымыз да өз балаларын өте қатты, жақсы көреді екен.Балалар, бүгін бізде аналарымызбен қатар апаларымыздың- әжелеріміздің мерекесі.Сондықтан балалардың жылы лебізін тыңдайық:
1. Сенен өскен балалар,
Бақыттылар, даналар,
Құттықтаймыз сіздерді,
Құрметті әже, апалар.

2. Бізді өсірген апатай,
Еңбегін де зор екен,
Құтты болсын апатай,
Құтты болсын мерекең.

3. Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді,
Барғансайын бір жаққа,
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өйткені ,
Өте жақсы көреді.

4. Менің әжем, бұл әжем,
Айтқан сөзі дәл әжем,
Аман болса көреді,
Қызығымды әлі әжем.

2
5. Менің әжем, нар әжем
Көп жасаған кәрі әжем
Ауырғанда мен үшін
Әр сүйгені –дәрі әжем.

6. Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол, нұр әжем,
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман есен жүр әжем.

Ән «Ақ әжем»
/Балалар орындарына отырады/

Жүргізүші:
- Сегізінші наурызда,
Құттықтаймыз ананы.
Теңеп оны жұлдызға-
Сый тартамыз бағалы.
Құрметіне кешінің
Тақпақ айтып береміз
Шаттық толы әр күнін,
Мақтап айтып береміз.

/Балалардың тақпақтары/
1.Бала, бала,бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған

2. Анам мені « айым»- дейді,
Мен мұңайсам, уайым жейді.
Анам мені «Күнім»-дейді,
Мен қуансам күлімдейді.

3. Айналайын, анашым,
Жұмысқа барасың,
Қайтып мені көргенше,
Шын сағынып қаласың.

4. Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз. 3

5. Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін,
Еркелеткен біздерді
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс.

6. Мамам менің, ақ мамам
Менсіз таңы атпаған
Менсіз күні батпаған
Мен ұйықтамай жатпаған.

7. Шалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

8. Мамам менің, ақ мамам
Гүлді маған баптаған
Жырды маған жаттаған
Жұрттың бәрі мақтаған.

9. Құтты болсын, ардақты анам
Асыл анам, мерекең
Құтты болсын тендік алған
Қуанышты мерекең.

10. Асыл жан деп әлемді,
Ардақтаймыз ананы.
Ақын қосып өленге
Суретін оның салады.

11.Бәрі жақсы ананың,
Бәрі де оның керек –ау,
Бірақ әр бір баланың,
Өз анасы бөлек-ау.

12.Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім»,- дейтін,
Әлемдегі ақылды адам-
Бәрінен сол жақын маған.
4
/Балалар тақпақ айтып жатқанда тәрбиеші балалардың ьасына үйректермен бақалардың бас киімдерін кигізеді/

Жүргізүші:
-Мерекеміздің келесі бөліміне көшпес бұрын мен бүгінгі қонақтарға жұмбақтар жасырғым келеді.Сендердің аналарың мен апларың жұмбақтардың шешүін таба алама екен?

- Баласын ертіп сонына,
Сүңгір, жүзіп үйретті,
Су жұқпайтын тонына,
Кім біледі?/үйректі/

- Қарқ-барқ ету білгені,
Сөйлегені, күлгені,
Бәрінен де қызығы,
Тербетіліп жүргені? /үйрек/

Жүргізүші:
- Дұрыс, жұмбақтардың шешуін таптыңыздар. Енді біздің қонақтарымзға бір қызықты оқиғаны айтуға тура келіп тұр.
/тәрбиешілер үйрек пен бақаның бас киімін киеді. Балалар екі жаққа бөлініп отырады./
- Баяғыда бір ауылда терең көлшік болыпты. Соның бір жағасында бақалар өмір сүріпті. Қалың жасыл шөпте қыдыруды ұнататын үйректер мен олардың балапандары болыпты.

/Үйректің балапандары шеңбер құрып тұрады да кішкентай үйректер биін билейді. Билеп болған соң ойнап жүгіреді./
«Үйректердің биі»

Үйректің мамасы:
-Сендер қандай тіл алмайтын балаларсыңдар, таңертеңнен кешке дейіе ойнайсыңдар, маған ешқашан көмектеспейсіңдер. Ендеше мен қазір бақалардың мамаларынан барып сұраймын. Көңілді бақалар өздерін қалай ұстайды екен, мамаларын тыңдай ма екен, біліп келейін.

/Би билеп болған соң үйректің балалары орындарына отырады, ал үйректердің мамасы орнына отырады. Бақалардың бақылдаған дауысы шыққан ұнтаспа қосылады. Бақалар шығып билейді. Осы кезде жел соғып,шөптердің сылдыры естіледі де құтан-құс кіреді/
Құтан:
- Бақалардың дауысы естілген сияқты, қайдасыңдар, кішкентай бақалар?
/осы кезде бақалар тып-тыныш орындарына отыра қалады/
5
Ойын «Тырна мен бақалар»/2рет/

Бақалардың мамасы:
-Мына бақалар не деген тынымсыз, таңнан кешке дейіе секіріп тыным таппайсыңдар екен. Өздерің маған көмектеспейсіңдер...
/Бақаның мамасы ренжіп үйректің мамасына барады/
Ү. м. :
- Денсаулығым нашарлады, шаршадым.
Б.м.:
- Мен де сенің күйіңді кешіп жүрмін.
Ү. м. :
- Мен үйректерімді өте жақсы көремін, оларды ешқашан ренжітпеймін.
Б.м.:
- Мен кішкентай бақаларымды жақсы көремін, ешқашан ұрмаймын.
Ү. м. :
- Біз бір қателік жасап тұрмыз, балаларды тәрбиелеу кезінде бір қателік жібердік, қандай қателік? Ата аналардан сұрайықшы. Оларда осындай бала бар ма екен?
Мынау бақа - түрін қара
Кешке дейін далада
Кір қожалақ, қап-қара
Сіздерде осындай бала бар ма? /а.ж./
- Мен үйректерімді өте жақсы көремін, оларды ешқашан ренжітпеймін.
Б.м.:
-Өздері жұмбақ балалар
Күні бойы ойнақ салар
Жалқаулықты сүйеді
Көмектесуді білмейді
Сіздерде осындай бала бар ма? /а.ж./
Ү. м. :
-Ешкімде мынадай бала жоқ. Бізде қалайша бар?
/екеуі ренжіп отырады, ұлдар фартук киюге кетеді/

Жүргізүші:
- Бақалар мен кішкентай үйректер, сендер, мамаларыңа көмектеспейсіңдер ме? Оларды тыңдамайсыңдар ма? /жоқ /Аналарды ренжітуге болмайды. Енді балалар, аналарымызға қалай көмектесетінімізді көрсетіп, олардың көңіл күйлерін көтеруге тырысайық:

«Кішкентай көмекшілер» биі

6
Жүргізүші:
- Тамаша, жарайсыңдар, балалар. Дегенмен де сендер өз мамаларыңды жақсы көресіңдер екен. Оларды қуанту үшін тағы да бір өнерімізді көрсетейікші. Қазір мына жерге мультфильмдердің, ертегілердің кейіпкерлері келеді, сендер олар қай ертегң мен мультфильмнен екенін табасыңдар.
/залға музыка ырғағымен кейіпкерлер кіреді. Балалар жауаптарын айтады/
- Жеті лақтар
- Бауырсақ
-
-
Жүргізүші:
-Бұл кейіпкерлер де аналарын құттықтаймыз дейді. Сендер де өнерлеріңді көрсетіңдерші.
«Көңілді оркестр»
/оркестр болған соң у.м , б.м. орындарынан тұрады,алдарына балалары келіп кешірім сұрайды/
Үйректің баласы:
- Мама, сіз бізді кешіріңіз, енді қателік жасамаймыз.
Бақаның баласы:
- Біз енді ешқашан алыспаймыз, сізді тыңдайтын боламыз.
Барлық балалары:
- Кешіріңіз, мама.
Ү. м. :
-Менің танауыма бір тәтті иәс келіп тұр. Қайдан шыққан иіс? Не пісіп жатыр?
Жүргізүші:
- Аналарының мерекесіне сіздердің балаларыңыз ғажайып сыйлық дайындады. Бұл дәмді иіс- печеньенің иісі. Міне , құрметті аналар, әжелер, мына печеньелер сіздерге- балаларыңыздан./топта беру/
Жүргізүші:
- Кішкентай бақалар мен үйректер аналарымен әжелерін құттықтап келесі биді ұсынып отыр.
«Кел билейік» биі
/би билеп болған соң балалар залдан шығып кетеді/
Жүргізүші:
- Анамызға деген біздің көңіліміз, мейріміміз ұшаң теңіз.Аналарымызға шат көңіл, мықты денсаулық тілейміз,- деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Источник: http://Прошу выдать мне свидетельство за статью
Категория: Дошколенок | Добавил: Nasdina (2015-02-06) | Автор: Маметекова Назира Серикказиновна E
Просмотров: 4839 | Рейтинг: 4.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 1:55 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru