Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Сахналық қойылымдардың бүлдіршіндерге пайдасы.
ШҚО Семей қаласы
ЖОББ №7 мектеп - лицейі
Тәрбиеші: Мұсамағамбетова Күміс Қайсаханқызы

Сахналық қойылымдардың бүлдіршіндерге пайдасы.

С.А.Назарбаеваның «Ұстаздан ұлағат» атты кітабында: «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту, сезімді тәрбиелеу - баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық-қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз - адамзатқа қызмет ету», - деп жазылған.

Болашақ жеткіншіктерімізді көзі ашық, көкірегі ояу, тілге шешен өзін де, өзгені де сыйлай білетін, жан-жақты мәдениетті, тәрбиелі, білікті етіп тәрбиелеуде балаларға арналған көркем шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, өздерін кейіпкер ретінде қатыстырып отырудың маңызы орасан зор.
Әрбір тәрбиеші, әрбір ата-ана қысқа ертегі, әңгімелерді, өлеңдерді рольдерге бөліп, сахна көрінісін жасап, қойылым жасауга мән берген жөн. Бұл әдістің пайдасы біздің кішкентай бөбектеріміз сахнада ойнау арқылы жан-жақты өнерге баулиды.
Біріншіден: қарапайым шығармадан кереметтей сахналық көрініс жасауға болатынын сезініп, оған кіп – кішкентай болып өздері қатысқандарына қуанады, арман, қиял құшағына енеді, ақыл – ой белсенділігі күшейеді.
Екіншіден: өзі жасаған кейіпкердің сөзін жаттайды да тіл байлығы кеңейеді.
Үшіншіден: басқа балалармен ұжымдық қарым-қатынасқа түсіп адамгершілікке, сыйластыққа, бауырмалдыққа тәрбиеленеді.
Бұдан әрі саралап айтатын болсақ рольдерге байланысты киетін киімдерін дайындау барысында өз ой-пікірлерін айтуға, сол киім әзір болғанша әбігерленіп бірге еңбектенеді. Мұның әсерінен қолына алған іске деген жауапкершілік күшейеді.
Сондай-ақ сахнада жүру, тұру, сөйлеу өзін-өзі ұстай білу мәдениеттілігіне үйренеді.
Қойылымдағы роль барлық балаға жете бермейді, соны көрермен ретінде тыңдау, көзбен көру, көргенін басқаларга әңгімелеп, баяндап беру арқылы да дұрыс байланыстыра сөйлеу мәдениетін меңгере алады.
Осылайша жан-жақты тәрбиеге баулыған баланың қабылдау қасиеті күшейіп, көргенін, білгенін, естігенін жаңғырта отырып, қайта әңгімелеуде жетістікке жетеді. Тілі жаттығып, сөздік қоры кеңейіп, орынды сөйлеу, әділдік айту дағдылары қалыптасады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезінде 5-10 минуттық қойылымдар көрсетіп бала көңілан аударып отыру бала өмірінде маңызды орын алмақ.
Осы орайда ертегі желісімен әзірленген қойылымдарды назарларыңызға ұсынамыз.
Қуыршақ театры:

Тақырыбы: «Жыл басына таласқан хайуанаттар».
Мақсаты: Ертегі арқылы әр жылдың, өзіне сай атауы болатынын білу мақсатында қуыршақтар арқылы қимылмен кейіпкерлендіре білу. Балалардың көру арқылы қиялын дамыту. Тілдік қорының көбейуін қамтамасыз ету.

Қолданылған көрнекілік: Ертегі желісі бойынша қуыршақтар, Суретті үлгі, музыкамен әрлеу.

Сөздік жұмыс: Арқан, арпа – сұлы, көде, жусан.

Әрекетті туындату. Балалар шеңберге тұрады.
Тәрбиеші: - Балалар үй жануарларын мен хайуанаттары туралы жұмбақ жасырайық .
Балалар:
- Үстінде екі тауы бар, кезікті бір жануар... (түйе)

Мінсең – желдей жүйткейді, көңілің таудай өседі.
Алып ұшар алысқа, «Ер қанаты» деседі... (Жылқы).

Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар... (Сиыр)

Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай... (Әтеш)

Тәрбиеші балаларды ертегілер еліне саяхатқа шақырады:
Балалар бірінің белінен бірі ұстап, көздерін жұмып, ертегілер еліне аттанады.

Ұйымдастыру ізденіс жүргізу: (Баяу ән ойнайды)
Кенет сиқырлы шымылдық ашылып хайуанаттарға тіл бітеді:

Тәрбиеші: - «Бұрынға ерте заманда хайуандар жыл басы болуға таласыпты.

Сонда жылқы айтыпты:
-Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтімді ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл басы мен боламын, - дейді.

Сонда түйе айтады:
-Міне, сен көтере алмаған ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса көде, жусан болса жусан, не кез келсе, соны қорек етіп, табылса су ішіп, табылмаса шөлде де жолға жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық,-дейді

Сонда сиыр:
-Адам егін ексе менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт, май істейді. Жыл басы болу маған лайық, - дейді.

Сонда қой:
-Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді, жүнімді алып киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі. Сүтімнен құрт, май алады, шаруаға менен пайдалыларың жоқ, - дейді.

Сонда ит:
-Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұрлап. Не қасқыр жеп тауысар еді. Мен сендердің баршаларыңның бақташыңмын, дұшпан көрінсе үріп, абалап, иеме хабар беремін, - дейді.

Сонда әтеш:
-Мен болмасам, адам жұмысына бармай ұйықтап қалар еді. Мен таңертең тұрып, таң атты деп шақырып хабар айтамын. Кеш болса, жатар мезгіл болды деп, тағы шақырамын, - дейді.

Тышқан не айтарын білмей тұрды да, бір түрлі қулық ойлап, жиналған көпке былай дейді:
-Бұл таластан ешнәрсе өнбес, қарап тұралық та жылды кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын,- дейді.
Өзгелері жыл қарап тұрғанда, түйе өзінің бойына сеніп, «Менен бұрын кім көреді» деп тышқанның сөзін қоштап, бәрі қарасып тұрады. Біраздан соң тышқан жоғарлап, түйенің үстіне шығып, өркешінің басына мінеді де, отыра береді. Көп хайуан таласып, «біз көреміз, біз көреміз» деп тұрғанда, ең биікте отырған тышқан ешнәрсе демепті.
Сонан соң күннің шыққанын бәрінен бұрын тышқан көріп, «алақай!, алақай!, күнді көрдім!», -деп айқайлап хабар береді. Сөйтіп жыл басы тышқан болыпты.
Түйе болса бойына сеніп жылдан құр қалыпты».
Категория: Дошколенок | Добавил: Кумис5902 (2015-03-20) E
Просмотров: 1749 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 8:00 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru