Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Сценарий Анашым ,мерекеңмен!
Aнашым,мерекеңмен!

Жүргізуші: Құрметті аналар,апайлар,балалар! 8- Наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілікке жиналып отырмыз. Мектепалды даярлық тобының балаларымен өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер!

Залға балалар кіреді,қолдарында гүлдер,ән айтып
Әлемнің жарығын силадың сен маған
Даланың әр гүлін сыйлаймын мен саған-
Аналарға гүлдерін сыйлайды

Жүргізуші: Иә, бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі
қашанда биік, әрі қымбат.

Алдымен осы мектептің оқу ісінің меңгерушісіне сөз береміз

Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем ,ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын
Біз ғана емес
Қадір тұтқан бабалар
Аналардаң туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар,қасиетті аналар!

-Ардақты аналар,мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке ,бірлік.дендеріңізге саулық тілейміз!
-Балалар,бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Шешуін таба аламыз ба?
Бала,бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бүл кім?
Балалар: Ана,ана,ана.

Жүргізуші.:Әріне,бұл біздің аналарымыз.Ана перзент тәрбиелеуші.Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:

1 бала: Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық,мол бақыт
Тілейді барша балалар

2бала: Ана деген – жарық жұлдыз шырағың
Ана деген- қайнар ыстық бұлағың
Ана деген- өмірдегі қамқорың
Ана деген-сүйенерің,жан құрбым

3 бала: Сырымды ұғатын ,өзіңсін қуатым
Күнімсің шығатын Айымсың туатын

4 бала: Аялы алақан,әлпештеп өсірген
Аяулы жан анам
Қатемді кешірген

5 бала: Апам мені айым дейді
Мен мұнайсам уайым жейді
Апам мені күнім дейді
Мен қуансам күлімдейді

6 бала: Анам-өмір шырағы
Анам-өмір бұлағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады

Жұргізуші : Осы ардақты аналарымызға ән орындап берейік

Ән: « Кұттықтаймын сені туған күніңмен!»

Жүргізуші: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз! «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп халқымыз текке айтпаған,балаларымыздың әжелеріне арналған тақпақтарына кезек берсек

7 бала: Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Ауырмашы ,ай әжем


8 бала: Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі

9 бала. Немересін жанындай
Әжем жақсы көреді
Қонаққа барса ұмытпай
Кәмпіт әкеп береді

10 бала:Тірегі болып жанында
Бірге еріп жүремін
Жанашырым жанымда
Тек әжем деп білемін

11 бала: Ақ әжемді арқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін

12 бала: Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Балдай тәтті бал әжем

Ән: « Әжем менің айдай»

Жүргізуші: «Мектепте қалай оқыдық» ойынын ойнайық Ойынға аналарда қатысады

13 бала: Үн қатамын бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен

14 бала : Құлпырған гүлдей
Көктемгі күндей
Жылылық маған
Төгесің үзбей

15 бала:Сауле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңіліңіз
Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз

Би : «Туған жер» Ұлдар

ЖҮРГІЗУШІ: Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар ! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.

1. Күні бойы ойнай беретін,ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін,дым істемейтін,жалқау бала бар ма сіздерде?

Аналары: Жоқ,жоқ!

2. Ал,тәңертең ерте тұрып,мектепке өзі киінетін,үйде анасына көмектесетін әдепті,тәртіпті бала бар ма сіздерде?

Аналары : Бар,бар!

Ойын : « Кім жылдам» Ана мен бала тәңертең мектепке және жұмысқа жиналады

Жүргізуші: Жарқырап тұр күніміз
Жайқалсын бәйшешек гүліміз
Бақта бұлбұл сайрасын
Сәнді көктем нұрымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Талшыбықтай бұралған
Қыздарымыз қарап тұрмасын

Би: «Түрік биі» Қыздар

16 бала : Қадірлі аналар көңілі
Көктемдей жайнап гүл ашсын
Бақытқа толып өмірі
Шаттыққа шаттық ұлассын

17 бала: Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да,ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз

18 бала : Ақылшымыз,данашым
Ұзақ өмір сүріңіз
Айналайын анашым
Алдымызда жұріңіз

Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Ана сені құттықтап
әндетеміз бәріміз

Ән: «Әнші балапан»

19 бала: Ана деген асыл жандар,болаттай
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай
О,адамдар ,қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл ойды талатпай

20 бала : Түн ұйқысын төрт бөліп
Әлпештеген анашым
Жақсы болсам асырып
Жаман болсам жасырып
Қамқор болған анашым

Би : «Қазақ биі» Қыздар

Ойын : Логикалық есептер:1Ағашта 8 құс отыр,оған тағы 1 құс келіп қосылды,ағашта қанша құс отыр?(9)
2. 3,5,7,9- көршілерін атаңдар ?
3 Аспанда 4 қаз ұшып барады
Биіктен төмен қарады
Аяқ нешеу,бас нешеу?
Жауабын кім табады?(8,4)

3. Балапанын көгалда
Санай алмай тауық жұр
7 жүр жүгіріп
3 жем тауып жүр
Қанша барлық балапан
Санап берші балақан(10)

Жұргізуші : Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем әнмен тәтті күй
Жүрекке жылы ой сала
Әнді сүйсең менше сүй деп,Абай атамыз жырлағандай кезекті бір топ қыздардың орындау ында бір жақсы өлең тыңдаңдар

Ән « Үйретеді бұл мектепте үйретеді»

21 бала: Кір түсірмей жағама
Шашымды да тарайсың
Мектепке барарда
Мейірлене қарайсың

22 бала: Мәпелейсің мені анам
Қасыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай

23 бала: Әлемдегі ақылды адам
Бәрінен де жақсы
Ол жанымда жүрсе,менде
Батырларша батылданам

Жүргізуші: О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған
Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман
Егер де сен еш ауырмай,күліп-ойнап қуансаң
Бұл тәңірден одан басқа,ешбір тілексұрамаң
Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық,ардақтайық,еш уақытта ренжітпейік.

Балалар хормен: Ана- біздің күніміз.
Ана- біздің гүліміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Жүргізуші: Сіздерді тағы да 8 –ші Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

Би : «Вальс»

Кұттықтау сөз ата- аналарға беріледі
Категория: Дошколенок | Добавил: narmina (2015-03-13) | Автор: Кадиша E
Просмотров: 294 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2016-12-08, 7:05 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1474]
Школьный психолог [501]
История [695]
Опыт [471]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [217]
Мастер-класс [205]
Семья и школа [173]
Компьютер-бум [247]
Английский язык [770]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1139]
Химия [374]
Классному руководителю [622]
Биология [578]
Думаем, размышляем, спорим [89]
Казахский язык и литература [1762]
Краеведение [92]
Начальная школа [3905]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [353]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [289]
Экология [179]
Дошколенок [1491]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [440]
Мой Казахстан [227]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1154]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [517]
Немецкий язык [51]
Технология [280]
Самопознание [379]
Профессиональное образование [101]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [8]
Педагогические программы [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru